«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» кмм 2014 жылдың 9 айы бойынша өткізілген мерекелік іс – шаралар жөнінде АҚпарат



Дата28.06.2016
өлшемі35.5 Kb.
#163443
«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 2014 жылдың 9 айы бойынша өткізілген мерекелік іс – шаралар жөнінде АҚПАРАТ

2014 жылдың 24 қаңтарында «Жұмсақ ойыншықтар» байқауы өткізілді. Тәрбиешілер қызмет алушы балалармен бірлесе отыра «Күн», «Балық», «Делфин», «Су шаяны», «Жүрекше», «Чебурашка» «Мысық» сияқты жұмсақ ойыншықтар жасады. Байқау соңында топтарға арнайы орындар берілді. I – орынға 3 – ші топ балалары, II – орынға 2 – ші және 1 – ші топ балалары иеленді.Сонымен қатар, еңбекке үйрету мұғалімдері «Шебер қолдар», «Алтын қайшы» атты номинациясына ие болды.

2014 жылдың 26 ақпанында «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді.Бұл конкурстық байқауға әр түрлі жас шамасындағы қызмет алушыларымыз қатысты. Орталықтың мамандары мен топ тәрбиешілері және қызмет алушы балаларымызбен бірігіп дуэттер құрылды. Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармашылығын өнерлерін тәнтті етті. Бұл іс-шарада, 9 жұп қатысып, әсем әндерімен және билерімен әділ-қазылар алқасына және көрермендерге ұсынылды. Барлық қатысушыларымызда біраз қобалжу болғанымен, өздерінің талантты және жан-жақты екендерін көрсетті. Бұл ән салып, би билеген орталығымыздың қызмет алушылары көрермендер көңілінен шығып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында қызмет алушыларымызға белсенді қатысқандары үшін 1, 2,3 орындарға ие болған жұптарға мадақтау қағаздары берілді, сонымен қатар көрермен көз айымына ие болған жұп марапатталып шағын сыйлықтар таратылды.

2014 жылдың 25 сәуірінде «Спорт- біздің досымыз» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шарада орталықтың тәрбиешілері мен мамандары әр түрлі ертегілер кейіпкерлерін сомдады. Спорттық іс-шараға орталықтың тәрбиешілері мен қызмет алушыларынан құралған «Салауат» және «Достық» тобы қатысты. Байқауда «Көңілді жануарлар», «Сиқырлы доп», «Суретші», «Талтақ аю» және «Арқан тарту» т.б. әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Іс-шараға балалар мен тәрбиешілер белсене қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша «Достық» тобы 1-ші орын, «Салауат» тобы ІІ-орынға ие болды. Сонымен қатар спорттық байқауға қатысқан қызмет алушылар жүлдесіз қалмады. Атап айтқанда Дюсупов Артем «Белсенді спортшы», Сиянова Арай «Жеңіске деген ынтасы үшін» және Жанбаев Расул «Орталықтың ең үздік спортшысы», Албекова Маржан «Ең жүйрік, алғыр, ақылды» номинацияларын иеленді.

2014 жылдың 4 шілдесінде Астана күніне арналған «Астанам - мақтанышым» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шарада орталықтың қызмет алушы балалары мен мамандары өз өнерлерін ортаға салды. Би билеп, ән шырқады. Көрермендер көзайымына айналған: Сиянова Арайлым, Албекова Маржан, Жаркимбаева Сара, тәрбиеші Бакибаева Айсулу, мейіраға Айтказинов Кумардың орындауындағы билер көрермендер көңілінен шықты. «Ән-көңілдің ажары» демекші осы мерекеге ән шашу еткен қызмет алушы Жанбаев Расул, Муратова Дильнара, Баймуханов Мадияр, Дюсупов Артем, тәрбиешілер Төлеуғалиқызы Динара, Нурсапаев Жан өз әндерімен ерекше көрермендер жүрегін баурап алды.

«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 2014 жылдың 27-тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Айбары асқақ Ата Заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелік іс-шараға орталықтың тәрбиешілері мен мамандары, қызмет алушы балалар қатысты. Орталықтың қызмет алушы балалар және де тәрбиешілер мен мамандар бірлесіп ән айтып, би биледі. Көрермендердің назарына «Калинка», «Заманауи», «Қамажай» және «Баяу», «Қазақ» билерін тарту етті. Сонымен қатар патриоттық әндер нақышына келтіріп орындалған. Олар: «Қазақстан алға», «Мой Казакстан», «Әкелер», «Болашағым елімнің», «Көңілді күн» әндері.

2014 жылдың 10 қыркүйегінде Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қыркүйек айының алғашқы күні «білім күні» және 7 қыркүйек Халықаралық аналар мен отбасы күніне орай «Бар жақсылық балаларға ... » атты мерекелік іс – шара өтті. Қалиқан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің қызметкерлері, Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінің оқушысы мерекемізге келген қонақтарымызды құттықтауға келді. Домбырада «Әкем менің асқарым» атты ән шырқалып, қобызда «Жанға жайлы әуен» ойнатылды. «Ұстазым», «Үш меркі», «Анаға сый», «Әншілер бақыты» атты әндер, сонымен қатар, орталықтың мамандарының атынан «Балдәурен», «Армандастар – құрдастар» әні шырқалды, «Поппури» биі, «Бауырсақ» ертегісі көрермендерге ұсынылды. Айтылған әндер мен аспаптарда ойнатылған әуендер көрермендер мен келген қонақтардың жанын тебірентіп, құлақ құрышын қандырды.

«Әкем, анам және мен - салауатты отбасы» спорттық іс – шараға Жанбаевтар, Қанағатовтар, Баймухановтар, Мыркасановтар отбасылары қатысты. Сайыстың талабы бойынша төрт топқа яғни «Салауат», «Денсаулық», «Алғырлар», «Толағай» топтары болып бөлініп, өздерінің спорттық икемдіктерін дәлелдеді. Спорттық іс- шарада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды. «Көңілді старт», «Өзіңнің үстіңнен шеңбер өткізу», «Батпақтан өту» , «Доппен жүгіру» сияқты сайыс түрлері өткізілді. Ата-аналар және қызмет алушы балалар спорттық сайысқа өте қызығушылықпен қатысты. Спорттық байқауда «Салауат» командасы III- орын, II-орын «Толағай» командасы , I-орынды «Алғырлар» командасы иеленді. «Денсаулық» тобы «Ең белсенді отбасы» номинациясына ие болды. Барлық қатысушыларға командаларға сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.



2014 жылдың 1 қазанында «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушы жалғызбасты қарттармен мүгедек жандарға арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада шақырылған қонақтарға арналған әлеуметтік қызметкерлер және орталықтың мамандары дайындаған шағын концерттік бағдарлама және мерекелік дастархан тарту етіліп, азық-түлік пакеттері таратылды. Концерттік бағдарламаның соңында қызмет алушылар алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет