2) стандарттау, метрология, сертификаттау мен аккредитация аумағында негізгі
жұмыс бағыттарын қарастыру жəне қабылдау;
3) мемлекетаралық стандарттар жобасын талқылау.
Мемлекетаралық стандарттар бойынша МАК ұйымдастырушылық мəселелерін
қарастыру жөніндегі негізгі жұмыс органы –
стандарттар Бюросы құрылды. Ол Минск
қаласында орналастырылған (Беларусь Республикасы).
Мемлекетаралық стандарттарды қолдану технологиясы.
Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің 80%-ке жуығы мемлекетаралық
стандарттар бойынша шығарылады жəне сыналады.
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне жəне оларға қойылатын талаптарға
байланысты мемлекетаралық
стандарттардың келесі түрлері қаралады:
а)
негізгеалынушы мемлекетаралық стандарт белгілі бір анықталған іс-əрекет
аясында ұйымдастырушылық-əдістемелік жағдайларды бекітеді, сонымен бірге əртүрлі
ғылым мен техника салаларының өзара байланысын жəне техникалық бірлестікті жалпы
техникалық талаптармен қамтамасыз ету; өнімді шығару жəне
пайдалану процесінде
техника жəне өндіріс талаптарын, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі жəне басқа
да жалпытехникалық ережелерді анықтайды;
Достарыңызбен бөлісу: