Ұлттық экономиканы дамытудағы жасыл энергетиканың рөлі Еркін Назарбай



Дата29.02.2016
өлшемі46 Kb.
#30584
Ұлттық экономиканы дамытудағы жасыл энергетиканың рөлі
Еркін Назарбай

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ

Экономика, 4 курс студенті
Ғылыми жетекші

Иляшова Гулия Кенжебековна

Аға оқытушы, экономика магистрі
«Қазақстан - 2050» Стратегиясына үңілсек, Мемлекет басшысы жиырма бірінші ғасырдың жаһандық он сын-қатерін тізбелеп береді. Онда жер бетін алаңдатқан келелі он проблема сөз болады. Оны да өркениетке бет алған кез келген мемлекеттің күн тәртібіндегі бірінші мәселе екіні даусыз. Соның бесіншісі - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Енді Елбасының өз сөзіне жүгінсек: «Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергетияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік береді [1].

Көмірсутегі экономкасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады [1].

Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады» [1].

Еуропа елдері ғасыр соңына дейін қолданылатын қуаттың 50 пайызын жасыл энергетикаға көшірмекші. Сонымен байланысты Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты ұраны да болашақтың қуаты - жасыл энергетикаға әлемнің назарын аудару болып отыр [1].



«Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы шара Елбасы жиырма бірінші ғасырдың тап бесінші сын-қатерін деп таныған жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің алдын алады. Бұл жөнінде Президент :«Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақ энергиясын» өз көзімен көре алады» дейді [1].

Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады [6].

«Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері — қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады. [6].

«Жасыл энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады, яғни:

● ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге;

● балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготи;імділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу;

● энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;

● энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару;

● тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету [6].

2013 жылы әлемнің халық саны 7 миллиардтан асты. Сонын ішінде 45% халық қала тұрхындары болып табылады, 20 жылдан кейін бұл көрсеткіш 60%-ға жетеді. Қазіргі таңда медицинаның қарқынды дамуымен байланысты өлім-жетімнің аздығы әлем халық санының өсуіне тікелей себеп болып табылады. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға дейін әлемнің халық саны 9 миллиардқа жетеді.

Болашақ 50 жыл аралықта энергия сұраныс көлемі артатын аймақ ол экономика даму тұрғыдағы ең белсенді аймақ:

- азияның халық санының өсу көлемі 50% болғанымен оның энергия тұтыну көлемі 361%-ға артады;

- латын америка мен африканың халық санының өсу көлемі 40% болғанымен энергия тұтыну көлемі 326%-ға артады [5].

Осы аталған үш аймақ орман, кен-жанармай қоры және су ресурстар мен энергия мәселесінен үлкен қиындықтарға тап болып тұр. Сонымен байланысты қазіргі таңда дамыған елдер мен дамушы елдер бірлесіп, болашақта экологияны бұзбай және адамзаттың энергетикаға деген сұранысын қамту үшін болашақ жасыл энергетика тұралы тақырып қозғап талқылауда [5].

Жаһандық болжамшылардың есебі бойынша әлемдегі барлық мұнай қоры 2 триллион баррельді құрайды екен. Яғни, болжамдардың өзі мұнайдың шекті қоры болатынын, оның өздігінен бір жерден ағылып немесе құйылып пайда болмайтынын алға тартады. Ендеше, мұнайдың қоры да күндердің бір күнінде таусылады. Бірақ, шындығына келетін болсақ, «әлем жақын уақытта мұнай мен газсыз қалады» деген пікір бос сөз. Ол -20, тіпті 40 жылдан кейін де мұнай мен газ энергетиканың негізгі көзі болып қала береді. Осыдан 20 жыл бұрын-ақ біздің геологтарымыз мұнайдың таусылып бара жатқаны жайында дабыл қаққан болатын. Бірақ сол сексенінші жылдарын соңында Теңіз, Қарашығанақ, Жаңа жол секілді айтулы кен орындарын ашты. Бұл дегеніміз, жердің тереңдегі тұз қабаттарының астында мұнайдың орасан қорлары жатқанын дәлелдеді. Ұзақ жылдар бойы келе жатқан тұз астында мұнай болмайды деген қағиданың дұрыс еместігін анықталды [2].

Яғни мұнай қорының азайғанына байланысты ғана балама көздерді іздестіріп жатырмыз деген қорытынды жасауға болмайды. Біріншіден, сол болжамған мұнай көздерінің бәрі өте тереңде, иә болмаса, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, адам қолының жетуі қиын жерлерде орналасқандығынан. Солай болғандықтан, әрине, оны жер бетіне шығару көптеген проблемалар мен орасан шығындарды тудырады. Нақтылап айтқанда, тереңде және қолайсыз жерлерде орналасқан мұнайды игеру үшін қосымша энергия шығындары қажет [2].

Осыдан барып пародокс туындайды, біз мұнай мен газды өндірген кезде, оны игілікке толықтай жарата алмаймыз, керісінше, алған мұнаймыздың қуатының басым бөлігін жер астындағы мұнайды бері қарай шығаруға пайдаланасыз. Осыдан 50 жыл бұрын америкалық ғалым Кинг Хубберт былай деген: «Мұнай энергетика көзі ретінде оны электр энергиясы көмегімен өндіру арзан болып тұрғанға дейін пайдаланады. Ол мүмкін болмай қалған кезден бастап, бағасының қандай болғанына қарамастан, мұнай өндіру тоқтатылады». Бұл қорытынды Хубберт заңы болып бекітіліп қалды [2].

Бұдан басқа тағы бір себеп бар, бұл - адамзат өмірі мен қоршаған орта үшін өте маңызды нәрсе. Көмірсутек отындарын пайдалану арқылы біз өзіміз өмір сүріп отарған қоршаған ортаны улап жатырмыз. Бұл жерде әңгіме ауаның ластануы ғана емес, планетамыздың үстіндегі температура жоғарылауда. Бұл климаттың түбегейлі өзгеруіне апарып соқтырады [2].

Бұл туралы әлем дабыл қағуда. Тек қана энергетикалық жұмыстарды жүргізу есебінен атмосфераға жыл сайын 734 миллион зиянды заттар мен 26 миллиард тонна көмірсутек диоксиді лақтырылатыны анықталды. Олар жердің үстіңгі қабатына барып жинала береді. Егер осылай жалғаса беретін болса, алдағы 50 жыл ішінде палнетамыздың үстіңгі қабатындағы температура тағы да +2 градусқа өседі. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің Іле Алатауы басындағы мұздықтардың соңғы 50 жылда 45 пайызы еріп кеткені анықталған. Осылайша жалғаса беретін болса, енді елу жылда мұздықтар тегіс жойылады. Ал біз соның нәтижесінде, таудан бастау алатын өзендерімізден айырыламыз. Алматы - 22 тау өзені бар әлемдегі жалғыз қала. Орайы келгенде айта кететін, біз сол тау өзеңдеріне шағын ғана каскадтық гидроэлектрстансаларын салуды армандап жүрміз. Бұл да баламалы энергетикаға қосылатын үлес болмақ [2].

Адамдар қосымша энергия көздерін ғана жоғалтып қоймайды, ғасырлар бойы қатып жатқан айсбергтер еріп, мұхит жағалаудағы ірі қалалар су астынна кетеді. Сондықтан да әлем дабыл қағып, сонау 1997 жылы-ақ Бүкіләлемдік экологиялық форумда жапонның Киото қаласында көмірсутек отыннын шектеу жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Оның ішінде Қазақстан мен Ресей де бар. Алған міндеттемелерімізге орай, біздің ел 2020 жылға қарай 50 пайызға азайтуды міндетіне алған болатын [2].

Қазіргі таңда жыл сайын еліміз атмосфераға шамамен 200 миллион тонна көмірсутек лақтыруда. Бұл - экологтардың мәліметі. Атмосфераға қалдықтар шығарудан еліміз әлемде шамамен бесінші орынды иемденеді екен [2].

Яғни біз мұнайдың көптігіне қарамастан, қалайда жасыл энергетика көздерін іздестіруге мәжбүрміз. Сонымен байланысты біз көмірсутек қорларын аялап сақтауымыз керек. Оны пайдаланатын кез келеді. Болашақ мұнай химиясының үлесінде. Ал мұнайсыз біз жаңа технологиялық метериалдарды ала алмаймыз. Қазіргі кезде біз Теңіз мұнайын 6 шақырымдық тереңдікте сорып алып жатырмыз. Басқа жол жоқ. Қуат керек. Ал ғасырлар бойы төбемізден құйылып тұрған күн энергиясын әлі күнге дейін басқара алмай отырмыз [2].

Қазақстан үшін қазір ең тиімді жасыл энергетика көздері ол :

Су электр станциясы;

Жел энергетикасы;

● Күн энергетикасы;

● Атом электр станциясы [3].

«ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯСЫ» тақырыбына халықаралық көрме өткізу біздің тіршілігіміздегі басты мағынаға ие болатын және біздің өміріміздің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруда шешуші рөл атқаратын мәселе туралы ойлануға мәжбүр етеді [6].

Бұл мәселе көліктерімізді энергиямен жабдықтауда, үйлерімізді жылытуда және қалаларымызды жарықтандыруда пайдаланатын азды-көпті дәстүрлі қуат көздерінің үдемелі ескіруі, толығу мүмкіншілігінің жоқтығы және оларды пайдаланудың біздің планетамызға, денсаулығымызға және қауіпсіздігімізге күрделі әсер етуі сенімсіздік пен қамкөңілдік тудыратын кезеңде әсіресе өзекті болып табылады [6].


Пайдаланған әдебиеттер

1. Астана Ақшамы - 2013 жылы 12 ақпан (№18) 8 бет.

2. Айқын - 2013 жылы 5 сәуір (№59) 3 бет.

3. Жағыпарұлы Ж. Энергетикалық саланың ертеңі өркендеді.// Егемен Қазақстан, 2010, № 13.

4. Хожин Г.Х. Электр станциялары мен қосалқы станциялар.- Алматы, 2003



5. www.un.org/en/

6. www. expo2017astana.com

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет