Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімі
«№ 133 негізгі орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «Шағын жылыжай »
2022-2023 ж
Аннотация
«Шағын жылыжай» тақырыбындағы ғылыми жобасы
Mектеп асханасында оқушыларымызды құнарлы және табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін біздің мектебімізге шағын жылыжай қажет. Сонымен қатар оқушылар жылыжайда биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізе алады. Қазіргі заманда дүкен сөрелерінде сыңсып тұрған тағамдардың қайсысы құнарлы, қайсысы ағзамыз үшін пайдалы екенін де білмейміз. Біз дүкендерге қандай азық-түліктер әкелінетінін де білмейміз. Жылыжайда оқушылар өз қолдарымен, көздерімен көріп экологиялық тап - таза, дәрумендерге бай көкөністерді өсіре алады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты:мектеп оқушыларын жыл бойы дәруменге мол, құнарлы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Mіндеттері:
- Біздің қаламызда өсірілетін көкөністермен танысу;
- Жылыжайда біздің климаттық жағдайларда өсетін көкөністердің ерекшеліктерін зерттеу;
- Жылыжайдың құрылымдарымен танысу;
- Эксперименттік жұмыс үшін жағдай жасау;
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Жылыжай арқылы оқушылар өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтеді.
Жылыжайда биология сабағынан « өсімдіктер » бөлімі бойынша практикалық жұмыстар жүргізеді.
Оқушылар жылыжайда көкіністер өсіруді , оларды күтіп баптауды үйренеді.
Жылыжай мектеп оқушыларын және ауыл халқын да экологиялық таза көкіністермен қамтамасыз етеді.
Өнімдерді сатудан түскен пайдаға үздік оқушыларды мадақтауға, түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың жеңімпаздарын ақшалай көмектесуге мүмкіндік туады.Қалған қаражаттың бөлігі мектепте ұйымдастырылатын мерекелер мен іс- шараларға жұмсаймыз.
Егер жылыжай болашақта жақсы нәтиже беріп жатса , онда біз ауданын үлкейтіп, жеміс ағаштарын, қылқан жапырақты өсімдіктерді өсіріп , ауыл халқына көшеттерді сату арқылы да пайда көреміз деп отырмыз.
Экологиялық таза өнімдерімізді мектеп асханасына тапсырып , оқушыларымыздың денсаулығын нығайтуға септігімізді тигіземіз.
Жылыжайда өсірілген гүлдер арқылы мектеп жанындағы оқу – тәжірибе үлескісін және мектеп дәліздерін көгалдандыруға үлес қосамыз деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |