Орындаған: Дунбаев Медет Жоспар 1.Қарым-қатынас стильдері 2. Көшбасшылық және жетекшілік 3. Қарым-қатынастың перцептивті,коммуникативті және интерактивті жақтары 4. Ұлтаралық қарым-қатынастардың ерекшеліктері Қарым-қатынас түрлер Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді. 1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiнбiрi жақсы түсінеді. Көшбасшылық және жетекшілік Көшбасшылық – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы– бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады [1]. Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ол адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды Жетекші-қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті: Бірінші тип — лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады Richard Branson - Қарымқатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Ұлтаралық қатынастар ерекшелігі Әлемдік психологиялық ғылымда қазірге дейін «топаралық» және «ұлтаралық қарым қатынас», «топаралық» және «ұлтаралық тәрбие», «топаралық» және «ұлтаралық өзара әрекеттестік» түсініктерінің термині нақты емес. Оның жалғасы ретінде, қазіргі әлеуметтік және ұлттық психология түсініктері тең дәрежеде жиі қолданылады. Ұлтаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-психологиялық өзектілік ретінде көрсете отырып, басты қажеті ұлтаралық қарым-қатынас аймағындағы психологиялық зерттеудің пәнін анықтау қажет. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық принціптік ерекшелігі әлеуметтік этникалық проблеманы қазіргі психологияда көңіл аударудың ортасы ұлтаралық процестер және әртүрлі байланыс, қоғамдық қарым-қатынас емес, ішкі көрініс және осы процесстерді тұлғаның қабылдауы, ұлттық этникалық топтың мүшесі ретінде когнетивті эмоциялық орта, этносаралық қарымқатынастың дамуына шынайы белгіленеді. Қарым-қатынас адамдардың бір-бірімен байланысы,оның барысында психикалық байланыс пайда болады,ол ақпарат алмасу,өзара әсер ету,өзара көңіл білдіуру. Назарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |