Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес құру туралы
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ережесінің 22-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңес туралы ереже;
2) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарастыру жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Мұхамедиұлы
Достарыңызбен бөлісу: |