Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



бет6/7
Дата15.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#201344
1   2   3   4   5   6   7


Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 165-қосымша


0907000 – Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклі және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғары деңгей біліктілігі)

Циклдің, пәннің индексі

Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар

Қалыптаса

тын құзыреттердің коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби орыс тілі:

(оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда): кәсіптік тілдің рөлі: мамандық бойынша терминология; кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіптік қарым-қатынас; мамандыққа бағытталған мәтіндер бойынша әңгіме, сұхбат құрастыру;



Білімдер:

-мемлекеттік тілді және кәсіптік бағдарлы мәтіндерді (сөздікпен) оқып, аудару үшін қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумды меңгеру;



іскерліктер:

- кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, өзінің кәсіптік іс-әрекетінде қазақ тілінен біліктіліктерін пайдалану;



БҚ 6,7,8

ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі:

мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті лексика-грамматикалық материалды;

сөйлесудің әртүрлі түрлері мен тілдік нысандарды (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);

кәсіптік бағдарлы мәтіндерді аудару техникасы.



Білімдер:

-кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білу;



іскерліктер:

- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);



БҚ 6,7,8

ЖГП 03

Қазақстан тарихы:

негізгі мектеп курсы бойынша оқушылардың білім қорытындылары;

өзінің орнауында қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары;

көшпенділердің өркениеті; көшпелі мемлекеттің пайда болу жолдары;

көшпенділердің рухани мәдениті;

Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында ішкі саяси жағдайы;

ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар;

ХХғ басындағы саяси партиялар мен ағымдардың мәні;

ХХғ 20-30 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында этнодемографиялық жағдайлар;

коммунистік партия және комсомол; қазақ диаспорасының құрылуы;

Ұлы Отан соғысында және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның рөлі;

50-80 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Қазақстан КСРО-ның күйреуі және құлауы кезеңінде;

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық өзгерістері.


Білімдер:

-Қазақстан тарихы;

- қазақ халқының қалыптасуы; көшпенді өркениетің пайда болуы;

- Ұлы Жібек жолын және оның тарихи маңызы;

- Қазақстанның Ресей құрамына қосылуы;

- ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі.

- ХХ ғ.ғ 20-80 жылдағы қозғалыстар мен көтерілістер;

- ХХ ғ 20-30 жылдары Қазақстан мәдениетін; қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы;

- Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы;

- тамыз бүлігі және оның құлауы;

-ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі;

іскерліктер:

- қысқаша археологиялық әңгіме құру;

- көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашу;

- қөтерелістердің құлау себептерін талдау;

- ЖЭС мәнін ашуды, коллективтендіруді;

- картамен жұмыс істеу;

- қазақ даспорасының пайда болу себептерін ашу;

- Ұлы Отан соғысында және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның рөлін ашу.



БҚ 4,7

ЖГП 04

Дене тәрбиесі:

Маман дайындауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.



Білімдер:

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздерін;

- дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері;

іскерліктер:

- денсаулықты сақтап, нығайту үшін біліктіліктерін қолдану.



БҚ 8

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу:

Кіріспе, ЕСКД, МЖМБС ұғымы; сызбаларды графикалық

ресімдеу; сызба сызықтары; сызба форматтары; графикалық редактордың көмегімен стандартты шрифтпен сызбаларда жазулар жазу; масштабтар; өлшемдер салу; қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің контурларын орындау тәсілдері; проекциялық сызба және техникалық сурет салу; геометриялық денелердің аксонометриялық проекциялары; геометриялық денелердің толық қиылысуы; геометриялық денелердің өзара қиылысуы; проекциялық сызу; техникалық сызу; сызбалар мен нобайларды орындаудың жалпы ережелері; құрама сызба; берілістер; құрама сызбаларды оқу және детальдау; сұлбалардағы шартты, графикалық белгілеулер; мамандық бойынша сұлбалар.


Білімдер:

- МЖМБС 2.303-68* бойынша сызықтар, МЖМБС 2.301-

68* бойынша форматтар,

- МЖМБС 2.304-81 бойынша

сызба шрифттер;

- МЖМБС 2.302-68 бойынша масштабтарды, МЖМБС 2.307-68* бойынша өлшемдерді салу ережелерін, жанасу түрлері; іскерліктер:

- стандартты сақтай отырып, әртүрлі сызықтарды сызу;

- графикалық редактордың көмегімен стандартты шрифтпен сызбаларда стандартты шрифтпен жазу;

- қолмен және графикалық редактордың көмегімен сызба масштабын анықтауды, берілген масштабта тетіктерді сыза алу;

- сызбада қарапайым нысандағы тетіктердің өлшемін жасау;

- әртүрлі жанасулар мен лекалды қисықтарды орындау.


БҚ 3

БҚ 4


КҚ 2.1.5

ЖКП 02

Жылу техникасының теориялық негіздері:

техникалық термодинамиканың негізгі ережелері; газ заңдары. жылу сыйымдылық; идеал газдардың термодинамикалық процестері; идеал газдардың термодинамикалық процесстері; энтальпия; энтропия; газ циклдері; реал газдар; су буы және оның қасиеттері; су буының термодинамикалық процестері; бу турбиналық қондырғылардың циклдері; жылу алмастыру теориясының негізгі ережелері; жылу өткізгіштік; конвективті жылу алмасу; жылу беру; жылу алмастыру аппараттары.



Білімдер:

- техни­калық термодинамика қасиеттері мен заңдары;

- бу мен судың негізгі термодинамикалық параметрлері;

- идеал және реал газдарды есептеу әдістері;

- жылу алмасу теориясының негізгі ережелері;

- бу турбиналық қондырғы циклдері;

іскерліктер:

- hs- диаграммада су буының термодинамикалық процестерін құру;

- кесте бойынша су мен будың негізгі термодинамикалық параметрлерін анықтау.


БҚ 1,2,3, 6,7


ЖКП 03

Жылу энергетикасындағы конструкциялық материалдар:

Металдардың құрылымы, қасиеттері және сынау тәсілдері. Темірдің көміртекті қоспалары. Көміртекті болаттар мен шойындар. Болаттарды термиялық және химия-термиялық өңдеу. Қоспалы болат пен қорытпалар. Түсті металдар қорытпасы. Жылу энергетикалық қондырғылардың құралымдық материалдарының жұмыс шарттары. Электр доғалық дәнекерлеу. Газбен дәнекерлеу. Термиялық кесу. Электр станцияларының жылу энергетикалық жабдығы мен құбырларын монтаждап, жөндеу кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары. Негізгі жылу энергетикалық жабдықты бақылау көлемі, түрлері, мерзімдері. Ақауын табу әдістері мен құралдары.



Білімдер:

- құралымдық және жылу оқшаулау материалдарының түрлері; құралымдық материалдардың механикалық, электрлік және басқа физика-химиялық қасиеттері;

- олардың құрылымын, алу тәсілдерін, қолданылу саласы;

іскерліктер:

- әртүрлі жұмыс режимдерінде жылу техникалық жабдықтың түйіндері мен тетіктерінің деформацияға ұшырау мүмкіндіктерін анықтау;

- қазан жасауда қолданылатын материалдардың таңбаларын ашып оқу;

- анықтама әдебиетпен, диаграммамен жұмыс істеу;

- белгіленуі мен қолданылуы бойынша материалдарды анықтау.


БҚ 1,2,3

ЖКП 04

Гидравлика және сорғылар:

сұйықтықтың физикалық қасиеттері; гидростатика және гидродинамика негіздері; гидравликалық кедергілер; сұйықтықтың ағуы, құбыр бойымен және арналарда қозғалуы; электр станциялардың сорғылық жабдығы; сорғылар; гидроаппаратура; көлемді гидроқозғалтқыштар; гидравликалық кедергілер; көлемді гидрожетек; көлемді гидрожетекті реттеу; іздік гидрожетектер; гидрожелілер; ыдыстар және жұмыстық сұйықтықтар;



Білімдер:

- сорғылық жабдыққа қойылатын талаптар;

- сорғылардың белгіленуі; олардың негізгі параметрлерін;

- қоректік, конденсаттық, тораптық, циркуляциялық және майлы сорғылардың типтері мен параметрлері;



іскерліктер:

- аспаптың көрсеткіштері бойынша сорғының арынын анықтау;

- каталогтармен және техникалық құжаттармен жұмыс істеу.


БҚ

1,2,3,4


ЖКП 05

Компьютерлік технология негіздері:

Windows ОЖ; Мicrosoft word мәтіндік редакторы; ехсеl электронды кестесі; мәліметтер базасы; компьтерлік тораптар; аuto саd графикалық редакторы; курстық жобалауда ЭЕМ пайдалану; автоматтандырылған

жұмыс орындары.


Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы

білу керек:

- жоғары деңгей тілдерінде алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері;

- компьютерді пайдаланушыға баптау;

- тораптағы жұмысты;

- офистік бағдарламалармен жұмыс;

іскерліктер:

- ОЖ орнықтыру;

- мәтінді формативтеу және түзету;

- ақпаратты алу және жіберу үшін локальды және басты торапты пайдалану;

- сызбаны құру және түзету


БҚ 5

ЖКП 06

Өнеркәсіптік экология негіздері:

Экология міндеттері. қатты, сұйық және газ тәрізді ластанудың түзілуі; электр станцияларының және қазандық қондырғылардың қалдықтары, олардың қоршаған ортаға әсері; жылу электр станцияларында және қазандық қондырғыларда қатты заттарды ұстау; улы газ қалдықтарын азайту; зиянды қалдықтардың сейілуі; түтін құбырлары; ЖЭО және қазандық қондырғылардың ақаба сулары; ақаба суларды тазарту.



Білімдер:

- экология міндеттері;

- қазандық қондырғылардың қалдықтарын қоршаған ортаға әсері;

- улы газ қалдықтарын азайту әдістері;

- ақаба суды тазарту әдістері.

Іскерліктер:

- кәсіптік қызметте өнеркәсіптік экология негіздері бойынша теориялық білім алу;



БҚ 1,2,3,4




Біліктілік: 090701 2 – Жылу жүйелері жабдығын жөндеу слесарі

АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Жылумен жабдықтау жүйелерінің қазандық қондырғылары:

Отынның жіктелуі және оның техникалық сипаттамалары; қазандық қондырғылар туралы жалпы мәліметтер; оттық құрылғылар; арнайы қолданыстағы қазандық агрегаттар; бу қазандарының жайластырылуы, құралымы; қазанның су, бу өтетін жолы; су қыздыру қазандарының жайластырылуы мен құралымы; отын беру және қатты отынның шаңын дайындау; газмазутты қазандық қондырғылардың отын шаруашылығы; қазандық қондырғылардың газ-әуе жолы, күлқож жою.



Білімдер:

- қазандық қондырғылардың белгіленуі;

- қазанның қызу бетінің жайластырылуы мен құралымы;

- МЖБС 3619-81 бойынша қазандардың типтері мен жіктелуі;

- арматура класын, арматура құралымын, оны орнату орнын;

- жылу беру жабдығының құрылғысы мен жұмыс қағидасын, отынның көмір үгіту сипаттамаларын, шаң дайындау жүйесінің жұмыс қағидасын, шаң жүйелерінің сұлбасы;

- газ әуе жолының сұлбасын және оның құралымдық элементтерін, жұмыс қағидасын, күл тұтқыштардың сипаттамалары;

іскерліктер:

- сипаттама бойынша негізгі ағыстардың параметрлерін анықтау;



БҚ 7

БҚ 10


КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.4


КҚ 2.1.11

АП 02

Жылу техникалық жабдық:

Рекуперативті және регенеративті жылу алмастыру аппараттары; үздіксіз жұмыс істейтін рекуперативті аппараттардың құралымы; кезеңмен жұмыс істейтін рекуперативті аппараттар; қыздыру беттері қабырғалы аппараттар; регенеративті аппараттар; конденсат аластатқыштар; араластырғыш типті жылу алмастыру аппараттары; араластырғыш жылу алмастырғыштардың құралымы; булау аппараттары және қондырғылары;



Білімдер:

- жылу алмастыру аппараттарының белгіленуі мен құралымы;

- қабырғалы жылу алмастырғыштардың типтерін, олардың қолданылуы;

- регенераторлардың типтері; регенаторларды рекуперативті жылу алмастырғыштармен салыстыру;

- олардың таңдалуын анықтайтын жылу алмастырғыштардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- конденсат аластатқыштың белгіленуі мен түрлері;

- конденсат аластатқыштарды орнату және пайдалану ережелері;

іскерліктер:

- әртүрлі жылу алмастырғыштардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айыра білу;

- жылу алмастырғыштардың типін таңдау;

- конденсат аластатқыштар типін таңдау;



БҚ 7,10

КҚ 2.1.5


КҚ 2.1.6

АП 03

Жылумен жабдықтау және жылыту:

Жылу энергиясын тұтынушылар; жылумен жабдықтау жүйелерін; топтық және жергілікті жылу қосалқы станциялары; жылуды жіберуді реттеу; жылу тораптарының құрылыстық механикалық құралымдары; жылу тораптарын және жылыту пункттерін пайдалану; ғимараттарды жылыту жүйелері туралы жалпы мәліметтер; жылыту жүйлерінің жылыту аспаптары; судың табиғи және жасанды циркуляциясымен сумен жылыту жүйелері;



Білімдер:

- жылумен жабдықтау көздері мен жүйелерінің жіктелуі, олардың ерекшеліктері, кемшіліктері мен қолданылу саласы;

- қосалқы станциялардың типтері, жылу қосалқы станцияларының жабдығы, абоненттік кірмелердің сұлбасы мен жайылуы, жергілікті және орталық жылу пункттері;

- жылу беруді реттеудің негізгі әдістерін және реттеу жүйлерінің құрылымы;

- төсем типтері, құрылыстық құралымдарды, жылу оқшауламасының алуан түрлілігі, механикалық жабдықты, жылу тораптарының конфигурация сұлбалары;

- жылумен жабдықтау жүйелері элементтерінің бүлінуінің негізгі түрлерін, жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу түрлері;

- жылу тораптарын және жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға қабылдау ережелері;

- ғимараттарды жылытудың негізгі түрлерін және олардың қолдану мүмкіндігі;

- жылыту аспаптарының түрлерін және олардың техникалық сипаттамасы;

- орталықтан жылыту жүйелерінің түрлері;

- бумен жылыту жүйелері, олардың құрылғысы мен жабдығы;

іскерліктер:

- трассаны таңдауды және жылу тораптарын төсеу тәсілдерін дұрыс жүзеге асыру, құбырлардың жабдығы мен жылулық оқшауламасы.



КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.12




АП 04

Жылу жүйелерінің жабдығын және құбырларын жөндеу:

«Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың жылу пайдалану қондырғылары мен жылу тораптарын техникалық пайдалану»; жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ережелері; жылумен жабдықтау жүйелерін іске қосу; техникалық қызмет көрсету; жылу тораптарын коррозиядан қорғау; «Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың бу және ыстық су құбырларын қауіпсіз пайдалану мен құру ережелері» талаптарына сәйкес цехішілік құбырларға қойылатын талаптар; құбырлардың бүліну себептері; олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар; орталықтан жылыту жүйелерін пайдалану ережелері; жылу техникалық жабдықты жөндеу; жылу техникалық жабдықты жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру; тораптық қыздырғыштарды жөндеу; тораптық және қоректік сорғыларды жөндеу; желдету, жылыту, ыстық сумен қамсыздандыру және газбен қамсыздандыру жүйлері жабдығын жөндеу; жылыту жүйелері мен құбырларын жөндеу; құбырлы арматураны жөндеу; оқшауламаны жөндеу;



Білімдер:

- жылу тораптарын пайдалануға қойылатын негізгі талаптар;

- орталықтан жылыту жүйелерін пайдалану ережелері;

- құбырлардың бүліну себептерін; олардың сенімділігін қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар;

- жөндеу түрлерін; жабдыққа алдын-алу қызмет көрсету; жөндеу графиктерін бекіту тәртібі;

- кәсіпорын күшімен және мамандандырылған кәсіпорындармен жөндеуді орындау;

- ауа өткізгіштердің элементтері, жылыту жүйелері;

- жабдық пен құбырлардың, құбырлы арматураны монтаждау және жөндеу технологиясы;

- жылулық оқшауламаны жөндеу;

іскерліктер:

- құбырлар мен компенсаторлардың элементтерін жинауды; құбырлы арматураны тексеру;



КҚ 2.1.6

КҚ 2.1.11



АП 05

Жылу жүйелерінің жабдығын және құбырларын монтаждау:

Жылу техникалық жабдықты монтаждау; монтаждау-құрау жұмыстарына дайындау; ауаны жылыту, желдету және баптау, ыстық сумен қамсыздандыру жүйелерін монтаждау; жылу тораптары мен пункттерін монтаждау; жылу техникалық жабдықты баптау және сынау; баптау жұмыстарын ұйымдастыру; жылу техникалық жабдықты қосып баптау;



Білімдер:

- өндірістік жұмыстардың құрамы мен мазмұны;

- канаттар мен жүк көтеретін жабдық;

- такелаждық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері;

- құбырлардың түржиынын, арматураны жалғау тәсілдерін, фланецтердің, бұрандалардың, төсемдердің түрлері;

- құбырларды жайластыру ережелері, оларды бекіту, тіректерді орнату;

- компенсатор түрлері, дәнекерлеу тәсілдері, жылу оқшауламасының түрлері, жылумен жабдықтау жүйелерін жуу әдістері; гидравликалық сынау түрлері, желдету жүйелерінің элементтері;

- объектіні монтаждауға дайындығын тексеру тәсілдері;

- сорғыларды, жылу алмастырғыштарды, бактарды монтаждау ерекшеліктері;

- жылу тораптарын төсеу типтері, компенсаторларды орнату ережелері;



іскерліктер:

- канаттардың, стропылардың ақауларын табу, түйінді және сақиналы стропыларды ілгекке бекіту;

- гидропневматикалық жууды жүргізу;

- құбырлы арматураны ажырату;

- көлденеңдікке, тіктілікке және т.б құрастырылған түйіндер мен блоктарды тексеру;


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.2


КҚ 2.1.5 КҚ 2.1.6

КҚ 2.1.11

КҚ 2.1.12

КҚ 2.1.13

КҚ 2.1.15

КҚ 2.1.16




АП 06

Сала экономикасы:

нарықтық қатынас жүйесіндегі сала кәсіпорыны; менеджмент; басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері; маркетинг; сала кәсіпорынының өндірістік қорлары; сала кәсіпорынының капитал салымы мен капиталдық құрылысы; негізгі және көмекші өндіріс мекемесі; еңбекті ғылыми ұйымдастыру; сала кәсіпорынында техникалық нормалау негіздері; еңбек өндірісі; сала кәсіпорынында еңбек төлемін ұйымдастыру; нарықтық экономика жағдайларында Қазақстан Республикасының салық жүйесі; кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін банктік реттеу; сала кәсіпорынының өндірістік-шаруашылық әрекетті есепке алу және талдау негіздері.



Білімдер:

- өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындары мен олардың құрылымдарын басқару негіздері;

- кәсіпорын мүлігінің құрамын, қозғалысын және есебі;

- мекеме және еңбек төлемі саласында кәсіпорындарды басқарудың экономикалық механизмінің жұмысы;

- өнеркәсіп пен энергетика кәсіпорнында есеп беру түрлері;

іскерліктер:

- өзінің кәсіптік қызметінде бағдарлануға қажетті экономикалық ақпаратты табу және пайдалану;




БҚ 12

КҚ 2.1.2


АП 07

Еңбекті қорғау:

Еңбекті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнама негіздері; бақытсыз жағдайларды талдау; қауіпсіздік техникасы бойынша қызметшілермен жұмысты ұйымдастыру; қызметшілердің құқықтары мен міндеттері; аймаққа, орынжайларға, жұмыс орындарына, жабдыққа, құралдарға, айлабұйымдарға, биіктікте жұмыс істеу кезінде, жер асты құрылыстарында, резервуарларда, жылу алмастыру аппаратарында, құбырларда, айналмалы механизмдерді пайдаланып, жөндеу кезінде, жер жұмыстарын атқарғанда қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі талаптары; электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі негіздері; улану, күю және басқа жарақаттар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек;



Білімдер:

- жұмыс орнын, жұмыс аймағын анықтау;

- жабдықты куәландырудың тәртібі;

- құралды пайдалану ережелерін; - ауырлықты қолмен ауыстыру нормалары;

- механизмдер мен айлабұйымдарды куәландыру және сынау мерзімдері;

- жұмыс істеушілердің арасында хабарласу сигналы, қорғаныс құралдары;

- ыдыстардың, құбырлардың түрлері мен категорияларын, тіркеу мерзімі, куәландыру, құбырларды сырлау, құбырлардағы жазулар;

- гидравликалық сынақ өткізу тәртібі;

- айналу механизмдерінің түрлері;

- жер, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстарын орындау ережелері;

- жер, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстары кезіндегі қорғаныс құралдары;

- электрмен жарақаттану түрлерін; электр тогымен жарақаттанудан қорғану шаралары;

- өртке қауіпті орынжайлардың жіктелуін; өртке қарсы қорғаныс шаралары;

- өрт сөндіргіштердің құралымдары;

- күю, улану түрлері;

іскерліктер:

- электр тогымен жарақаттану кезінде алғашқы көмек көрсету;

- қан кету, күю, жылу соққысын алу кезінде алғашқы көмек көрсету;


КҚ 2.1.12




Біліктілік: 090702 2 – Қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығын жөндеу слесарі

АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Жылумен жабдықтау жүйелерінің қазандық қондырғылары:

Отынның жіктелуі және оның техникалық сипаттамалары; қатты, сұйық және газ тәрізді отынның жану негіздері; оттық құрылғылар; қызудың бу түзетін беттері; қызудың төмен температуралы беттерінің бу түрлендіргіштері; бу қазандарының қаңқасы, қаптамасы және гарнитурасы; бу қазандарының жайластырылуы, құралымы; су қыздыру қазандарының жайластырылуы мен құралымы; отын беру және қатты отынның шаңын дайындау; газмазутты қазандық қондырғылардың отын шаруашылығы; қазандық қондырғылардың газ-әуе жолы, күлқож жою.



Білімдер:

- отынның жіктелуі, түрлері;

- қазанның жіктелуі;

- қазандық қондырғылардың құралымы;

- бу және су қыздыру қазандарының жіктелуі;

- қазан агрегаттарының типтік өлшемдері мен параметрлері;

- оттық құрылғылардың жіктелуі;

- оттық құрылғылардың негізгі сипаттамалары; оттық қабаттары; ағаш қалдықтары мен торфтарын жағуға арналған оттық құрылғылар; технологиялық қондырғыларға арналған арнайы оттықтар;

- көмір шаңының қасиеттері мен сипаттамалары;

- шаң дайындау қондырғыларының шаң дайындау сұлбалары; диірменді құрылғылардың түрлері;

- дозалау және айыру құрылғыларының белгіленуі мен түрлері;

- жағу құрылғылары; сұйық және газ тәрізді отынды жағуға арналған шаң дайындау оттықтарының, жағу құрылғыларының жайластырылуы;

- көлденең циклондарды оттықтардың, құйынды оттықтардың, ағындары қиылысатын оттықтардың ерекшеліктері;

- тартымдық және үрлеу қондырғыларының белгіленуі мен түрлері;

- отын шаруашылығының жабдығын жайластырудың қағидалық сұлбасы;

- шаң дайындау жүйесі;

- мазутты жеткізу тәсілдері, сұйық отынды сақтау ережелері; - мазутпен жабдықтау сұлбалары;

- мазут шаруашылығы жабдығының сипаттамалары;

- ұшқыш күлдің сипаттамалары; қож жою жүйелері;

іскерліктер:

- жабдықтың сипаттамасы бойынша негізгі ағындардың параметрлерін анықтау;

- қазандық агрегаттың қосымша жолдарының технологиялық сұлбаларын оқу;


БҚ 7,10

КҚ 2.2.3


КҚ 2.2.5

КҚ 2.2.6


АП 02

Жылу техникалық жабдық:

Рекуперативті және регенеративті жылу алмастыру аппараттары; үздіксіз жұмыс істейтін рекуперативті аппараттардың құралымы; кезеңмен жұмыс істейтін рекуперативті аппараттар; қыздыру беттері қабырғалы аппараттар; регенеративті аппараттар; конденсат аластатқыштар;



Білімдер:

- жылу алмастыру аппараттарының белгіленуі мен құралымы;

- қабырғалы жылу алмастырғыштардың типтері, олардың қолданылуы;

- регенераторлардың типтері; регенаторларды рекуперативті жылу алмастырғыштармен салыстыру;

- олардың таңдалуын анықтайтын жылу алмастырғыштардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- конденсат аластатқыштың белгіленуі мен түрлері;

- конденсат аластатқыштарды орнату және пайдалану ережелері;

іскерліктер:

- әртүрлі конденсат аластатқыштардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айыра білу;

- конденсат аластатқыш типін белгіленуі бойынша таңдау;

- конденсат аластатқыштардың типін таңдау;



БҚ 7,10

КҚ 2.2.5


КҚ 2.2.6

АП 03

Жылумен жабдықтау және жылыту:

Жылу энергиясын тұтынушылар; жылумен жабдықтау жүйелерін; топтық және жергілікті жылу қосалқы станциялары; жылуды жіберуді реттеу; жылу тораптарының құрылыстық механикалық құралымдары; жылу тораптарын және жылыту пункттерін пайдалану; ғимараттарды жылыту жүйелері туралы жалпы мәліметтер; жылыту жүйлерінің жылыту аспаптары; судың табиғи және жасанды циркуляциясымен сумен жылыту жүйелері;



Білімдер:

- жылумен жабдықтау көздері мен жүйелерінің жіктелуі, олардың ерекшеліктері, кемшіліктері мен қолданылу саласы;

- қосалқы станциялардың типтері, жылу қосалқы станцияларының жабдығы, абоненттік кірмелердің сұлбасы мен жайылуы, жергілікті және орталық жылыту пункттері;

- төсем типтерін, құрылыстық құралымдар, жылу оқшауламасының алуан түрлілігі, механикалық жабдық, жылу тораптарының конфигурация сұлбалары;



іскерліктер:

- пайда болған қосымша жабдықты пайдалану кезінде ақауларын анықтау;

- орта параметрлері бойынша жабдықтың жұмысы туралы талдау;


КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.12



АП 04

Қазандық қондырғылардың жабдығын жөндеу:

Қазандық қондырғыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және технологиялық көрсеткіштері; қазандық қондырғылардың қосымша жабдығына қызмет көрсету; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

қазандарды, су экономайзерлерін, ауа қыздырғыштарды ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың көлемі; жөндеу жұмыстарына арналған материалдар; қазанның барабандарын, құбырлы жүйесін, арматурасын жөндеу; қазандықтың қосымша жабдығын: сүзгілерді, бактарды, деаэраторларды, қыздырғыштарды жөндеу; қыздыру аппараттарын жөндеу; тартып-үрлеу машиналарын жөндеу; ауа қыздырғыштарды жөндеу; шаң дайындау, диірмендердің, қоректік шаң жүйелерін жөндеу; қазандарды жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы;


Білімдер:

- қазан агрегаттары мен оның жабдығының техникалық параметрлері мен сипаттамалары;

- шаң алу, газды сору, ауа беру және түтінді газдарды тазартуға арналған жабдықтың құралымы, сұлбасы және белгіленуі;

- оттықтың, жанарғылардың құралымы мен белгіленуі; қыздыру беттерінің орналасуы; жұмыс режимдерін анықтайтын параметрлер;



іскерліктер:

- қосымша жабдықты пайдалану кезінде пайда болатын ақаулылықтарды анықтау;

- жабдықтың жұмысы туралы орта параметрлері бойынша талдау;


БҚ 7,11

КҚ 2.2.1


КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.4


КҚ 2.2.5

КҚ 2.2.11

КҚ 2.2.15

КҚ 2.2.16





АП 05

Қазандық қондырғылардың жабдығын монтаждау:

Өлшеу құралы және өлшеу техникасы; такелаж және жүк көтеру механизмдері; жабдықты монтаждауға дайындау және жұмыстарды ұйымдастыру; бу және су қыздыру қазандарын монтаждау; қазандардың қосымша механизмдерін монтаждау;

жылу техникалық жабдықты баптау және сынау; баптау жұмыстарын ұйымдастыру; жылу техникалық жабдықты қосып баптау; қазандық агрегаттарды жылу техникалық сынау және баптау; тартып-үрлеу машиналары мен газ-ауа жолдарын сынау және баптау; су дайындау және жылу оқшаулау жабдығын сынау және баптау;


Білімдер:

- қазан агрегаттарының тетіктері мен түйіндерін дайындау үшін қолданылатын болаттар;

- өлшеу құралдары туралы жалпы мәліметтерді, өлшеу техникасы;

- негізгі такелаждық жұмыстар;

- бу және су қыздыру қазандарын монтаждау технологиясы;

- қазанның қосымша механизмдерін монтаждау технологиясы;

- монтаждау жұмыстарын жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері;

- баптау жұмыстарын баптау;



іскерліктер:

- - жабдықтың сипаттамасы бойынша негізгі ағындардың параметрлерін анықтау;

- қазандық агрегаттың қосымша жолдарының технологиялық сұлбаларын оқу;


КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.2


КҚ 2.2.5

КҚ 2.2.6


КҚ 2.2.11

КҚ 2.2.12

КҚ 2.2.13

КҚ 2.2.15

КҚ 2.2.16



АП 06

Сала экономикасы:

нарықтық қатынас жүйесіндегі сала кәсіпорыны; менеджмент; басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері; маркетинг; сала кәсіпорынының өндірістік қорлары; сала кәсіпорынының капитал салымы мен капиталдық құрылысы; негізгі және көмекші өндіріс мекемесі; еңбекті ғылыми ұйымдастыру; сала кәсіпорынында техникалық нормалау негіздері; еңбек өнінділігі; сала кәсіпорынында еңбек төлемін ұйымдастыру; нарықтық экономика жағдайларында Қазақстан Республикасының салық жүйесі; сала кәсіпорынында жоспарлауды ұйымдастыру.



Білімдер:

- өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындары мен олардың құрылымдарын басқару негіздері;

- кәсіпорын мүлігінің құрамын, қозғалысы және есебі;

- мекеме және еңбек төлемі саласында кәсіпорындарды басқарудың экономикалық механизмінің жұмысы;

- өнеркәсіп пен энергетика кәсіпорнында есеп беру түрлері;

іскерліктер:

- өзінің кәсіптік қызметінде бағдарлануға қажетті экономикалық ақпаратты табу және пайдалану;




БҚ 11

КҚ 2.2.2



АП 07

Еңбекті қорғау:

Еңбекті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнама негіздері; бақытсыз жағдайларды талдау; қауіпсіздік техникасы бойынша қызметшілермен жұмысты ұйымдастыру; қызметшілердің құқықтары мен міндеттері; аймаққа, орынжайларға, жұмыс орындарына, жабдыққа, құралдарға, айлабұйымдарға, биіктікте жұмыс істеу кезінде, жер асты құрылыстарында, резервуарларда, жылу алмастыру аппаратарында, құбырларда, айналмалы механизмдерді пайдаланып, жөндеу кезінде, жер жұмыстарын атқарғанда қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі талаптары; электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі негіздері; улану, күю және басқа жарақаттар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек;



Білімдер:

- жұмыс орнын, жұмыс аймағын анықтау;

- жабдықты куәландырудың тәртібі;

- құралды пайдалану ережелері;

- ауырлықты қолмен ауыстыру нормалары;

- механизмдер мен айлабұйымдарды куәландыру және сынау мерзімдері;

- жұмыс істеушілердің арасында хабарласу сигналы, қорғаныс құралдары;

- ыдыстардың, құбырлардың түрлері мен категориялары, тіркеу мерзімі, куәландыру, құбырларды сырлау, құбырлардағы жазулар;

- гидравликалық сынақ өткізу тәртібі;

- айналу механизмдерінің түрлері;

- жер, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстарын орындау ережелері;

- жер, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстары кезіндегі қорғаныс құралдары;

- электрмен жарақаттану түрлері; электр тогымен жарақаттанудан қорғану шаралары;

- өртке қауіпті орынжайлардың жіктелуі; өртке қарсы қорғаныс шаралары;

- өрт сөндіргіштердің құралымдары;

- күю, улану түрлері;



іскерліктер:

- электр тогымен жарақаттану кезінде алғашқы көмек көрсету;

- қан кету, күю, жылу соққысын алу кезінде алғашқы көмек көрсету;


КҚ 2.2.12

КҚ 2.2.13



ӨО және КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

ӨО 00

Өндірістік оқыту

КП 00

Кәсіптік практика

КҚ 01


Оқу практикасы

материалдарды слесарлы-механикалық өңдеу; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; технологиялық өлшеу негіздері; жазықтық таңбалау; материалдарды кесу; металдарды шабу; дайындамаларды түзеу және ию; егеулеу, бұрғылау; бұранда қию; тойтарма; қыру; үгу; мойынтіректерді қалайылау және құю; электрмен пісіру; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; доғалы электрмен пісіру; аппаратура және айлабұйымдар; токарлық және фрезерлік станоктарда материалдарды өңдеу;



Іскерліктер:

- бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану; слесарлық жұмыстарды жасау үшін құралдарды пайдалану;

- кесуді, шабуды, түзетуді, июді, тойтарманы, бұрғылауды орындау;

- металдарды және өзге конструкциялық материалдарды слесарлық өңдеудің негізгі тәсілдері;

- металл кесетін станоктарда жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін қолдану;

Дағдылар:

- слесарлық құралмен жұмыс істеу;



КҚ 2.1.1; 2.1.2; 2.1.3;

2.1.4; 2.1.7; 2.1.8;

КҚ 2.2.1; 2.2.2; 2.2.3;

2.2.4; 2.2.7; 2.2.8;



КҚ 02


Оқу-өндірістік практика:

жылу техникалық жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу; такелаждық жұмыстар; жөндеу-монтаждық жұмыстар; жаймаланатын қосылыстар; деталь ойықтарын пісіруге дайындау; құбырлардың фасонды бөліктерін дайындау; төсемдерді жасау; заглушкаларды алу және орнату; жабатын, реттейтін, сақтандыру арматурасын; вентильдерді жөндеу; сальникті компенсаторларды жөндеу; механикалық

түйіндерді; ілінісу муфталарын; мойынтірек түйіндерін; болтты және бұрандамалы қосылыстарды; тойтарма қосылыстарды; ыдыстарды; кешендік жұмыстар: бу және су қыздыру қазандарының қызу беттерін жөндеу; аса қызған бу температурасын реттеу құрылғылары; құбырлы қыздырғыштарды жөндеу; қыздырғыштарды, ганитураларды және үрлеу аппараттарын жөндеу; айналмалы механизмдердің құрама бірліктерін жөндеу; тартып үрлеу механизмдерін жөндеу; қыздырғыштар мен жылу алмастырғыштарды жөндеу; желдету жүйесін жабдығын жөндеу; желдету, жылыту, ыстық сумен жабдықтау жүйелері жабдығын жөндеу; күл ұстау және күл жою жүйесі, шаң дайындау жүйесі жабдығын жөндеу;


Іскерліктер:

- бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану; слесарлық жұмыстарды жасау үшін құралдарды пайдалану;

- төсемдерді, заглушкаларды жасау;

- біліктілікке сәйкес жылу техникалық жабдықты жөндеу;

- улану, күю, жылу соққысы болғанда және өзге жарақаттарда алғашқы көмек көрсету;

- көтеру-тиеу жұмыстарында қауіпсіздік шараларын пайдалану;



Дағдылар:

- слесарлық құралмен жұмыс істеу;

- практикада теориялық білімдерін пайдалану;

- бригадада жұмыс істеу;




КҚ 2.1.5; 2.1.6; 2.1.9;

2.1.10;


КҚ 2.2.5; 2.2.6; 2.2.9;

2.2.10;


КҚ 03

Технологиялық практика:

нақты жұмыс орындарындағы жұмыс; білім алушы лауазымында жылу техникалық жабдықты жөндеу; осы мамандық бойынша еңбектің озық әдістері мен жұмыс тәсілдерін, материалдарды, жылу және электр энергиясын, қосалқы бөлшектерді үнемді пайдалану әдістерін оқыту; еңбек өнімділігін арттыру жолдарын, жабдықтың тозуға төзімділігін арттыруды оқыту; жылу техникалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; материалдарды қорыту және оларды рәсімдеу;



Іскерліктер:

- металл кесетін станокта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін қабылдау; тиеу-түсіру жұмыстарында қауіпсіздік шаралары;

- металдарды және өзге конструкциялық материалдарды слесарлық өңдеудің негізгі тәсілдерін қолдану; техникалық өлшеу негіздері; такелажды жұмыстардың тәсілдері және ережелері;

- жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында жұмысты ұйымдастыру;

- жөндеу жұмыстарын жоспарлау;

- жылу техникалық жабдықты жөндеу;



Дағдылар:

- жабдықты жөндеу бойынша техникалық құжаттамамен жұмыс істеу;

- лауазымдық нұсқаулықтармен жұмыс істеу;

- бригадада жұмыс істеу;



КҚ 2.1.11;

2.1.12;


2.1.13;

2.1.14;


2.1.15;

2.1.16;


КҚ 2.2.11;

2.2.12;


2.2.13;

2.2.14;


2.2.15;

2.2.16;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет