Лкция № 1
1.1 Химия пәні
Химия – обьективті ортаны – материяны, қозғалысты және олардың бірлестігін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Материя (дүние) біздің санамыздан тыс өмір сүреді және үнемі қозғалыста болады. Әрбір ғылым материя қозғалысының белгілі бір түрін зерттейді. Химия атомдардың қосылуынан жаңа заттар түзілетін материя қозғалысының түрін зертейді.
Химия ғылымы заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және олардың басқа заттарға айналу процестерін химиялық өзгерістердің барлығына қатысы бар заңдылықтар мен теориялық мәселелерді зерттейді.
Бейорганикалық химия элементтердің және олардың қосылыстарының құрамы мен қасиеттерін қарастырады.
Органикалық химия органикалық заттардың құрамын, құралысын қасиеттерін және олардың қатысуымен жүретін реакцияларды қарастырады.
Табиғи шикізаттарға ауа, су, құм, саз, ізбес тасы, көптеген минералдар, кендер, тас көмір, мұнай, табиғи газдар жатады. Химиядан алған білімді пайдалана отырып, осы заттардан халық шаруашылығына қажетті оттек, сутек, шыны, цемент, керамика бұйымдарын, қара және түсті металдар, кокс, минералдық тыңайтқыштар, пластмассалар, полимерлер, жасанды және синтетикалық талшықтар, каучуктер, дәрілер, бояғыш заттар, сода, күкірт, азот, фосфор, тұз қышқылдарын сабын, жасанды кір алғыш заттар өндіреді.
Сонымен қатар химияның негізгі міндеттеріне осы ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, өнеркәсіпке, транспортқа, ауыл шаруашылығына, тұрмысқа қажетті химиялық жолмен өндіру жатады. Химияның маңызды бағыттарының бірі – жаңа заттар алу немесе белгілі заттардың қасиеттерін, жақсарту, синтездеу әдістерін жетілдіру. Көптеген химиялық реакциялар энергия бөлу арқылы жүреді. Осы энергияны отын ретінде, іштен жанатын двигательдерде, космос ракеталарында қолдану химияның міндеттеріне жатады.
Өнеркәсіптерде, әсіресе, металлургия және химия өнеркәсіптерінде, негізгі өнімдер өндіру кезінде көптеген қосалқы қалдық заттар түзіледі. Осы қалдықтарды халық шаруашылығына пайдалы өнімдерге айналдыру да химияның міндеттеріне жатады. Өнеркәсіпті химияландыру техникалық прогрестің негізгі шарттарының бірі. Химияның осы кездегі жетістіктерін пайдаланудың нәтижесінде өнеркәсіп пен транспортқа қажетті жоғарғы сапалы болаттар, құймалар ( өте қатты, өте берік, коррозияға төзімді, ыстыққа төзімді), самолеттер мен автомобильдердің дөңгелектеріне қажетті өте шыдамды резиналар, полиметлер, каучуктер, әртүрлі жартылай өткізгіштер, электротехникаға қажетті изоляциялаушы материалдар, жылу энергетикасына, ғарыш техникасына қажетті материалдар мен жоғарғы колориялы жанғыш заттар, пластмасса, полимерлер. Жасанды талшықтардың кӛптеген түрлерін өндіру мүмкін болады.
Қазіргі кезде дүниежүзілік маңызы бар мәселелердің бірі- қоршаған ортаны қорғау. Техниканың, әсіресе қара және түсті металлургияның химия өнеркәсібінің, тау –кен өндірісінің, автомобиль транспортының, мұнай –газ өнеркәсібінің дамуына және мұнай, газ отындарының жануына байланысты ауаға, суға, әртүрлі газдар: азот, көміртек, күкірт оксидтері, күл, шаң- тозаңдар, металдардың қосылыстары, органикалық қосылыстар көптеп бөлінеді. Бұл заттар адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Сондықтан химияның мақсаты жоғарыда аталған өнеркәсіптер мен транспорттың жұмыс істеуі кезінде бөлінетін улы заттарды залалсыздандыру немесе пайдалы қосалқы өнімдерге айналдыру, яғни бір өндірістің қалдығын екінші өндірістің шикізаты ретінде пайдаланып аймақтық қалдықсыз жұмыс істейтін өнеркәсіптер кешенін жасау болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |