20
Қазақтың осындай ұмытыла бастаған салт-дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптарын ұрпаққа
жеткізіп жаңғыртуда оны тасқа басып жазып кеткен зерттеушілердің жабалары үлкен
маңызға ие.
Қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерін, жөн-жоралғылары мен қазақ халық
медицинасының ерекшеліктерін жинап, оны орыс тіліне аударып бастырушы Әбубәкір
Диваев есімі Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Ж.Көпеев, Г.Потанин, В.Радлов секілді ХІХ-
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетін зерттеуші белгілі тұлғалардың қатарында тұр. Әбубәкір
Ахметжанұлы 1856 жылы Орынборда башқұрт ақсүйегінің отбасында дүниеге келіп, 1933
жылы Ташкент қаласында дүниеден озған. Әкесі Ахметжан әскери адам ретінде сол кездегі
Түркістан өлкесіне жиі келген. Диваев та жас кезінде Түркістан қаласында уез бастығы
болған ағасының қолында біраз уақыт тұрып, есейе келе Орынбор
кадет корпусының Азия
бөліміне оқуға түседі. Оқуын аяқтағаннан кейін 1883 жылдан, шамамен 25 жасынан бастап
Сыр бойын, Әмудария мен Хиуа өлкесін, Оңтүстік Қазақстанды аралап, қазақ халқының
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына, сенім-нанымдарына қатысты құнды материалдар жинаумен
шұғылданған.
1895 жылы Диваевтың қатысуымен Қожа Ахмет Яссауи мешітінен табылған көне
жазулар Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге жасаған елеулі үлес болды. Ә.Диваев 1918
жылдан бастап Түркістан университеті мен Түркістан Шығыс институтында қазақ
этнографиясы курсынан сабақ береді. Біраз уақыт Ташкенттегі Түркістан өлкетану
музейінің археологиялық және этнографиялық бөлімдерін, 1920 жылдан Сырдария, Жетісу
облыстарына жасалған экспедицияларды басқарды [1].
Диваевтың жинаған этнографиялық дүниелердің арасында қазақ халқының рухани
мәдениетінің үлгілерін толық қамтып ырымдары мен тиымдары, бесік жыры, беташары,
құдалық салтын, жылан мен құрттардың шаққанда уытын қайтартын қасиетті дұғалар, киелі
тұлғалардың
кесенелеріне қатысты аңыздар, ертегілер, жоқтаулар, бақсы сарыны, салт-
дәстүрлеріне қатысты мақал-мәтелдер мен қазақ эпосының жауһарларын жазып қалдырды.
Мәселен, оның «Сырдария облысы қазақтарының үйлену жоралғылары туралы бірер
сөз» деп атпен жарық көрген мақаласында ғалым құда түсу, қалыңмалдың көлемі, күйеу
баланың ұрын немесе құпия түрде келуі, неке қию дәстүрі және қазақтардың ежелден келе
жатқан басқа да жоралғыларын жазып өтеді. Аталған мақалада қазақтардың құдалыққа
байланысты жоралғыларының сәбидің дүниеге келетін уақытынан бірден басталатындығы,
ер бала дүниеге келсе оның әкесінің қызы бар,
өзіне тең, лайықты адамды іздей
бастайтындығы, егер сол кішкентай қыздың әкесі келіссе, қалыңмал көлемі туралы
әңгімелер жүргізетіндігін және т.б. мәселелерді бастап кететіндігін жазуы біз үшін өте
қызықты дер едік.
Ғалым өзінің этнографиялық материалдарын басында «Сырдария облысының
статистикасына арналған материалдар жинағында», кейіннен «Қазан университеті
жанындағы археология мен этнография Қоғамының Жаршысы», «Түркістан ведомостысы»
және тағы да басқа Ресей мен
Еуропаның ғылыми әлемі оқып, таныса алатын ғылыми
басылымдарда жарыққа шығарды. Диваевтың «Қырғыз бақсылары», «Жын-перілердің
әңгімелері» (Демонологические рассказы) деп аталатын жазбалары қазақ халқының
мәденитеті мен тұрмысынан хабары жоқ Еуропа елдері ғалымдарының, соның ішінде,
әсіресе неміс оқымыстыларының да назарын аударды. Мәселен, «Қазақ өміріндегі
бақсылар» (Баксы в жизни киргиза) деп аталатын мақалада «сеанс кезінде Бақсы қобызда
ойнауын тоқтатпайды және оның тоқтауы бақсы әбден шаршаған
уақытта ғана белгілі
болады. Қобыз тоқтағаннан кейін бақсы есінен адасқан адамның күйін кешіп, көзі қанға
толып, оның айналасына әруақтар мен рухтар жиналғандай болады. Бақсы олардың
әрқайсысын есімдерімен атап, сипаттап сөйлейді. Осындай айқайлап, барлық күшін
сарқыған бақсы соңында сөй сөйлеу емес, дыбыс шығару қабілетін де жоғалтып, әлсірейді»
[2], - деп жазды.
Қазақ халқының наным-сенімдеріне байланысты автор «Сиқырлы қастандық»
(Волшебный заговор), «Қырғыз ауру-сырқауларын бәдік өлеңдері арқылы емдеу»
21
(Киргизские болезни и лечение их посредством пения бедик), «Киргизские поверье» т.б.
еңбектерін жазды. Мәселен, «Саяхат уақытындағы қырғыздардың белгілері» (Приметы
киргиз во время путешествия) мақаласында «егер қазақ жолға шығар алдында жылқысы
көңілді тұрып. Құлағын қайшыласа, жолым болады, мақсатыма жетеді екенмін деп қатты
қуанады»,
Әбубәкір Диваев түрік халықтарының этнографиясы мен фольклорына арналған
жүзден астам ғылыми еңбектердің авторы. Ғалымның тікелей атсалысуымен қазақ, өзбек,
қырғыз, қарақалпақ секілді түркі тестес елдердің этнографиялық
материалдары мен
«Алпамыс», Қоблыанды батыр, Едіге, Қамбар батыр секілді ауыз әдебиетінің эпостары
жинақталып, орыс тіліне аударылды. Ғалым өзінің қазақ халқының ертегі-аңыздарды,
мақал-мәтелдері, салт-дәстүрі, өлең-жырлары, халық даналығы мен медицинасына
байланысты жұмыстарын қазақ даласында экспедициялық жұмыстар жүргізу
арқылы
жүргізді [3, 23-б.]. Ал бұлай экспедициялық жұмыстармен далалық жерлерде жұмыстар
жүргізудің адамның денсаулығына, өмірінде өте көп қиыншылықтар тудыратындығы және
табандылықты талап ететіндігі белгілі.
Белгілі мемлекет қайраткері, ғалым Өзбекәлі Жәнібеков Диваев ақсақалды «Қазақ
этнографиясының Леонардо да Винчиі, Ломоносовы» деген екен. Бұл атау зерттеушінің
артында қалған мұрасының ауқымы мен маңыздылығының бағалы екендігінен
туындағандығы анық.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Уайсова А. Қазақтың жауһарын жинаған Елордада – есімі // Астана Ақшамы,
2021ж., 17 шілде.
2. Исабаева А.С. Этнопедагогические воззрения в трудах А.А.Диваева //
https://docviewer.yandex.kz/view/0/
?.
3. Жүсіпов Н.Қ. Қазақ фольклортану ғылымы: ХХ ғасырдың бірінші жартысы.
Павлодар., 2007. - 381-б.
Достарыңызбен бөлісу: