3-үлестірме материалы
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы педагогикалық әдістер мен тәсілдер
Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б. Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардың сегіз түрін, С.Қазыбаев 9 түрлі ұстанымды, Ә.Исабаев 7 ұстаным түрін көрсетеді. Олардың негізгілерінің сипаты: 1. Оқытудың ғылымилық ұстанымы–оқулықтардағы тілдік материалдардың мазмұнының тіл білімі саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі. 2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы–оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі. Бұл ұстаным жаңа материалдарды түсіндіруде, тексеруде, үй тапсырмасын беруде, оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. 3. Оқытудың көрнекілік ұстанымы -әрбір сабақта көрнекі құралды ұтымды пайдалана білу. Дидактикада көрнекіліктер кескінделген және экранды-дыбыстық деп бөлінеді. 4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы –тілдің заңдылықтары мен ережелерін оқушылардың жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі. 5. Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы –оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асыруы. 6.Түсініктілік ұстанымы –оқу материалына дәл анықталған материалдарды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен ұғымдарды пайдалануды көздейді. 7. Жеңілден ауырға қарай ұстанымы –біртіндеп оқу материалын күрделендіру. 8.Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы –оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде олардың психикалық қасиеттерін, оқуға бейімділігі мен икемділігін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |