Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 36, 404-құжат
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.31 № 1381 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.31 № 1381 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.31 № 1381 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 1 қазандағы
N 862 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою
қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.31 № 1381 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары (бұдан әрi- Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңына (бұдан әрi- Конституциялық Заң) сәйкес әзiрлендi және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк
Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртiбi
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы, Мемлекеттiк Елтаңбасы мiндеттi түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерiлетiн) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердiң және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушiлiк болып табылады.
4. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын ауыстыруды және жоюды осы Қағидаларда көзделген тәртiппен ғимараттардың (үй-жайлардың) иелерi өздерiнiң еркi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын тiгудi жүзеге асырады.
5. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру бiр жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |