Бекітемін «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Н. Сыдықов



Дата09.06.2016
өлшемі111.54 Kb.
#123970
БЕКІТЕМІН

«Нұр Отан» партиясы

«Жас Отан»

Жастар қанатының

Атқарушы хатшысы
______________Н. Сыдықов
«___»______________ 2014 ж.

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының

«Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы Ереже «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасының өткізілу тәртібін айқындайды.

1.2 Жастар кадрлық резерві – бұл қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық деректер базасы.

1.3 Жоба мақсаты – заманауи және тиімді басқарушылар шоғырын қалыптастыру.

1.4 Жоба жасы 25 пен 35 аралығындағы, жұмыс тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл қабілеті және айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған.

1.5 Жоба міндеттері:

1.5.1 кәсіби өзін өзі дамытуға және өз саласында сапалы нәтижелерге ынталы жас басқарушыларды іздеу және іріктеу;

1.5.2 жас қазақстандықтардың жаңа білімдер алуға және өзін-өзі жетілдіруге кәсіби өсуі үшін қажетті жағдайлар жасау;

1.5.3 алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген кадрлық резервті даярлаудың тиімді жүйесін құру .

1.6. Жобаны «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты, «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығымен және «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебімен бірге жүзеге асырады.

1.7. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1.7.1 Жобаға қатысушы – жобаның арнайы сайтының (www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі сауалнаманы осы Ережемен бекітілген тәртіпке сәйкес толтырған жеке тұлға.

1.7.2 «Формальды іріктеу» - үміткерлер формальды критерийлер (білімі, еңбек өтілі, т.б.) бойынша бағаланатын бастапқы іріктеу кезеңі.

1.7.3 Жастар кадрлық резервіне үміткер – формальды іріктеуден өтіп, байқаудың келесі кезеңі – сұхбаттасуға жіберілген жоба қатысушысы;

1.7.4 Сұхбаттасу – жастар кадрлық резервіне үміткерлер байқау негізінде біліктіліктері бойынша жеке сұхбаттасуға шақырылатын кезең;

1.7.5 Республикалық сарапшы комиссия - жастар кадрлық резервіне үміткерлерді байқау негізінде кешенді іріктеуден өткізетін консультативті-кеңесші орган. «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» ЖҚ өкілдерінен, қоғамдық-саяси қайраткерлерден, бизнес саласының өкілдерінің қатарынан қалыптасады.

1.7.6 Жоба жетекшісі – жобаның жүзеге асырылуының жалпы басшылығын, орталық деңгейде (партия басшылығы, жоба серіктестері мен қатысушылары арасында) ведомствоаралық қадағалауды, жоспарлау, мониторинг және жобаның жүзеге асырылуына бақылау жүргізетін өкіл.

1.7.7 Аймақтық координаторлар – ҚР аймақтарындағы жоба өкілдері (14 облыс, республикалық деңгейдегі 2 қала).

1.7.8 Қатысушының жеке веб-портфолиосы – жобаның ресми сайтындағы қатысушының осу және кәсіби жетістіктерін көрсететін жеке анықтамасы.

1.7.9 Резервист – жобаның барлық кезеңінен өткен және жоба аяқталған соң «Жастар кадрлық резервіне» енгізілетін қатысушы.

1.7.10 Қатысушының рейтингі – қатысушы жетістіктерін бағалаудың қойылған критерийлері негізінде қалыптасатын жеке сандық көрсеткіш.

1.7.11 Резервист рейтингі – жобаның өткен кезеңдері негізінде қалыптасатын көрсеткіш.

1.7.12 Жобаны өткізуді қадағалау жоба басшылығына жүктеледі.

1.7.13 Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысуға ұсынылады.
2. Жобаны өткізу кезеңдері

2.1. Іріктеу кезеңі.

2.1.1 Жобаның ресми сайтында (www.rezerv.kz) қатысушылардың ашық тіркелуін қамтамасыз ету 2014 жылдың 26 мамырынан 26 маусымына дейін жобаның тиісті бөлімінде сауалнама толтыру арқылы жүзеге асырылады. Жоба шарттарына сай келмейтін, сондай-ақ құжаттама қабылдау мерзімі өткеннен тіркелген сауалнамалар қарастырылмайды.

2.1.2 «Формальды іріктеу» - сауалнаманы келесі критерийлер арқылы бағалау:

- Жас шамасы (25-35 жас);

- Бiлiмі (жоғары білімі болуы);

- Жұмыс орны, лауазымы;

- Жалпы еңбек өтілі;

- Тілдерді білуі;

- Наградалары;

- Публикациялар (монографиялар, ғылыми мақалалар);

- Ұсыныс хаттар (бірінші басшылардан).

2.1.3 Байқау комиссиясымен сұхбаттасу және 16 аймақта іріктеу жүргізілетін болады. Сұхбат аймақтарда келесі ұсынылатын комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізілетін болады:

- «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары;

- Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы;

- «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының Атқарушы хатшысы;

- БАҚ өкілі;

- Қоғам қайраткері;

- Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығының өкілі;

- Бизнес саласының өкілі.



2.2. Әр қатысушыға жеке веб-портфолио – жобаның ресми сайтындағы қатысушының оөу және кәсіби жетістіктерін көрсететін жеке анықтама жасалады.

2.3 Білім беру кезеңі.

2.3.1 Білім модулі және жобаның бағалау бөлігіне келесілер енеді:

- тестілеу;

- сұхбаттасу, республикалық сарапшы комиссияның алдында жеке жобаларды қорғау және таныстыру;

- дәрістер, шеберлік сыныптарының блогы;

- жеке өсу тренингтері;

- дәрiс-әңгімелесулер.жетекші саясаттанушылар, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен пікірталастар.



2.3.2 Ең жоғары рейтинг (кәсіби біліктіліктер, жеке және кәсіби жетістіктерді бағалау баллдарының қосындысы) жинаған 32 қатысушы жастар кадрлық резервiне еніп, жобаның келесі кезеңіне өтеді.

2.3.3 Резервистерді жылжыту – әр аймақтан екі адамнан 32-ден кем емес резервист оқу модулінен өтетін кезең. 32 резервист қосымша кәсіби білім алу бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі) оқиды және бір ай бойына мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

3. Қатысушылардың рейтингін қалыптастыру принциптері

3.1 Жобаға қатысушылардың рейтингі үш бөліктен: «формальды іріктеудің» қосынды баллы, республикалық сарапшы комиссияның сұхбаттасуды бағалау нәтижелері, тағылымдамадан өту нәтижелерінен құралады.

3.2 Қатысушы рейтингі осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес, қатысушының жетістіктерін бағалау критерийлері негізінде құралады.

3.3 Рейтинг жоба сайтында жарияланады.

3.4 Іріктеуден өтпеген үміткерлер жасы 35-ке толғанша жоба қатысушысы атану мүмкіндігіне ие.

4. Жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Жобаға қатысуға үміткерлер, қатысушылар және жастар кадрлық резевіне үміткерлер:

4.1.1 Жобаның өткізілу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

4.1.2 Осы Ереже бойынша түсінік алу үшін аймақтық координаторларға жүгінуге құқылы.

4.2 Жоба үміткерлері мен қатысушылары міндетті:


4.2.1 Байқаудың мәнімен, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптармен танысуға;

4.2.2 Осы Ережемен қарастырылған ережелер мен рәсімдерді сақтауға;

4.3 Жобаға қатысушылар жобаның кез келген кезеңінде байқау құжаттамасының басты талабын (сенімділік) орындамаса, осы Ережемен көрсетілген басқа да шарттарды, ережелер мен тәртіптерді сақтамаса жобадан шеттетілуі мүмкін.
5. Ақпараттық қамтамасыздандыру

5.1 Жобаның басты ақпараттық ресурсы www.rezerv.kz ресми сайты болып табылады.

5.2 Жобаның ақпараттық қолдауын еліміздің медиа-ресурстары қамтамасыз етеді.

5.3 Байқаудың қосымша ақпараттық қолдауын жоба серіктестерінің ақпараттық ресурстары қамтамасыз етіледі.

Ережеге енгізу уақытынан бастап өз күшіне енетін және кері күшке ие болмайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.

1 Қосымша

Сайтта тіркелгендегі балл беру критерийлері


  1. Публикациялар: монографиялар мен ғылыми мақалалар (әр публикацияға) – 2 балл;

  2. Жаңа өнім ойлап табу (инновация) – 4 балл;

  3. Бакалавр дипломы болса – 4 балл; маман дипломы – 5 балл; магистр дипломы – 2 балл; PhD – 3 балл; үздік дипломы болса – 2 балл;

  4. Сыйлықтары мен наградаларының болуы: орден – 4 балл, медаль – 3 балл.

  5. Бірінші басшылардан ұсыныс хаттарының болуы: әр ұсыныс хатқа – 3 баллдан;

  6. Профильдік қызметі бойынша қосымша оқудан өту (сертификаттар) – 0,5 баллдан;

  7. Еңбек қызметі (жұмыс өтілі және лауазымы)

  8. Мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру: ауызекі сөйлеу деңгейінде – 1 балл, академиялық деңгейде – 2 балл.

2 Қосымша



Қатысушылар рейтингін қою тәртібі


Критерийлер

Түсініктеме

Балл

Растаушы құжаттар

Білімі

бакалавр

4

білім алу туралы құжат

маман

5

білім алу туралы құжат

магистр

2

білім алу туралы құжат

PhD

3

білім алу туралы құжат

Үздік диплом

2

білім алу туралы құжат

Жұмыстағы профильдік қызметі бойынша қосымша оқудан өту

0,5

Сертификат немесе оқудан өткендігі туралы құжаттың

көшірмесі



Мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру


академиялық деңгей

2

сертификат немесе курстардан өткендігі турасылы өзге құжаттар көшірмесі

ауызекі сөйлеу деңгейі

1

-

Наградалар мен сыйлықтарының болуы

орден

4

мемлекеттік награда куәлігі

медаль

3

мемлекеттік награда куәлігі

Ұсыныс хаттардың болуы

Әр жүктелген ұсыныс хат үшін


3


ұсыныс хаттар

(*бірінші басшыдан)

Ғылыми – зерттеу жұмысы

Монографиялар мен ғылыми мақалалар

2

Мақала (басылымның бастапқы бетін қосқанда) немесе веб-ресурсқа сілтеме

Жаңа өнім ойлап табу (инновациялар)

4

Патент немесе жұмыс орнынан ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған анықтама

Еңбек қызметі

Жұмыс өтілі

1 жылға дейін

2

Жұмыс орнынан анықтама

1-3 жыл

6

3-5 жыл

10

5-9 жыл

14

10 жыл және одан жоғары

20

Лауазымы

Маман, бас маман, менеджер, супервайзер, бас менеджер, сарапшы, бас сарапшы, консультант (ММ, РМК, КММ, КМК, АҚ, ЖШС, ҚҰ, т.с.с. қосқандағы меншік нысанының барлық түрі)

5




Бөлім бастшысы, бөлім меңгерушісі, сектор меңгерушісі, басқарма басшысы, басшының орынбасары, басшы орынбасары, департамент директорының орынбасары (ММ, РМК, КММ, КМК, АҚ, ЖШС, ҚҰ, т.с.с. қосқандағы меншік нысанының барлық түрі)

10

Директор, басшы, Төраға, ұйымның Бірінші басшысы, Бірінші басшы орынбасаралары, департамент директорлары, комитет Төрағасы (ММ, РМК, КММ, КМК, АҚ, ЖШС, ҚҰ, т.с.с. қосқандағы меншік нысанының барлық түрі)

20

Күмәнді деректер бергені үшін қатысушы жобадан шығарылады

3 Қосымша




Тіл

Тест атауы

Деңгейі

Ағылшын

IELTS

TOEFL


4.5

400


Корей

Test of Korean Language

Proficiency 2

Неміс

Гете Институты

Start Deutsch 1

Итальян

CILS 1 (B 1)/CELI 3

-

Қытай

HSK

11-іден 2-ші деңгейі

Француз

TCF

599-дың 250-і

Чех

B2

-


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет