Дуйсенбекова Улбала Сиябековна,
«№ 22 жалпы орта мектебінің география пән мұғалімі.
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның климаты жайлы білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын нығайту, атлас картамен жұмыс істеу шеберліктерін арттыру.
Дамытушылық: Жан-жақты ойлана отырып өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік:Табиғи заңдылықтарды білуге, өз денсаулығын сақтауға үйрету.
Әдіс-тәсіл: Сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалану.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, АКТ, кескін карталар, түсті қағаздар.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Биология, физика
Жаңа сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты жаңа сабаққа дайындау, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және сыныпты құрастырма ойыны бойынша 3 топқа топтастыру. Әр топ өзінің атын қою, ұранымен таныстыру, топ мүшелерінің қызметін белгілеу.
І топ. Тәуелсіздік
ІІ топ. Нұрлы жол.
ІІ топ. Мәңгілік ел.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. Қызығушылығын ояту.
Желпуіш әдісі бойынша әр топқа 3 сұрақ жазып, келесі топ оған жауап жазады, оны әр топ өзі тексереді.
Мысалы:
1.Күн радиациясы
2.Ауа температурасы.
3.Жылдық жауын-шашын.
4.Ауа массалары.
5.Климат құрушы факторлары.
6.Агроклиматтық қорлар.
7.Климаттың шаруашылыққа пайдасы.
8. Климаттың шаруашылыққа зияны.
ІІІ.Жаңа сабақтың мазмұны. «Ой қозғау»
Жоспар бойынша 3 қалаға сипаттама бер.
1.Петропавл
2.Атбасар
3.Шымкент
Жоспары:
1.Климат белдеуі.
2.Күн радиация мөлшері.
3.Ауа массалары.
4.Желдері.
5.Ауа температурасы.
6.Атмосфералық жауын-шашын
7.Климаттың шаруашылыққа әсері.
IV.Мағынаны тану. «Озық ойлы, тапқыр кім?», «Қазақстандағы басым желдер» атты төмендегі кестені толтыру.
Жел аттары
|
Негізгі соғыс бағыттары
|
Жылдамдығы м/с
|
Шаруашылықтағы маңызы /зияны, пайдасы/
|
Ебі
|
Оңтүстік Шығыстан
|
60-80
|
Зияны: жол қатынасына , балық аулауға, егіншілікке
Пайдасы: электр энергетикасын өндіруге болады
|
Сайқан
|
|
|
|
Арыстанды қарабас
|
|
|
|
Қордай
|
|
|
|
Сергіту сәтті. Танымдық ойын.
V. «Іскер болсаң, тауып көр». Агроклиматтық қор кестесін толтыр.
Аймағы
сипаттаммасы
|
Солтүстік
|
Орталық
|
Оңтүстік
|
Температура жиынтығы +100С жоғары болатын
|
2000-21000С
|
2400-28000С
|
4300-46000С
|
Өсімдіктің өсіп өну кезеңі
|
130-135 күн
|
150-160 күн
|
180 күннен артық
|
Аймақта өсетін өсімдіктер
|
Жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау-бақшы
|
Дәнді дақыл, күнбағыс, қарақұмық, картоп
|
Күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, жүзім
|
VІ. «Кім жылдам» картамен жұмыс. Мына белгілерден не білеміз? Орны қайда?
t0 І-190С t0 І-1,50С t0 І-570С
t0 VІІ+190С t0 VІІ+28-300С t0 VІІ+470С
АА
ҚҚ
ТА
VІІ.Сабақты бекіту. «Ой –толғаныс» қалам, үстел ортасындағы термин сөздерге анықтама айту.
1.Күн радиациясы 2.Климат 3.Ауа-райы
4.Трансформация 5.Ауа массасы 6.Жел
7.Температура инверсиясы 8.Комфорт зонасы
9.Антициклон 10.Циклон
VІІІ.Үйге тапсырма: Қайталау, кескінге Қазақстан климатын түсіру. Кестені сызу.
ХІ.Бағалау. Кері байланыс /рефлексия 2 жұлдыз, 1 тілек/
Достарыңызбен бөлісу: |