стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар
Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: - 1) халықаралық стандарттар;
- 2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;
- 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
- 4) ұйымдар стандарттары;
- 5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары; 6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары
Стандарттардың мемлекеттік қорын 47 056 нормативтік құжаттар құрайды - мемлекеттік нормативтік құжаттар - 1332,
- техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеушілері (ҚР МЖ) - 12,
- республикада есепке алу тіркеуінен өткен шетелдік нормативтік құжаттар - 1457,
- техникалық шарттар (ТШ) - 4900,
- мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) - 20862,
- Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарттары (ГОСТ Р) - 3338,
- халықаралық стандарттар (ИСО) - 7277,
- шетел елдерінің 10 000 астам стандарттары.
ҚР СТ (Казақстан Республикасының мемлекеттік стандарты) - ҚР Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, міндетті және (немесе) ұсыным жасалатын талаптары бар және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт
- мемлекеттік орган ҚР Мемстандарты және оның аумақтық бөлімшелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітуге – іске қосуға уәкілетті).
Ереже (ЕР) – міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. - Ереже (ЕР) – міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
- Ұсыныстар – ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші – техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат. - Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші – техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.
- Норма – қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2).
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы - Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады.
- Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. (Мысалы Венецияда кемелер жасау кезде)
Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. - Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған.
- Мысалы, 1845 жылыАнглияда бектіу оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды.
- Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды.
- 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган – Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды.
- Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды.
1992 жылдан бастап ТМД елдер арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. - 1992 жылдан бастап ТМД елдер арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды.
- 1992 жылы 13 наурызда ТМД –ға енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды.
- 1999 жылы ҚР-ң «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды.
ТМД-ң басқа да елдеріндегі сияқты ҚР-да стандарттау жүесінің дамуының негізгі бағыттары мыналар: - Келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту;
- Қазақстанның стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету;
Міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету; - Міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету;
- ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |