Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №1655 қаулысы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5-тармағына, 15-3-бабының
2, 7-тармақтарына және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына, 10-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
-
Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидалары;
2) Хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу қағидалары;
3) қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны
немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
4) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы
хабарламаның нысаны;
5) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған
заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
6) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
7) лицензия нысаны;
8) лицензияға қосымшаның нысаны;
9) білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымшаның
нысаны;
10) этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласындағы қызметке лицензияның нысаны;
11) алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке лицензияға
қосымшаның нысаны;
12) ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензияның нысаны;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияның нысаны;
14) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке лицензияның нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы саласындағы қызметтің және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтің лицензиары болып белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №1655 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында
хабарламаларды қабылдау қағидалары
Осы Қағидалар «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдаудың тәртібін белгілейді.
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
2) қабылдайтын ұйым – хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) хабарлама – қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат;
4) соңғы қабылдаушы – қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілер тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган.
2. Хабарламаларды қабылдау үшін қабылдайтын ұйымдарда тиісті үй-жайлар жабдықталады, оларда:
1) кезек күту орындары;
2) хабарлама толтыру үлгілері және өзге де қажетті ақпараттары бар ақпараттық стенділер;
3) хабарламаларды қабылдау бойынша қабылдайтын ұйымның және соңғы қабылдаушының жұмыс кестесі;
4) шағымдар және ұсыныстар жинау үшін жәшіктер көзделуі тиіс.
3. Қабылдайтын ұйым оларды толтыру үшін өтініш берушілерге хабарлама нысандарын беруді тегін қамтамасыз етуі тиіс.
4. Хабарлама қабылдайтын ұйымның қызметкеріне тікелей беріледі, ол хабарламаның толық толтыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қажетті құжаттардың бар екендігін тексереді. Тұлғаның хабарлама беруге өкілеттігін (сенімхаттың болуы) қабылдайтын ұйымның қызметкері тексереді.
Бұл ретте, қабылдайтын ұйымның қызметкері тікелей орында және өтініш беруші хабарламаны беру сәтінде тексереді және оны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді қабылдайды.
Тиісті ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда хабарламалар «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық құжат нысанында беріледі.
Хабарламаға қажетті құжаттарды ұсынуды талап ету тек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.
5. Хабарлама толық толтырылмаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайларда хабарлама қабылданбайды.
Хабарламаны қабылдаудан дәлелді бас тарту ауызша нысанда жүзеге асырылады.
6. Егер өтініш беруші қабылдайтын ұйым қызметкерінің уәждерімен келіспеген жағдайда хабарламаны берген орнында және сол күні олардың арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Акт хабарламаның көшірмесімен қоса екі данада жасалады және оған өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның қызметкері қол қояды.
Хабарламаның көшірмесімен қоса актінің бір данасы қабылдайтын ұйымда сақтауға қабылданады, ал екіншісі өтініш берушіде қалады және хабарламаның қабылданбағанын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдану үшін негіз болып табылады.
7. Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгергені туралы хабарлама осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тәртіппен беріледі.
8. Хабарламаны мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге хабарламаны қабылдау туралы талон беріледі, онда мыналар:
1) заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) хабарлама оның басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпараттандыратын қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың атауы;
3) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген деректердің өзгеруі туралы;
4) соңғы қабылдаушының атауы;
5) қабылдайтын ұйымның атауы;
6) хабарламаны қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы;
7) хабарламаны қабылдау күні мен уақыты;
8) хабарламаның тіркелген кіріс нөмірі көрсетіледі.
9. Қабылдайтын ұйым түскен хабарламалардың, қол қойылған келіспеушілік актілердің, берілген хабарламалардың көшірмелерінің немесе хабарламаны қабылдау туралы талондардың есебін жүргізеді. Есеп қағаз тасығышта немесе тиісті ақпараттық жүйесі болған жағдайда электронды түрде жүргізіледі.
10. Қабылдайтын ұйым қабылдаған хабарламаларды бекітілген жұмыс кестесін есепке ала отырып, өтініш беруші хабарламаны берген күні соңғы қабылдаушыға жібереді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Өтініш беруші мен қабылдайтын ұйым қызметкерінің
арасындағы келіспеушіліктер актісі
Осы акт 20__ жылғы « » ________ «__» сағ. «___» мин.
(күні мен уақыты)
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің немесе сенім білдірген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен ________________________________________________________________
(қабылдайтын ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
арасында жасалды.
Осы акт 20__ жылғы « » ________ «__» сағ. «___» мин.
(хабарламаны беру күні мен уақыты)
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызметтің/белгілі бір іс-қимылдың атауы)
______________________ бастағандығы туралы берілген хабарламаға жасалды.
Қабылдайтын ұйымның қызметкері мынадай ескертпелер берді*:
1. Хабарлама толық толтырылмаған (нақты ескертпелермен толтырылмаған жолдардың нөмірлері көрсетіледі)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, талап етілетін құжаттардың барлығы ұсынылмаған (ұсынылмаған құжаттар көрсетіледі):
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
* ескертпелер бар жолдар ғана толтырылады, қалғандары сызылып тасталады.
Өтініш берушінің келіспеушіліктері:
Мына мәселелер бойынша:
1. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қосымша: хабарламаның көшірмесі ____ парақта.
Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
Тараптардың қолдары: _____________________ _______________________
________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон
Осымен,
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты,
_____________________________________________________________________
әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________ бойынша қызметті бастағаны
_________________ бойынша белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны
_____________________________________ бойынша қызметті тоқтатқаны
(қызметтің немесе әрекеттің атауы)
жеке тұлғаның тұрғылықты жері мекенжайының _____
заңды тұлғаның орналасқан жері мекенжайының _____
қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру мекежайының _____
хабарламада көрсетілген деректердің___________________________________ _____________________________________________өзгергені туралы хабарлайды
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
Соңғы қабылдаушының атауы ________________________________________
____________________________________________________________________
Қабылдайтын ұйымның атауы ________________________________________
Хабарламаны қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы______________________________________________________
20___ жыл « » ____________
хабарламаны қабылдаған күні және уақыты,
Мөр орны
(қағаз тасығыштағы талон үшін)
Хабарламаның тіркелген кіріс нөмірі
_____________________________
__________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) берген субъектілердің тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
2) қабылдайтын ұйым – хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) хабарлама – қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат;
4) соңғы қабылдаушы – қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган;
5) тізілім – қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімі.
2. Тізілім осындай міндет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
3. Тізілімде мынадай міндетті ақпарат қамтылады:
1) хабарламаның түскен күні мен уақыты;
2) заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайлары, қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайлары;
4) қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны, қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың тоқтатылғаны, хабарламада көрсетілген деректердің өзгеруі туралы деректер;
5) өтініш берушімен байланыс (электрондық пошта, телефондар, факс);
6) қызметті (белгілі бір іс-қимылды) жүзеге асыруды бастау уақыты мен орны;
7) қызметті (белгілі бір іс-қимылды) жүзеге асыруды тоқтату уақыты мен орны (егер, бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда).
Тізілімге кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша өзге де мәліметтер енгізілуі мүмкін.
Тізілімге хабарламаны енгізуді соңғы қабылдаушы өтініш беруші хабарламаны берген күні жүргізеді.
4. Тізілімнен шығарып тастау субъектіні қызметті жүзеге асыру құқығынан айырады және мыналар бойынша:
1) субъектінің өтініші;
2) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметтің жекеленген түрлеріне тыйым салу туралы соттың шешімі;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Тізілімнен шығарып тастауды соңғы қабылдаушы ақпараттың немесе хабарламаның түскен күнінде жүргізеді.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тізілім мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында еркін қолжетімділік режимінде орналыстырылады.
6. Тізілім тәуекелдерді басқару жүйесін және тексеруді жүргізу жоспарын құру үшін негіз болып табылады. Тізілімге енгізілген деректер тексерулерді жоспарлау және ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
7. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметі немесе қызметтің жекеленген түрі сотпен тоқтатылған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.
8. Өтініш берушінің хабарламасы бойынша тізілімге хабарламада көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жері мекенжайының, қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ ол туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы деректер енгізіледі.
________________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №1655 қаулысымен бекітілген
Нысан
Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды
бастағаны немесе тоқтатқаны туралы
хабарлама
1.___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
2. Осымен ____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты,
_________________________________________________________________________________
әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________ бойынша қызметті бастағаны
_______________________________бойынша белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны
______________________________________ бойынша қызметті тоқтатқаны
(қызметтің немесе іс-қимылдың атауы көрсетіледі)
жеке тұлғаның тұрғылықты жері мекенжайының _____
заңды тұлғаның орналасқан жері мекенжайының _____
қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру мекежайының _____
хабарламада көрсетілген деректердің*_________________________________ _________________________________________ өзгергендігі туралы хабарлайды.
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
* Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгергенде толтырылады. Осы жолда сызықта заңды тұлғаның бұрынғы атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің/жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайлары_______________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
_______________________________________________________________________________________________
4. Электрондық пошта ________________________________________________
5. Телефондар _______________________________________________________
6. Факс _____________________________________________________________
7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
8. Қосымша мәліметтер _______________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат көрсетіледі)
9. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда хабарламаға __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(құжаттар атауы және парақтар саны көрсетіледі)
10. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы _______________ басталады
(уақыты мен мерзімі)
11. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы _______________ тоқтатылады.
(уақыты мен мерзімі)
* осы жол Қазақстан Республикасының заңдарымен хабарлама беру кезінде қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды тоқтату уақыты мен күні туралы ақпаратты ұсыну белгіленген жағдайларда ғана толтырылады.
Осы хабаламаны бере отырып, өтініш беруші мыналарды растайды:
көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады;
өтініш берушіге мәлімделген қызметтің түрімен немесе жекелеген әрекеттермен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағанға дейін орындау үшін міндетті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
12. Өтініш беруші ____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда) Берілген күні және уақыты
20__ жылғы «__» ________ «__» сағ. «__» мин.
13. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға ___________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
________________________________________________________________________________________________
Сенімхаттың күні және нөмірі
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ________ «__» сағ. «__» мин.
_____________________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №1655 қаулысымен бекітілген
Нысан
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы
хабарлама
1. Жаңа объектінің құрылысы бойынша:
Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) ______________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін-тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлға үшін - ұйымның атауы, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі және телефон нөмірі)
____________________________________________________________________
(объектiнiң атауы және орналасқан жері)
____________________________________________________________________
объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлаймын.
Құрылыстың басталуы 20__ жылғы «___» __________.
Пайдалануға беру мерзiмi 20__ жылғы «___»__________.
Қаржыландыру көзі ___________________________.
Бұл ретте мынаны хабарлаймын:
-
Жерге тиісті құқық беру туралы _______________________
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
20__ «__» ___________ № _____ шешімі.
2. Объектіні салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы_________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жобалау ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың сатылығы)
____________________________________________________________ әзірледі және _________________________________________________________ бекітті.
(ұйымның атауы, бұйрықтың № және күні)
3. 20___«____»_____________ № ____ ___________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сараптаманың түрі, сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефоны және аттестатының № және құрамында сараптаманы орындаған аттестатталған сарапшысы бар ұйымның атауы, пошталық мекенжайы және телефоны)
сараптаманың оң қорытындысы берілді (сараптама жүргізу міндетті болғанда).
4. Объект ______________________________________________________
(бірінші – жоғары, екінші – қалыпты немесе үшінші – төмен)
жауапкершілік деңгейіне жатады.
5. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының мерзімі _________ ай.
6. Жұмыстар мердігерлік тәсілмен _________________________________
____________________________________________________________________
(құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, лицензияның №, алған күні)
20__ «__»____________ №____ мердігерлік шарттың негізінде жүргізіледі.
7. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде (егер құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылған болса) құрылыстың тиісті кезеңдеріне арналған 20___ «___»______________ №_____ шешім берілді.
8. Тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде ________________
____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі бар ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалды.
9. Бас мердігердің атынан құрылыс үшін жауапты тұлға ретінде ________
____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі және құрылыста ________ жыл еңбек өтілі, «Сейсмикаға төзiмдi құрылыс» (сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) курсы бойынша ___________________________________________________________
(куәлік нөмірі, кіммен берілген немесе ұзартылған)
______________________________________________ жарамды куәлiгi бар
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалды.
10. Авторлық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады:
1) 20___ «____» _______________№____ бұйрыққа сәйкес жобаны әзірлеушінің атынан __________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензияның №, берілген күні, мекенжайы және телефоны)
____________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған сарапшысы (-лары) бар _________________________________ ____________________________________________________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні)
ұйым_______________________________________________________________;
(ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
3) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы________
____________________________________________________________________;
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні, мекенжайы және телефоны)
11. Техникалық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады:
1) өз штатында 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған аттестатталған сарапшысы(-лары) бар _____________________
____________________________________________________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні)
тапсырыс беруші өз бетінше;
2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған сарапшысы(-лары) бар ___________________________________
____________________________________________________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні)
____________________________________________________________________
ұйым_______________________________________________________________;
(ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
3) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы________
____________________________________________________________________.
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестатының № және алған күні, мекенжайы және телефоны)
12. Сараптаманың оң қорытындысының (оны жүргізу міндетті болған жағдайда) және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса беріп отырмын.
13. Осы хабарламада келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақытында хабарлауға міндеттенемін.
14. Осы хабарламаны бере отырып мыналарды растаймын:
1) көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе белгілі бір іс-кимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады;
2) қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырыла басталғанға дейін үшін міндетті Қазақстан Республикасының заңнама талаптары сақталады.
15. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырғанда құрылыс нормаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың талаптарын және бекітілген жобаны бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікті көтеретініміз туралы хабардармыз.
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы)
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
ЖСК/БСН ___________________
(жеке және заңды тұлғалар үшін)
_______________________
(қолы, күні)
М.О.
|
|
Бас мердігер
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), лауазымы)
ЖСК/БСН ___________________
(жеке және заңды тұлғалар үшін)
_______________________
(қолы, күні)
М.О.
|
Достарыңызбен бөлісу: |