Сабақтың мақсаты: Оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру



Дата08.06.2016
өлшемі59.13 Kb.
#122982
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші

Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру;

Сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің

мазмұны арқылы түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Өнерге, өнер адамдарына құрмет сезімдерін

ояту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты: Өз отанын сүюге, қарапайымдылыққа,алғырлыққа,

тапқырлыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру,талдау,

жинақтау, Венн диаграммасы, түртіп алу

әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Ш.. Қалдаяқовтың хикаяттар кітабы, «Ұлан» газеті,

Қыран құстар ,Шәмшінің суреттері.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық.

Алға қойған мақсатымыз:


  1. Тыныштық сақтау

  2. Ойымызды толық айту.

  3. Бір- бірімізді тыңдау.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. Бүркіт туралы мәтінді оқып келу.

  1. Жолаушылар қайда келді, олар кімдер еді?

  2. Гайдар нені көрді, неге таңырқады?

  3. Жолаушылар бүркіттің соқыр екенің қалай білді?

  4. Қиын кезде қыран- бүркіттің қандай көмегі тиген екен?

  5. Жауыз адамдар бүркітке не істеді?Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?

Топтастыру әдісі
Тамақ әкелу

Қамқорлық, жақсылық


Көмектесу

Қазақ ауылына

Оба ауруына



ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту

Сонау ерте заманнан халқымыз табиғатпен етене араласқандықтан аң- құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ит жүгіртіп, аң- құс салған із кесу арқылы аң аулау саятшылық, ал қолға үйретілген қыран құстар мен аң- құс аулау құсбегілік өнер деп атаған.



Венн диаграммасы:
2.Мағынаны тану

Бүгінгі сабақта сазгерлік өнер туралы танысайық. Қазақстан халық әртісі ән падишасы, қазақ вальсінің королі атанған сазгер Ш. Қалдаяқов Аққұс туралы аңызбен танысамыз.



Топтастыру:

сурет



мүсін

айтыс

күй




зергер


ән
сазгер


би

Қазақ халқында Шәмшіге дейін көптеген сазгерлер болған. Сонымен бірге А. Жұбанов, М. Төлебаев, Н. Тілендиев сияқты компазиторлармен таныс мақтана аламыз. Сонау Қорқыттан бастап, күй атасы Құрманғазы , Тәтімбет, Дәулеткерей, Күміс көмей әншілер Сүгір, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу мұсаларымыз қазақ деген ұлы халықтың бақытына туған өнер көгіндегі жарық жұлдыздарымыз.

Шәмшінің суреті. Шәмшінің өміріне шолу жасау.

Оқулықтағы Аққұс әңгімесімен танысамыз.

3. Суреттерге шолу.

Шәмшінің шырқап салатын әдемі дауысы болмаса да әннің табиғаты түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсемдігі бар еді. Оның даусы кейде қырылдай шығып, биіктей алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз ерітіп қай жүректі болмасын баурап алып кететін.

- Саған қай қасиет бұрын дарыды?- ән салу ма, әлде ән шығару ма?- дегенде сәл ойланып:

- Бетховен тас керең болсада ғажап музыка жазған. Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен нағыз қазақи әндерді жазған. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір- бір Аққұс бар деген ол.



Суреттер көрсету..

Топпен жұмыс.

Ортақ бір пікірге келе отырып тұжырым жасайды. Өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға бірлесе жауап береді, ортақ қорытынды жасайды.

4. Дәптермен жұмыс.

Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев , Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов.



5. Ой толғаныс:

Оқулықтан жауабын табу.

-Шәмшінің бойында қандай қасиет болды?

-Автор Шәмшіден не жайында сұрады?

- Шәмші қалай жауап берді?

-Аққұс туралы әңгімені кімнен естіген еді?


- Аққұстың әніне табиғат пен адамдар қалай табынған?

-Қарақұс туралы не айтасыңдар?

- Аққұс Қарақұсқа қандай өтініш жасады?

- Аққұс ажалдан қалай құтылады?


- Автор әннің музыканың құдіретін не арқылы көрсеткен?

Ерекше марапаттаулар.

Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

1991 жылы 29 желтоқсан Шәмші Қалдаяқовқа халық әртісі берілді

Менің Қазақстаным атты халықаралық ән байқауы өткізіліп тұрады.



Естен кетпес ең таңдаулы әндері:

Ана туралы жыр,

Қайықта,

Арыс жағасында,

Сыр сұлуы,

Сағынышым менің.

Бақыт құшағында

Әнім сен едің



ІV/Сабақты қорыту:

. Сөзжұмбақты шешу:
1.Қай көлдің жағасында дүниеге келген ән?

2.Әнге қосылған өзеннің аты?

3.Шәмшінің досы,Шәмші туралы еслеік жазған журналист кім?

4.Менің Қазақстаным әні неге айналды?

5.Асыл досым деп кімді айтамыз?

6.Вальстің кімі дейміз?















Поэзия минуты.

Сол күндер ғой-жүректің аңсағаны,

Саған шөлдеп айызым тамсанады.

Өкініш пе,білмеймін,қуаныш па,

Өз-өзінің жүрегім ән салады.

Әнсіз өмірім өмір ме,қаңсымай ма,

Өзегіңді өртеп дерт,жаншымай ма

Махаббатқа арнап бір ән шығарсын

Шәмші-ау!Шәмші қайда?

Шәмші қайда?

Шәмшіге айт,

Тағы да бір таңдандырсын

Жандандырсын жүректі жандандырсын!

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!

МұқағалиМақатев.

Шәмші-басына бақ қонған сазгер.Ән әлемінің інжу маржанын іздеп Шәмші шартарапты шарлады.Ел жұртының жанын сырын ұққысы келді.Сөйтіп байтақ еліміздің түкпір-түкір сапар шегіп тебіренді толғанды.Ән туды.

-Ия,қандай әндер десеңші!Алдымен өзі туып өскен Арыс жағасын жағалап Қызжібек қызғалдағын терген Ақ ерке Ақ жайықтың сұлулығына тамсанып, Мәдидің Қарқаралысын Көкшенің Биші қайының жарқыраған Жезқазғанды Фосфорлы Жамбылды Сыр сұлуын,Теріскей мен Мойынқұмды,Арқалықтың ақ таңын әнге қосты.Қазақстың кең байтақ даласын әнмен сыйлық жасады.

«Менің Қазақстаным» мемлекеттік рәміздердің бірі әнұранға айналуы ән құдыреті емес пе?!

Инсерт.


Білемін

Нені білдім

Білгім келеді









Әндерін ғасырларға жалғасатын,

Жаңғырып жанымызда қалар атың.

Дүбірлі дүниені түгел шолсаң,

Өзіңнен сазгер-әнші бар ма асатын?!
V. Оқушыларды бағалау. VI. Үйге тапсырма «Аққұс» әңгімесін оқып келу.Ш.Қалдаяқовтың бір әнін жаттау.

Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп





Құрамына қарай

Дара Күрделі

негізгі туынды

Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз.

Ана тілі 3-сынып
Өткізген:Саматқызы Құралай

2010 оқу жылы





күз


Төселмелі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет