6М011200 – Химия және 6М060600 – Химия
мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының
СҰРАҚТАРЫ
-
Оксидтер, жiктелуi және номенклатурасы. Алу әдiстерi. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Қолданылуы. Қышқылдар, жiктелуi және номенклатурасы. Алу әдiстерi. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Қолданылуы.
-
Гидроксидтер. Еритiн және ерiмейтiн Гидроксидтер. Алу әдiстерi. Гидроксидтердi атау жүйесi, олардың физикалық және химиялық қасиеттерi. Қолданылуы. Тұздар, олардың аталу жүйесi. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Қолданылуы.
-
Химиялық элементтердiң периодтық системасы. Периодтар, топтар, топшалар. Периодтық системадағы элементтердiң электрондық құрылымымен олардың атомдарының қасиеттерiнiң байланысы. Д.И.менделеевтiң периодтық заңының қазiргi кездегi анықтамасы. S-, p-, d-, f-элементтер. Периодтық системадағы элементтердiң қасиеттерiнiң периодтар бойынша қайталануы (атомдар радиусы, иондану энергиясы, электртерiстiлiк).
-
VII топ элементтердiң жалпы сипаттамасы. Атомдардың электрондық құрылымы. Химиялық қасиеттерi. Хлор. Табиғатта таралуы. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Хлорсутегi. Тұз қышқылы, алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Хлордың оттектi қосылыстары.
-
Дисперстi жүйелердiң жiктелуi және жалпы сипаттама. Шын ерiтiндiлер. Еру – Физико-химиялық құбылыс. Д.И.менделеевтiң ерiтiңдiлер тұралы Гидраттық теориясы. Қатты заттардың судағы ерiгiштiгi, ерiгiштiк коэффициентi, оның температураға тәуелдiгi. Ерiгiштiк сызықтары. Ерiтiндiлердiң концентрациясы. Ерiтiңдiлер концентрацияларының түрлерi, оларды есептеулер (молдiк үлес, молярлы, нормалды, титр) және дайындау әдiстерi.
-
V топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Атомдардың электрондық құрылымы. Азоттың табиғатта таралуы. Алынуы. Химиялық қасиеттерi. Азоттың оттектi қосылыстары. Азот оксидтерiне жалпы сипаттама. Азотты қышқыл. Нитриттер. Азот (III) қосылыстарына тотығу-тотықсыздану қасиетi тән. Азот қышқылы. Молекуласының электрондық құрылымы. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Нитраттар.
-
Массалар сақталу заңы. Химиялық реакциялар теңдеулерi. Массалар сақталу дәлелi. Реакция теңдеулерi бойынша есептер. Энергия сақтау заңы. Массамен энергияның өзара байланысы. Эйнштейн теңдеуi. Гей-Люссактың колем қатынас заңы. Еселiк қатынас заңы. Эквивалент заңы.
-
Толқындық дуализмi. Атомдағы электрон күйiне сипаттама. Квант саны, оның физикалық мәнi. Атом орбиталдары, оларды толтыру ережесi. Атомның электрондық формуласы. Атомның негiзгi және қозған күйi.
-
Периодтық жүйедегi II топтың негiзгi және қосымша топшаларының элементтерiнiң атомдарының электрондық құрылымына негiзделген салыстырмалы сипаттамасы. Берилий, магний, сiлтiлiк жер металдар. Мырыш топшасының металдары. Табиғатта таралуы. Алынуы. Маңызды физикалық және химиялық қасиеттерi. Судың кермектелiгi, оны жою әдiстерi. ´сiмдiктердiң қоректену элементiнiң бiрi – мырыш микроэлемент. Сынаптың және оның қосылыстарының физиологиялық әсерi. Мырыштың, кадмийдiң және сынаптың комплекстi қосылыстары.
-
Химиялық реакциялар жылдамдығы тұралы түсiнiк. Реакция жылдамдығының әрекеттесушi заттар концентрациясына тәуелдiлiгi. °рекеттесушi массалар заңы. Реакция жылдамдығының температураға тәуелдiлiгi. Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсерi. Гомогендi және гетерогендi катализ. Химиялық тепе-теңдiк константасы. Ле-шателье принципi. Химиялық процестердi басқаруда химиялық тепе-теңдiк пен химиялық реакция жылдамдығын оқытудың маңызы.
-
Сутек. Сутегi атомының құрылысы. Химиялық элементтердiң периодты жүйесiндегi сутектiң орны. Сутек изотоптары. Сутектi алу әдiстерi. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Су. Су молекуласының құрылысы. Судың химиялық қасиетi. Ауыр су. Ауыр судың физиологиялық әсерi. Таза су мәселелерi.
-
Химиялық элемент. Изотоптар. Жер қыртысында элементтердiң таралуы. Сирек және шашыранды элементтер. Химиялық элементтердiң жай және күрделi зат түрiнде болуы. Аллотропия. Күрделi заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Заттың тазалық дәрежесi тұралы түсiнiк. Қарапайым және нақты химиялық формулалары. Химиялық реакциялардың жылу эффектiлерi. Химиялық қосылыстардың түзiлу жылуы. Экзотермиялық және эндотермиялық химиялық реакциялар. Гесс заңы. Термохимиялық теңдеулер.
-
Атомдардың электрондық құрылысы негiзiнде I топ элементтерiнiң топ және топшыларын салыстыра отырып сипаттау. Иондану энергиясы. Атомдардың электрондық құрылымы. Сiлтiлiк металдар. Мыс топшасының металдары. Олардың табиғатта кездесуi. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Мыс, күмiс, алтынның комплекстi қосылыстары. Қолданылуы.
-
Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу. Тотықсыздану. Тотықтыштар. Тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жiктелуi. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына ортаның әсерi. Мысалдар.
-
Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдiстерi. Зат мөлшерi. Моль зат мөлшерiнiң өлшем бiрлiгi. Мольдiк масса. Газдың мольдiк көлемi. Мысалдар. Авогадро заңы.
-
Комплекстi қосылыстар. Вернердiң координациялық теориясының негiзгi қағидалары. Комплекс түзушi, лигандтар, координациялық қосылыстардың iшкi және сыртқы сфералары. Координациялық сан. Комплекстi қосылыстардың изомериясы. Координациялық қосылыстардың ең маңызды түрлерi: аква-, ацидтi комплекстер, аммиакаттар. Аталу жүйесi. Тiрi жануарлардағы комплекстi қосылыстар.
-
III топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Атомдардың электрондық құрылымы. Иондану энергиялары. Алюминий. Табиғатта таралуы. Алу. Оның физикалық және химиялық қасиеттерi. Алюминий тұздары. Алюминийдiң және оның қосылыстарының қолданалуы.
-
Судың электролиттiк диссоциациялануы. Судың иондық көбейтiндiсi. Сутектiк көрсеткiш. Индикаторлар. Сутегi ионының концентрациясының химиялық және биологиялық процестердегi маңызы. Тұздар гидролизi. Тұз гидролизiндегi кейбiр жағдайлар. Мысалдар.
-
Күкiрт. Аллотропиясы. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Күкiртсутек. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Күкiртсутек қышқылы. Сульфидтер. Күкiрт (IV) оксидi және күкiрттi қышқыл. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Күкiрт қышқылы молекуласының құрылысы. Алыну жолдары. Олеум. Күкiрт қышқылының тұздары.
-
Иондық байланыс. Катиондар және аниондар. Иондық байланыстың сипаттамалары: қанықпауы, бағытталмауы. Молекула аралық әсерлесулер (бағдарлау, дисперстiк). Полярлы молекулалар арасындағы сутектiк байланыс, оның заттар қасиетiне әсерi. Сутектiк байланыстың биологиялық процестердегi маңызы.
-
Заттардың қатты күйi. Кристалл торларының түрлерi: атомдық, молекулалық, иондық. Заттар қасиеттерiнiң химиялық байланыстың түрiне және кристалдық тор түрiне тәуелдiлiгi мысалдар. Металдық байланыс. Металдың жалпы физикалық және химиялық қасиеттерi. Металдарды алудың негiзгi әдiстерi. Электролиз. Металдардың кернеу қатары. Химиялық және электрохимиялық коррозия, металдар коррозиясы. Коррозиямен күресу түрлерi.
-
Электролиттiк диссоциациялану теориясының негiзгi қағидалары. °р түрлi химиялық байланысы бар заттардың диссоциациялану механизмi. Электролиттiк диссоциациялану дәрежесi. Күштi және әлсiз электролиттер. Диссоциациялану константасы. Қышқылдар, негiздер және тұздарды электролиттiк диссоциациялану теориясы тұрғысынан түсiндiру. Сатылы диссоциациялану. Гидроксидтердiң диссоциациялануының, негiздiк, қышқылдық және амфотерлiк түрлерi. Электролит ерiтiндiлерiндегi реакциялар. Ерiгiштiк көбейтiндiсi тұралы түсiнiк.
-
Валенттiлiк тұралы қазiргi көзқарастар. Атомдар коваленттiлiгi. Атомдардың валенттiлiк мүмкiндiктерi. Коваленттi байланыстары бар қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежелерi. Коваленттi байланыс. Коваленттi байланыстың түзiлуiнiң екi механизмi: алмасу және донорлы-акцепторлы. Мысалдар. Коваленттi байланыстың қасиеттерi: қанығу, бағытталу, полярлылығы, атом орбитальдарының гибридтелуi. Валенттiлiк байланыс әдiсi (ВБӘ) және молекулалық орбитальдар әдiсi (МОӘ) тұрғысынан химиялық байланыстарды түсiндiру.
-
Марганец топшасының элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Табиғатта таралуы. Алу. Физикалық және химиялық қасиеттерi. Марганецтiң әртүрлi тотығу дәрежесi қосылыстарының қышқыл, негiздiк және тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерiн сипаттау. Калий перманганатының әртүрлi ортадағы тотықтырғыш қасиеттерi. Марганецтiң өсiмдiктердiң өмiрiндегi маңызы. Марганецтiң комплекстi қосылыстары.
-
IV топтың элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Электрондық құрылысы. Иондану энергиялары. Атомдардың электрондық құрылымына негiзделген және топшадағы орнына қарай элементтердiң химиялық қасиеттерiң сипаттау. Көмiртегi. Аллотропиясы. Химиялық қасиеттерi. Көмiртек (II) және (IV) оксидтерi. МО және ВБ әдiстерiнiң тұрғысынан көмiртек (II) оксидiнiң молекула құрылысы. Көмiртегi (II) оксидiнiң физиологиялық әсерi. Көмiр қышқылы және оның тұздары. Карбонаттардың табиғаттағы маңызы. Көмiртектiң табиғаттағы айналымы.
-
Қаныққан көмiрсутектер. Гомологтық катары, изомериясы. Аталу жүйесi: тарихи, рационалды, жүйелi. Көмiрсутек радикалдары. Алкандарды алу әдiстерi.
-
А.М.бутлеров теориясының негiзгi қағидалары. Изомерия. Құрылыс изомериясының түрлерi: көмiрсутектер қаңқасы, функционалды топтың орны, таутомерия.
-
Алкендер. Гомологтық қатары, изомерия, аталу жүйесi. Алкендердi алу әдiстерi. Этилен және пропиленнiң электрондық құрылымы. Алкендердiң химиялық қасиеттерi.. Марковников ережесi.
-
Алкиндер. Изомериясы. Аталуы. Ацетиленнiң электрондық құрылымы. Көмiртегi атомының валенттiлiк күйiнiң оның электртерiстiлiгiмен байланысы. Алкиндердiң химиялық қасиетi. Ацетилендi алу әдiстерi.
-
Диен көмiрсутектерi. Изомериясы, аталуы. Диен көмiрсутектерiне электрофилдi механизм бойынша галогендердiң және галогенсутектерiнiң қосылуы.
-
Бензол. Бензол молекуласының электрондық құрылысы. Ароматтылығы. Ароматты қосылыстарды алу. Бензол және алкил орын басушылардың химиялық қасиеттерi. Бензол сақинасындағы орынбасу реакциясының механизмi. Галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу реакциялары. Галогендеу, нитрлеу, тотықтыру.
-
Бiратомды спирттер. Гомологтық қатары, изомериясы, аталу жүйесi. Спирттердi алу әдiстерi. Олардың химиялық қасиеттерi. Қышқылды-негiздiк қасиет. Этилен көмiрсутектерiнiң алынуы. Спирттердiң тотығуы.
-
Алдегидтер және кетондар. Гомологтық қатары, изомериясы және аталу жүйесi, оларды алу әдiстерi. Карбонил тобының электрондық құрылысы. Алдегидтер және кетондардың химиялық қасиеттерi. Попов ережесi
-
Монокарбон қышқылдары. Изомериясы, аталу жүйесi. Карбоксил тобының электрондық құрылымы. Карбонил және гидроксил тобының өзара әсерi. Карбон қышқылдарының химиялық қасиетi: қышқылдық, гидроксил тобының нуклеофилдi орынбасу реакциялары.
-
Алифатты және ароматты қатардағы галогентуынды көмiрсутектер. Алыну жолдары. Электрондық құрылысы. Химиялық қасиеттерi. Нуклеофилдi орынбасу реакциясының (SN1 және SN2) механизмi. Мысалдар. Бөлiну реакциясы (E), Зайцев ережесi. Сан есептерiнiң маңызы, типтерi, шығарту әдiстемесi.
-
Фенол. Аталуы. Пропилбензолдан, ароматты сульфоқышқылдарды сiлтiлермен балқыту, арилгалогендердi гидролиздеу және диазоний тұздарынан алу әдiстерi. Фенолдың электрондық құрылымы. Фенолдың қышқылдық қасиетi. Фенолдың, спирттердiң, көмiр қышқылының қышқылдық қасиеттерiн салыстыру.
-
Циклоалкандар. Изомерия түрлерi. Стереоизомерия түрлерi: геометриялық, оптикалық және конформациялық. Циклобутанның, циклогексанның қасиеттерiң алкандармен алкендердiң қасиеттерiмен салыстыру.
-
Метан және этан молекулаларының электрондық және кеңiстiктiк құрылысы. Изомерия және аталуы. Алкандардың қасиетi. Орынбасу реакциялары: галогендеу, нитрлеу, сульфохлорлау. Орынбасудың радикалды механизмi.
-
Органикалық реакциялардың жiктелуi: а) бағыт бойынша (орын-басу, бөлiну, қосылу, қайтатоптану); б) коваленттi байланыстың үзiлу түрi бойынша немесе әрекеттесетiн бөлшектер бойынша (радикалды және ионды реакциялар); в) сатылы түрлерiне қатысатын бөлшектердiң саны бойынша реакция жылдамдығын анықтау. Мысалдар.
-
Ароматты аминдер. Изомерия, аталу жүйесi. Анилиннiң нитробензолдан алынуы; екiншiлiк және үшiншiлiк аминдердiң алынуы. Анилиннiң электрондық құрылысы. Химиялық қасиеттерi. ßдродағы SЕ реакциялар: галогендену, нитрлеу.
-
Карбон қышқылдарының туындылары. Хлорангидрид, ангидрид және амид карбон қышқылдарын алу. Нуклеофилдi орын-басу реакциясының жалпы механизмi. Амидтердiң электрондық құрылымы. Майлар. Майлар гидролизi, гидрогендеу. Сабын: майлардан алу, синтетикалық жуғыш заттар.
-
Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуi. Индуктивтi эффект (I) және оның түрлерi (+I, -I). Мысалдар мезомерлi эффект және оның түрлерi (+M, -M). Қосарлану эффектiлерiнiң түрлерi (π-π, p-π, σ-π). Мысалдар.
-
Аминқышқылдары. Изомериясы. Номенклатурасы. Аминқышқылдардың алу әдiстерi: галогендi қышқылдарды аминдеу арқылы, алдегидтерден және кетондардан, белокты гидролиздеу арқылы. Химиялық қасиеттерi. Амфотерлiгi. Мыс (II) иондарымен түзетiн комплекстi тұздары. Аминтопшасы бойынша реакциялар.
-
Бензол сақинасындағы электрофилдi орынбасу реакциялары үшiн бағыттау ережесi. Бiрiншi және екiншi тектi орынбасушылар. Бензолдың монотуындыларының электрондық құрылымы. Галоген атомының ерекшелiктерi.
-
Моносахаридтер: жiктелуi, оптикалық изомериясы. Құрылыс, проекциялық, конформациялық формулалары. Циклдi түрiнiң және тiзбектi оптикалық изомерлердiң саны. Мутаротация. Моносахаридтердiң химиялық қасиеттерi. Моносахаридтердiң сапалық реакциялары
-
Алифатты қатардың аминдерi. Изомериясы. Аталу жүйесi. Бiрiншiлiк, екiншiлiк және үшiншiлiк аминдер. Төртiншiлiк аммоний тұздары. Аминдердiң алынуы (галогеналкандардан, нитроқосылыстарды және нитрилдердi тотықсыздандыру арқылы). Аминдердiң қышқылдық-негiздiк қасиеттерi. Аммиак.
-
Дисахаридтер. Мальтоза және сахарозаны мысалға алып, тотықсыздандырғыш және тотықсыздандырмайтын дисахаридтердiң екi түрi. Дисахаридтердiң құрылысы және химиялық қасиеттерiндегi айырмашылығы. Дисахаридтердiң биологиялық маңызы.
-
Екi және үш атомды спирттер. Изомерия, аталу жүйесi алынуы. Майларды гидролиздеу арқылы глицериндi алу. Химиялық қасиеттерi. Қышқыл-негiздiк қасиеттерi. Бiр-, екi- және үш-атомды спирттердiң қышқыл-негiздiк қасиеттерiн салыстыру.
-
Жоғары молекулалы полисахаридтер. Маңызды өкiлдерi. Крахмал. Амилоза және амилопектин тiзбектерiнiң құрылысы. Целлюлозаның крахмалдан айырмашылығы. Крахмалдың және целлюлозаның гидролизi. Целлюлозаны нитрлеу және ацилдеу. Олардың практикалық маңызы.
-
Бес мүшелi гетероциклдер (пиррол, Фуран, тиофен). Олардың электрондық құрылымы. Гетероциклдi квазиароматтық қасиеттерi. Қосылу реакциялары (гидрлеу, диендi синтездеу) және электрофилдi орынбасу (жумсақ нитрлеу, сульфирлеу, ацилдеу). Пиррол, Фуран, тиофен, бензол және нафталиннiң SЕ реакциясына түскiш қабiлетiн салыстыру.
-
Химияны оқыту әдiстемесi ғылымы және оқу пәнi. Қазақстанда химияны оқыту әдiстемесiнiң дамуы.
-
Химиялық демонстрациялық эксперимент, оған қойылатын әдiстемелiк талаптар.
-
Орта мектептегi химия курсының бағдарламаларын талдау. Бағдарламаға еңгiзiлген соңғы өзгерiстер
-
Химияны оқытудағы проблемалық әдiстер. Проблемалық ситуациялар тудыру жолдары.
-
Лабораториялық тәжiрибелер және олардың орны, ұйымдастыру әдiстемесi.
-
Орта мектептегi химия курсының оқулықтары. Бәйге алған оқулықтарды сипаттау
-
Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары мен мiндеттерi. Химия курсының мазмұның анықтау концепциялары
-
Химияны оқыту әдiстемесi оқулықтары мен оқу құралдарына қысқаша шолу.
-
Практикалық тәжiрибелер, олардың орны, өткiзу әдiстемесi.
-
Сан есептерiнiң маңызы, типтерi, шығарту әдiстемесi.
-
Оқушылардың химиялық бiлiмiн тексерудiң эксперименттiк әдiстерi.
-
Химиялық алғашқы ұғымдар қалыптастыру әдiстемесi.
-
Химиялық элемент туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы.
-
Химиялық тiлдiң оқыту құралдары жүйесiндегi орны, оқу-тәрбиелiк маңызы.
-
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластармен таныстыру әдiстемесi
-
Химиялық байланыстарды оқыту әдiстемесi.
-
Д.И.менделеевтiң периодтық заңы мен периодтық жүйесiн оқыту.
-
Химиялық символиканы оқыту әдiстемесi.
-
Электролиттiк диссоциациялану теориясын оқыту әдiстемесi.
-
Маталарды оқыту әдiстемесi.
-
Валенттiлiк және тотығу дәрежелерi туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы.
-
Органикалық химия курсының мазмұны, құрылысы, оқытудың әдiстемелiк мәселелерi.
-
Органикалық заттардың құрылысымен таныстыру әдiстемесi.
-
Органикалық химия курсында изомерия және гомология құбылыстарымен таныстыру әдiстемесi.
-
Органикалық заттар молекулаларындағы атомдардың өзара әсерiн таныстыру әдiстемесi.
Достарыңызбен бөлісу: |