Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заң
Заңы
Лицензиялау туралы
(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар
1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.
2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік талаптары - өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1) құзыретті (салалық) орган - мемлекеттік басқарудың лицензияланатын қызмет түріне жататын тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) лицензиардың электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;
7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;
9) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей код;
10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;
11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) электрондық лицензия - қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.
4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері
1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптары белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлерді осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бір күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгізуге болмайды.
Осы қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін осы Заңға жаңа қызмет түрлері және (немесе) қызметтің кіші түрлері енгізілген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған құжаттарды тапсырған кезде қызметті тиісті лицензиясы болмаса да оны алғанға дейін, бірақ осы қызмет түріне және (немесе) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары қолданысқа енгізілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен асырмай, жүзеге асыруға жол беріледі.
5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды.
Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі
5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;
2) уәкілетті органнан;
3) лицензиарлардан тұрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;
2) лицензиарлар тізбесін айқындау;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін біліктілік талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын қоспағанда, біліктілік талаптарын бекіту;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын бекіту;
6) өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қол жеткізу құқықтарын дамыту, белгілеу процесін, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;
3) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын әзірлеу;
4) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзірлеу;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыретi
Лицензиарлардың құзыретіне:
1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу және оларды уәкілетті органмен келісу.
Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеуді, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;
3) лицензиялау;
4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тізілімін жүргізу және оны ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
лицензиардың атауы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;
дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;
заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;
лицензияның қолданылу мерзiмi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;
лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдары, өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;
6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сауал жіберу;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;
8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиат филиалын (өкілдігін, объектісін, пунктін, учаскесін) құрған, оның орналасқан жерін өзгерткен жағдайда он жұмыс күні ішінде -лицензиардың мекен-жайына, егер жергілікті атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкілдіктің, объектінің, пункттің, учаскесінің) орналасқан жері бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса хат жолдауға міндетті. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тиісті қызмет түріне (кіші түріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілейді. Ол біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті деректерді лицензиялар тізіліміне енгізеді.
Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тізіліміне филиал (өкілеттік, пункт) құру, оның орналасқан жерін өзгерту туралы деректерді енгізуді лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Лицензиялардың түрлері және қолданысы
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
1. Субъектілер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
2. Қызмет көлемі бойынша:
1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары
Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың санатын;
өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін енгізіледі.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны
Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Заңның 32-бапта көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Лицензиялау салалары
Мынадай:
1) өнеркәсіп;
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) көлік;
6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) білім беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) ауыл және орман шаруашылықтары, геодезия және картография;
15) денсаулық сақтау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
17) ойын бизнесі;
18) ветеринария;
19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау;
24) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
26) 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) тауарлар экспорты мен импорты;
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 28) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.
3-тарау. Қызмет түрлері
2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап гертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
электр энергиясын тұтынушыға дейін беру және (немесе) тарату;
елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;
2) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
Достарыңызбен бөлісу: |