Ұлттық Біліктілік Тестілеу 2020 / Информатика


  Сызбалардан, графиктерден, кестелерден тұратын модельдер:  Ж: құрылымдық модельдер  61



Pdf көрінісі
бет11/148
Дата18.05.2022
өлшемі1.49 Mb.
#457083
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   148
келген7000-1

60. 
Сызбалардан, графиктерден, кестелерден тұратын модельдер: 
Ж: құрылымдық модельдер 
61. 
Ақпарат және ақпараттық үдерістер. 
Адам өмірінде үнемі затпен, энергиямен және ақпаратпен қарым- 
қатынаста болады. Сендер де тамақсыз, киімсіз, үйсіз, және т.б. өмір сүре 
алмайсыңдар. Бұлар материалдық нысандар мен немесе заттар деген жалпы 
ұғымды білдіреді. Үйіміздегі жылу, электр қуаты-бұл энергия. Кітаптардан, 
журналдар мен теледидардан және т.б ақпарат аламыз. Ақпарат әртүрлі 
байланыс желілері арқылы беріледі: электрлік, талшықты және т.б. Қазіргі кезде 
біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды-компьютерлік желілер құрылымы 
дами бастады. Осыған байланысты техникалық жүйелерді (мысалы, Жерден 
спутникті басқару немесе мобилдік телефон арқылы үйдегі кондиционерді қосу 
және т.б.). Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада 
орын алады. Ақпаратық үдеріс қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен 
атқарылатын іс-әрекет. Адам ақпарат әлемінде өмір сүреді. Уақыт өткен сайын 
ақпарат өзгереді, адамның өзі де өзгереді (білім, тәжірибе жинақтайды), 
адамның әлем туралы түсінігі де өзгереді. 
1. Қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекеттің ұғымы 
Ж: Ақпаратық үдеріс 
2. Қоршаған орта нысандарының өзара әрекеттесу кезеңдерінің бейнеленеуі 
Ж: Мегаәлем, макроәлем, микроәлем 
3.
нысандар құрайды. 
Ж: Мегаәлем 
галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар үлкен көлемді 
4. Ақпаратта орын алатын үдерістерді таңдаңыз 
Ж: Тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада 
5. Ақпараттық үдеріс түрлері 
Ж: Ақпаратты сақтау, өңдеу, қабылдау 
62.Қазіргі уақытта біз виртуалдық, нақтылық деген ұғымды жиі естиміз. 
«Виртуалды шындық» ұғымын 70-жылдардың соңында Массачусетс 
технологиялық институтында ойлап тапты деген дерек бар. Ол шындықтың 
компьютер көмегімен берілген үшөлшемді макроүлсісін анықтау үшін 
пайдаланылған. Бастапқыда ол үлгілер әскери салада әлдебір техниканы 
сынақтан өткізу алдында қолданылған құрылғыларға қатысты айтылған. Ал 


12 
Жарон Ланье терминді жаңа компьютерлік өнімдерге байланысты пайдаланып, 
ол көпшілік айналымға компьютермен бірге еніп үлгерді. 
Неліктен компьютерлік ойында адамға гравитация күші әсер етпейді? 
Жауап: бұл ойынды жасаған ойын әлемінде физикалық заңдарды елемеуге
бұзуға билігі болады. 
Виртуалды әлемде қандай болмасын кез келген заңдылық қолданылса да, ол 
нақты өмірге ұқсайтын жағдайда біз оны мойындаймыз. 
Компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды 
адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты – қолдан жасалған 
құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз. 
Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен 
нысан-үлгілер құрылады. Қазіргі уақытта нысанның сипаттамасы немесе 
құбылыстар арнайы программа арқылы компьютер жадында жазылып 
сақталатындықтан компьютерлік үлгі жасау кеңінен қолданылады. 
1. «Виртуалды» термині қай тілден шыққан 
Ж: латын 
2. 3D анимация - ... 
Ж: үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация 
бағыты 
3. Үшөлшемді графика құратын компьютерлік программаның түрлері 
ж: 3D max, Blender 3D, K-3D, Wrings 3D 
4. Blender – программасы ... 
Ж: үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға, анимация және интерактивті 
қосымшалар жасауға арналған программа 
5. Компьютерлік графиканың екі бағыты 
Ж: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   148




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет