Вера Наумовна
Сотниченко
19-шы армия Белоруссияны азат ету жолында көп шығынға ұшырады. Вера Сотниченко қып-қызыл жүріп жатқан тұста жаралыларға қолма –қол дәрігерлік жәрдем көрсетіп отырды. Плащ палаткаларға талай жүре алмайтын жауынгерлерді салып, сүйреп жеткізді.
Үкіметтік награда «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» , «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Әмина Ахметжанқызы
Орынбасарова (майор)
1943ж 23 наурызда майданға аттанды. Соғыс майданында генерал Рокоссовский қолбасшылық еткен І-ші Беларусь қаласының медсанбат-ында болды.
Жауға тойтарыс бере, ілгері қарай ұмтылған біздің әскердің соңына ілескен әскери госпитальда негізінен өрімдегі жас қыздар болатын. Дала госпиталін жасақтау үшінсол қыздар қолдарына күрек алып, жер қазды, кірпіш тасыды. Тәулік бойы операция үстелінің жанында тұрып, үсті-үстіне келіп жатқанжаралы жауынгерлерді ажалдан арашалады, шаршауға, тынығуға уақыт жоқ болатын. Ұрыс даласында көп қан жоғалтқандарға кезек-кезек донор болатынбыз.
Ростов дәрігер Мария Васильевна Васильева тамыз айында соғыс майданында жау қолынан қайтыс болдыСодан кейін ілгері жылжып біздің әскери бөлім Польшаның Кутно қаласына келіп жеттік, ол жер жау оғының зардабын көріп, қызыл қанға боялыпжатқан бейбіт тұрғындаға да дәрігерлік көмек көрсетілді.
Зейнаб Муллахасынқызы Музафарова
бір-ақ күнде дүниенің астаң- кестеңі шықты. Ұлы Отан соғысы кезінде қару ұстауға жарайтын барлық ер азаматты жаппай әскерге шақырылды. Солардың ішінде Зайнабтың екі ағасы Гаппас пен Хусаиын және әкесіде бар еді. Елдегі тірек болды: қарттар, балалар, әйелдер.
1944 жылы күзі жаудың беті әрі қараған кезде бұл медициналық техникумын бітірген. 5 қыз әскери комисссариаттан жолдама алып майданға аттанатын болды. Солардың бірі 19 жастағы қыз Зайнаб болатын. Қостанай қаласының іргесіндей Озерный селосында медбике болып жұмыс істеп жүрген Зайнаб қатігез жаумен кескілескен ұрыстар жүріп жатқан бірінші Белорусь майданындағы атқыштар дивизиясының 370-ші полкіне келіп түсті. Рокосовский қолбасшылығында дивизияда зеректігімен, табандылығымен көзгге түскен медбике, бұл жерден Польшаның Ломжа қаласына жіберілді. Зайнаб жаралыларға медбике ретінде алғашқы медициналық көмекті осы жерде көрсетті. Қаһармандықпен алға жылжып бораған оқ астынан жаралыларды тауып алып, олардың жарасын дәкемен таңып, госпитальдарға жөнелткен.
Шығыс Пруссиядағы Нерва өзенінің жағалауында 3 күн, 3 түн болған ауыр ұрыста кеңес жауынгерлерінен жараланғандар көп болды. Жаралылардың бірінен соң бірі оқ астынан алып шығып жүрген санитарларға оқ тиіп, Зайнаб жалғыз қалды. Сонымен бірге, оқ аузына тиіп, тілін жұлып кеткен солдат, өртенген танк ішінде күйіп қалған екі жауынгерлерді көріп шошыды. Зайнаб соғыс жылдары көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» медалімен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |