Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері Қысқа мерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы



Дата28.06.2016
өлшемі91.61 Kb.
#162861
түріСабақ
Телеуова Нағима Аманжолқызы ,

№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

ОҚО, Сарыағаш ауданы

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері


Қысқа мерзімді жоспар




Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып, түбірлерді есептеу

Күтілетін нәтиже:

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып, түбірлерді есептейді

Негізгі дерек көздер:

Оқулық « 8 сынып Алгебра»\

\Ә.Н.Шыныбеков\

Оқулық « 8 сынып Алгебра»\А.Әбілқасымова,И.Бекбоев

«Есептер жинағы» Бейсеков



Cабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ресурстар

Проблеманы анықтау кезеңі
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

ІІ. Рефлексия (кері байланыс)



Еске түсіру:

8 мин.


Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Әр үстелдегі қораптың астынан конфет алып,оның түстеріне қарай топқа бөлінуге бағыттау.Топбасшыны анықтау үшін әр топтан бір оқушының орындығының артына стикер жапсыру.

Сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсатын анықтау.Бағалау критериімен таныстыру, бағалау парақтарын тарату.

1.Ауызша есептеулер: "Кім жылдам?" О

,

2.Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтада берілген есептің шығарылу жолдары бойынша тексеру, өзарабағалау. Топбасшының "үй тапсырмасы" бойынша бағалауы




Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады. Әр үстелдегі қораптың астынан конфет алып,оның түстеріне қарай топқа бөлінеді. Топбасшы орындық артына жапсырылған стикер арқылы анықталады.

Бағалау критериімен танысады.

Топбасшылар" Бағалау парақтарын" алады.

Көрнекілік парақшаларда берілген сандардың түбірлерін табады.


Жұптық жұмыс арқылы үй жұмыстарын интерактивті тақтада берілген есептің шығарылу жолдары бойынша тексереді .

Топбасшы"үй тапсырмасы" бойынша топтың бағалауын айтып өтеді.



Бағалау парақтары

Түрлі-түсті қағаздар

Интерактивті тақта,слайдтар


Бағалау парақтары




Проблеманы шешу кезеңі. Жаңа сабақ:

Түсіну:

Тақырыпқа шығу 10 мин.


Талдау және қолдану:

10 мин.


Сергіту сәті:

2 мин.


Жаңа тақырыпты меңгерту: 1.Слайдта берілген (1-7)қасиеттер бойынша, квадрат түбірлердің қасиеттерін тұжырымдау қорытындылар жасауды ұйымдастыру

2.Мысал есептер шығарту,топтық жұмыс:1) ; 2); 3); 4); 5); 6); 7); 8).

"Бағдаршам" стратегиясы бойынша формативті бағалау жүргізу.

Оқулықпен жұмыс.№145( тақ номерлер),№146( тақ номерлер) Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша әр топ пен жеке оқушылардың білімдері сараланады.

"Квадрат құрастыру". Әр түрлі фигуралардан топпен жылдам квадрат құрастыру үшін геометриялық фигуралар салынған конверттерді таратып беру..Осы сәтте "Мен қазақпын" бейнетаспа ролигін қою.Жылдам құрастырған топты құттықтау,сыйлықтар тапсыру


1.Слайдта берілген (1-7)қасиеттерді оқып , квадрат түбірлердің қасиеттерін тұжырымдайды, қорытындылар жасайды
2.Мысал есептерді ауызша шығарады,топпен жұмыс жасайды
Оқушылар жасыл,сары және қызыл түстер арқылы өз білімдерін бағалады.

Топтық жұмыс. Алған білімдерін ортаға салады, есептерді шығарады, салыстырады, талдайды.

Әр түрлі фигуралардан топпен жылдам квадрат құрастырады

Интерактивті тақта арқылы тексереді.





Интерактивті тақта

Оқулық


Геометриялық фигуралар қиындылары





Проблеманы шешуді қорытындылау кезеңі
Жинақтау

5 мин.


Бағалау 5 мин
Рефлексия :

3 мин.


«Барлығын қосқанда...» сабақ бойынша қорытынды ой.


Үйге тапсырма

"Сәйкестендіру тесті"

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері мен олардың тұжырымдамаларын сәйкесін табу, мысал есептердің дұрыс жауаптарын табу

Өзін- өзі бағалау

Бағалау критерийлері бойынша топбасшылардың бағалауы, күнделікке өздеріне қойдыру


№145,146- ның қалғандары



Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері мен олардың тұжырымдамаларын сәйкесін табады, мысал есептердің дұрыс жауаптарын табады
«Бағдаршам» арқылы өзін- өзі бағалайды, топ жетекшілері бағалайды.Күнделіктерін топбасшы жинап, мұғалімге әкеледі
Рефлексия парақшаларындағы сұрақтарға жауап жазады
Күнделікке жазады

Оқулық,

Тест парақшалары


Плакат: бағалау критерийлері, бағалау парақшасы



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсатын анықтау. Оқушылар әр үстелдегі қораптың астынан конфет алып,оның түстеріне қарай топқа бөлінді.Топбасшы орындық артына байқаусызда мұғалімнің жапсырған стикерлері арқылы анықталды.

Оқушылар мұғаліммен бірге бағалау критериін құрады, бағалау парақтары таратылды.


ІІ. Рефлексия (кері байланыс) Өткен сабақтарды көрнекілік парақшаларда берілген сандардың түбірлерін табу арқылы қайталады.

1.Ауызша есептеулер:"Кім жылдам?" 



,

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұптық жұмыс арқылы, яғни бір-бірлерімен дәптерлерін алмасып, интерактивті тақтада берілген есептің шығарылу жолдары бойынша үй тапсырмаларын тексерді. Топта өзара бағалау жасады. Топбасшы "үй тапсырмасы" бойынша әр оқушының жұмысына топтың қойған "бағалауымен" таныстырды.




ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпты меңгерту: Оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізді.Арифметикалық квадрат түбірлердің қасиеттерімен танысты,

1.Слайдта берілген (1-7)қасиеттер бойынша қорытындылар жасап, қасиеттерін тұжырымдады.

1.  өрнегінің анықталу облысы теріс емес нақты сандар жиыны: а0


2. арифметикалық түбір теріс емес;
3. х2=а, а0 теңдеуінің екі түбірі бар: х=  ;
4. кез-келген а саны үшін теңдігі орындалады.
5. Көбейтіндінің квадрат түбірі көбейткіштердің квадрат түбірлерінің көбейтіндісіне тең, яғни, егер а0, в0 болса, онда  = .
6. Бөліндінің квадрат түбірі квадрат түбірлердің қатынасына тең, яғни, егер а0, в0 болса, онда теңдігі орындалады.

7. Дәреженің түбірі түбірдің дәрежесіне тең, яғни, егер а0 болса,

онда кез-келген натурал n саны үшін = теңдігі орындалады.
2.Әртүрлі шығарылған мысал есептердің шығарылу жолдарын топпен талқылап, бір-біріне түсіндірді,Интерактивті тақта арқылы есептердің шығарылуын ауызша қорытындылады.
1) = = 6 2) =  = 0,4 0,56;

3), 4)=  , 5)= =  ; 6) = = 

7) =  == 6 10 = 60

8)=== 6 19 = 54

"Бағдаршам" әдісі арқылы оқушылар жасыл,сары және қызыл түстер арқылы өз білімдерін бағалады.

IV. Талдау және қолдану.

Оқулықпен жұмыс.№145( тақ номерлер),№146( тақ номерлер) Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша әр топ пен жеке оқушылардың білімдері сараланды.Тақтаға шығып,есептердің шығарылу жолдарын жазып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

№145. Түбірдің мәнін табыңдар:

1) ; 3) ;

5) ;
7)

№146. Өрнектің мәнін табыңдар:




5)
7).

V.Сергіту сәті:

"Квадрат құрастыру". Әр түрлі фигуралардан топпен жылдам квадрат құрастыру тапсырмасы берілді..Осы сәтте "Мен қазақпын" бейнетаспа ролигі қойылды.Музыкалық әуенмен және логикалық ойын арқылы оқушылар сергіді.Жылдам әрі дұрыс құрастырған топ анықталып құттықтау айтылып, топ мүшелеріне қаламсаптар сыйлыққа берілді.

VI."Сәйкестендіру тесті" Әр топқа парақшаларда жазылған тест тапсырмалары беріліптоптық жұмыс жүргізілді.

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері мен олардың тұжырымдамаларын сәйкесін табу


Көбейтіндінің квадрат түбірі көбейткіштердің квадрат түбірлерінің көбейтіндісіне тең





=


Бөліндінің квадрат түбірі квадрат түбірлердің қатынасына тең






 = 

Дәреженің түбірі түбірдің дәрежесіне тең







 = 

VII. Бағалау критерийлері бойынша топтық бағалау жүргізіліп ,топбасшылыр сыныпқа және мұғалімге ол "бағалаумен"таныстырды. Мұғалім бұл бағалармен келісетінін айтып, күнделікке топбасшылардың бағалау парақшаларына қарап қойып.мұғалімге жинап алып келуін өтінді.

Топ №1

Оқушының аты-жөні

Ауызша есептеулер

Үй тапсырмасы

№145

№146

Жалпы ұпайы

Бағасы

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.


















1-5 ұпай бағасы -"2"

6-14 ұпай бағасы -"3"

15-20 ұпай бағасы -"4"



21-25 ұпай бағасы -"5"
VIII. Рефлексия IX. Үйге тапсырма

Осы жоспар арқылы өткен сабақтың сабақ барысында қолданылған"бағдаршам"әдісі арқылы формативті бағалау мен сабақ соңында кейбір оқушылардың жазған кері байланысына және топтық бағалау арқылы алған бағаларына қарап сабақтың сәтті әрі қызықты өткенін бағамдадық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет