Үлгілік нысан (2015 жылғы 06 ақпандағы №8 хаттама) Эмитенттің және Агенттің



Дата14.06.2016
өлшемі199.38 Kb.
#136163


«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ

Басқармасымен бекітілген

Үлгілік нысан

(2015 жылғы 06 ақпандағы №8 хаттама)

Эмитенттің және Агенттің

«PayPoint» электрондық ақша жүйесінде өзара іс-қимыл жасау туралы

_______ Шарт




Алматы қ.

«___» ___________20__ж.

Бұдан әрі «Агент» деп аталатын _______________________________________, оның атынан ____________ негізінде іс-әрекет ететін ____________ бір жағынан және



бұдан әрі «Эмитент» деп аталатын «Қазақстан Эксимбанкі» акционерлік қоғамы, оның атынан ____________негізінде іс-әрекет ететін ____________, екінші жағынан, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп аталатын, төмендегілер жөнінде Эмитенттің және Агенттің «PayPoint» электрондық ақша жүйесінде өзара іс-қимыл жасау туралы шартын (бұдан әрі «Шарт») жасады:

1. ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҮСІНІКТЕР

1.1. Осы Шартта қолданылатын барлық терминдер мен анықтамалар Оператормен бекітілген, Эмитентпен келісілген және Оператордың веб-сайтында орналастырылған «PayPoint» электрондық ақша жүйесінің ережелерінде (бұдан әрі – Жүйе ережелері) көрсетілген мағыналарға ие. Тараптар осы Шарттың барлық терминдері, түсініктемелері мен анықтамалары оларға түсінікті екенін, сондай-ақ Тараптарда Шарттың әрбір тармағын ұғынуда және түсінуде келіспеушіліктер жоқ екенін мойындайды.




2. ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1. Агент электрондық ақшаны Жүйеге қосылған және Жүйеде электрондық әмияндары бар Клиенттер-жеке тұлғаларға сату мақсатында, осы Шарттың талаптарына сәйкес Эмитент сыйақы үшін Агентке Жүйеде электрондық ақша шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ Агенттің электрондық ақшасының өтелуін жүргізеді. Сонымен қатар осы Шарт Агенттің Клиенттерден электрондық ақшаны сатып алу тәртібі мен шарттарын анықтайды.




3. АГЕНТТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ САТЫП АЛУЫ

3.1. Агенттің Жүйенің Агенті мәртебесін алудың міндетті талабы болып табылатындар:

  1. Жүйе ережелеріне және осы Шарттың 14.6. тармағына сәйкес Жүйеге қосылу;

  2. Агентке Жүйеде электрондық әмиянды ашу.


3.2. Агентті Жүйеде тіркеу және оған электрондық әмиянды ашу Жүйе ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Агент электрондық әмиянға қол жеткізу мүмкіндігі алынғаннан кейін Агентпен электрондық ақшаны пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылады.

3.3. Агент электрондық ақшаны Эмитенттен (Эмитент ЭА эмиссиялау жүргізу арқылы) немесе тіркелмеген Клиенттерден сатып алуы мүмкін.

3.4. Агенттің ЭА Эмитенттен сатып алуы ақша сомасын (теңге) ЭА номиналды құнына және электрондық ақшаны шығарудың сыйақы бағасына (оны Эмитент алған жағдайда) тең мөлшерде Эмитенттің банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

3.5. Жүйемен Агентке ЭА эмиссиялау кезінде Агенттің электрондық ақшаны сатып алығанын растайтын түбіртек беріледі. Агенттің жеке өзі Эмитенттің бөлімшесіне жүгінген кезде оның сұрауы бойынша қағаз түріндегі түбіртек беріледі. Түбіртекте келесі деректемелер болуы тиіс:

  1. Эмитенттің атауы, деректемелері және БСН;

  2. операция жасалған уақыты және күні;

  3. түбіртектің реттік нөмірі;

  4. Агенттен қабылданған ақшаның және түскен төлемдердің сомасы;

  5. Агентке шығарылған электрондық ақшаның сомасы;

  6. Агенттің электрондық әмиянының сәйкестендіру коды;

  7. комиссиялық сыйақы мөлшері (алынған жағдайда).

Түбіртекте Эмитентпен белгіленген қосымша деректемелер болуы мүмкін.

3.6. Оператор Жүйеде бір уақытта Эмитенттің ЭА эмиссиялау туралы өкімін алған және Агенттің электрондық ақшасының қалдығы эмиссиялау сомасына ұлғайған сәтінде Агентпен электрондық ақша сатып алынған болып саналады.

3.7. ЭА сәйкестендірілген Клиенттен сатып алған жағдайда, Агент Ережелермен сәйкестендірілген Клиенттердің операциялары сомасына қойылған шектеулері сақталуға тиіс. Агенттің сәйкестендірілмеген Клиенттерден ЭА сатып алуына жол берілмейді.

3.8. Клиенттен сатып алынатын ЭА төлемін Агент қолма-қол ақшамен немесе ЭА баламалы соманы Клиенттің өзі көрсеткен деректемелері бойынша Клиенттің банктік шотын қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізіледі. ЭА Клиенттен сатып алған жағдайда, Агент Шарттың 7.3. тармағының 7.3.10. тармақшасының талаптарына сәйкес, Клиентке Агенттің сатып алынатын ЭА үшін ақша сомасын бергенін растайтын түбіртекті/чекті не басқа құжатты беруге тиіс.

3.9. Жүйеде бір уақытта Клиенттің электрондық ақшасының қалдығы азайған және Агенттің әмиянында электрондық ақшаның қалдығы аударым сомасына ұлғайған сәтінде Агентпен Клиенттен электрондық ақша сатып алынған болып саналады.

4. АГЕНТТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ САТУЫ

4.1. Агент Жүйе Ережелеріне және осы Шартқа сәйкес Жүйеде ашық электрондық әмияны бар сәйкестендірілген және сәйкестендірілмеген Клиенттерге ЭА таратады.

Агентпен Оператордан «арнайы» мәртебесі алынған жағдайда, Агент электронды терминалдар мен өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары арқылы ЭА сәйкестендірілмеген Клиенттерге сатуға құқылы.

4.2. Агентпен ЭА сатылған кезде, Ережелермен Клиенттердің операциялары сомасына қойылған шектеулері сақталуға тиіс.


4.3. ЭА шығару барысында Агент Клиентті электронды ақшамен операцияларды жүргізу тәртібімен және ЭА пайдаланған кезде туындайтын тәуекелдер туралы, шағым беру тәсілдері мен оларды қарау тәртібі, сонымен қатар ЭА пайдаланған операцияларды жүргізу барысында алынатын комиссиялық сыйақы түрлері мен мөлшері туралы толық ақпарат береді.

4.4. ақшаны Жүйедегі электрондық әмияндарға есептеу үшін, Жүйеде тіркелген Клиенттерге электронды ақша сату кезіндегі іс-қимылдар тәртібі:

  1. Клиент Агентке өз әмиянының сәйкестендіру кодын хабарлайды;

  2. Агент Операторға Жүйедегі электрондық әмиянның сәйкестендіру кодын және оның иесінің мәртебесін (сәйкестендірілген не сәйкестендірілмеген Клиент) тексеруге сұрату жолдайды;

  3. Жүйе электронды ақшаны электрондық әмиянға есептеу мүмкіндігін растайды, оның негізінде Агент толықтыру сомасын және Агенттің комиссиясын (алыңған жағдайда) ескере отырып, Клиенттен ақшаны қабылдайды;

  4. Агент Жүйе арқылы электрондық ақшаны өз электрондық әмиянынан Клиенттің электрондық әмиянына аудару туралы нұсқауын жөнелтеді;

  5. Жүйе электрондық ақшаның электрондық әмияндар арасындағы аударымын жүзеге асырады, сонан соң Жүйе Агентке аударым мәртебесі туралы хабарландыруды жібереді;

  6. Агент осы Шарттың талаптарына сәйкес Клиентке электрондық ақшаның Клиентке сатылу фактін растайтын түбіртек/чегін береді.

Осы тармақтың шарттары Агенттің ЭА төлем терминалдары мен өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары арқылы сату процедурасына таралмайды.

4.5. Клиент Агенттің банктік шотына тиісті ақша сомасын (ЭА мен сыйақы құны, алынған жағдайда) есептеген немесе Агент Клиенттен тиісті қолма-қол ақша сомасын алған жағдайда электрондық ақша Агентпен іске асырылады.

4.6. Жүйеде бір уақытта Агенттің ЭА қалдығы азайған және Клиенттің әмиянында ЭА қалдығы аударым сомасына ұлғайған сәтінде ЭА Агентпен сатылған деп саналады.

4.7. Агентпен электрондық ақша сатылған кезде Клиенттен комиссия алынуы мүмкін. Агент комиссиясының мөлшері (алынған жағдайда) Жүйенің және Агенттің веб-сайтында орналастырылады.

4.8. Агентпен электрондық ақшаның сатылуы қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін электрондық терминалдар, банкоматтар, өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары, қолма-қол ақшаны қабылдау орындары арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен мүмкін болады.

Аталған мақсатпен Агент Эмитентпен алдын-ала келіспей-ақ тиісті шарттардың негізінде үшінші тұлғаларды (соның ішінде электрондық ақшаны қашықтықтан тарату арналарын) тартуға құқылы, бұл ретте заңнама талаптары сақталуы тиіс. Агент осындай тұлғалардың іс-әрекеттері үшін толық жауапкершілік атқарады, бұл Агентті осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау қажеттілігінен босатпайды.




5. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ ӨТЕУДІҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

5.1. Эмитент электрондық ақшаны өтеу үшін, Агент Жүйедегі жеке кабинеті арқылы өтеуге жататын электронды ақшасының сомасын көрсете отырып хабарлама (өтінім) жолдайды.

5.2. Электронды ақша толық өтелгенге дейін өтеуге жататын сома Жүйемен автоматты түрде сақталады.

5.3. Эмитент Агенттен ЭА өтеу туралы хабарландыруды алған сәттегі Агенттің әмиянындағы электрондық ақшаның қалдығы шегінде, өтеуге қойылған электрондық ақшаның номиналы бойынша электрондық ақшаның өтеуін жүргізеді.

5.4. Агенттің банктік шотына тиісті ақша сомасы есептелген немесе Агентке қолма-қол ақша берілген сәттен бастап электрондық ақша Эмитентпен өтелген болып саналады.

5.5. Эмитентпен электрондық ақша өтелген кезде Агенттен сыйақы алынады.




6. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ САТУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ БАРЫСЫНДА

АҚПАРАТПЕН АЛМАСУ




6.1. Оператордың, Эмитенттің және Агенттің арасындағы ақпаратпен алмасу Жүйе Ережелерімен және Оператормен көзделген тәртіппен Жүйе арқылы жүзеге асырылады. Оператор Агентті электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалған әрбір операция жөнінде оған тиісті хабарландыруды жолдау арқылы хабардар етеді.

6.2. Тараптар жөнелтушінің электрондық сандық қолы бар электрондық хабарламасын оның қолы мен мөрі қойылған қағаз тасымалдағышындағы құжатқа заңды баламалы деп таниды.

6.3. Электрондық ақшаны сату және сатып алу барысында электрондық хабарламалармен алмасу Оператормен бекітілген ақпаратты беру форматы бойынша Жүйеде жүргізіледі.

6.4. Электрондық хабарламалар орыс тілінде жасалады. Электрондық хабарламаларды жасау барысында өзге тілдерді қолдану Оператормен бекітіледі.

6.5. Тараптар электрондық хабарламаларды құрастыру мен беру барысында рұқсатсыз төлемдерден қорғау әрекеттерін сақтайды.

6.6. Тараптар өз ақпараттық жүйелерінде Жүйеге түскен және өңделген барлық электрондық хабарламалар жөнінде аудиторлық іздің болуын, сондай-ақ жөнелтілген және қабылданған электрондық хабарламалардың бес жылдан кем емес уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді.


6.7. Ақпаратпен Жүйе шеңберіндегі электрондық хабарламалар арқылы алмасудан басқа, әрбір Тарап екінші Тарапқа хабарландыруды қолма-қол немесе пошта арқылы қағаз тасымалдағышында жөнелтуге құқылы.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



7.1. Эмитент міндетті

7.1.1. Ережелерді сақтауға және Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаны шығару және пайдалану тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға.

7.1.2. ЭА эмиссиялауын Агенттен алынған ақшаның шегінде жүргізуге және оны Жүйедегі Агенттің электрондық әмиянына Агенттен ақша алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға.


7.1.3 Жүйе арқылы электрондық ақшаны Агенттің электрондық әмиянынан Клиенттің электрондық әмиянына аударуды, сондай-ақ Клиенттің электрондық әмиянынан Агенттің электрондық әмиянына аударуды заңнамада көзделген мерзімдер шегінде жүзеге асыруға.

7.1.4. Агентке (оның талабы бойынша) есеп беру айдан кейінгі айдың 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қолма-қол немесе пошта арқылы қағаз тасымалдағышында көрсетілген қызметтер актін беруге.

7.1.5. Агенттің сұрауы бойынша Эмитентпен бекітілген нысандағы электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалған операциялар жөніндегі ақпаратты қамтитын үзіндіні Агенттің тиісті сұрауы түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы беруге.

7.1.6. Эмитенттің деректемелері өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Агентке өз деректемелерін жазбаша түрде беруге.

7.1.7. Эмитентпен Агенттен ЭА өтеудің қажеттілігі туралы хабарландыруы алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде Агенттің осы Шартта көрсетілген банктік шотына қолма-қолсыз ақшаны аударуды жүзеге асыруға. Егер заңнамада өзгесі көзделмеген болса, Агенттің жазбаша талабы бойынша (немесе бұл туралы хабарландыруда көрсетілген жағдайда) Эмитент ЭА өтеуді қолма-қол ақша беру арқылы жүргізуі мүмкін.

7.2. Эмитент құқылы:

7.2.1. Жүйе Ережелерінде көрсетілген негіздемелер бойынша жөнелтушіге қайтарылуға жататын электрондық ақшаны Агенттің электрондық әмиянынан даусыз акцептсіз тәртіппен (Агенттің қосымша нұсқауысыз) алуды жүргізуге. Осы Шартты жасай отырып, Агент Шарттың осы тармағына сәйкес өз электрондық әмиянынан электрондық ақшаны алуға Эмитентке өзінің сөзсіз келісімін береді.

7.2.2. Агенттен алынатын сыйақы мөлшерін, соның ішінде Шарттың 8.2. тармағында көрсетілген жағдайда, біржақты тәртіппен өзгертуге.


7.3. Агент міндетті:

7.3.1. Жүйе Ережелерін сақтауға және Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаны шығару және пайдалану тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға.

7.3.2. Оператормен және Эмитентпен электрондық хабарламалармен алмасуды Жүйенің жұмыс істеу технологияларына, Оператормен бекітілген хабарламалар форматына және алмасу процедураларына сәйкес жүргізуге.

7.3.3. Жүйе Ережелеріне және Шартқа сәйкес электрондық ақшаны сатып алу және сату тәртібін сақтауға.

7.3.4. Электрондық ақшаның бөліп төлеу, төлемнің мерзімін ұзарту шарттарында сатуын жүргізбеуге.

7.3.5. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Эмитентке сыйақы төлеуге.

7.3.6. Деректемелер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Эмитентке өз жаңа деректемелерін жазбаша түрде беруге.

7.3.7. Мәліметтерді беру барысында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге.

7.3.8. ЭА Клиенттерге сату үшін электрондық терминалдар/өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары пайдаланған жағдайда, қондырғылардың корпусында және(немесе) мониторларының экранында Агенттің логотипімен қатар Жүйенің логотипін, анықтамалық ақпарат алу үшін Жүйе Операторының заңды мекенжайын, телефон нөмірлерін орнатуға.

7.3.9. Электрондық терминалдардың/өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары экранында электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын операциялар барысында Клиенттен алынатын сыйқы мөлшері туралы ақпараттың бейнеленуін қамтамасыз етуге. Сыйқы мөлшері туралы ақпарат Клиенттің назарына түсінуге мүмкіндік беретін және бір мағыналы емес түсінік беруге жол бермейтін нысанда жетуге және қондырғының экранында электрондық ақшаны сатып алу/сату жөніндегі операциялар жасалғанға дейін бейнеленуге тиіс.

7.3.10. ЭА сатып алу және сату қызметтерін көрсету барысында Клиентке заңнама талаптарына сай келетін түбіртекті/чекті беруді жүзеге асыруға (егер ЭА сатып алу немесе сату қолма-қол ақшамен жүргізілген болса, оған қоса қолма-қол ақша терминалдар/өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары арқылы қабылданса), сондай-ақ Клиент Агентке жеке өзі жүгінген кезде электрондық ақшаға айырбастау үшін ақшаны қабылдау/беру фактін растайтын, Агенттің уәкілетті тұлғасының қолы қойылған құжатты беруге (егер ЭА сатып алу немесе сату қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүргізілген болса).


7.3.11. Жүйе Ережелеріне сәйкес Клиенттерді (қажет болса) Эмитенттің сәйкестендіру процедурасын өткізу тәртібі туралы хабардар етуге.

7.3.12. Агент электрондық ақшаны қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы таратқан жағдайда (қолма-қол ақшаны электрондық терминалдар арқылы қабылдауды қоспағанда), қабылданған қолма-қол ақшаның жиынтық сомасы 50 000 (Елу мың) теңге мөлшердегі лимиттен асқаннан кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей немесе күнтізбелік айдың ішінде 1 (бір) реттен көп емес өз банктік шотына қолма-қол ақшаны енгізуге, ертерек басталған жағдайға байланысты.

7.3.13. Агенттің электрондық әмиянына/банктік шотына қате есептелген ақшаны байқаған, сондай-ақ электрондық әмиянның жоғалу, ұрлану және рұқсатсыз пайдалану фактілері байқалған жағдайда, бұл туралы кез келген қол жетімді тәсілдермен Эмитентті тез арада хабардар етуге.

7.3.14. Қате есептелген ақша байқалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Эмитенттің банктік шотына қате есептелген ақшаны қайтаруға.

7.3.15. Эмитенттен жазбаша хабарландыру мен тікелей шығындардың дәлелдемесі немесе айыппұл/жаза салынғанын, тұрақсыздық айыбы мен шығындардың орнын толтыру талаптары қойылғанын растайтын құжаттық растаулар туралы қосымшалары алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Эмитентке уәкілетті мемлекеттік органдарымен/реттеу ұйымдарымен салынған айыппұлдардың және/немесе басқа да жазалардың, сондай-ақ Эмитенттің басқа Жүйе қатысушыларына төлеген тұрақсыздық айыбы мен шығындар сомасының орнын толтыруға, егер осындай уәкілетті мемлекеттік органдарының/реттеу ұйымдарының жазалары немесе басқа Жүйе қатысушыларының талаптары Агентпен осы Шарттың және Ережелердің шарттары бойынша қабылдаған өз міндеттемелері орындалмағанның не тиісті түрде орындалмағанның салдары болып табылса.

7.4. Агент құқылы:

7.4.1. Клиенттермен жұмыс істеу барысында комиссия бекітуге (ЭА сату мен шығару үшін).

7.4.2. Осы Шарттың және Жүйе Ережелерінің талаптарына сәйкес осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде кез келген уақытта ЭА өтеуге.

7.4.3. Жүйе Ережелерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Клиентке ЭА сатып алудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.

7.5. Тараптардың осы Шартта көрсетілмеген, бірақ ЭА операциялар жасау барысында Тараптарға жүктелетін өзге құқықтары мен міндеттері Жүйе ережелерімен анықталады.




8. ЕСЕП АЙЫРЫСУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

8.1. Агенттің Эмитентке сыйақы сомасын төлеу Эмитент тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

8.2. Шарт жасалу сәтінде қолданыста болған тарифтік мөлшерлемелер Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген. Электрондық ақшаны дамыту және дәріптеу мақсатында Эмитент Агенттен Эмитенттің кейбір қызметтері үшін алынатын сыйақы сомасын 0% немесе 0 теңге мөлшерде бекітті, уақыт өте келе тариф мөлшерін біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырды.

8.3. Тариф мөлшері өзгерген жағдайда, Эмитент (өз қарауы бойынша) жаңа тарифтерді және олардың қолданысқа енгізу мерзімдері туралы ақпаратты Жүйенің және Эмитенттің веб-сайтында орналастырады немесе Агентке тарифтердің өзгергені мен олардың қолданысқа енгізу мерзімдері туралы жазбаша хабарламаны жібереді. Тараптар аталмыш жағдайда осы Шартқа қосымша келісім жасау талап етілмейді деген келісімге келді. Агент тариф мөлшері өзгерген жағдайда, Жүйенің веб-сайтында орналастырылған/Эмитенттің жазбаша хабарламасында берілген тарифтерді қолдануға міндеттенеді.

8.4. Электрондық ақшаны шығарғаны үшін сыйақы (ол Эмитентпен ЭА шығару сәтінде қолданыста болған Эмитент тарифтеріне сәйкес алынған жағдайда) Агентпен ЭА шығаруға ақша есептеумен/енгізумен қатар бір уақытта төленеді. Электрондық ақшаны өтеу үшін сыйақы (Эмитент тарифтеріне сәйкес) Агент Эмитентті Агенттің ЭА өтеу қажеттілігі туралы хабарламасын берген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Агентпен төленуге тиіс.


Егер ЭА өтеуден түскен ақша Эмитентпен Агенттің «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ ашылған банктік шотына есептелген болса, онда Агентке электрондық ақшаны өтегені үшін сыйақы Эмитент пен Агенттің арасында жасалған Ағымдағы банктік шоты шартының талаптарына сәйкес Эмитентпен Агенттің банктік шотынан акцептсіз тәртіппен алынады.

8.5. Агенттің Эмитенттен Шарттың №1 Қосымшасының 2 тармағында анықталған Жүйе шеңберіндегі қызметтерін алу қажеттілігі туындаған жағдайда, Агент осындай қызметтер үшін Эмитентке тиесілі сыйақыны (сыйақы қолданыстағы Эмитент тарифтеріне сәйкес алынған жағдайда) Эмитентпен осындай қызметтер көрсетілген күннен кешіктірмей төлеуге міндеттенеді.

8.6. Агент Эмитенттің осы Шарт бойынша сыйақы сомасын Эмитенттің банктік шотына аударады немесе сыйақыны Эмитенттің кассасына қолма-қол ақшамен енгізеді (заңнамамен рұқсат етілген шегінде).



9. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

9.1. Тараптармен Шарт бойынша өз міндеттері орындалмаған жағдайда кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.

9.2. Шарттың 7.1. тармағының 7.1.2., 7.1.3. тармақшаларына сәйкес электрондық ақшаны шығару мен оны Агенттің электрондық әмиянына аудару мерзімдерін кешіктіргені үшін, Эмитент Агентке әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Агенттің электрондық әмиянына аударылуы тиіс сомадан 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

9.3. Агентпен Эмитентке Шартта көзделген сыйақы төлеу мерзімі бұзылған жағдайда, Агент Эмитентке мерзімі әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін, Эмитентке тиесілі сыйақы сомадан 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

9.4. Агенттің Шартпен және Ережелермен бекітілген Эмитенттің алдындағы өз міндеттемелерін орындау мерзімдері бұзылған және Эмитенттің басқа Жүйе қатысушылары алдындағы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындауға теріс ықпал ететін әрбір жағдай үшін, Агент Эмитентке заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

9.5. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша өз міндеттерін тиісті түрде орындаудан босатпайды. Тұрақсыздық айыбы талаптарды алған мезеттен бастап бес операциялық күн ағымында кінәлі Тараппен төленеді.

9.6. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға құпиялы кілттердің, парольдердің және басқа да құпиялы ақпараттардың таралмауын және жарияланбауын, оның сақталуын қамтамасыз етуге жауапты. Бұл ретте құпиялы кілттердің, парольдердің және басқа да құпиялы ақпараттардың жоғалуына немесе сенімділігі жойылғанына байланысты Агентте туындайтын барлық шығындар мен шығыстарды Агент өзі көтереді және Эмитенттен оның орнын толтыруды талап етуге құқығы жоқ.

9.7. Агент Шарттың 9.6 тармағында көрсетілген міндеттемелерін орындамағанға байланысты оның кінәсі бойынша Жүйеге рұқсатсыз қол жеткізу орын алған жағдайларын қоспағанда, үшінші тұлғалардың Жүйеге рұқсатсыз қол жеткізудің нәтижесінде Агентке келтірілген нақты шығындары үшін Эмитент жауапкершілік атқарады.

9.8. Агентке нақты зиян келтіруге әкеп соқтырған Эмитенттің тиісті бағдарламалық қамсыздандыруының жұмысындағы қателер мен істен шығу жағдайлары үшін жауапкершілікті Эмитент көтереді.

9.9. Агент қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №102 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік атқарады.

9.10. Эмитенттің уәкілетті мемлекеттік органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындауына ықпал ететін операцияларды жасауға/өткізуге қатысатын Клиенттерге қатысты сұратылған ақпаратты Эмитентке дер кезінде бермегені үшін Агент жауапкершілік атқарады.

9.11. Тараптармен Шартпен және Жүйе Ережелерімен қарастырылған өз міндеттері орындалмаған/тиісті түрде орындалмаған жағдайда, өз міндеттерін бұзған Тарап осындай зардап шеккен Тараптан тиісті талап алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зардап шеккен Тарапқа осындай орындамау/тиісті түрде орындамау себебінен туындаған нақты шығындарды толық көлемде өтеуге міндетті.

9.12. Өз міндеттерін бұзған Тарапқа шығындардың орнын толтыру талабын қою, зардап шеккен Тарапты осы Шартта көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығынан айырмайды.

9.13. Осы Шарт бойынша айыппұл санкцияларын (соның ішінде шығындардың орнын толтыру талабын) қолдану Тараптардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Өз міндеттерін бұзған Тарап екінші Тараптан айыппұл санкцияларын төлеу туралы жазбаша талабын алмаған болса, айыппұл санкциялары төленуге жатпайды.




10. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

10.1. Тараптардың әрқайсысы осы Шарт міндеттерін орындау үдерісінде алынған ақпараттарға қатысты құпиялылық тәртібін сақтайды және аталған ақпараттың жариялануының алдын алу жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды.

10.2. Тараптар осы Шарттың қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл аралығында құпиялы ақпаратты өз мүддесіне және/немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне орай пайдаланбауға міндетті.




11. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

11.1. Шарт талаптарын орындау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіпте, оның ішінде Ережелерде мазмұндалған процедураларға сәйкес реттеу үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға міндетті.

11.2. Тараптар өзара келісімге келе алмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қ. арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында шешіледі.




12. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

12.1. Тараптар су тасқыны, өрт, зілзала, стихиялық құбылыстар, қоршауда қалу, ереуіл, соғыс қимылдары секілді дүлей күш жағдайларының және Тараптар күні бұрын болжап біле алмайтын және Шарттың орындалуына тікелей әсерін тигізетін басқада осыған ұқсас жағдайлардың салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап беруден босатылады. Дүлей күш жағдайларының зардабын шеккен Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімдері сол дүлей күш жағдайларының орын алған мерзімге ұзартылады. Бұл ретте Тараптар осындай жағдайлар мен олардың аяқталғаны туралы бірін-бірі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етуге барлық қажетті іс-шараларын қабылдайды, сондай-ақ тиісті уәкілетті органның/ұйымның растаушы құжатын беруге міндеттенеді. Жалпыға мәлім болып табылатын фактілер дәлелдеуді талап етпейді.


12.2. Егер Шарттың 12.1. тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақытқа созылатын болса, онда Тараптар бұдан былайғы іс-әрекеттері туралы және Шарт бойынша өз міндеттемелерін әрі қарай жалғастыру немесе тоқтату туралы бірлескен шешім қабылдауға міндеттенеді.

13. ШАРТТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ,

ОНЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ ТӘРТІБІ




13.1. Шарт оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған мезеттен бастап күшіне енеді және анықталмаған мерзім ағымында қолданыста болады.

13.2. Шарт келесілердің негізінде бұзылуы мүмкін:


  1. Тараптардың келісімі;
  2. Шартты тоқтатудың болжамды күніне дейін екі ай бұрын екінші Тарапты бұл туралы алдын-ала жазбаша ескерте отырып, кез келген Тараптың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;


  3. төтенше оқиғалар орын алған жағдайда;

  4. сот шешімі;

  5. Агенттің Жүйе ережелерін бұзғаны;

  6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда.

Осы тармаққа сәйкес Шартты тоқтатқан жағдайда, Тараптар толық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндетті, одан басқа Агент өзге Жүйе қатысушылары алдындағы бүкіл өз берешегін өтеуге және Жүйедегі өз электрондық әмияндарын жабуға міндетті. Барлық өзара есеп айырысулар жасалғаннан кейін Шарттың қолданысы тоқтатылған болып саналады.

14. БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

14.1. Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары қосымша келісімдермен рәсімделеді және оларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды, Тараптардың арасында қосымша келісімді жасау талап етілмейтін Шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда.

14.2. Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және оның құқық иегерлеріне көшеді.

14.3. Шарттың барлық Қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

14.4. Шарттың ережелерімен реттелмеген барлық мәселелер Ережелерге және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.

14.5. Шарт төрт данада құрылған: екі данасы мемлекеттік тілде және екі данасы орыс тілінде, заң күші бірдей, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тіліндегі бір-бір данадан. Шарттың орыс тіліндегі мәтіні Шарттың қазақ тіліндегі мәтініне сәйкес келмеген және/немесе әртүрлі оқылған жағдайда және/немесе Шарттың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндерінде мағыналық жүктемесі әртүрлі болған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі ережелерін қолданады.


14.6. Агенттің Жүйеге қосылуы және оның Жүйе Ережелерінің талаптарын толық мойындауы осы Шартқа қол қою мен Оператордың Агентті Жүйеде тіркеу сәтінде автоматты түрде жүзеге асырылады.


15. ТАРАПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ






Агент

Эмитент

__________________ (_______________)



«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ

050010, Алматы қ., Бөгенбай батыр к., 80

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-дағы

ЖСК KZ269420028700000693

БСК EXKAKZKA

БИН 980 940 000 054

Кбе 14

____________________ (_________________)



20__ ж. «___»_________

Эмитенттің және Агенттің

«PayPoint» электрондық ақша жүйесінде өзара іс-қимыл жасау туралы

Шартына №1 Қосымша


Эмитент тарифтері




  1. Негізгі тарифтер





Эмитентке төленетін сыйақы атауы


Сыйақы мөлшерлемесі %

Электрондық ақшаны шығару үшін сыйақы

Эмитентпен Агентке айналысқа шығарылған электрондық ақша сомасының __%

Электрондық ақшаны өтеу үшін сыйақы

Эмитентпен Агентке өтелген электрондық ақша сомасының __%


2. Қосымша қызметтердің тарифтері


Эмитентке төленетін сыйақы атауы


Сыйақы мөлшерлемесі

Агенттің нұсқауы бойынша электрондық әмиянды оқшаулау үшін сыйақы

__ теңге

электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалған операциялар туралы ақпаратты қамтитын қағаз тасымалдауышындағы үзіндіні беру үшін сыйақы

Агент үзінді алу үшін жүгінген кезде қолданыста болған Эмитенттің жалпы тарифтеріне сәйкес


Агент

Эмитент

__________________ (______________)




____________________ (______________)








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет