Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
«Бекітілді»__________
факультет оқу-әдістемелік кеңесі.
№1 хаттама 1.09. 200 ж.
________________
(төрағасы, аты-жөні)
«Ұлт-аспаптар ансамблі»
пәнінен оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған оқу әдістемелік нұсқау
Жетісай – 2008
«Сырдария» университетінің Оқу - әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілді.
№ _____хаттама, «____» ___________________200___ж.
Тақырыбы: Қазақтың халық ұлт-аспаптары.
1. Қарастырылатын мәсеелелер.
-
Ұлт-аспаптар ансамблі пәні туралы жалпы сипаттама.
-
Қазақтың халық аспаптарының қалыптасуы.
2. Пайдалалнатын әдебиеттер.
-
А.Жұбанов – Ғасырлар пернесі Алматы –1975
-
А.Жұбанов – Құрманғазы Алматы – 1961
-
А.Жұбанов – Дәулеткерей Алматы – 1961
-
Н.Тілендиев – Жеңіс салтанаты Алматы – 1961
-
К.Күмісбеков – Дала сыры Алматы –1982
6. М. Балтабаев- мектеп оркестрі
Қазақтың халық аспаптары кешегі кеңес дәуірінің тұсында ғана жете тексеріліп, ілгері дамый бастады. Ол заманымен бірге дамып, жаңа мазмұнда өркендеп, өсіп келеді. Бұрынға мұңды қос ішекті домбыра мен қыл шекті қобыз, қазір ерекше үнге ие боп, сахнада халқының мүддесін жарлайды. Қазақтың халық музыка аспаптары бірнеше түрге бөлініп, полифония, гармония және оркестрдің күрделі мүмкіншіліктерін айталарлықтай меңгерген мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық оркестріне айналды.
Қазақ музыка аспаптарының дамуы және олардың жедел қалыптасуы туралы сөз болғанда, ең алдымен ұлы орыс халқы музыка мәдениетінің оған тигізген игілікті ықпалын айтпай кетуге болмайды. Өйткені октябрь революсиясынан бұрын, қазақ музыкасы қандай дәрежеде болса да, жазба мәдениетін көрмеді, нотаға түспеді. Ауызекі дәстүрде, музыка мәдениетінің, сондай-ақ музыка аспаптарының дамуы мүмкін емес еді.
Қазақ халқының музыка аспаптары өздерінің түріне және үніне қарай төртке бөлінеді: домбыра, (қағып ойнайтйн аспап), қобыз (ысқышпен ойнайтын аспап), сыбызғы (үріп ойнайтын аспап), дауылпаз (ұрып ойнайтын аспап).
Бұлардың ішінде халық арасына көп тарағаны домбыра аспабы. Өйткені ол ойнауға да, жасауға да, қобызға қарағанда едәуір оңай болды. Шынында, домбыра ерте заманнан келе жатқан аспаптардың бірі.
Қобыз –прималар да, домбыралар сияқты, үндеріне қарйа, негізгі ескі қыл екі шектің орнына үш шек тағылап, бұрауы квинтаға түсірілді. Жаңа қобыздың дауысы әдемеленіп, түрі баяғыдай әлдеқайда жақсарды. Бұрын қобызды қолдан істелген, дыбысқа кедерге келтіретін ышқышпен ойнаса, оның орнына астында босатып, қатайтып тұратын бұрандасы бар, скрипканың ышқысы пайдаланылды. Ышқышты смычокқа ауысуы, екі шектің орнына үш шек тағылып, квинта бұрауына түсуі-екі қобыздың ойнау, орындау техникасын жеңілдетіп, түрлі позицияларға (саусақтардың дұрыс тұруы) таза әрі оңай көшуіне көп мүмкіншілік туғызып, дыбыс көлемін едәуір байытты.
Домбыра, қобыздың жаңа түрге бөлінуі, сөйтіп сан түрлі дауыстың пайда болуы, қазақтың ұлт оркестірін құруға мүмкіндік береді. Оркестір дыбыстың ең төменгі нотасынан жоғары нотасына дейін қамтыды. Түрге бөлінген ұлт музыка аспаптары оркестірде сүйемелдейтін, негізгі дауысты ойнайтын екі топқа сараланды.
Қазақтың халық музыка аспаптарының ертеден келе жатқан түрі- с ы б ы з ғ ы. Алайда бұл аспап айта қаларлықтайхалық арасына көп тарай алмаған және, негізінде, малшылардың аспабы болған.Ойнаушылар көбіне сыбызғыны қурайдан жасап, ал кейбіреулер ағаштың ішін тесіп қуыстап, сыртына өңеш қаптап ойнаған. Мұндай сыбызғының даусы жұмсақ шығады. Бертін келесыбызғыны темірден де жасаған.
Сыбызғы жүріп ойнайтын аспап болғандықтан, ол көп күш керек етеді.Дыбыс бояуы флейтаға жақын, құлаққа жағымды, жұмсақ естіледі.
Сабызғының бұрауы (сторй) тұрақты емес, оның үстіңгі жағында алты тесік, одан жоғарырақ астында жетінші тесік болады. Саусақтардың басымын сол тесіктерді басып, бір тоннан екінші тонға көшіріп отырады.
Сыбызғыда ойнаудың ерекшелігі - өте жай дыбыс пен қатты дыбысты (р.р.ғғ.) әдемелеп алуға болады.
Сыбызғы оркестр үшін ең қажетті аспап. Ол өзіне тән жұмсақ үнімен оркестрдің дыбыс бояауын байытып, сәндендіреді, толықтырады. Бірақ амал не, қазіргі уақытта сыбызғының болмауы, оны ойнайтын сыбызғышылардың жетіспеуі, бұл аспапты оркестрге енгізуге мүмкіншілік бермей отыр.
Қазақтың ұрып ойнайтын аспаптарына жататын дауылпазға келсек, бұл-әлі де дыбыс шығару жағынан тұрақталмаған аспап. Негізінде бұл аспап оркестр үшін өте маңызды, қажетті аспап. Музыканың ырғағын беріп отыру, керекті жерінде айта қаларлықтай үн қосып, дыбысты күшейтіп отыру – осы дауылпаздың міндеті.
3. Коллоквиум.
-
Ансамбль дегеніміз не?
-
Қандай ансамбль түрлерін білесің?
Тақырыбы: Қазанғап. «Учитель»
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Домбырашылар тобымен жұмыс 1,2,3.
-
Сырнайшылар тобымен жұмыс.
-
Қобызшылар тобымен жұмыс.
-
Домбра бас, ұрмалы аспаптармен жұмыс.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
С.Балмағанбетов – Қазанғап.
-
А.Жұбанов – Ғасырлар пернесі Алматы – 1961
-
Т.Мерғалиев – Домбыра сазы.
-
Қазанғап – үлкен орындаушылық мектептің көрнекті өкілі.
Қазанғап Тілепбергенұлы –(1854-1921) ж Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туып өскен казақтың халық күйшісі. Жасынан ән-күйге құмар болып өскен. Тұңғыш шығарған күйі – «Торы ат» (1875) күйі деседі. Қазанғап Ақтөбе, Қостанай, Орынбор, Тройцк, Шалқар, Темір мен Ойылды аралап көптеген өнерпаздармен кездесуі оның орындаушылық қабілетінің өсуіне зор ықпал жасады. 1894-95 жылдары Маңғыстауда болғанында түрікпен әндерінің әсерімен «Кел сәне батыр, кел сәне» күйін шығарған. Қазанғап өнеріндегі домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыруымен ерекшеленеді, әрі күйлерінің идеялық –көркемдік диапазоны кең. Шығармалары негізінен жеке кісілер. «Балжан», «Үлкен Қаратөс», «Кіші Қаратөс» пен жан-жануарларды «Қиту-қиту, қайт, қайт», «Шымырауыл құс», «Көкіл» бейнелеуге, әзіл-сықақ «Молдаң бол, бйің бол – бәріне де бір өлім», «Бұраңбел» көңіл-күй лирикаларына «Аман да бол, шырағым», «Домалатпай» құрылған. Кейіннен 1916 жылдың оқиғасына байланысты «Жұртта қалған», «Окоп» күйлері мен халық ағарту жұмыстарына «Учитель» арнап күйлер шығарған. Қазанғаптың шығармалары көптеген халық аспапатар оркестрінде орындалып жүрсе, сондай-ақ жеке домбырашылардың орындауында да халық арасына кең таралған.
-
«Учитель» - Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауынан кейін жер-жерде мектептер ашылуымен, қазақтың қара домалақ балалары мектепке шұбады. Осы балаларды оқытып, білім беріп жүрген оқытушылар саусақпен санарлықтай еді. Олардың қадір-қасиетін бағалап «Учитель» деуші еді. Қазанғап жасының ұлғаюына қарамастан осы ағымға байланысты «Учитель» күйін арнады.
3. Коллоквиум.
-
Қазанғаптың күйшілік мектебі.
-
Қазанғап күйлері.
-
Қазанғап күйлері, оркестр, ансамблі.
-
Ансамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Тақырыбы: Ансамбльдің түрлері, оның құрамына кіретін аспаптар.
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Ансамбль жайлы дерек.
-
Ансамбль құрамына кіретін аспаптар.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Ш.Қажығалиев – Серпер Алматы –1983
2. Т.Мерғалиев – Домбыра сазы Алматы – 1972
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
«Асамбль» - француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді.
Музыкада екі немесе оданда көп музыканттардың (Әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауы және сол орындалған музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды. Екі немесе оданда көп орындаушылардың музыкалық шығарманы қосылып орындауының бірнеше түрлері бар. Дуэт-екі орындаушы, терцет-ынталандыру жолдарының бірі студенттердің орындаған жұмыстарын көпшілік талқысына салу.
Ансамбль жетекшісі бір інші сабақта аспаптардың шығу тарихы туралы, ансамбльдердің кешегісі мен бүгінгі орындаушылық мүмкіндіктері Андреев атындағы оркестрдің, Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі не, ал олардың қазіргі оркетрлерге тікелей ықпалы туралы айтуы керек.
Ансамбльдің алғашқы сабақтарында көбірек (бірыңғай) дыбыстар мен жаттығу жасап, немесе оркестр жағдайына қарап әртүрлі жаттығу күй тәріздес ырғақтарды партитураға оңай жеңіл түсіріп алғашқы айларда көбірек қайталанғаны абзал. Ансамбль құрамына кіретін аспаптар: домбыра, прима, сырнай, қобыз және ұрмалы-соқпалы аспаптар.
3. Коллоквиум.
-
Ансамбль құрамы қанша адамнан тұрады?
-
Шағын ансамбль қанша адамнан тұрады?
Тақырыбы: Құрманғазы. «Серпер».
1.Қарастырылатын мәселелер.
-
Домбырашылар тобымен жұмыс.
-
Сырнайшылар тобымен жұмыс.
-
Қобызшылар тобымен жұмыс.
-
Домбыра бас, ұрмалы аспаптармен жұмыс.
2. Пайдаларатын әдебиеттер.
1. Жұбанов – Дәулеткерей Алматы – 1961
2. Н.Тілендиев – Жеңіс салтанаты Алматы – 1961
3. К.Күмісбеков – Дала сыры Алматы –1982
-
Ш.Қажығалиев – Серпер Алматы –1983
Құрманғазы Сағырбаев ұлы күйші, композитор, қазіргі Гурьев облысы, Теңіз ауданы Жиделі еген жерде 1806 жылы шаруаның семьясында туды. Құрманғазы сегіз жасынан бастап байда жалшылықта жүрген. Ол қой бағып жүріп, өзі ағаштан ойлап домбыра жасап алады. Сөйтіп, талапты бала ауыл қарияларынан, қойшылардан ән, күй үйрене бастайды. Өсе келе Құрманғазы күшті домбырашы болады. Оның алғашқы музыкалық қадамы 19-ғасырдың отызыншы жылдарының аяқ кезінен басталады.
Құрманғазы екі шекті домбырады өз дәуірінің қоғамдық бейнесін, халықтың ауыр тұрмысын, мұңын, арманын, қуанышын, қазақ даласының таңғажайып көркем табиғат құбылыстарын көрсете білді. Композитордың алғашқы музыкалық шығармаларына «Кішкентай», «Балбырауын», «Адай», «Серпер» сияқты күйлері жатады.
«Кішкентай» деп аталатын күй 19-ғасырдоың30-40 жылдарында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарған шаруалар көтерілісіне арналған.
«Балбырауын» күйі жастарға арналған жігерлі, көңілді шығармалардың бірі.
Ал «Адай» күйі туралы профессор Ахмет Жұбанов өзінің «Құрманғазы» атты кітабында былай деп жазды. «Адай» Құрманғазының ірі шығармаларының бірі. Онда өз заманының алдын ораған көреген көз, өткір тіл бар. Әдебиет дүниесінен үлгі алар болсақ, «Адай» күйінде Махамбеттің жалынды поэзиясының кейпі бар деп айта аламыз.
Қазақтың музыка тарихында өшпес орны бар ұлы күйші, композитор Құрманғазының күйлері тақырып, көркемдік жағынан ерекше көзге түседі. Қазіргі заманымыздың күй жанрының төрінен ерекше орын алады. Құрманғазы 1889 жылдары қазіргі Астрахань облысының Зеленг ау-Сахма деген жерде қайтыс болды. 1959 Жылы Құрманғазының зиратына үлкен ескерткіш орнатылды.
3. Коллоквиум.
-
Ансамблдің шығу тарихы.
-
Ансамблдің маңызы, мақсаты, түрлері.
-
Ансамблдердің құрамын анықтау (отыруы, бұрауы).
Тақырыбы: Ансамблге енетін аспаптардың жалпы саны жайында.
1. Қарастырылатын мәселелер.
1. Ансамблге енетін аспаптар.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
4. Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Ансамбль дыбысын айтарлықтай жоғары сапада шығару, музыка шығармаларының идеясы мен мазмұнын байыпты орындау және сол орындаудың сан алуан шарттарын кемеліне келтіре ойнау үшін мынадай оркестр дауыстары болғаны жөн (әрине, басқарушы қолда бар мүмкіншіліктен оркестрге жолдастардың тілегі мен санасуы керек. Біз тек шамамен ғана көрсетіп отырмыз).
Қазақ ұлт- аспаптар ансамбліне енетін аспаптардың жалпы санының таблицасының үлгісі.
Аспаптардың аты
|
Қатысатын адамдардың саны
|
16
|
28
|
46
|
68
|
Домбыра-пикколо
|
-
|
-
|
1
|
1
|
Домбыра-прима І
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Домбыра-прима ІІ
|
1
|
1
|
2
|
3
|
Домбыра-альт І
|
-
|
-
|
1
|
2
|
Домбыра алть ІІ
|
-
|
-
|
1
|
1
|
Домыра-тенор І
|
4
|
6
|
8
|
12
|
Домыра-тенор ІІ
|
2
|
4
|
6
|
10
|
Домбыра бас І-ІІ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Домбыра контрабас
|
1
|
1
|
1
|
2
|
Сырнай І
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Сырнай ІІ
|
-
|
1
|
1
|
1
|
Сырнай ІІІ
|
-
|
-
|
1
|
1
|
Сырнай IV
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Қобыз-прима І
|
2
|
4
|
6
|
8
|
Қобыз-прима ІІ
|
1
|
2
|
4
|
6
|
Қобыз-альт І
|
1
|
1
|
1
|
2
|
Қобыз-альт ІІ
|
-
|
-
|
1
|
1
|
Қобыз-бас І
|
1
|
1
|
2
|
3
|
Қобыз-бас ІІ
|
-
|
1
|
1
|
2
|
Қобыз-контрабас
|
-
|
1
|
2
|
3
|
Ұрып ойнайтын аспаптар х/
|
|
|
|
|
Дауылпаз х/
|
|
|
|
|
Флейта хх/
|
|
|
|
|
Гобой хх/
|
|
|
|
|
Х/ Партитурада осы аспаптардың қайсысы болса, сол аспаптар ансамбльге енгізіледі.
3. Коллоквиум.
-
Ұлт-аспаптар ансамблінің маңызы, мақсаты, түрлері.
-
Ансамбльдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Тақырыбы: Құрманғазы – «Қызыл қайың серпер»
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Күй орындау шеберлігін әрі қарай арттыру.
-
Динамикалық белгілерді мұқият орындау.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889), құлпы тасында (1806-1879). Қазақтың ұлы күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың, күйдің классигі. Қәзіргі Орал облысы, Жаңақала ауданындағы Жиделіде туып, Астрахан облысандағы (РСФСР) «Шайтани батаға» деген жерде қайтыс болған. Кедей шаруаның баласы. Жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түсті. Алғашқы ұстазы Хан Базар (Орда) күйшісі- Ұзақ. Кейіннен Ұзақпен ел аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына ілігеді. Есейе келе домбырашылық-күйшілікті профессионал өнерге айналдырды. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Би-болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта алмады. Азатшыл ойдан, күрес-тартыстан бір сәт басын тартпай , домбырасын қару етіп, өнер күшімен қиындықтарға қарсы күресті.
Күйшінің атымен аталатын қазақтың халық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазы күйлері бүкіл жер жүзіне тарады.
«Қызыл қайың» - Құрманғазының бұл күйі халық аузында былайша суретттеледі. Қашып келе жатқан сапарында ен далада жалғыз өскен қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты дейді. Кейін, «Менің елім де, жерім де, бұтам да, ағашым да пана екен. Анадай қойынын ашып, жапырағын жауып паналатқан қызыл қызыл қайыңға арнап едім» - деп осы күйді орындапты.
3. Коллоквиум.
-
Ансамблдің құрамын анықтау (отыруы, бұрауы).
-
Ансамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Тақырыбы: Партитура және оны пайдалану.
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Партитура дегеніміз не?
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Партитура дегеніміз – оркестрдің немесе бірнеше аспаптардан құралған ансамбльдің нотамен орындалуы үшін, оларға арналып жазылған музыкалық шығармалардың жазбасы. Сыртынан қарағанда, әр аспаптың партиясы жазылатын қаз-қатар бірнеше нота сызықтары болады және партитура оқуға ыңғайлы болу үшін, әр партия белгілі бір тәртіппен жазылады. Мысалы, қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің партитурасы мынадай болып жазылады.
Партитураны, негізінде, оркестрдің дирижері пайдаланады. Партитураны пайдалана отырып, дирижер өз міндетіне даярланып, орындаушылармен музыкалық шығармаларды үйретеді, концертте оркестрді басқарады. Бірақ жеке музыканттардың ойнауы үшін партитура ыңғайсыз болады. Сондықтан әрбір аспаптардың партиясын партитурадан нота қағазына бөлек көшіру керек болады. әр орындаушы-музыкант өз партияларын бөлек жазып алып, кейін оны үйде ойнап үйренеді.
Дирижердің міндеті – сол нешетүрлі партияны оркестрдің жалпы дыбысына қосып, көркемдік жағынан әсерлі, біртұтас ансамбль жасау болып саналады.
3. Коллоквиум.
-
Партитура дегеніміз не?
-
Асамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Тақырыбы: Абай «Торы жорға»
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Домбырашылар тобымен жұмыс.
-
Сырнайшылар тобымен жұмыс.
-
Қобызшылар тобымен жұмыс.
-
Бас домбыра ұрмалы соқпалы аспаптармен жұмыс.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Ұлы ақын Абай – қазақ жазба әдебиетінің, поэзиясының көш бастаушы атасы десек оның шығарған «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татяна әні» т.б. 30-дан астам әннің авторы екені бүкіл исі қазаққа мәлім. Ал оның күйшілік өнерін көпшілік қауым біле бермейді. Дерек бойынша Абай атамыздың шығарған 10 күйі бар десек оның «Торы жорға» күйі осы өңірде кеңінен мәлім. Оны оқушы қауым жеке домбырада сүйіп орындайды. «Жетісай сазы» оркестрінің тұрақты репертуары.
3. Коллоквиум.
-
Абайдың әндерін ата?
-
Қанша күйі бар?
Тақырыбы: Дыбыс шығару және ойнау техникасы.
1. Қарастырылатын мәселелер.
1. Аспаптарды ойнағандағы ойнау техникалары, әдістерін меңгеру.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Ойнағанда дұрыс отыру дыбысты жақсы шығаруда ерекше роль атқарады. Домбырашы (тенорда) отырғанда еркін, қысылмай, орындықтың жартысында еңкеймей, түзу отыру керек. Домбыраның түбі өкпені қысатындай болмауы тиіс. Оң аяқты сол аяқтың тізесінің үстіне салып, домбыраның түбін санның жұмыр етіне тіреу керек. Оң қол- дың шынтағы, тиектің сол орта жағында, кезінде қақпақты кейде қысып, кейде босатып отыратындай жағдайда болған жақсы. Ойнағанда басатын сол қолмен домбыраның сабын жөнсіз қысып отыруға болмайды. Өйткені басатын қолдың атқаратын міндеті көп (перне басады, вибрация жасайды, т.б). Сол қолдың буындары бос болмаса, қалайда ойнауға кедергі болады. Сонымен қатар сол қолдың саусақтары бытырамай, перненің үстіне тегіс жатуы керек.
Ойнағанда шығатын дауыс көңілге ұнамды болу үшін, орындаудың әртүрлі қағу әдістері болады. Бұлардың ішінде ең бастысы және қажеттісі ”тремоло” деген қағыс.
Тремоло қағысы дегеніміз бір немесе бірнеше дыбысты жиі-жиі қағудың нәтижесінде пайда болатын ұсақ діріл. Домбыра – тенорда тремоло әдісімен ойнау үшін шектің үстінде, мойынға жақын жерінде, сұқ қолдың басымен әлденеше ойнау керек. Әрине тремолоны бір шекте де, бірдей екі шекте де ойнауға болады. Бұл әдіспен ойнағандағы орындаушының міндеті - майда әрітаза дыбыс алу, ұзындығы біркелкі әдемі дыбыс шығару болып есептеледі. Ол үшін аспапты ұдайы ойнау керек. Қағатын қолдың басымен, кейде тиекке жақындатып я оған керегінше алыстатып, ойдағыдай сан түрлі бояуын алуға болады. Қаға- тын қолдың ойдағыдай сантүрлі дыбыс бояуын алуға болады. Аса қатты дыбыс шығару үшін, тек сұққолды пайдалану әрине жеткіліксіз. Сондықтан мұндай жерде бес саусақты, басқаша айтқанда, қағатын қолдың басын тегіс жұмсау өте орынды болады. Тенорда жақсы оркестрлік дыбыс шығару үшін қолтықты әрдайым ашып, көтеріп отырғанның аса маңызы бар.
Тремолодан басқа тағы да “пиццикато” деген ойнау қағысы бар.
Пиццикато қағысы дегеніміз - шекті аспаптардан дыбыс шығарғанда, шекті саусақтардан басымен шымшып тартып шығару.
Пиццикато қағысы нотаның үстіне қысқартылып “Рі” деп жазылады, бұлай ойнағанда, қолдың басымен ерсілі – қарсылы қағып алынады. Мұндай қағыс – бір шекте де, екі шекте де бірдей қолданылады. Қағыс егер төмен болса, мынадай ^ жоғары болса мынадай V белгімен жазылып көрсетіледі.
Стаккато қағысы дегеніміз – екі дыбысты бір – біріне қоспай, үзіп – үзіп ойнау деген сөз.
Стаккато қағысы – домбыра тенорда көп пайдаланылмай келе жатқан қағыстың бір түрі. Тек соңғы уақытта ғана Алматы консерваториясында жаңадан қолданылып жүр. Стаккатоны алу үшін, шекті ептеп қысып, үстінен шымшып ойнау керек. Бұл үшін, біріншіден, үлкен шеберлік керек, екіншіден, әншейінгі тиек жарай қоймайды, сондықтан шек тиектен шығып кетпеу үшін, тиекті тесіп, шекті сол тесіктен өткізу керек, бұлай ойнағанда, шектің орнықты болуына да қолайлы болады.
Стаккато қағысы нотаның астынан не үстнен бір нүктемен көрсетіледі.
Легато қағысы дегеніміз – екі дыбысты үзбей, қосып ойнау деген сөз. Былайша айтқанда, стаккато қағысына керісінше болады. Бүтін бір фразаны ойнау үшін, мұндай жерде тремоло қолданылады. Ал, екі дыбысты қосып, байланысты ойнау үшін, сол екі нотаны қаққанда, бірінші нотаны қағып алукерек те, екіншісін қағыссыз саусақпен басып алу керек. Легатоның жазылып көрсетілуі немесе белгімен көрсетіледі.
Егер домбыра – тенор медиаторсыз ойналатын аспап болса, домбыра – прима, сол сияқты домбыра – бас пен домбыра – контрабас та тек медиатормен ғана ойналады. Өйткені домбыра – приманың шегі қос – қос- тан тағылған сым шек болса, соңғырларында шек тіпті жуан болады, сондықтан бұларды да медиатормен ойнаған өте қолайлы әрі ыңғайлы келеді. Әрине, сирек болса да, кей кезде ептеп басбармақпен де ойнайды. Прима мен бастардың медиаторы әр басқа нәрседен жасалынады. Дыбыс жақсы шығуы үшін, медиатордың үлкен маңызы бар. Әңгіме бұл жерде оның істейтін материалы және медиаторды қалай ұстау керек екендігінде болып отыр.
3. Коллоквиум.
-
Аспаптардың шығу тарихы.
-
Аспаптардың маңызы, мақсаты, түрлері.
-
Аспаптардың бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Тақырыбы: Дирижер және оның міндеті.
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Дирижер-музыкант, ұйымдастырушы, басқарушы, мұғалім.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Дирижер – деген сөздің өзі – оркестр, хор, ансамбль сияқты орындаушы коллективтерді басқару деген сөз. Алғашқы уақытта сапа жағынан ілгері даму үшін, сол орындаушылар ішінен істің тетігін білетін, тәжрибелі, беделді бір кісі ансамбльді басқару керек болған. Кейіннен мұндай адамдар «дирижер» деп атанып кеткен. Біздің дәуір- імізде дирижердың орны өте үлкен, музыка саласында аса маңызды. Бәрі бірдей ойнау үшін, ол өзі басқарып тұрған оркестрге, хорға, ансамбльге шығарманың ырғағын, шапшаң- дығын, орындау шарттарын көрсетіп тұрады. Творчестволық негізгі мақсатқа жету үшін, шығармаларды көркемдігі жағынан жоғары дәрежеде орындау үшін коллективті біріктіріп отырады.
Дирижер – оркестрді және музыканттарды басқаратын тек қарапайым адам болып қана қоймай, оның өзі де музыкант болуға тиіс. Сахнаға коллективті басқарып шыққанда, өзін художник – артист дәрежесінде көрсету керек.
Дирижер, ойналатын шығарманың партитурасы бойынша, оркестрде ойнаушылардың (оркестранттардың) музыка бойынша орындаудағы қатесі мен кемшіліктерін көрсетіп, қалай ойнау керектігін айтып, орындау шартын түсіндіріп, оларға әртүрлі міндеттер қойып отырады. Мұндай жағдайда оркестр жұмысының ойдағыдай сапалы және қызықты болуы сөзсіз.
Оркестрге келерде, дирижердың партитураны талдап, шығарманың мазмұны мен формасын (түрін) орындаушыларға жан – жақты түсіндірудің ерекше маңызы бар. Дирижер шығарманың идеялық мазмұнын әуелі өзі дұрыс білуі үшін, сол компазитордың өмірі мен творчествосын зерттеп, оның дәуірімен, сол кездегі саяси – қоғам ағымымен жақсы танысуы керек. Егер классикалық шығармалар ойналатын болса, ол қай дәуірдің ықпалымен шығарылды, ол шығарма- да қандай идея көрсетіледі – осыны зерттеу керек, ал халық шығармалары орындалатын болса, сол халықтың тарихы мен музыкалықдәстүрін жақсы білу керек және оған тән ұлттық өзгешеліктерге ерекше назар аударылуы тиіс. Еске қатты ұстайтын бір нәрсе музыкалық шығармаларды тыңдаушыларға түсінікті және әсерлі етіп орындау үшін қандай музыкалық шығармалардың болса да, оның мазмұны мен формасын бөлектеуге тіпті болмайды. Басқаша айтқанда, музыкалық қайсы буыны қай жерден басталып, қашан бітеді, оның әуені, ырғағы, жалпы гармониялық үндестігі қандай міне бұлардың барлығы да шығарманың мазмұны мен харктерін баяндауда орындау шарттарына жататын мәні зор, асқан қабілеттілік пен шеберлікті талап ететін шарттар болып есептеледі. Дирижер міндетінің аса жауапты, жан – жақты болуы да осыдан деп түсінеміз. Сондықтан ойнаушыларға қалай ойнау, орындау керектігін басқарушы әрдайым көрсетіп отырғанда, мұндай нұсқаудың барлығы тек дирижердың өз тілегінен, өзіне ұнаған – “жаңалығынан” шықпай, сол музыканың мазмұнынан туып отыру керек. Қорыта айтқанда, оркестрдің табысы, техникалық көркемдігі жоғары дәрежеде, ойдағыдай орындалуы – дирижердың жұмысына, оның сол шығарманы меңгеруіне, оркестрді дұрыс басқаруына байланысты. Ойнаушыларға шығарманың шапшаңдығы мен темпін, жеке аспаптардың қай жерде қосылып, қайсы жерде тыныс алатынын көрсету де, сондай-ақ, дыбысты кейде қатты, кейде жай шығаруды талап ету де дирижердың көп міндетінің біріне жатады. Ал оркестрге қатысушылар дирижеға жәрдемші болып, оның тілегі мен талабын мүлтіксіз орындауға міндетті.
3. Коллоквуиум.
-
Дирижердің міндеті не?
-
Дирижер музыкант кім?
Тақырыбы: Құрманғазы «Балбырауын».
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Домбырашылармен жұмыс.
-
Қобызшылар тобамен жұмыс.
-
Сырнайшы, және басқа топтармен жұмыс
-
Ансамблді түгел қосып ойнау.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
« БАЛБЫРАУЫН » - Бұл күй-қоғамдық қатынастарға, өмір тартысына қатысы жоқ күй. Жастардың ойын- сауығына арналған шығарма. Күйдің әуенінде бидің негізі бар. Күй басынан аяғына дейін жарқын жүзді, шат көңілді танытатын, өмір жырын жырлайтын, көктем желіндей көңілді, оптимистік шығарма.орыстың прогрессивтік жазушысы Н. Савичевтің «Балбырауын біздің нағыз дерлік домбыра үнімен де неге ән салғызған күйдің өзі» деуі де тегін айтылмаса керек. Кейбіреулер осы күйді Орынбор генерал-губернаторы Бородиннің балында ойнап, содан «Бала Бородина» аталған, кейін өзгеріп «Балбырауын » аталған деседі.
3. Коллоквиум.
-
Аспаптардың шығу тарихы.
-
Аспаптардың маңызы, мақсаты, түрлері.
Тақырыбы: Репертуар және оны үйрену
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Репертуар таңдау сұрыптау.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
1. Репертуар таңдау арқылы ұжымның біліктілік қабілетін арттыру.
Асамблдің жедел қалыптасып, идеялық – көркемдік жағынан өсіп, өркендеуі үшін, оған түсірілетін шығармалар барынша сұрыпталып алынуы керек.
Репертуардың қызықты әрі шағын болуының, оның идеялық мазмұнының жоғарғы дәрежеде болуының, орындаушылар үшін де үлкен мәні бар.
Әрине, оркестр жаңадан құрылып, оның ойнаушылары (оркестранттар) тек үйрену жолында жүрген болса, мұндай жағдайда өзінің мазмұны және құрылысы жағынан күрделі классикалық немесе халық музыка шығармаларын орындау ертерек болады, және оны ойнау қыйынға да соғады.
Сондықтан алғашқы уақытта оркестрдің мүмкіншілігіне қарай оркестрге қазақтың, орыстың бүкіл совет халықтарының игеруге болатын музыка мұраларынан, сондай-ақ орыс және батыс Европа классиктерінің, туысқан демократиялық елдердің, және совет композиторларының көлемі шағын, мазмұны терең шығармаларын қымсынбай пайдалану керек. Тұңғыш рет орындайтын оркестрге ірі аспапты шығармалардан гөрі, көп болғанда сегіз, әрі кетсе он алты тактыдан аспайтын халық әндерін түсіріп ойнатқан жөн. Өйткені халық арасына көп тараған әуенді әндер, шағын шығармалар оркестранттың түсініп орындауына, нотаға жаттығуына үлкен әсер береді, жалықтырмайды және көп дауысты оркестрдің жалпы дыбысымен жақсы танысады. Осындай жеңіл әрі тартымды музыкалық шығармаларды оркестрге түсіргенде, әр аспаптың өзіне лайықтап жазылған ойнауға жеңіл болатын партиясы болуын ойлау қажет.
Ансамблге тұңғыш рет жаңа репертуар түсіріп, оны үйрету керек болғанда, дирижер әуелі ол шығарманы ойнатып, орындаушыларға
шығарманың мазмұнын, оның ерекшелігін, формасын түсіндіріп береді. Бұл жұмыс жаңадан ойнайын деп отырған домбырашыға түрлі ой салып, шығарманың қандай дәрежеде орындалатынын түсінуге себеп болады. Музыканттың есіту қабілетін дайындап, тез үйреніп алуға талпындырады.
Бірақ шығарма қалай болса солай орындалмауға тиіс. Шығарма бірнеше рет қатарынан орындалып, тыңдаушылардың есінде қалатындай ойнау керек болады. Егер оркестрге түсірілетін шығарма нашар орындалса, онда ол музыканың түсініксіз, әсерсіз, көңілдегідей пайда бермейтіні өзінен-өзі түсінікті. Шығарманы тыңдап болғаннан кейін, дирижер әр тыңдаушыдан өздерінің сол шығармадан алған әсерін, оның мазмұнын, әуені мен сары- нын, шапшаңдығын және тағы басқа музыка ерекшеліктерін сұрайды. Бұл әдістің маңызы өте зор. Оркестрде ойнаушы- лар әбден қанығып, не ойнап, қалай орындап отырғанын жұмыс үстінде біліп отырады, ол басқарушыға жеңілдік туғызады.
Қысқасын айтқанда, бұл жұмыс шығармамен жалпы танысу ретінде алдын ала орындаушыларға түсінер- ліктей әсер беру мақсатымен жүргізіледі
Шығарманы үйрену, оны үйрету асығыстықты жақтырмайды, музыка өз дәрежесінде көңілдегідей шындалып шықпайынша басқарушы ойнаушыларға көмек боларлық жалпылама нұсқау беріп қана отырады. Бір шығарманы бірнеше күн ансамблді әр топқа бөліп, үздіксіз ойнатады. Асамблдің жұмысы басқарушының жұмыс жопары бойынша жүргізіледі.
3. Коллоквиум.
-
Репертуардың маңызы, мақсаты, түрлері.
-
Ансамблдің бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Тақырыбы: Н.Тілендиев «Өз елім»
1. Қарастырылатын мәселелер.
-
Домбырашылармен жұмыс.
-
Қобызшылар тобамен жұмыс.
-
Сырнайшы, және басқа топтармен жұмыс
-
Ансамблге түгел қосып ойнау.
2. Пайдаланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Қаһарман – Нұрғиса ХХ-ғасырда Байжігіт Саңлақ,Бұхар Жырау, Раздық, Байжұма, Ықылыас, Құрманғазы, Абыл, Есжан, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сары Тоқа, Сейтек, Қазанғап, Қыздарбек, Сегіз Сері, Абай, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Балуан Шолақ, Жамбыл, Дина, Мәди, Сүгір, Мұқан Төлебаев, Әбікен Хасенов, Жаппас Қаламбаев, Сыдық Мұхаметжанов, Латиф Хамиди, Төлеген Момбековтермен сабақтасып, осы заманның заңғар сазгері, дәулескер домбырашысы, дарабоз дирижері Нұрекеңмен, Нұрғиса Тілендиевпен ұласады.
Бұл арада баса ашық бір мәселе бар. Ол-әлі күнге дейін «Халық әні», «Халық күйі», «Халық биі» деп, сахнадан түспей жатқан ән, би, күйлеріміздің иесі авторының барлығы. Қазақ халқы қашанда құрметпен қарайтын Александр Затаевич жинақтап шығарған «Қазақ халқының 1000 әні» (1925ж), «Қазақтың 500 әні мен күйі» (1931ж) деп аталатын жинақтарға енген шығармалар соған дәлел. Сайып келгенде, мұның өзібіз әлі түгендей алмай отырған ұлан-ғайыр дүниенің бір парасы ғана. Әйтпесе, ел ішінде 2,5-3 мың жылдық мерзімді қамтитын шамамен 10 мыңдай ән мен күйдің мұрты бұзылмай, кезегін күтіп жатыр.
Біздің келер ұрпаққа мәңгілік мирас болып қалар ең асыл байлығымыз да осынау мәдени мұраларымыз. Сондықтан қолда барда алтынның қадірін білуіміз керек. Көзі тірісінде әділ бағасын беру арқылы шындыққа тура қараймыз. Ізгіліктің игі жолы да осында. Есімі ел ішінде кеңінен мәлім ғана емес, құдай берген табиғатына сай өз мінезі барлығы үшін де құрметпен қарайтынмын; сондай бітімі де, болмысы да бөлек, қазақ айтатын сегіз қырлы ұландарымыздың бірі, еңіске салса төске озған тұлпарларымыздың бірі, бірі ғана емес, бірегейі – Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев.
Менің әңгімені әріден, сонау орта ғасырдан бастауымның сыры мынады.: Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбатада біледі; толғандыра отырып ойландырады, әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді; онда атадан балаға мирас боп келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; онда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттілік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықлым заманғы бабалар рухымен, арман-мақсатымен сабақтас. «Ата толғауы», «Көш керуен», «Атадан мұра», «Менің бабам -Қарасай», «Жеңіс салтанаты», «Аққу» және басқа да ондаған күйлерінің репертуардан түспей келе жатқанының да бар сыры осында ма деймін.
Тілендиев көркем фильмдерге жазған музыкаларын былай қойғанда, вокальдық жанрда төрт жүзден астам ән жазыпты. Уақыт тезінен өткен, әсіресе: «Жан сәулем», «Кел еркем Алатауыма», «Саржайлау», «Ақ Жайық», «Әкеме», «Өз елім» әндері тойдың сәні. Бір «Куә болының» өзі не тұрады! Нұрғиса әндері санымен емес, мәнісімен маңызды. Елдің сүйіп айтуы да содан. Менің Нұрғиса Тілендиевті саңлақ сазгер деуіме, сіра да, осы екі мысал тиянақ болар деп ойлаймын.
3. Коллоквиум.
-
Әннің шығу тарихы.
-
Аспаптардың бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
.
Тақырыбы: Домбыра ансамбліне қатысушылардың ұйымдастыру жұмысы.
1. Қарастырылатын мәселелер.
1.Ансамбль қатысушыларының ұйымдастыру жұмысы.
2. Пайдааланатын әдебиеттер.
-
М.Балтабаев. – Фольклор және вокальдік аспаптық ансамбльдер. Алматы, 1989.
-
А.Мырзабеков. Қоңыр қаз. Алматы, 1983.
-
С.Байжұманов. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Алматы, 1990.
-
Бөрі Иса. Желтоқсан. Алматы 1990.
Ансамблге қатысушыларды ойдағыдай ұйымдастыру, оларды ансамбль жұмысымен мейлінше қызықтыру, сол коллективтің басқарушы адамына байланысты. Ол үшін басқарушы ең алдымен өзін күн бұрын дайындалып, белгілі жұмыс жоспарын жасауға тиіс. Ансамблдің сапалы, мардымды жұмыс істеу үшін бұл жоспардың үлкен мәні бар екені кімге болсада аян. Бірақ біз жоспардан бұрын, әуелі ансамблге қандай адамдарды, қалай сұрыптап алатынымызды білуіміз керек. Ансамбльге қатысып, домбырада немесе қобызда ойнаймын деген адамдардың бәрі солардың орынды тілектеріне қарай жарай бермейді. Тілек бірақ тілекке байланысты талап пен қабілет, ынта болу қажет. Сондықтан болашақ ансамбльдің творчестволық қабілеті ең алдымен оның құрамынан, ойнаушыларынан баянды болады. Сол үшін басқарушы – дирижер ансамбльге қатысамын деп тілек білдірушілерді әуелі жыйып алып, олардан «сынақ» алады. Ол «сынақ» мынадай дәрежеде өткізілуі тиіс. Бірінші – есіту мүшесі (слух) жарай ма, қанағаттандыра ма?
Екінші – ритм сезімі қалай, күшті ме? Үшінші – музыкалық есі (музыкалық память) дұрыс па? Төртінші – дене құрылысы музыкада ойнауға жарай ма? Міне бұл қойылатын талаптар – қандай адам болса да, музыкант болам деушілерге қойылатын негізгі талаптар. Егер осы шарттардың біреуі жетпесе де, ол адамға музыка аспаптарының бірінде ойнаймын, музыкант боламын деп талпыну аса қыйынға соғады. Мұны олар жақсы түсінуге болады. Ритм – музыка үшін де, музыкант үшін де өте бір қажетті нәрсе. Ритмнің жоқ болуы немесе оның әлсіз бол- уы басқарушыға қатты талап қоюды керек етеді. Ритмсіз – музыка жоқ. Сондықтан басқарушы сыналушыдан бұл жағын ұялмай-ақ сұрау керек. Үйренушілердің ритм сезімін тексергенде, оларға әелі жеңіл – желпі, содан кейін бірнеше қыйынырақ ритмді соғып көрсету керек. Ритм сезімі болса, музыкаға оқытуға, үйретуге жарайды. Ал музыкалық есін байқағанда, асылында мынаны ескеру керек. Кім болса да, алғашқыда тосыннан келген түсініксіз әуендерге тосырқап, бар қабілетін көрсете алмауы мүмкін. Сондықтан басқарушы оларға бұрыннан құлақтары үйреншікті, жадына сіңген әуендерді аспапқа салып беруге тиіс. Және бүтіндей бір әнді немесе оның жартысын қайталап айттырудың да керегі жоқ. Көп болғанда екі – үш тактыдан (шамамен) әрі аспау керек. Бұл сол адамның есіту мүшесін толық байқауға тиіс.
3. Коллоквиум.
-
Ансамблдің маңызы, мақсаты, түрлері.
-
Аспаптардың бұрауы мен дыбыстардың тазалығы.
Достарыңызбен бөлісу: |