42
сөйлейтін сөздерін спичрайтерлер тобы дайындайды екен. Бұл топта Б. Омарұлы, Д.
Қыдырәлі, т.б. болуы мүмкін. Олардың жазбалары да қолдан-қолға өтіп, ұжымдық жұмыс
болып келеді. Бізде бұл істермен айналысушылар әзірге «баспасөз хатшысы», «сарапшы»,
«консультант», «референт» деп әртүрлі аталып жүр. Бірақ бұл қызмет олардың толық
міндеті емес, негізгі функциясына жатпайды және оған олардың деңгейлері жете бермеуі
мүмкін. Спичрайтер тіпті штаттық құрылымда болмағаны сөзсіз. Жалпы «баспасөз
қызметінің міндеттеріне – Президенттің ресми сөздерінің, сұхбаттарының,
мақалаларының,
ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын
стилистикалық және әдеби
редакциялау; Президенттің қызметі, оның ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын
түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының,
ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау кіреді» делінген [9].
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болған Берік Уәли 2022 жылғы 9 қаңтар күні
мәлемдеме жариялап: «Отандастарына жасаған барлық үндеуін ол (Қасым-Жомарт Тоқаев)
кеңесшілердің қолдауына жүгінбей, дәстүр бойынша өзі жазды», – деді. Егер оның «дәстүр
бойынша» деген сөзіне мән берсек, бұған дейінгі жазбаларын да мемлекет басшысының өзі
жазғанын байқаймыз. Жарық көрген кітаптарынан да қабілетін қолтаңбасын танып қалдық.
Бірақ Президент қызметіне кіріскелі бері жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы
Қазақстан»
(«Егемен Қазақстан» 09.01.2020), «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
(«Егемен
Достарыңызбен бөлісу: