Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Агисбаев Ажигали Сагингалиевич Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Ұлттық аспап – домбыра және оның маңыздылығы»



Дата16.06.2016
өлшемі43.02 Kb.
#138550
Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі

Агисбаев Ажигали Сагингалиевич

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

«Ұлттық аспап – домбыра және оның маңыздылығы»

Ұлттық дәстүрді, салт-санамызды танып білуде халық ұлт-аспаптарының орны ерекше.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең...» - деп ұлы Абай айтқандай, ұлттық дәстүріміздің қайсыбір түрін алсақ та, олар жеті сазбен тығыз байланысты: не адам үні әуенмен, не түбі осы аспаптар арқылы мұңды да, қуанышты да көркем саздармен бейнелене өрнектеледі. Еліміздің басынан өткізген ауыр халі, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жайлы заман бәрі-бәрі аспап көмейінен табылады және де қасиетті өнерлі ата-бабаларымыз, кейінгі ұрпағына киелі атамұраны сол күйінде жеткізе білген.

«Күй тілі – көп заманның алуан ісі,

Күйлердің әлемге аян бар мәнісі» -дейді дүлдүл суырып салма халық ақыны Ілияс Жансүгіров. Туған жерді, халқыңды, ата-анаңды сүю, қадірлеп қастерлеу, жақсылыққа тән қасиеттерді адам бойына жинау сияқты, санлы тәрбие, ізгілікті істердің бәрі – осы аспаптардың құдіретті сазды үнімен бөлене, бейнелене жеткізіліп тартылып та, аталы, өсиетті өнегелі сөздер қосыла жырланып айтылып та келеді. Бұның көзі – халық ән-күйлері, жырлары, жыр-күй, термелері. Осыларды тілсіз жеткізетін – қасиетті қара домбыраның қоңыр үні, күңіренген қобыз, сиқырлы сыбызғы үні.

Бүгінігі тақырыбымыз осы домбыра жайында болмақ.

Домбыра – қазақтың қазақ болғалы, ежелден келе жатқан ұлттық аспаптарының бірі. Оның құрылысы қарапайым. Басы, мойны, кеудеден тұрады. Басында ішекті бекітіп, тартып босататын екі құлағы болады. Ішектің екінші ұштары кеуделіктегі түймеге ілінеді. Домбыра мойнына пернелер тағылады. Кеудесі жеке бөлек шанақтардан құрастырылады. Ішекті қақпақтан бөліп тұратын тиегі болады. Домбыра басында «шайтан тиек» деген де бар. Домбыра құлақ күйінің жақсы келуіне оның дұрыс орналасуының маңызы зор.

Домбыраны тұтас бір ағаштан ойып та жасайды. Бұлар – ойма домбыралар. Екі ішекті домбыраның түрлері көп. Қазақтың әр жерінде құрылыс-пішінінің өзгеруіне қарай домбыралар – Адай домбыра, Абай домбыра (Семей домбыра), жамбыл домбыра, жиналмалы домбыра болып бөлінеді. Адай домбыраның кеудесі – жұмыртқаны ұзынынан, ортасынан жарғандағы жартысы сияқты. Жамбыл домбыра кеудесі алдынан қарағанда сопақша бес бұрышты болып келеді. Домбыра бетіне қарсы беті де тегіс жазық.

Жиналмалы домбыралар - ән, жыр, термеге арналған, алып жүруге ыңғайлы. Домбыра мойны мен кеудесі арасында айналсоқ топса болады.

Домбыраның құлақ күйі болмаса онымен ән айту, не күй тарту мүмкіндігі болмайды. Аспаптың құлақ күйін келтіру оңай шаруа емес. Жасалғанда о бастан, сандық жүйемен, есеппен жасалуы керек. Пернелері де белгілі бір арақашықтықта (бірте-бірте кеміп отыратын) байлануы керек. Ішектің бұралмағаны, ширатылмағаны жақсы. Осы жағдайларда домбыра бұрауы жақсы түседі. Бұрау оң және теріс бұрау болып, екі түрде түсіріледі. Оң бұрау кварта аралығында (до – соль) құрылады. Теріс бұрау көбіне – көп шертпе күйлерде қолданылады. Домбыраның құлақ күйін оң бұрауда келтіру үшін: бірінші әдіс – тиекті қақпақ бетінің орта тұсына қоя, екі ішекті бірдей қылып тарта, дыбысын теңестіреміз. Екінші тұғырдағы (екінші нүкте белгі) үстіңгі ішек пернесін басып отырып, үстіңгі ішекті екі дыбыс дәл осылай теңелгенше босатамыз. Саусақты алып, екі ішектің өзін қаққанда құлаққа жағымды дыбыс естіледі. Енді астыңғы үшінші тұғырдағы пернені басып, тиекті ілгері кейінді қозғай, үстіңгі ішек дыбысымен теңестіреміз. Бірінші әдісті қайтадан тексеріп, енді бесінші тұғырдағы пернені басып, босата осы дыбысты астыңғы ашық ішек дыбысымен теңестіреміз (тиекті сәл-спәл қозғай) және ең соңғы пернені баса, дыбысын үстіңгі ашық ішек дыбысымен теңестіреміз. Бұл жағдайда үстіңгі 17-ші пернені басқанда, оның дыбысы астыңғы ашық ішек дыбысымен тең болады.

Оқушының аспапты жақсы меңгеруі, яғни, қандай да болмасын әуенді шығарма, күйді мәнерлеп ойнауы үшін, мәнерлеп тарту әдістерін бастапқы сыныптан бастап үйрете бастаған жөн.

Мәнерлеп тартуға: аспаптың дыбыстық үнін дұрыс, таза шығару (дыбыстың шығуын немесе ішектің, саусақ басылымында, пернеге басып тиуін қадағалау), дыбысты таза алу, қағыстар түрлері, тұғырлық ауысулар, саусақ басылымдары, ерекше еркін ырғақтар, айшықтап ойнау (мелизмдер), дірілдетіп ойнау (вибрация), оң және сол қол үйлесімділігі, дыбыс күшінің алынуы т.б. әдіс-амалдар жатады.

Дыбысты таза алу үшін қағыстар дұрыс қағыла, біркелкі болуы керек. Ішек саусақпен басылып пернеге тиуі шарт. Пернеге ішек дұрыс тимесе дыбыс жұтылып шығады. Саусақ көтерілсе дыбыс өшіп қалады. Дыбыс ұзақтығын саусақты көтермей толық алу керек. Оқушылар көбіне екі перненің ортасынан басады. Мұндайда көп аспаптарда ішек пернеге дұрыс тимей дыбыс шырылдап шығады. Сондықтан, саусақ ұштары (бас бармақтың қапталы) пернеге тиіп жаттығуы қажет.

Қол үйлесімдіктері болмаса аспапта мәнерлеп, шебер ойнау мүмкін емес.(Шебер ойнау деген – екпінде өте тез ойнау емес). Оң қол және сол қол үйлесімдігі дегеніміз – қағыс пен саусақ басылымының сәйкестігі, яғни, қағыс пен саусақ басылымының бірдей алынуы. Қол үйлесімдіктері болмаса дыбыс таза шықпайды, лас шығады. Дыбыстың лас шығуы саусақ қағыстан бұрын, не кеш басылуы мүмкін. Қол қағыс басылымы үйлесіп, дыбысты соған сәйкесдірілдетіп алсақ, аспап үні әдемі шығады. Дыбысты дірілдету үшін – ішек басылған саусақты білезік буынымен немесе білек арқылы дірілдету керек. Мәнерлеп ойнаудың негізгі әдіс – амалдарына - айшықтап ойнау жатады.

«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі, өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл, себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала – уызына жарымаған көтерм қозыдай болады. Оны қастерлемеген адм, қазақ баласы туған халқының жанын білмейді», - деп домбыра туралы артына ұлы сөз қалдырған ұлтымыздың тірегі, зиялысы болған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы.

«Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, қатыгездіктен аулақ болады», - деген халықтың нақыл сөзі текке айтылмаған сияқты.

«Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі», - деген атақты қазақ өнер қайраткері, өнер зерттеушісі, сазгер Ахмет Жұбанов.



Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын, осылай жас жеткіншектің бойына дарыта білсек, бұл келешек ұрпақтың саналы тәрбиеге бой ұруы.

Ал, ұстаздың басты мақсаты мен міндеттерінің бірі – жас ұрпақты тек шебер орындаушы қылып ұқана шығармай, оларды адалдыққа, адамгершілікке баули білуі де керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет