Тақырыбы: Бала бойындағы үрейді жеңудің педагогикалық-психологиялық негізі



бет1/6
Дата19.05.2022
өлшемі92.28 Kb.
#457788
  1   2   3   4   5   6
Бала бойындағы үрейді жеңудің педагогикалық-психологиялық негізі

Тақырыбы: Бала бойындағы үрейді жеңудің педагогикалық-психологиялық негізі



Мазмұны
КІРІСПЕ 4
1. БАЛА БОЙЫНДАҒЫ ҮРЕЙДІ ЖЕҢУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері 7
1.2 «Үрей», «мазасыздық», «уайымдау», «қорқыныш» сезімдерінің зерттелуі 20
1.3 Үрей, мазасызданудың пайда болу себептерінің психологиясы және кіші мектеп оқушыларының мазасыздану ерекшеліктері 30
2. БАЛА БОЙЫНДАҒЫ ҮРЕЙДІ ЖЕҢУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 42
2.1 Бала бойындағы үрейді жеңудің психокоррекциялық жұмыстары 42
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижесі 48
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 50

Кіріспе
Диагностика» термині гректің dia – арасында, сонан соң жəне gnosis – білім деген екі ұғымынан құралады. Ғылыми əдебиеттерде термин түрлі мазмұнда аударылады. Жалпы «диагностика» адам, ұжым, құбылыс, процесс туралы жинақталған білім негізінде жүзеге асырылатын іс-əрекет ретінде түсіндірілсе, ал «психодиагностика» жеке адамның психологиялық құрылымын тұтасымен танып білуге жəне белгілі бір психологиялық ерекшеліктерін анықтауда қолданылады
. Ғылымның теориялық мазмұны психологиялық тесттер, əдістемелерді меңгерту жəне оқыту процесі барысында мəліметтерді өңдеу, талдау тəсілдерімен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар психодиагностика психологиялық əдіс-тəсілдердің белгілі бір талаптарға сай қолданылуын қадағалайтын ғылыми сала.
Психологиялық сөздіктерде психодиагностика ұғымы адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын, өлшейтін əдіс түрінде жəне психология ғылымының саласы ретінде сипатталады. К. М. Гурьевич психодиагностиканы психологиялық экспериментпен бақылаудың бір түрі ретінде қарастырады, С. Л. Рубинштейн психологияны топтағы адамдардың деңгейіне қарай бөлу керек деп түсіндіреді. В. А. Дюк диагностиканың негізін жеке адамның қасиеттерін сандық бағалауда, яғни статистикалық заңдылықтарды анықтау өлшемдерімен сипаттауды ұсынды. Сонымен қатар, психодиагностика жеке адам қасиеттерін зерттеу барысын бағалауға да бағытталады. Мұнда ол эксперименттің ерекше бір түрі ретінде қолданылады жəне диагностикалық əдістер мен тəсілдердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Р. С. Немов психодиагностиканы оқыту пəні ретінде зерттеліп отырған обьектіні психологиялық өлшемдермен бағалау құралы деп қарастырды. Ал кейбір ғалымдар (А. А. Бодалев, В. А. Столин, Й. Шванцар) пси- 6 ходиагностиканы психология ғылымының практикалық өрісі мен теориялық негізінің шыңы ретінде қарастырады. Сонымен, жеке адамның қасиеттерін тəжірибе барысында зерттеу ережелеріне негізделген психодиагностикалық қызмет психолог əрекетіндегі кəсіби нормалардың жиынтығы жəне соның барысында анықталған адами қасиеттердің сапалы да, шынайы өлшемі болып табылады. Осы өлшемнің көмегімен жеке адамның сапалы стимулға деген реакциясы, дағдысы, икемділігі, мотивациясы анықталады. Жоғары дəрежелі психолог кеңесші болу үшін психодиагностиканың тəжірибелік жəне теориялық саласын жеткілікті білу шарт. Бұл деңгейде психолог практикалық психодиагностиканы түзету-дамыту, кеңес беру барысында жəне қолданбалы психология, педагогика салаларында кеңінен қолданады.
Адамдардың психологиялық қасиеттерін бағалау жүйесінің тарихы мен оларды қолдану сонау ерте заманнан басталған. Оның дəлелі ретінде біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықта көне Вавилонда мектеп түлектеріне зерттеу жүргізілген деген мəліметтер бар. Көне Египетте абыз мəдениетіне қатаң тестілеуден өткен адамдар ғана үйретілген. Пифагор өз мектебінде түрлі тапсырмаларды дұрыс орындаған адамдарды таңдап алған.
Ерте Қытайда б.з. дейінгі 2 мың жыл бұрын үкімет аппаратына шенеуніктер сайлауда олардың ерекше мотивациялық, эмоциялық ерік тұрақтылығын, физикалық қабілеттілігін, ар-намысы мен мəдениеттілік сияқты қасиеттерін арнайы зерттеу қалыптасқан. Орта ғасырда Вьетнамда азаматтық жəне əскер шенеуніктерін сайлау барысында олардың жеке қасиеттеріне баса көңіл аударылған. Қиыр шығыс елдерінің медициналық білім беру жүйесінде де психодиагностикалық əдістер қолданылған, яғни адамның ойлау қабілетінің психологиялық ерекшелігі мен оның белгілі бір физиологиялық, əлеуметтік, биологиялық ауысу өзгерістері психологиялық тұрғыда зерттелген. Мысалы, баланың есте сақтау қабілетінің төмендігі, оған əсер ететін факторлар мен заңдылықтарды анықтау жəне т. б. Сонымен бірге, психодиагностика психологияның барлық саласы, соның ішінде, еңбек психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, патопсихология салаларында кеңінен қолданылады.
Нақты айтқанда, тəжірибиелік психология мен психодиагностика мамандардың негізгі қызметінде əлеуметтік зерттеу əдістері ретінде қарастырылады. Бұл қалыптасқан дəстүр ретінде, яғни əлеуметтік қызмет саласында белсенді əлеуметтік психологиялық зерттеу түрінде қолданады. Əлеуметтік психологиялық зерттеулерде психодиагностика кейбір өлшемдердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін беретінмəлімет ретінде кең пайдаланылады. Бұл мəлімет психодиагностиканы теориялық жəне қолданбалы психологиялық ғылым саласы ретінде айқындай түседі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет