Үлкен жастағы адамның Әлеуметтік-психологиялық статусы



Дата16.06.2016
өлшемі24.97 Kb.
#138303
ҮЛКЕН ЖАСТАҒЫ АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТАТУСЫ
Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты
Д.А. Оспанова
Алматы, Қазақстан
Аталған әлеуметтік зерттеу үлкен жастағы адамдар өмірінің әлеуметтік-генетикалық, психологиялық, экономикалық және медициналық-ұйымдастырушылық аспектісінің анализіне арналған. Таңдау көлемі 2763 адамды (72,5% - әйелдер) құрайды. Тұратын жері бойынша үлкен жастағы адамдар келесі сипатта орналастырылды: аймақтық қалалық ауруханаларда қызмет көрсетілетін– 90,5% ; 3,6% - Ардагерлер үйінде; 5,9% - Алматының әртүрлі аймақтарында тұрып және де аймақтық әлеуметтік көмек көрсету орталықтарынан үйге әлеуметтік көмектің әртүрлісін алып отырды.

Еркектердің орташа жас шамасы 71,2±2,1 жасты, әйелдердің 75,9±2,3 жасты құрайды.

Жалпы көлемнің ішінде сауалнамаға жауап берушілердің 17,4% шала сауаттыларды құрайды: жоғары және орташа арнаулы білімді 48,0% алған. 15,3% сауалнамаға жауап берушілер еңбектенуді жалғастыруда, сонымен бірге үлкен жастағы сұралған адамдардың 13,2% зейнетақы табысының жеткіліксіздіге салдарынан.

Үлкен жастағы адамдардың аймақтық әлеуметтік көмек көрсету орталықтарынан әлеуметтік көмек алу контингенті (94%), Ардагерлер үйінде тұратындар (91,5%), қалалық қызмет көрсететін ауруханалар аймағында (50,1%) жалғызбас адамдарға көрсетілген. Ең осал шағын топ – ешқашан некеде болмаған және балалары болмағандар, көпшілігін бір жерге жинақтағанда (21,0%) аймақтық орталықтардан әлеуметтік көмек алғандардың құрамында.

Үлкен жастағы адамдардың тұрмыста қозғалуы және өзін-өзі күту қабілетінің дәрежесі жасы келе төмендеу және шек қою жағына қарай өзгереді: 15,4% - аймақтық тұрғындар және 50,2% - әлеуметтік көмек ала отырып аула мен пәтерлерінің шегінде қозғалып отырады; 28,3% және 44,9% тиісінше, ықшамаудан шегінде қозғалушылар; алайда 56, 4% және 4% - ерікті қозғалуға мүмкіндігі бар.

Үлкен жастағы адамдардың Ардагерлер үйіндегі өмір сүруінің негізгі себебі, жалғыздық (40,3%) болса, өзін-өзі күту және қозғалу белсенділігінің төмендеуі (21,0%); жолдасымен, балаларымен бірге тұрудағы психологиялық үйлесімсіздік (4,8%); нашақорлық және ішімдік ішумен ауыратын балаларымен тұруға төзе алмайтындар (3,8%); балаларының күтуден бас тартуы (11,3%).

Үлкен жастағы адамның экономикалық жағдайы әлеуметтік ортаның мемлекеттік үстеме көмегімен тікелей байланысты. Үлкен жастағы адамдардың материалдық нашарлығы 69,0 % екендігі анықтады.

Үлкен жастағы адамдардың (52,2% ) жартысынан көбісі нашар көңіл күйін түсіндіре келе, келесі мотивтер бойынша өздерінің денсаулығын қанағаттанарлықтай деп бағалады: алдын-ала емделуге, диагностикаға және емделуге қаржылай қаражаттың жоқтығынан (18,6% ), созылмалы аурулардың болғандығынан (11 %); мамандандырылған медициналық көмекке қолы жетпегендігінен (стационар, ақылы клиника) (6,8%); өз денсаулығына көңіл бөлінбегендігінен (3 %) болды.

Ауруханалардағы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету түрлеріне сауалнамаға жауап берушілермен барынша талап етушілік айқындалды.

Сауалнама жүргізушілер учаскелік терапиялық қызметті медициналық-әлеуметтік көмек алудың ең қол жетімді түрі деп белгіледі (90,0 %).



Қызмет көрсететін поликлиника аймағында тұратын сауалнамаға жауап берушілердің негізгі массасы өз денсаулықтарына селқос қарап, оның жақсаруына ешқандай шара қолданбайды.

Сонымен, үлкен жастағы тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалағанда олардың жоғары дәрежеде әлсіз екенін және оларға психологиялық көмек пен қолдау, гуманитарлық және медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігін куәландырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет