«Lesson Study» зерттеуі бойынша 8 «ә» сыныбындағы өткізілген сабақтарым бойынша рефлексивті есеп



бет1/2
Дата26.01.2022
өлшемі15.6 Kb.
#454866
түріСабақ
  1   2
Есеп үлгі


«Lesson Study» зерттеуі бойынша 8 «ә» сыныбындағы

өткізілген сабақтарым бойынша рефлексивті есеп
Алғашқы сабағым, 8 «ә» сынбында «Қазақ әдебиеті» пәнінен Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі тақырыбы бойынша өттім. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсатым: шығармадағы көркемдегіш құралдардың (теңеу, эпитет) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау. Сабақты әдеттегідей ұйымдастыру кезеңімен бастадым. Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі бойынша пысықтау сұрақтарын қойдым. Бұл кезеңге зерттеуге алынған С1 (Нұрсұлтан), С2 (Әлинұр) оқушы белсенділік танытса, С3 (Аяулым)және С4 (Бауырхан) оқушы онша қатыспады. Мағынаны тану бойынша «Сарыарқа» өлеңінен эпитет пен теңеуді тауып, қолданысын талдау тапсырмасында С1(Нұрсұлтан), С2(Әлинұр), С3 (Аяулым)оқушылар орташа деңгейде қатысып, орындады. Ал С4 (Бауырхан) оқушы бұл кезде де қызығушылық танытпады. Келесі өлеңде келтірілген жер-су, ру аталарын тауып, түсінік беру тапсырмасына төртеуі де қызығушылық танытып, қатысып отырды. Сабақ соңында Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Сарыарқа» әнін тыңдаттым. Кері байланыс «БББ» әдісі арқылы жүргізіледі: - Мен осы сабаққа дейін не білдім? - Бүгінгі сабақтан білгенім?

- Тағы не білгім келеді? Зерттеуге алынған оқушылардың кері байланысына тоқталар болсам, С1(Нұрсұлтан), С2 (Әлинұр)оқушылар толық түрде жауап жазса, С3(Аяулым), С4 (Бауырхан) оқушылар нақты кері байланыс бере алмаған. Осыдан-ақ С3(Аяулым), С4 (Бауырхан) оқушыға талапты көбірек қойып, келесі сабақта көбірек назарға алуды түйдім.

Екінші сабағым, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі тақырыбында өтіп, оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсатым: әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Сабағымды сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырумен бастадым. Үйге берілген Ш.Құдайбердіұлының кез-келген өлеңін жаттау тапсырмасы бойынша жаттап келген 4-5 оқушыны тыңдадым. Жаттауды зерттеуге алынған оқушылардың біреуі де айтпады. Семантикалық кесте өткен сабақта алған білімдерін бақыладым. Содан соң дұрыс жауаптарын көрсетіп, өз нұсқаларымен салыстыруды тапсырдым. Нәтижесінде С1(Нұрсұлтан), С2(Әлинұр), С3 (Аяулым) оқушылардың жауаптары «жақсы», ал С4 (Бауырхан) оқушының жауабы «қанағаттанарлық» деңгейде болды. Одан соң бүгінгі жаңа тақырыпты болжату мақсатында бес оқушыға (оның төртеуі зерттеуге алынған оқушылар) «жастар, болашақ, өнер, білім, ақыл» деген сөздер жазылған стикерді бердім. Бұл сөздерге түсінік беріп, жаңа тақырыпқа қатысты екенін пайымдады. Әрі қарай өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай? сұрақтары негізінде кестемен жеке жұмыс жасаттым. Бұл жұмысқа С1(Нұрсұлтан), С2(Әлинұр) жақсы белсенділік танытса, С3 (Аяулым) оқушы жеткілікті, ал С4 (Бауырхан) оқушы орташа деңгейде орындады. Одан соң оқушыларды үш топқа бөліп, топтық жұмыс жасаттым. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғады. Зерттеуге алынған төрт оқушы да топтық жұмысқа ат салысып, үлес қосты. Сабақты бекіту мақсатында «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беруге С1(Нұрсұлтан), С2(Әлинұр), С3 (Аяулым) жақсы белсенділік танытса,

С4 (Бауырхан) оқушы бірде-бір сұраққа жауап бермеді. Сабақ соңында оқушылар "Веер" әдісі бойынша кері байланыс берді. 1.Бүгінгі сабақ туралы сұрағың? 2.Бүгінгі сабақтан есіңде қалғаны? 3.Бүгінгі сабақтан оқып үйренгенің? Зерттеудегі оқушылардың төртеуі де барлық сұрақтарға ауызша, жазбаша жауап берді. Екі сабақтағы бағалаудың нәтижесі төмендегідей С1(Нұрсұлтан) 6-8 балл, С2(Әлинұр), 6-7 балл, С3 (Аяулым) 6-6 балл, С4 (Бауырхан) 5-6 балл. Екі сабақ бойынша қорытындыласам, «Lesson Study» тәсілі арқылы оқушыларды зерттеудің тиімділігін байқадым. Осы зерттеу нәтижесінде С1(Нұрсұлтан), С2(Әлинұр), С3 (Аяулым) оқушылардың аз да болса, сабаққа ынтасы мен қызығушылығының артқанына сенімдімін.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет