Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысы
Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағына түрлері
Сөзге тән белгілерді санамалап көрсетіңіз
Сөздерді семантикалық белгілеріне қарай бөлу. В.Виноградовтың классификациясы
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына
Синоним сөздердің семантикасы
Сөз мағынасының дамуы, метафораның түрлері
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Сөздік құрамның жалпы сипаты
Диалектизмдер мен кәсіби сөздер
Қазақтың байырғы төл сөздері
Көнерген сөздер мен неологизмдер, терминдер
Қазақ тіліндегі арнаулы лексика және оның қызметі
Қазақ тіліндегі сөйлеу тілінің лексикасы
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы
Сөздердің мағыналық қатынасына қарай жіктелуі
Синонимдерді топтастыруда ұстанатын ұстанымдар
Лексикалық мағыналардың түрлері
Омонимдер және олардың жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі синонимдер. Синонимдік қатарлар
Қазақ тіліндегі антонимдер және олардың жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі диалектизм сөздер
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Араб, парсы тілдерінен енген сөздердің тілдегі қызметіне қарай топтастырылуы
Орыс тілінен енген термин сөздерді игеру принциптері
Метафора, метонимия, синекдоха
Қазақ тіліндегі сөздік түрлері
Қазақ тіліндегі диалектілік лексиканы талдау
Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мен дисфемизмдер
Орыс тілінен енген сөздердің тақырыптық топтары
Фразеологизмдердің түрлері
Қазақ тіл білімінің Кеңес дәуірінде зерттелуіндегі (1920-1950ж) негізгі бағыттарды айқындаңыз
Ұғым мен сөздің арақатынасы
Лексикалық мағына, терминдік мағына, бейтарап мағына, поэтикалық мағына анықтамаларын түсіндіріңіз
Қазақ тіліндегі варваризмдер
Омонимдердің түрлері. Көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Метонимия мен синекдоханың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Араб, парсы сөздерінің қазақ тіліне ену салаларын талдау
Монғол тілінен енген сөздер
Сылдырманың арғы жағында, сарқыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Жаныманы білемеге білеп алып келе қойыңыз мысалындағы курсив сөздер қандай тыйымдарды көрсететінін түсіндіріп жазыңыз
Қазақ тіліндегі патсайы, көнек, жаушы, асадал, тоқымқағар, барымта, адырна, жезайыр сөздері қандай топқа жататынына, мағынасына түсініктеме беріңіз
Жел ұлыды, жапырақ жылады, күн күлімдеді метафораларының жасалуын түсіндіріңіз
Сіріңке, бедіре, жәшік, әшмүшке сөздердің өзгеру себептерін түсіндіріңіз
Бұлбұл –сандуғаш, әтеш –қораз, атауыз –тістеуік, жұмыртқа- тұқым варианттарын түсіндіріңіз
Асан қайғы - «сары уайымшыл», Шығайбай - «сараң», Қожанасыр - «аңқау», Алдар көсе - «айлакер қу» метонимияларының жасалуын түсіндіріңіз
Араб, парсы тілдерінен енген емтихан, дастарқан, базар, саясат, мәдениет, жарапазан, уалаят, уәзипа сөздерінің атқаратын қызметіне байланысты талдау жасаңыз
Ақиқат-шындық, уәлаят-өлке, Отан-ел-туғанжер, әскер-жасақ синонимдерінің жасалу тәсілін көрсетіңіз
Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер
Қазақ тіліндегі экспрессивтік-эмоционалды лексика
Қазақ тіліндегі этнографиялық диалектизмдер
Қор-қор, жаз-жаз, құр-құр омонимдері қандай омонимдерге жататыны талдап көрсетіңіз
Екіқабат-аяғыауыр, өтірікайту-қосыпайту, өлді-қайтпас сапар шекті-дүние салды эвфемизмдерінің мағыналарына түсініктеме беріңіз
Кірме сөздердің лексика-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін талдау жасаңыз
Сөз мағынасының тарылуы мен кеңеюі
Табу және эвфемизмдер. Дж.Фрезер белгілеген табудың топтары
Номинативті мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шарттық мағына анықтамаларын түсіндіріңіз
"Тақия - төбетей - көпеш", "сегізкөз - шонданай", "арық - қатпа", "сасу - иістену - мүңку - аңқу" – синонимдердің қай түріне жатады:
Жігіт - қыз, әйел - еркек, тышқан - мысық, аспан – жер сияқты сөз таптары мағыналық қарым-қатынасына қарай қандай мән береді?
Кафедра меңгерушісі ____________________ А.Б.Салқынбай
Әдістемелік бюро төрағасы
Оқытушы _________________ Смағұлова Г.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |