Основы недропользования методические указания



бет1/2
Дата07.07.2016
өлшемі380.5 Kb.
#181991
түріМетодические указания
  1   2




Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01-II


Сапалы менеджмент жүйесі

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус


12 беттің




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым Образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

ЖтҒФ деканы

____________ А.К. Адрышев

_________________2015_ ж.

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ

Әдістемелік нұсқаулар


ОСНОВЫ НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЯ

Методические указания




Мамандық 5В070600 - Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау
Пәннің кредиттер саны: 3

Өскемен


Усть-Каменогорск

2015


Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы (егер бар болса) және Мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасы негізінде «Геология және кен ісі» кафедрасында әзірленді.
ЖтҒ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

Төраға Г.Кокаева


______________________ж. №____ хаттама

«ГжКІ» кафедрасының отырысында талқыланды.

Кафедра меңгерушісі Г.Нуршайыкова
____________________ж. №____ хаттама

Әзірлеген


Оқытушылар С. Әмірова

Б. Ағалиева


Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

Элективті курстарға, базалық және бейіндік пәндерге арналған шығарушы кафедрамен жасалған келісім парағы
Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы (егер бар болса) және Мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасы негізінде «Геология және кен ісі » кафедрасында әзірленеді.

ЖтҒ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.


Төраға Г.Кокаева

______________________ ж. №____ хаттама


« ГжКІ» кафедрасының отырысында талқыланды.

Кафедра меңгерушісі Г. Нұршайықова

____________________ж. №____ хаттама

Бакалаврларды, магистранттарды, PhD докторларды шығарушы (атауы) кафедрасымен келісілді.


Кафедра меңгерушісі Г. Нұршайықова
Әзірлеген
Оқытушылар С. Әмірова

Б. Ағалиева


Норма бақылаушы Т.Тютюнькова



1 Зертханалық сабақтардың атаулары, олардың мазмұны мен көлемі

Зертханалық сабақ 1. Құрылтайшылар құжаттарын даярлау. Құрылтайшылар жалпы жиналысы мен құрылтайшылар келісім шартының шешімдері.

Тапсырма:

1. Қазақстан республикасының азаматтық кодексімен танысу . Жалпы бөлімі. тарау1.

Жалпы ережелер. Т. 1,2.

2. Заңды тұлғалар құру туралы құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімін даярлау және ұйымдастыру –құқық формасының кез-келген шаруашылықтың серіктестігінің құрылтайшылардың келісім шартын құрастыру.



Негізгі әдебиеттер : 2. 16 [5-6]

Бақылау сұрақтары:

1. Заңды тұлғалар түрлері мен формасын тізіп атаңыз?

2. Минералдық –шикізат комплексі өнеркәсібінің ұйымдастыру формасын мысалға келтіріңіз?

3. Заңды тұлғаны тіркеудің тәртібі

4. Типтік құрылтай құжатына қандай бөлімдер кіру тиіс.
Зертханалық сабақ 2. Заңды тұлғаны даярлау. Заңды тұлғаның әр түрлері мен формасына даярланатын құрылтайшылар құжаттарының мазмұны.

Тапсырма :

Шаруашылық серіктестігінің жарғысының мәтінін құрастыру, онда осы серіктестіктің типтік мәселелері мен шаруашылықтық іс әрекеттерінің ерекшеліктерін ескеру қажет.



Негізгі әдебиетер: 2, 16

Бақылау сұрақтары:

1. Заңды тұлға жарғысының мақсаты

2. Шаруашылық серіктестігінің мүлкі қалай құралады?

3. Заңды тұлғаның құқығы мен міндеттері

4. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық қоры мен ондағы құрылтайшылар үлесі

5. Заңды тұлғаның басқару және оның атқаруы органдары


Зертханалық сабақ 3. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатынасу құқығына сұраныс берудің жобасын құрастыру.

Тапсырма:

1. Барлау, барлау мен өндіру, өндірумен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қажетті конкурстық құжаттар даярлау мен қатынасудың тәртібімен танысу

2. Сұраныс пен конкурстық ұсыныстар жобасы мәтінін даярлау.

Негізгі әдебиеттер: 7 [55-107]

Қосымша әдебиеттер: 1

Бақылау сұрақтары:

1. Барлауға берілген конкурстық сұранысты айқындайтын сұрақтар тізімі

2. Өндіруге берілген конкурстық сұранысты айқындайтын сұрақтар тізімі.

3. Барлау мен өндіруге берілген конкурстық сұранысты айқындайтын сұрақтар тізімі.

4. Конкурстық ұсыныс дегеніміз не және оның мазмұны?
Зертханалық сабақ 4. Нақтылы нысананың зерттелуі жайлы ақпараттар жинау және геологиялық зерттеулердің жұмыс бағдарламасын жасау үшін материалдар даярлау.

Тапсырма:

1. Оқытушыдан белгілі бір ауданның алғашқы геологиялық материалдарын алу.

2. Осы геологиялық нысана бойынша қор мен басылымдар материалдарынан геологиялық ақпараттарды тыңғылықты жинап, оларды пайдалану.

3. Жиналған материалдарды қазіргі заман талаптарына сай сызба мен мәтіндік түрде беру. Мұнда 9 дәрісте студенттерге ұсынылған сұлбаны пайдалану қажет.



Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 12

Қосымша сұрақтары:1

Бақылау сұрақтары:

1. Жер қойнауын пайдалану нысанасының әкімшілік орны қандай?

2. Жер қойнауын пайдалану нысанасы ауданының инфрақұрылымы қандай?

3. Ауданның геологиялық құрылысының ерекшелігін атаңыз?

4. Пайдалы қазбаның түрі, оның жалпы сипаттамасы, орналасу заңдылықтары және басқа да ерекшеліктері.

5. Гидрогеологиялық, тау-кен техникалық пен географо- экономикалық игеру жағдайлары.


Зертханалық сабақ 5. Жер қойнауын пайдалану контрактысының жұмыс бағдарламасы.

Тапсырма:

9 дәрісте берілген сұлбаны негізге алып жиналған материал бойынша алынған тапсырманы сызба мен мәтіндік формада беру қажет.



Негізгі әдебиеттер 16 [13-14]

Қосымша әдебиет: 15

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс бағдарламасының негізгі бөлімдерін мазмұнын атаңыз?

2. Жұмыс бағдарламасының негізгі сызба материалдарын қандай?

3. Барлау жұмыстарын жүргізгенде қандай жұмыс түрлерін қолдану қажет?

4. Өндіру жұмыстарын жүргізгенде қандай жұмыс түрлерін қолдану қажет?
Зертханалық сабақ 6. Өндіру жұмыстарын жобалауда қандай құжаттар түрлерін даярлау қажет.

Тапсырма:

Модельдік контракттың мазмұнымен танысып, осыған сәйкес геологиялық пен тау-кен бөлінісінің жобасын жасау.



Негізгі әдебиеттер: 3, 16 [14-16]; 17[236-267]

Қосымша әдебиеттер: 15

Бақылау сұрақтары:

1. Модельдік контракт дегеніміз не?

2. Контрактының мазмұны неден тұрады?

3. Контрактының негізгі бөліміне не жатады?


Зертханалық сабақ 7. Жер қойнауын пайдалануға контракт жобасын жасау.

Тапсырма:

Берілген тапсырмаға сәйкес барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіругу контракт құрастыру.



Негізгі әдебиеттер: 3, 16 [14-16]; 17[236-267]

Қосымша әдебиет: 15

Бақылау сұрақтары:

1.Геологиялық (тау-кен) бөлінісі жобасының мазмұны?

2. Контрактыға қандай сызба материалдары қосымшаланады?

2. Контрактының қаржылық-экономикалық моделінің негізгі бөлімдерін атаңыз?




2 Оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтың жоспары (СОӨЖ)
Тапсырма 1 Жер қойнауын пайдалануда қолданатын терминдер.

1-ші тарауға конспект құрастыру. «Жалпы ережелер» сәйкес ҚР заңы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» 1-ші тарауға «Жалпы ереже» бойынша Қазақстан республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» бойынша конспект жазу. Қазіргі заңда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. Бұл терминдерге байланысты: Жер қойнуын пайдаланудың объектілері мен субъектілерімен, қызмет түрімен және жер қойнауын пайдалануда қатысушылардың құқығы мен қатынасын заңды түрде бекітумен, байланысты терминдер.



Әдістемелік ұсыныстар:

Жер қойнауын пайдалану өзімен бірге оның қатынасушыларының өзара әр түрлі қарым-қатынаста және іс-әрекетте күрделі процесте болатынын көрсетеді, оның негізгі мақсаты жер қойнауын пайдалануда табысқа жетуіне бағытталған. Бұл облыстағы кәсіби жұмыстар түсініктерді меңгеру мен терминологиялық базалардан басталады. Оған заңдағы 1-тарауы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» арналған. Студенттерге оның мазмұнымен танысу және глоссария құрастыру, «Жалпы ережелер» бойынша «Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауы конспектілеу жатады.



Өткізу түрі: тренинг және жеке өзіндік жұмыс.

Негізгі әдебиет: 3
Тапсырма 2. Азаматтық кодекстің негізгі тараулары.

Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөліміне конспект жасау. 1 тарау – Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу. 2 тарау-Азаматтық құқықтың субъектілері. Жеке және заңды тұлғалар. Шаруашылықтық серіктестік. 3 тарау-Азаматтық құқықтық объектілері. Мүліктік және мүліктік еместінің игілігі мен құқығы.



Әдістемелік ұсыныстар:

Жер қойнауын пайдаланудың субъектілері Қазақстандық және шет елдің жеке және заңды тұлғалары бола алады, сондықтан құқықтық, реттеу сұрақтары олардың өзара қарым –қатынастары ынтымақтастық әр түрлі шарттар түрінде бекітілуі керек.

Осындай түрдегі шартты құрастыра білу, кәсіпорынның құқықтық ерекшеліктерін жеке меншіктегі әр түрлі формаларын білу студенттердің кәсіби дайындықтарының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

Қазақстан республикасы Азаматы кодексінің 2-тарауы бойынша конспекті жасау барысында жалпы ереженің негізгі құқығы бойынша заңды тұлғаның қызметіне назар аудару керек, атап айтқанда:

- заңды тұлғаның жеке меншік құқығы;

- құрылтайшылардың заңды тұлғаның мүлігіне құқылығы;

- заңды тұлғаның органдары;

- атауы, заңды тұлғаның тұрған жері;

- заңды тұлғаның құрылтайшылары;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі және қайта тіркелуі;

- заңды тұлғаның жауапкершілігі;

- заңды тұлғаны тарату (ликвидация)

Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің 1-ші тарауын конспектілеу барысында, сонымен қатар азаматтық құқықтық объектісінің түрлерінің жалпы сұрақтары және олардың айналым қабілетігіне аса назар- аудару қажет. Нақты Азаматтық құқықтық келесідей объектілері ұсынылады: жылжымалы және жылжымайтын мүлік, қымбат қағаздар, жеке мүліктік емес құқықтар. Мемлекеттік тіркеулер жылжымайтын, кәсіпорын, бөлінетін және бөлінбейтін мүлік қызметтік және коммерциялық құпия болып табылады.

Өткізу түрлері: Топта талқылау және өзіндік жеке жұмыстар.

Негізгі әдебиет: 2
Тапсырма 3. Минералдық – шикізат саласының заңды тұлғаларының түрлері мен формалары.

Минералдық – ресурстар саласы кәсіпорындағы ұйымдастыру формасы бойынша кейс құрастыру. Заңды тұлғаның түрлері мен формалары, олардың құқықтары мен міндеттері, тіркелуі және таратылуы. Құрылтай құжаттарының ерекшеліктері.



Әдістемелік ұсыныстар:

Кейсті құрастыру алдында міндетті түрде ІІ тараудың ІІ, ІІІ, ІV, V бөлімдерін қарастыру қажет. Ұйымдастырудың және шаруашылық бірлестіктің қызметіне аса назар аудару қажет:

- бірлестікке қатысушылар құқықтық жағдайы;

- жарғы қоры бойынша үлестен өту;

- Шаруашылықтық серіктестердің құрылтайшы құжаттарының ерекшеліктері, түрлері, формалары;

- жарғалық қор, оның көбеюі мен азаюы;

- оны ұйымдастыру-құқықтық формасына сүйене отырып бірлестікті басқару:

Жер қойнауын пайдаланушыларға негізінен мемлекеттік кәсіпорындық формадағы, коммерциялық ұйымдар - шаруашылық бірлестігі, өндірістік кооперативтер жатады.

Мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығына негізделеді немесе, мемлекеттік орган өкілеттігінің шешімі бойынша мүлікті оперативті басқарады.

Өндірістік кооператив-бұл азаматтардың ерікті біріккен мүшелігі негізінде кәсіпкерлер қызметінің бірлестігі, олардың жеке еңбекке қатысуына негізделген және оның мүшелерінің мүлікке жарна төлеу бірлестігі.

Шаруашылық бірлестік- бұл коммерциялық ұйым болып табылады, құрылтай ақша салу үлесінің жарғы қоры негізінде құрылған. Мүліктік, құрылтайдың ақша салуына құрылған және шаруашылық бірлестіктің қызмет процесіндегі табысы, бірлестіктің жеке меншіктегі құқығына жатады. Шаруашылық бірлестік толық және коммандитті болуы мүмкін.

Қазіргі минералды-шикізат кешенінің кәсіпорны өзінше бөлек кәсіпорынның күрделі ұйымдастырудағы агломераты болып табылады, бір-бірімен жүйелік қатынаста, біреулерінің екіншілеріне бағыну жолымен жарғылық қорға қатысу, акционерлік қоғам өз акцияларының бақылау пакетін басқа бір компанияға берсе, онда сол компания оның қосымша компаниясы болып келеді, ал сол пакетті сатып алған компания негізісі болады. Егер компанияда бірнеше қосымша компаниялардың бақылау пакеттері болса, ол холдинг деп аталады.

Өз кезегінде, қосымша компаниялар басқа бір 3-ші компаниялардың бақылау пакеттерін сатып ала алады. Олар басты холдингке қатысты мұрагері болып табылады. Осылайша күрделі көп жүйелі компаниялар құрылады, олар корпорация деп аталады.

Көп тармақты формалардың құрылуы диверсификация деп аталады.



Өткізу түрлері: кейс құрастыру

Негізгі әдебиет: 2
Тапсырма 4. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.

Заңды тұлғаның шаруашылық серіктестігінің – құрылтайшы құжаттарын даярлау: арызын толтыру, кәсіпорынды құру туралы құрылтайшылар жиналысының шешімінің хаттамасын жасау, құрылтайшылар келісім шарты мен кәсіпорын жарғысын бекіту.



Әдістемелік ұсыныстар:

Кез келген коммерциялық ұйым заңды тұлға болып табылады. Оның фирмалық ұйымдастырушылық – құқықтық формасы көрсетілген атауы, жекеменшіктік балансы немесе сметасы, заңды актілер мен құрылтайшы құжаттарына сәйкес органдары болуы тиіс.

Құрылтайшы құжаттарына Жарғы мен Құрылтайшы келісім – шарты жатады. Тапсырма көлемінде студент құрылтайшылар келісім шарты мен Жарғының мазмұнын, осы құжаттарды тіркеу мен қайта тіркеудің жолдарын көрсетулері қажет.

Өткізу түрі: Жеке өзіндік жұмыс.

Негізгі әдебиет: 16 [4-5]
Тапсырма 5. Қазақстандағы мен шетелдердегі жер қойнауын зерттеудің сатылығы. Әдебиеттер мағлұматтарын пайдаланып «Қазақстандағы мен шетелдердегі жер қойнауын зерттеудің сатылығы» атты тақырыпты меңгеру. Зерттеу нысыналары, негізгі қорытындылары мен қаржылық көздері.

Әдістемелік ұсыныстар:

Оқу әдістемелік кешенде берілген №3 дәрістің материалдарын ұғып меңгеру, осындағы 7 және 8 кестелерді қағазға көшіріп толықтыру. 13 пен 14 нұсқаулық материалдармен танысу.



Өткізу түрі: Жеке өзіндік жұмыс.

Негізгі әдебиеттер: 13,14,17 [50-60]

Қосымша әдебиет: 8
Тапсырма 6. Геологиялық зерттеулердің қолданылатын техникалық құралдар мен әдістер.

Кенорындарын бағалау мен барлаудағы жер қойнауын геологиялық зерттеулердің негізгі әдістері мен техникалық құрал-жабдықтарымен танысу. Пайдалы қазбалар қорлары категориялары. Геологиялық материалдарды сараптау.



Әдістемелік ұсыныстар:

Қосымша әдебиеттерді пайдаланып кенорындарын бағалау мен іздеуде қолданылатын техникалық құрал- жабдықтармен танысу. 9 кестені көшіріп алу. Пайдалы қазбалардың қорлары жіктемесі мен болжамдық ресурстары жайлы материалдарды тауып, танысу.



Өткізу түрі: Тренинг және жеке өзіндік жұмыстар.

Негізгі әдебиеттер: 9,17 [50-60]

Қосымша әдебиет: 8
Тапсырма 7. Контракт аумағының сипаттамасы.

Қажетті деңгейде ақпараттық материалдар жинап мына тақырып бойынша конспект жасау: «Контракт аумағы жайлы жалпы мәліметтер және геологиялық бөлініс жататын ауданның қысқаша геологиялық құрылысының сипаттамасы».



Әдістемелік ұсыныстар:

Курстық жобаға берілген тақырып негізінде ауданның топографиялық пен әкімшілік карталарындағы орыны, номенклатурасын анықтап, 1:1000 000 масштабты картадан мәліметтерді алып белгіленген тәртіп бойынша ауданның сипаттамасын жазу керек.



Өткізу түрі: Картографиялық материалдармен бірлесе жұмыс істеу.

Негізгі әдебиеттер: 7 [109 -128]

Қосымша әдебиет: 8,15
Тапсырма 8. Контракты аймағының геологиялық бөлініс жобасын құрастыру .

Әдістемелік ұсыныстар:

Геологиялық бөлініс алу үшін берілген өтінімде болу керек:

- сұранып тұрған аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы;

- шеткі нүктелердің географиялық координаттары және геологиялық бөліністің жалпы ауданы;

- геологиялық бөліністің қажетті масштабтағы картограммасы.

Осы талаптарға сәйкес бойынша, топографиялық негіз бойынша, алдынғы СРСП-ның материалдарын пайдалана отырып, 1:200 000 масштабты сұраныс аумағының геологиялық бөлініс картограммасын жасау және соған түсініктемелік мәтін жазу.



Өткізу формасы: Жеке өзіндік жұмыс

Негізгі әдебиеттер: 16[5-11]

Қосымша әдебиеттер: 8, 15
Тапсырма 9. Контракт аумағының жобасының мәтіні.

Қарастырылатын перспективалық нысана бойынша барлау, өндіру немесе біріккен барлау мен өндіру контрактысының жобасының мәтінімен жұмыс жасау (жеке тапсырмаға байланысты).



Әдістемелік ұсыныстар:

2001 жылғы 31 шілдеде Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысы бойынша №1015 Қазақстан республикасының жер қойнауын пайдаланудың модельдік контракттысы бекітілген. (9.08.02ж №889 өзгертулермен).

Екі жақтық келісім шарт модельдік контракт негізінде жүргізіледі.Контрактының міндетті шартына мыналар жатады:

- контракт аймағының белгіленуі;

- контракттың қолдану мерзімі;

- контракт аймағының немесе оның бөлігінің қайтарылу шарты.

- Міндетті түрде Қазақстанда шығарылатын өнімдер мен материалдарды пайдалану және белгілі бір стандартқа және талапқа сәйкес ҚР-ң кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін қажет ету.

- жер қойнауын пайдаланушының салықтық және міндетті төлемінің көлемі;

- екі жақтың келіспеушілігін шешу реттілігі;

- контрактінің күшіне енуі жер қойнауын пайдалану және басқа келісім шартты мемлекеттік тіркеуден кейін орындалады.

Контракт қазіргі заңнамамен сәйкес болуы керек.

Егер контракт белгілі бір талаптарды орындамаса, бұл шарт бекітілген күннен бастап заңсыз деп есептеледі.

Контракт жобасы жер қойнауын пайдаланушымен өзінің конкурстық ұсынысы , модельдік контрактысы, қолданылатын құқығы негізінде дайындалады. Моделдік контрактының енгізілген формасында мұқаба беті, преамбула (қосымша А) және келесі бөлімдер кіреді:

1 бөлім Анықтаулар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» заңы бойынша)

2 бөлім Контрактінің мақсаты

3 бөлім Контракт мерзімі

4 бөлім Контракт аймағы

5 бөлім Ақпарат пен мүлікке иелік құқығы

6 бөлім Мемлекеттің пайдалы қазбаларды иемдену және реквизициялау құқығы

7 бөлім Екі жақтың жалпы құқығы және міндеттері

Мердігердің құқығы:

Мердігердің міндеттері:

Құзіретті органның міндеттері

Құзіретті органның құқығы

8 бөлім Жұмыс бағдарламасы

9 бөлім Барлау мерзімі

10 бөлім Коммерциялық табу

11 бөлім Өндіру уақыты

12 бөлім Есеп және есеп беру

13 бөлім Өлшеу

14 бөлім Субмердігерлік жұмыстарды жасау (пайдалы қазбалар) түрлері

15 бөлім Қаржыландыру

16 бөлім Салық (29 түрлі салықтар)

17 бөлім Бухалтерлік есеп

18 бөлім Сақтандыру

19 бөлім Ликвидация және ликвидациялау қоры

20 бөлім Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

21 бөлім Халық қауіпсіздігі

22 бөлім Мердігердің келісім шарт талаптарын бұзу жауапкершілігі.

23 бөлім Форс-мажор

24 бөлім Конфиденциальность

25 бөлім Құқығын және міндетін беру

26 бөлім Қолданылатын құқықты қолдану

27 бөлім Дауды шешудің жолы

28 бөлім Контракт тұрақтылық кепілдігі

29 бөлім Контрактының тоқтатылу және жойылу талаптары

30 бөлім Контракт тілі

31 бөлім Қосымша жағдайлар

Әрбір бөлімінің толық мазмұны модельдік контрактыда көрсетілген. (15)



Өткізілу формасы: Кәсіби ойын

Негізгі әдебиеттер: 7[109-129]

Қосымша әдебиеттер: 8, 15
Тапсырма 10. Жұмыс бағдарламасы мен жылдық жұмыс бағдарламасы мазмұнының нұсқаулық материалдары.

Контрактының жұмыс бағдарламасының мазмұны мен жылдық бағдарлама бойынша реттеу материалдары конспектілеу.



Әдістемелік ұсыныстар:

9 дәрісте айтқандай, нақты геологиялық нысананы зерттеудің жұмыс бағдарламасы автордың әртүрлі мағлұматтарды жинау, жүйелеу және талдау қабілетіне байланысты, болып келеді. Дәрісте жұмыс бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарда берілген. Студентке өзі бетімен 10, 11 ұстанымдар мазмұнымен танысу конспектісін құрастыру керек.



Өткізілу формасы: Жеке өзіндік жұмыс.

Негізгі әдебиеттер: 10, 11

Қосымша әдебиеттер: 8, 15
Тапсырма 11. Жер қойнауын пайдаланушының есебінің формасы мен түрлері.

Жер қойнауын пайдаланушылардың есеп беруінің реттеу материалдарының мазмұнымен танысу: есеп беру формалары және түрлері, ЛКУ орындауының формалары.



Әдістемелік ұсыныстар:

Жер қойнауын пайдаланушылардың есепберуі жер қойнауының жағдайы жайлы мониторингтің бір түрі болып табылады және белгілі бір аймақтың жер қойнауының жағдайы жайлы толық ақпарат жинаудың қажетті жүйесін құрайды. Ол заңмен бекітілген және жеке меншіктік түріне қатысты емес. Бұл жұмыстар реттілік материалдарына сәйкес жасалынады. Есептер 3 айлық, 6 айлық, 1 жылдық және жобалық қорытынды түрінде болады. Әрбір есепке қойылатын талаптар, зертелетін уақытқа байланысты №9 дәрісте берілген. Бұлар мен танысу және негізгі бөлімдерін жазып алу ұсынылады.



Өткізу түрі: Презентация

Негізгі әдебиеттер: 15

Қосымша әдебиеттер: 8
Тапсырма 12. «Мұнай туралы», Бағалы тастар жайлы мемлекеттік қатынасты реттеу» және «Лицензиялау жайлы» заңдарының конспектісін тезистік түрде құрастыру.

Әдістемелік ұсыныстар:

Жоғарыда көрсетілген заңдар еліміздің алтын қорын қамтамасыз етуін, мұнай-газ, асыл тастар мен металдармен байланысты жер қойнауын пайдалану жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылады. Жер қойнауын пайдалану жұмыстары мен геологиялық жұмыстардың барлық түрлері және зерттеу әдістері лицензиялық жұмыстардың түріне жатқызылады. Сондықтанда «Лицензия жайлы» заңды білуді қажет етеді. Алдымен заңдармен танысып

кейіннен тезисті түрде конспекті құру қажет.

Өткізу түрі: Әңгімелесу және өзіндік жұмысты орындау.

Негізгі әдебиеттер: 4

Қосымша әдебиеттер: 8
Тапсырма 13. Жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерттеудің құқықтық ерекшеліктерімен танысу. Конкурсқа қатынасуға қажетті құжаттар мазмұнын білу оларға практика жүзінде қолдану.

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл сұрақтар №7 дәрісте қаралған. Конкурстық пакеттегі ең маңызды құжат жұмысты орындауға қажетті арнайы техникалық жағдайлар ол бағдарламамен нысанасының атын айқындайды. Әрі қарай мынадай бөлімшелер келтірілуі тиіс.

- жұмысты орындаудың мақсаты;

- міндеттері;

- жұмысты орындаудың әдістері;

- күтілетін нәтижелер;

- жұмысты орындау уақыты

Мына бөлімшелерден көрініп тұрғандай, зерттеушілер нысаналар жайлы өте жақсы білулері қажет және жұмыстың негізі жайлы және беретін нәтижелері туралы қысқа баяндаулары қажет.

Әдетте ашық конкурсқа мынадай бағдарламалар ұсынылады:

- өздігінен атқылайтын ұңғымалардың ликвидациясы мен консервациясы.

- минералдық шикізат базасы мен жер қойнауын пайдалану мониторингі

- жер асты сулар және қауіпті геологиялық процестер мониторингі

- іздеу-барлау жұмыстары

- іздеу-бағалау жұмыстары

Әрбір бағдарлама бірнеше бөлімшелерден тұрады, ал олардың өздері бірнеше лоттардан тұрады.

Конкурс ұйымдастырушы Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.

Конкурсқа қатысушылар тек заңды тұлғалар бола алады.

Өткізу түрі: топатасқан жобаларды жасақтау.

Негізгі әдебиеттер: [151-164]

Қосымша әдебиеттер 8, 9
Тапсырма 14. Қазақстан республикасы Салық кодексі мен жете танысып меңгеру оның ішінде әсіресе 10 бөлімімен Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Студентерге заңды тұлғаларға салық төлемдер салудың принциптерімен таныстыру және әсіресе жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерімен танысу қажет.



Негізгі әдебиет: 8

Қосымша әдебиеттер: 13,14
Тапсырма 15. Контрактының қаржы-экономикалық моделін құрастыру.

Әдістемелік ұсыныстар:

Контрактінің қаржы –экономикалық моделі жұмыс бағдарламасының негізін құрайды және кейінгі жылдық бағдарламаға да кіреді. Онда жұмыстық барлық түрлері қарастырылып олардың көлемі мен құны көрсетіледі. Ол жұмыстың әр жылына кезеңі (барлау, өндіру) жеке құрастырады. Қосымшасында қаржы-экономикалық модель түрі келтірілген.



Өткізу түрі: сұхбаттасу мен жеке өзіндік жұмыстар.

Негізгі әдебиеттер: 17[211-228]

Қосымша әдебиеттер: 8, 15
2.5 Студенттердің курс бойынша өзіндік жұмыстарының мазмұны (СӨЖ)
Тапсырма 1. 1-бөлімнің ҚР «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану» заңының, «Жалпы жағдайы» бөлімінің жазбасын жазуды аяқтау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Барлық түсініктер мен терминдер базасын жазбаша түрде түсініктеме беру



Негізгі әдебиет: 3

Қосымша әдебиет: 15
Тапсырма 2. ҚР Азаматтық кодексінің жалпы бөлімдерін жазбаша түрде аяқтау. 1-бөлім Азаматтық құқықтық қатынастар; 2-бөлім Азаматтық құқық субъектілері; 3-Азаматтық құқық объектілері.

Әдістемелік ұсыныстар:

Жер қойнауын пайдаланудың субъектілері Қазақстандық және шет елдің жеке және заңды тұлғалары бола алады, сондықтан құқықтық, реттеу сұрақтары олардың өзара қарым –қатынастары ынтымақтастық әр түрлі шарттар түрінде бекітілуі керек.

Осындай түрдегі шартты құрастыра білу, кәсіпорынның құқықтық ерекшеліктерін жеке меншіктегі әр түрлі формаларын білу студенттердің кәсіби дайындықтарының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

Қазақстан республикасы Азаматы кодексінің 2-тарауы бойынша конспекті жасау барысында жалпы ереженің негізгі құқығы бойынша заңды тұлғаның қызметіне назар аудару керек, атап айтқанда:

- заңды тұлғаның жеке меншік құқығы;

- құрылтайшылардың заңды тұлғаның мүлігіне құқылығы;

- заңды тұлғаның органдары;

- атауы, заңды тұлғаның тұрған жері;

- заңды тұлғаның құрылтайшылары;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі және қайта тіркелуі;

- заңды тұлғаның жауапкершілігі;

- заңды тұлғаны тарату (ликвидация)

Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің 1-ші тарауын конспектілеу барысында, сонымен қатар азаматтық құқықтық объектісінің түрлерінің жалпы сұрақтары және олардың айналым қабілетігіне аса назар- аудару қажет. Нақты Азаматтық құқықтық келесідей объектілері ұсынылады: жылжымалы және жылжымайтын мүлік, қымбат қағаздар, жеке мүліктік емес құқықтар. Мемлекеттік тіркеулер жылжымайтын, кәсіпорын, бөлінетін және бөлінбейтін мүлік қызметтік және коммерциялық құпия болып табылады.

Негізгі әдебиет: 2

Тапсырма 3. Заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттары мен жұмыс істеу, құрылтайшылар келісім – шартын құрастыру.

Әдістемелік ұсыныстар:

Құрылтайшылар келісім шарты құрылтайшылар қатынасып реттейтін, заңды тұлғаны құрудың негізі болып табылады. Оның мазмұны төмендегідей болып келеді:


Құрылтайшылар келісім – шарты

Алматы қаласы


______200 ж
Құрылтайшы  деп аталатын екі жақ төмендегідей келісімге келеді

  1. Жалпы ережелері:

а) Құрылтайшылар өздерінің жалпы келісімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға міндеттелінеді.

б) Бірлестіктің толық атауы:

в) Заңды тұлға құрылуының мерзімі

г) Мекен жайы:

д) қызметінің мақсаты мен түрі


  1. Мүліктің түзілуі

а) Зааңды тұлға қорындағы қаржыға сатып алынады немесе арендаға алынады. Заңды тұлғаың табысы және зңға қайшы келмейтін жолдар арқылы тапқан табыстарынан құралады.

б) Заң актілерімен немесе Заңды тұлғаның құррылтай құжаттарында резервтік қордың құрылуы қарастырылуы мүмкін



  1. Қызметін басқаруы

Заңды тұлғаның органдарының қызметін басқаруы және де серіктестік атынан шешім қабылдауы ҚР Азаматтық кодексімен, заң актлерімен және жарғысымен анықталады.

  1. Құрылтайшылардың құқығы мен міндеттері:

а) Құрылтайшылар құқығы бар: пайданы бөлісуге, Заңды тұлғаның қызметі туралы ақпарат алуға, құрылтай құжаттарында көрсетілген тәртіп бойынша Заңды тұлғадан шығуға құқылы.

б) Құрылтайшылар міндеті: 1) Құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға; 2) Салымдарды құрылтай құжаттарында көрсетілген тәртіп мөлшері, әдістер және мерізімдер бойынша салып отыруға; 3) Заңды тұлғаның коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті

5) Шығынды өтеу тәртібі

6) Кірісті пайдаланудың тәртібі

7) Құрылтайшылар құрамынан шығу

8) Келісімді өзгерту және бұзу

9) Жарғыны бекіту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет