7М07201-«Тамақ өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алуға ұсынылған
Махаш Назерке Ерікқызының
«Аймақтық шикізатты пайдаланған ашытылған сүт өнімдернің технологиясын жетілдіру» тақырыбында жазылған
магистрлік диссертацияға
СЫН-ПІКІР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның жалпы ғылыми және мемлекеттік бағдарламалармен байланысы (техника мен ғылым дамуының және тәжірибе сұранысымен)
Қазіргі таңда қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен туындайтын факторлардың адам ағзасына тигізер кері әсерінен пайда болған мәселелерді шешуде бүкіл әлем атсалысуда. Әсіресе нарыққа тез тамақтану орындарының келуі адамдардың асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылуына және әр түрлі ауруларға шалдығуына алып келуде. Бұл диссертациялық жұмыста халықтың күнделікті сұранысына ие сүтқышқылды өнімдерді байыту арқылы жалпы халық денсаулығын сауықтыру жолы қарастырылған.
2. Магистрлік диссертация талабына сай ғылыми нәтижелері («Магистерлік магистрлік диссертацияны рәсімдеу және жазу тәртібі»)
Магистерлік диссертацияны орындау барысында магистрант тақырыпқа сәйкес жеткілікті әдебиет көздерін талдап, пайдаланып, білікті әдеби шолу жасаған. Зерттеу жұмысында бидай кебектерімен байытылған сүтқышқылды өнім тұздатылған ірімшік жасаудың технологиясы мен рецептурасы ұсынылған.
Магистрлік зерттеудің қойылған міндеттерін іске асыру негізінде келесідей ғылыми нәтижелер алынған:
Бидай кебектерімен байытылған тұздатылған ірімшіктің физика-химиялық көрсеткіштері зерттеу орталығының лабораториясында анықталып, нормативтік құжаттардың талаптарына сай деген жауап алынған;
Бидай кебектерімен байытылған жаңа өнім тұздатылған ірімшіктің рецептурасы мен технологиясы ұсынылған.
3. Магистранттың магистрлік диссертациясында келтірген ғылыми нәтижесі, қорытындысы және тұжырымының негізділік деңгейі
Н.Махаштың зерттеу жұмысының ғылыми нәтижелерінің нақтылығы мен негізділігі жоғары деңгейде. Бұл тұжырым ғылыми зерттеу әдістерін қолдануымен, зерттеудің әр бөліміне нақты қойылған мақсаттар мен міндеттер, әдістемелік және теориялық қағидалардың негізділігімен, зерттелетін мәселе бойынша отандық және шетелдік заманауи ғылыми еңбектердің терең теориялық талдауымен, жүргізілген тәжірибиелік жұмыстың мазмұны және оның нәтижелерін КеАҚ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасына қарасты сүт өнімдерін қайта өңдеу эксперименталдық-өндірістік цехында сынақтан өткен.
Достарыңызбен бөлісу: |