Ғылыми жоба Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Курс: 4 Пәні: Қазақ Студенттің аты-жөні: Жүнісбек Айым Нысанбаева Мөлдір Қалдыкөз Гүлсамал Сапарбек Ұлжан Жетекші: Сапарбаева Қарлығаш Шымкент 2022 Жоспары



бет1/4
Дата25.11.2022
өлшемі39.67 Kb.
#465747
  1   2   3   4
БӨЖ


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


Ғылыми жоба
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Курс: 4
Пәні: Қазақ
Студенттің аты-жөні: Жүнісбек Айым
Нысанбаева Мөлдір
Қалдыкөз Гүлсамал
Сапарбек Ұлжан
Жетекші: Сапарбаева Қарлығаш

Шымкент 2022


Жоспары:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі, қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі

  • Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы ақындар поэзиясы

  • Қазіргі қазақ поэзиясының жанрлық-тақырыптық ерекшеліктері, жас ақындардың шығармашылығы.

  1. Қорытынды



Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық
Дәстүр мен жаңашылдық әдебиеттанудағы ең өзекті мәселелердің бірі. Дәстүр мен жаңашылдық-көне мен жаңаның бұрынғы мен бүгінгінің аралығындағы табиғи жалғастық. Ә. Дербісәлин сөзін еске алсақ: «Қай салада болмасын, жалпы дәстүр атаулыға тән қасиет-ол дайын күйінде тумайды не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол замандар жемісі, тәжірибелер нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тұрмыс-тіршілігіне жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құрал. Әрине дәстүр, оның ішіндегі поэзия дәстүрі де дамиды, өзгереді, жаңарады.
Жаңашылдық-дәстүрді өзгертіп, оны қайта жасау, жаңа арна қалыптастыру. Әдеби шығармаға қатысты жаңашылдық дегеніміз тақырыпты, идеяны, көтерілген мәселелерді, образдар жүйесі мен көркемдік-бейнелеу тәсілдерін жаңарту, жаңа ізденістерге жол ашу. Әдебиеттің дамуы, дәстүр мен жаңашылдықтың тығыз байланыста болуынан жүзеге асатын құбылыс. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығыс және батыс классикалық әдебиеті, орыс әдебиеті дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ әдебиеті поэзиясына, жаңаша леп, тың жаңалық әкеліп, шоқтығы биік туындылар жасады. Мысалы: Абай енгізген жаңашылдық легіне тоқталар болсам: Абай қазақ поэзиясын әрі мазмұны әрі көркемдігі жағынан жоғары сатыға көтерді. 6-8 буынды өлеңдер, аралас буынды енгізді.
Жаңашылдық- әдебиеттің мазмұны мен пішінін жаңаша көркемдік ізденістермен, жаңалықтармен байыту, жаңа қаһармандар, жаңа озық идеялар, жаңа бейнелеу тәсілдері мен құралдары, жаңа көркемдік әдіс бағыттар. Жаңашылдық дәстүрге сүйене отырып, оны біртіндеп дамытады, өзі де дәстүр қалыптастырады. Бұл әдебиеттің даму заңдылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет