Ұлттық бас киім композициясын құрастырудағы жобалау іс-әрекеттері



бет1/2
Дата19.05.2022
өлшемі151.42 Kb.
#457379
  1   2
Бас киім ғылыми жұмыс


Ұлттық бас киім композициясын құрастырудағы
жобалау іс-әрекеттері
Заманауи білім беру жүйесінде оқушыларды, білімгерлерді білім меңгеруі мен іскерлік, дағдысын қалыптастыруда жобалау әдісі кеңінен қарастырылуда. Мұнда білімгердің белсенділігі интеллектуалдық іскерліктері қарқынды жүзеге асырылады.
Жобалау іс-әрекеттерін жоспарлау негізінен төмендегідей міндеттерді шешумен байланысты:
- жобаланатын бұйымға сәйкес келетін критерийлерді анықтау;
- дизайндік, экономикалық баға талаптары негізінде ұлттық музыкалық аспап үлгілері бейнеленген бас киім түрлері конструкциялары нұсқаларын зерттеу;
- бас киім конструкциясының және дайындалу технологиясының едәуір тиімді нұсқаларын таңдау және талқылау.
Ұлттық музыкалық аспап үлгісі бейнеленген бас киімді көркем жобалаудың эскизді-графикалық және көлемді әдістерін қолдану тиімді. Бұйым әзірлемесінің реттілігі төмендегідей болуы мүмкін:
1) жобалау алдындағы зерттеу (алдын ала жобалық зерттеу): конструкторлық тапсырмаларды саналы сезіну; ұқсастықтарды, әдебиеттерді, жобалау материалдарын зерделеу; функциональдық, эргономикалық, технологиялық, экономикалық және эстетикалық талаптарды анықтау;
2) көркем конструкторлық іздеу (алдын ала эскиздік жобалау): әзірлемелер; іздеу макеттері; конструкторлық міндеттерді жүргізу;
3) эскизді жобаның әзірлемесі: планшетте эскиздерді (бұйымның ортогональдық түрлері және перспективте көрнекі бейнелеу) дайындау; жобаға түсіндірмелер жазу;
4) жобалық-конструкторлық құжаттарды құрастыру: жұмыс сызбаларын және үлгілерді (шаблондарды), технологиялық карталарды орындау.
Ұлттық музыкалық аспап үлгілері бейнеленген бас киімді көркем конструкциялау принципімен жоба дайындау туралы негізгі мағлұматтар бұйымның сапалы орындалуына негіз қалайды.
Ұлттық-сәндік бас киім үлгілерін жасауда архитектуралық – көркемдік заңдылықтар басшылыққа алынды.
Домбыра мен қобыз үлгілерін бейнеленген сәукелені конструкциялау кезінде тек арналуына сай келуіне ғана емес, сондай-ақ оларды қыздар кигенде жан-жақты ыңғайлылық, үйлесімділік қамтамасыз етілу тиіс.

Композиция – барлық элементі үйлесімді, өзара байланысты бүтін туынды тұрғызу. Көркем конструкциялауда композиция негізін объекті тектоникасы құрайды және оның тағайындалуы мен конструкциясына, көлемді – кеңістікті құрылымына жауап береді.


Тектоника – заттың конструктивті схемасына, оның объективті физикалық қасиетіне, бөлшектерінің масса қатынасына және т.б. сәйкес заңдылықты тұрғызылуының көрінуі. Ол заттың бөлшектерінің өз ара қатынасты (пропорциялы) орналасуында, форманың ритмдік тұрғызылуында және т.б. көрінеді.
Нюанстар – біртүрлі элементтердің формасы, өлшемі, фактурасы, түсі және т.б. бойынша өте аз айырмашылығы.
Бұйымды композициялаудағы суретші – конструктордың жеке жұмыс әдісіне тоқталайық. Дизайнердің шығармашылық іздену әдістерінің бірі – эскиз іздеу. Эскизді нобай объектіге алдын-ала қойылатын талап сипатын, уақыт мезгілдеріне сәйкестігін бағалауға мүмкіндік туғызады. Эскиздің шығармашылық іздеу тездігіне және экономикалық күмәнділігі жоқ болғанның өзінде эскиз болашақ бұйым туралы толық мағлұмат бермейді.
Көркем конструкциялаудағы негізгі эргономикалық талаптар.
Бұйымның техникалық және эстетикалық сапасының үйлесімділігі эргономикалық мәліметтермен өзара байланыста болуында. Эргономиканың басты талаптарының бірі – адамның көру органының мүмкіндігін зерттеу.
Бас киім үлгісін модельдеуде және конструкциялауда түс басты мәнге ие. Ол функциональдық, психофизиологиялық және эстетикалық жүктеме атқарады. Психофизиологиялық тұрғыдан қарастырғанда түстердің «температуралық» және «салмақтық» сипатын атауға болады. Қызыл, қызыл сары, сары реңді түстер жылы деп аталады, олар затты бақылаушыға жақындатып, адамды қоздырады, қызыл түс адамды тез шаршатады.
Күлгін, көк және көкшіл түс суық деп аталып, керісінше затты оңашалап, көңіл тыныштандырады. Көру үшін тиімді түс жасыл – олар адамның көзішілік қысымын түсіреді. Түстің емдеу туралы, еңбек өнімділігіне әсері туралы мәліметтер бар. Сондықтан түсті таңдау ғылыми негізделеді. Сондай-ақ тек жасыл түсті пайдаланып түсті климат етуге болмайды.
Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы.
Бұл – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззәт сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал қол өнер бұйымдарын бейнеленетін бедер өрнек дейді. Қазақтың «Ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы – сәндеу, әсемдеу.

Оюдың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің жануарлардың тұспалдап тұратыны белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш жердің белгісі ою - өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы адамдар қауымында болған. Әр ою - өрнектің символдық мәні бар. Мысалы, «қырық мүйіз» ою - өрнегінің символдық мәні бақыт – береке, байлық, мал – жанның көбеюі. Ал «құстұмсық» ою - өрнегінің символының мәні азаттықтың белгісі.


Дайындалған ұлттық музыкалық аспап үлгілері бейнеленген сәукелелерді біткен соң төмендегідей талаптар бойынша талқыланды, олардың:
- дизайнерлік көркемдігі;
- эстетикалық айқындығы;
- эргономикалық безендірілуі.
Көркемдік айқындау композициясы көп жағдайда симметрия мен ассиметрияға байланысты болады.
Симметриялы форма көзге бірден қабылданады.
Ассиметрия біртіндеп оқылып, сонан соң қабылданады.
Біздер сәукелерді дизайнерлік-конструкторлық талаптарға сай эстетикалық пішін беруді назарға алдық.
Мұнда композицияның дұрыс болуы талап етіледі.
Композиция - эстетикалық сипаттама болып табылады, белгілі жүйедегі және реттіліктегі бұйым бөліктерінің, негізгі элементтерінің орналасуын нұсқайды. Композициялық құрылымның әр түрін, анықтау үшін пайдаланылатын негізгі категорияларға қатысты: көлемді-кеңістікті құрылым, тектоника, ритм, тепе-теңдік, симметрия, ассиметрия, динамика, статика, масштаб, масштабтылық, пропорция, контраст, нюанс және т.б.
Композицияның маңызды, басты құралы ол контраст: ұзын-қысқа, ірі-майда т.б. контраст мынадай жағдаймен масштабты қадағалауға байланысты, ол әртүрлі материалдарды пайдаланумен өңдеу әдістерімен қол жететін жұмыс.
Бұл біздің жұмысызда назарға алынды.
Сондай-ақ, аяқталатын жұмысқа дизайнерлік талдау жасалды.
Дизайн - ағылшын тілінен аударғанда “ұшқыр ойшыл, әдемі жоба” дегенді білдіреді (кәдімгі ұсыныс емес). Дизайнер - ұшқыр ойлы суретші-конструктор.
Эстетикалық мәнерлілігі конструктор ойының жүзеге асыру реттілігінің нәтижесі ретінде көрініс табады. Конструктор оны жүзеге асыруда заттық пішінге мақсатты түрде жеткізеді. Жеңілдетілгендігі, пропорциялылығы, сызықтардың үйлесімділігі, элементтердің көлемділігі және түстілігі және т.б.
Бұйымның функциональдылығы - конструкциялау принциптерінің бірі. Адам әзірлеген қандай да болмасын зат белгілі функцияларды орындайды немесе орындауға арналады. Конструктор бұйымның пішінін анықтауды, ол бұйым өзінің функциональдық арналуына максимальды түрде жақындауы қажет, ол конструктор ұмтылысында көрініс табады.
Біздер соңғы әзірленген бұйым нұсқасында жоғарыда аталған талаптарды назарда ұстауға ұмтылыс жасадық. Оның ішінде:
- ұлттық музыкалық аспап үлгілері бейнеленген, қобыз бен домбыра сәукелелер пішіндерін;
- олардағы түстерді;
- пайдаланған материалдарды;
- олардың салмағын мен пайдалану ыңғайлылығын, т.с.с. талқылау.
Осылардың негізінде соңғы бұйым үлгісі көпішілікке ұнамды деп табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет