Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның дәрігер әйелдері туралы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның дәрігер әйелдері туралы
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 67 жыл толды. Баршамыздың ортақ Отанымыз болған Кеңестер одағына фашистік Германия қаскөйлікпен тарпа бас салғанда, тек ер азаматтар ғана емес, табиғатынан нәзік жанды қыз-келіншектер де Отан қорғау ісінен шет қала алмады жүрегінің оты бар, кеудесін ыза-кек кернеген қазақ қыздары әскери комиссариаттардың табалдырығын тоздырып, өз еріктерімен майданға сұранды. - Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 67 жыл толды. Баршамыздың ортақ Отанымыз болған Кеңестер одағына фашистік Германия қаскөйлікпен тарпа бас салғанда, тек ер азаматтар ғана емес, табиғатынан нәзік жанды қыз-келіншектер де Отан қорғау ісінен шет қала алмады жүрегінің оты бар, кеудесін ыза-кек кернеген қазақ қыздары әскери комиссариаттардың табалдырығын тоздырып, өз еріктерімен майданға сұранды.
Тылдағы ауыртпалықтың зіл-батпан салмағы негізінен елде қалған қыз-келіншектердің еншісіне тиді. Сөйтіп Ұлы Отан соғысының отты жылдарында олар майдан даласында да, тылда да жанқиярлықпен еңбек етті. Алғашқы шепте оқ тиіп қансыраған жаралы жауынгерді жан дәрмен қиян кескі ұрыс алаңынан сүйреп шығып , алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті. Қажет болған кезде қанында, жанында аяған жоқ. Қаншама қиыншылықпен, қайғы-қасіретпен уысымызға түскен Ұлы жеңісті жақындата түсу үшін қазақстандық қыз-келіншектер де қанатымен су себелеген қарлығаштай қай жерде қажет болса, сол жерден табылды .
Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк апаларымыз және де бүкіл соғыс майданына қатысқан қыз-келіншектер апаларымызға мына өлең жолдары арналады: Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк апаларымыз және де бүкіл соғыс майданына қатысқан қыз-келіншектер апаларымызға мына өлең жолдары арналады:
Өрт болып, лаулап тұтанған,
Жалау қып, жаны ел кегін.
Қанға боялды жас арман,
Қалдырып бізге жүрегін.
Соғады мәңгі сол жүрек,
Жалаңаш қолмен от қалап.
Елім деп, дархан өмір деп,
Суырылған қаннан көп болды.
Болған сондай батыр қыз-
Бағы үшін жастың, кәрінің.
Болайық сондай бәріміз,
Бағы үшін адам жанының
(Д.Әбілов)
Достарыңызбен бөлісу: |