Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген мерекелік кештің сценарийі Мақсаты: /Тауықтың таң шақырған дауысы



Дата28.06.2016
өлшемі44 Kb.
#163442
Еліме шуақ, халқыма қуат бер, Әз- Наурыз!

Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген мерекелік кештің сценарийі
Мақсаты:

/Тауықтың таң шақырған дауысы/

«Тұмар» бишілер тобы «Наурыз- думан» биін билейді.

Ортаға Ақ әже шығады /шашу шашылады/

Ақ әже:

Көптен күткен, Әз-Наурызым келдің бе,

Ел жағдайын көрдің бе?

Ескі жылым есірке, жаңа жылым жарылқа

Көк Тәңірі нұрыңды аяма,

Әділ жанды тағыңнан айырма,

Әз халқымды бағынан айырма.

Басыма бас қос,

Жасыма жас қос,

Асыма ас қос.

Әз Наурыз3

1-қыз: Халқымды шаттыққа кенелтетін күн

2- қыз: Күн мен түн теңелетін күн

3- қыз: Арман- тілек орындалатын күн

Барлығы: Наурыз құтты болсын!

/Фан-фар/

1-жүргізуші:

Күн мен түн теңескен,

Ай мен күн кеңескен

Бақытты бұл Наурыз!



2-жүргізуші:

Ренішті қойыңыздар,

Тату-тәтті болыңыздар,

Құтты болсын, бұл Наурыз!



3-жүргізуші:

Наурыз күні құтты қонақ көбейсін,

Өрістеріңіз кеңейсің,

Тойларыңыз құтты болсын!



4-жүргізуші:

Дендеріңіз сау, мықты болсын!

Бар әлемге жар салайық,

Ал қанекей, көш-керуенді қарсы алайық!



Домбыра ансамблі

/Ортаға кішкентай балалар шығады. /

-Санұр, сен не нәрсе жасырып тұрсың?

-Жаңа жылда жаңарып жүр деп, тақия сыйлады. /Тақиясын басына киеді/

- Ой, тақияң әдемі екен. Ала ғой, тақияңның байғазысы болсын. Байғазы жансыз затқа сыйланады ғой.

- Маған атам тай сыйлады. Көресіңдер ме?

- Тайың құтты болсын. Әжем, тірі нәрсеге көрімдік береді деуші еді. Мынау көрімдігіміз болсын. Ала ғой. /Қолына қамшы ұстатады./

- Қыздар, мен Нәбиге қолқа салғалы тұрмын.

- Айта ғой. Наурыз күні не айтсаң да орындаймыз.

- Онда тамаша бір ән айтып берсең қайтеді?

- Айтсам айтайын. /ән орындалады/

Ғалы Нәби

Молдабайдың термесі
/Ортаға жүргізушілер Темірлан, Медина, Бейбарыс/

Темірлан: Бейбарыс сен ұрлық жасайтын адамдай не істеп жүрсің? Қызды ауылға келген

Іздегенге, сұраған біздің ауыл қыздары бүгін «ұйқы ашар» дайындап жатыр деп естім едім.



Сырым: Енді, енді ағасы... бізде соны естіп келген ....

Темірлан: Олай болса бармаймыз ба /сахнадан шығып кетеді/
Тұмар бишілер тобы

Қорқыт биі
Темірлан:

Атыңды шешен сүйіп Бегім қойған ,

Той болса, түзетесің кәмшат бөркің.

Бұлаңдап жұмақтың қор қызындай

Бітпеген еш пендеге сенің көркің.

Амансың ба сұлу қыз?!

Медина:

Атымды шешем сүйіп қойған Бегім,

Той болса түзетемін кәмшат бөркін.

Сыйпатымды келе сала баяндадың,

Есіңді аударды ма, менің көркім?

Бейбарыс:

Оу, Темірлан доғар енді. Білеміз от ауызды ақын екеніңді.



Темірлан: Қыздар расында да, көнеден қалған өкпе бардай әп дегеннен айтысқанымыз қалай? Бегім арудың назы болса, көтеруге дайынмын.

Бегім:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

«Ұйқыашар» әзірледім,

Іше ғой, асыл бегім!

( Қазақ киім киген қыздар кесемен көже әкеледі. Жігіттер кеседегіден дәм татып, тамсанып, «селт еткізер» сыйлайды)

Темірлан:

Бәрекелді қыздар, халқымның қара қазаны әрқашан ортаймасын! Бейбарыс, қыздарды бос жібереміз бе?

Сыйласам қалқашыма «селт еткізер», аңсаған арманыма сол жеткізер!

/«селт еткізер» сыйлайды/

Бейбарыс: Ұлыстың күні ән шашуымды сыйлайын. Қабыл алыңыздар!

ӘН. Домбыра

Хор. Наурыз

/хорды айтып болған соң ортаға Темірлан мен Медина кіреді/

Темірлан:

Хор Наурыз.

Медина:

Жетекшісі - Алтын Өрікбайқызы
/Ерасыл ортаға бірдеңені іздеп шығады. Оны байқаған Наркиз/

Наргиз: Ерасыл, сен не іздеп жүрсің?

Ерасыл: Атам, тайларды көке жайып кел деген.

Наргиз: Иә, содан:

Ерасыл: Содан, содан, не болушы еді жоғалтып алдым?

Наргиз: Е, Ұлыстың ұлы күнінде құлындарың қайда кетті дейсің? Әне келе жатыр!

Би: Жылқышы

Ерасыл:

Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Наргиз:

Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, -наурыз мейрамы құтты болсын!


Ән: Домбыра

С.Лесбек, А.Жолдасбай



Ерасыл: /әндетіп кіреді/

Наурыз, наурыз болғанша

Наргиз: Ерасыл, сен неге әндетіп жүрсің?

Ерасыл: келесі орындалатын ән дәл осылай аталады екен.



Наргиз:

Келді Наурыз жар салып,

Би-билейік ән салып.

Жылда келсін Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.

Ән: «Наурыз»

Көркем сөз. Иманғазы Наркес.

Темірлан: Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен қалалық «Шаттық» дельфи ойындарының күміс жүлдегері,

Медина: Қалалық Шәкәрім, Төлеген Айбергенов оқуларының жүлдегері

Темірлан: Республикалық Махамбет оқуларының жүлдегері, жас ақын

Бірге: Иманғазы Наркес

Темірлан:

Күттіріп келген Жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Медина:

Әнім де саған, білім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйла еліме,

Күлімде Наурыз, күлімде.

Сіздердің алдарыңызда « » әнімен Анель



Темірлан: Қарсы алыңыздар!

Ерасыл: Наргиз, сен білесің бе? Алдар Көсе, Тазша бала, Жалмауыз кемпір, Көлтауысар, Сақ құлақ ммммм .............

Наргиз: Ой, Ерасыл бұның бәрі ертегі кейіпкерлері емес пе?

Ерасыл: Иә ертегі демекші, әжем айтатын ертегілерді қатты сағындым. Шіркіш ертегілер еліне бір барып келсем ғой.

Наргиз: Ерасыл, Наурызда қандай тілек айтсаң да қабыл болады деген рас –ау. Сенің арманың орындалады. Алдарыңызда Шұғыла «Ертегілер»

/Сырттан/



Ән: Армандастар

Орындайтын «Қыздар-ай» тобы

Ерасыл: /Ортаға жүгіріп шығып/

Тема, анда қастары қосылып-қосылып кеткен мынауыскей қыздар жүр ғой. Байқадыңдар ма?



Темірлан: Ой, Ерасыл сен-ақ қыздарды аңдып жүреді екенсің. Бүгінгі мерекелік кешке сонау Ташкенттен арнайы бишілер шақырғанбыз. Сен биші қыздарды көргенсің ғой.

Наргиз: Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.

Медина: Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

Сіздердің алдарыңызда қалалық «Шаттық» дельфи ойындарының қола жүлдегері, Халықарлық би чемпионаттарының Грап-при иегерлері «Тұмар» бишілер ансамбелі.



Темірлан: жетекшісі Жусупова Бекзат.

Би «Манзура»

/Би аяқталуға жақын қалғанда барлығы ортаға шығады./



Ерасыл:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Наргиз:


Ұлыс бақты болсын!

Төр түлік ақты болсын!



Темірлан:

Бір жіпті берік етіп өрісейік,

Мол асты бір бөлісейік.

Келер жыл Наурызында көрісейік.

Дей көрмеңіз өнерді біз аяп қалды

Медина:

Қоштасатын мезгіл де таяп қалды,

Қоштасатын мезгіл де таяп қалды.

Қуаныш отырыс осымен тамамданып,



Ойын сауық осымен аяқталды.

Барлығы: Наурыз мерекесі құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет