Лкция №1 1 Химия пәні


Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ережелерi және жiктелуi



бет19/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Лекция об хим

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ережелерi және жiктелуi
Атомдардың немесе иондардың тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.
Электрондар берiп жiберу нәтижесiнде атомның немесе ионның тотығу дәрежесiнiң жоғарылау процесін тотығу дейді. Мысалы:
Fe°-2e-= Fe2+
Атомдары немесе иондары электрондар беретін заттарды тотықсыздандырғыштар дейді. Электрондар беру нәтижесiнде тотықсыздандырғыш тотығады. Мысалы, темiр тотықсыздандырғыш екі электрондарын берiп тотығады.
Электрондар қосып алу нәтижесiнде атомның немесе ионның тотығу дәрежесінің төмендеу процесін тотықсыздану деп мысалы:
S° +2е-=S2-
Атомдары немесе иондары электрондар қосып алатын заттарды тотықтырғыштар дейді. Электрондар қосып алу нәтижесiнде тотықтырғыш тотықсызданады. Мысалы, күкірт тотықтырғыш, ол екі электронды қосып алып тотықсызданады.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының мысалы ретiнде күкiрт пен темiрдiң әрекеттесу реакциясын келтірейік. Қыздырған кезде темір мен күкiрттiң арасында реакция жүреді: Fe+S°= Fe2++S2-
Бұл реакция кезiнде темір атомы күкірт атомына екi электронын береді. Темірдің тотығу дәрежесі нөлден 2+-ке дейін жоғарылап тотығады. Темір атомы электрондар беретіндіктен тотықсыздандырғыш болып есептеледі. Күкірт атомы темірден екi электрон қосып алып тотығу дәрежесiн нөлден терiс екіге дейiн төмендетедi де, тотықсызданады. Электрон қосып алатындықтан күкірт тотықтырғыш болып есептеледі.
Кез келген тотығу-тотықсыздану реакциясы жүру үшін бұл реакцияға қатысатын заттың бiреуi тотықсыздандырғыш, ал екiншi бiреуi тотықтырғыш болуы керек.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларынын жiктелуі
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері өте көп, дегенмен тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштың қандай қосылыстардың кұрамында болуына және қандай элементтердiң тотығу-тотықсыздануына байланысты олар молекулааралық, молекулаiшiндiк, диспропорциялық болып үшке бөлiнедi.
Молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакциялары әр түрлі қосылыстардың арасында журедi, яғни тотықсыздандырғыш бір козғалыста, ал тотықтырғыш екiншi қосылыстың құрамында болады. Молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакцияларына металдар мен кышкылдардың, металдар мен тұздардың, металл еместер мен тотықтырғыш қышқылдардың, металдар мен оксидтердiң, қышкылдар мен қышкылдардың, тұздар мен тұздардың, амфотерлік металдар мен сiлтiлердiң, металл еместер мен сiлтілердің, металл еместердiң кейбiр қышқылдармен немесе негіздермен әрекеттесуі т. б. реакциялары жатады, мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет