Ұлт тарихы. Ұлт тауқыметі. Ұлт мақтаны. Ұлт тағдыры. Тарих. Тағдыр. Тұлға



Дата23.11.2023
өлшемі14.96 Kb.
#484185
Балару, мәтін


Ұлт тарихы . Ұлт тауқыметі. Ұлт мақтаны. Ұлт тағдыры.
Тарих. Тағдыр. Тұлға.
Осы ұғымдарды Мағжан шығармашылығына қолдансақ, оның «қазақтың таза ұлттық ақыны» деген биік атағына ешкім де таласа алмайды. Сөз жоқ, қазақ ақындарының бəрінде де ұлттық кейіп, бейне, тіл, ұғым бар. Бірақ оның қай- қайсы болса да, Мағжанмен салыстыруға келмейді.
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,
Күшті жалын ішке өтсін,
Ащы, ыстық жас төгейін.
Көрмейін ерік, тұтқын боп,
Абақтыда жұтып от,
Өтсін өмірім зарменен.
Берік болсын жау қамаған,
Сарғаяйын санадан,
Көрісе алмай жарменен.
Іште толған қалың дерт,
Жүректегі жалынды от
Зарлатар мені сол уақыт.
Елестеген ерікті,
Ұшқыр жанға серікті
Жырлармын мен жан атып.
Көрген сайын көп қысым,
Зарлы, ащы дауысым
Шырқырар Сарыарқада.
Өзегіне өтпей ме,
Зарлы жайым жетпей ме
Қазағыма - қалқама!
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жырыммен жаным жұбатам,
Жырыммен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін?!
Бұл қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Тілегім» өлеңі.Ақынның өлеңінде оның өмірі мен өршіл рухы бейнеленген. Мағжан ағамыз қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жалынды жырларымен көптің жанын жылытты, жүрегіне жол тапты. ҚҰРМЕТТІ ,ЖАС ДОСТАР! Үміт отын жағып, сезімдерін оятар ақынның өлеңдерін
130 жылдық мерейтойында сен де жырлап, челленджді жалғастыр.

Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Ақынның бізге айтып кеткен аманат сөзі осы. Ендеше, 130 жылдық

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет