Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес құру туралы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»



Дата07.07.2016
өлшемі10.21 Kb.
#183688



Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес құру туралы

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ережесінің 22-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес туралы ереже;

2) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Министр А. Мұхамедиұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет