Ұлттық ойындар-халқымыздың асыл мәдени мұрасы



Дата06.02.2023
өлшемі14.77 Kb.
#469192
Ұлттық ойындардың маңызы

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ МӘДЕНИ МҰРАСЫ.


Ұлттық ойын қазақтың халықтық шығармасы,ауыз әдебиетімен біте қайнасып,бірге өрістеп,бір тамырдан нәр алғандықтан бір-бірне ортақ құбылыс.Ұлттық ойын-балалық шақтың қайталанбас естеліктері, әр тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі.
Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары-баланы іс-әрекетке,адамгершілік әдептерді игеруге,ақыл-ойын жетілдіруге, отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал.Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді қимыл-қозғалыс, тіл ұстарту,сөздік қорды молайту жағынан өте бай және шынықтыру заңдылықтарын тапқырлықпен үйлесімді байланыстырылған.
Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойындар бала тәрбиесіндегі негізігі екі жауапты қызмет атқарады:Біріншіден,жаттығулар жасап,ұлттық ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлттық ойындарының мазмұны ұлттық әдет-ғұрыпымызбен байланысып отырады.Тәрбиеннің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеу.
Өзге халыөтар секілді қазақ халқыныңдаертеден қалыптасқан,атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын түрлері бар.Олар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты туған және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге,оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулауға негізделген.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді:Аңға байланысты,түрлі заттармен ойналатын, малға байланысты,зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып,балалардың өлең-жырға деген ыстық ықласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды,ширақтырып, шынықтырады.
Аңға байланысты ойындар:ақсерек-көксерек,ордағы қасқыр,аңшылар,аңшылармен қояндар т.б.
Малға байланысты ойындар:асау көк,көк сиыр,соқыр теке.
Зеркетілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар : айгөлек,аударыспақ,жасырынбақ,көкпар,орын тап, ұшты-ұшты,санамақ,тасымақ, тоғызқұмалақ т.б.
Қазақтың негізгі ұлттық ойындары:көкпар,күрес, теңге алу,қыз қуу,алтыбақан т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болады.
Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген.Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналады.
Ұлттық ойндар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бір қатар мүмкіндіктері бар:
1.Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
2.Ойын арқылы баланың ойлау қабілетті дамиды.
3.Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді.
4.Топ болып ойынайтын ойындар баланы көпшілікпен жұмыс істеп, пікір алмасуға дағдыландырады т.б.
Ойын тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері.Ойын қара күш көрсетіп озбырлық немесе біреудің намысына тиетін қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі.Ойын серіктесті таба білуге,онымен тіл табысуға үйретеді.Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарын дұрыс тануға ерекше мән береді.Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай -ойналып тұру да өз үлесін қоспақ.

Ниетбек АБДУЛЛАЕВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет