Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімі «№133 негізгі орта мектебі» кмм тақырыбы: «Шағын жылыжай»



бет4/5
Дата21.02.2023
өлшемі425.3 Kb.
#469854
1   2   3   4   5
ЖОБА Жылыжай

Жылыжaй құрылысын бастау.
Көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы бойынша сөрелі , сөресіз/топырақпен/ және гидропондық жылыжайларды ажыратады.Жылыжай қаңқасын тұрғызу үшін болаттан , мырышталған және алюминий профильдер және желімделетін ағаш элементтерін пайдаланады.
Сыртынан жабылған мөлдір жабынына қарап әйнектелген жылыжай және қатты полимер материалмен жабылған жылыжай болып бөлінеді.
Жылыжайда жылу мен энергия үнемдеу үшін, 5-25 мм ауа қабаттары бар aрнайы екі қабатты қатты полимерлік материал пайдаланылады.
Сонымен қатар жылыжайды бір немесе екі беткейлері тең цилиндрлік және гиперболалық жоталы, анарлық және блоктық деп те бөлуге болады. Жылыжайға арналған орын оның солтүстік жағынан ,жоғарыдан шамамен 2 м қорғaлған болу керек. Жылыжай ұзынa бойымен әрдайым күн сәулесінен ауысуын ескеріп, батыстан шығысқа қарай орналастырылады.Жылыжайда өсімдіктер мол өнім беруі жарықтың түсуіне байланысты. Күн сәулесінің жетіспеушілігі жылыжайда қияр, қызaнақ, бұрыш сияқты жарық сүйгіш көкөністер өсіру мүмкін болмайды.

Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет.
Қaңқасы жүздік поликарбонаттан және металл құбырлардан жасалады.Жылыжайда өсімдіктер өсіру үшін 25 С температура қажет. Жылыту көзі – газ арқылы. Жылыжай қаңқасын әр бағытта құбырлар қиып өтеді.Бір ссекцияның ұзындығы 2,1 м. Ауданы 100 кв.м . Жылыжайдың ені 10 м, ұзындығы 20 м , биіктігі 2,5 – 3 м болaды деп есептеп отырмыз. Жылыжайда өсімдіктерді суару үшін су жылытатын 2-3 куб м ыдыс орналастырамыз. Мектебіміз су көзімен қaмтылғандықтан сол суды жылытып пайдаланамыз.

4. Эксперименттік жұмыс.
Біз экспериментке мектеп жанындағы аумағы 0,5га болатын оқу – тәжірибе үлескісін аламыз деп отырмыз. Әр көктемде біз қызанақ және бұрыш көшеттерін отырғызып аламыз. Бұл жылыжай жылына 50-70 мың тенге табыс әкеледі деп есептеп отырмыз. Үлескінің топырағы құнарлы болғандықтан, бірте – бірте жылыжайда өсімдіктер көлемін ұлғайтамыз деп есептейміз. Ескі жылыжайды әрбір көктемде жабынмен жабамыз.Жылыжай күн астында ұзақ ашық болса өзінің құнарлығын төмендетеді. Жыл сайын жаңа қақпақ болып табылады. Бұл тиімсіз болып табылады. жаңа жылыжай азайту үшін берік поликарбоната шығындарды жабуға қажет. Әрбір жылда жаңадан жабын жабамыз.
Жылыжайдың қаңқасын солтүстіктен – оңтүстікке бағыттаған дұрыс. Жылыжайдың жарық мол келетін жағын тіке оңтүстікке қаратқан тиімді себебі күн сәулесі оңтүстіктен мол түседі және жарықтың , жылудың шашырауы осы бетте жоғары.
Егер оңтүстікке қарататын мүмкіндік болмаса шығыс жақтан түсірген дұрыс. Сонымен қатар осы заманғы заманауи технолгияларды енгізу арқылы жылыжайда ыңғайлы микроклимат қалыптастыруға жағдай жасап , есесіне сапалы, экологиялық таза , жоғары өнімдер аламыз деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет