Ұлттық ТӘрбие – ҰЛАҒат көзі нұрғалиева Айгүл Қуанышқызы



Дата15.06.2016
өлшемі93.9 Kb.
#137504
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ
Нұрғалиева Айгүл Қуанышқызы
Атырау облысы Жылыой ауданы №8 мектептің І-санатты математика пәні мұғалімі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» алғыс хат иегері.
«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын,

итальяндықтар сазды әуенімен таңқалдырса,

қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін

мақтан етеді» М.О.Әуезов. 

Оқыту үрдісінің алдында тұрған басты міндет- оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойында Отанға,туған жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілікті, ғасырлар бой қалыптасқан тіл, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.

Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістердің бірі – балаға ақыл, өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, болашаққа деген сенімін арттыру. Бұл әдіс мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым сөздерден айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, сөзге шешен, білікті адамдардың ақыл-өсиеті өтімділігімен, маңыздылығымен ерекшеленіп, баланың санасына шым-шымдап кіріп, үлкен ой салған.

Тыйым сөздер баланы ағаттық жасаудан түрлі қауіп-қатердан сақтандырып, адамгершілікке тәрбиелеген. Оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүйіп оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, бауырмалдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесінде ұлттық тәрбиенің маңызы зор.

Қазақтың рухани әлемі- бүгінгі тәуелсіздігіміздің қайнар бұлағы. Ұлт мәдениеті - бүкіл дүниежүзілік мәдениет атаулының өзіндік қасиеті.Ол бұрыннан келе жатқан мәдени дәстүр. Қазақ мәдениетінің дамуын барша адамзат мәдениеті тарихымен байланысты түрде біртұтас әлеуметтік процестің бөлінбес бір буыны ретінде түсінгеніміз абзал. Ұлттық тәрбиенің жаңаша жаңаша серпіліс алуына әсер еткен қазақ даналарының, ақын-жырауларының, аңыз-ертегілерінің , жыр-эпостарының нақтылы тарихи-мәдени феномендерінде көрініс табуда. Сонымен қатар туған жер, ата қоныс, елдік пен ерлік, азаматтық пен адамгершілік, имандылық пен парасаттылық ұлттық тәрбиеге үлкен әсер етеді. Мысалы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылыры, қоғам қайраткерлері, ғалым-педагогтеріміз халықтың өнегелі салт-дәстүрін, ауызекі шығармаларын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге, ұлтқа құрметпен қарау мәселелеріне көп көңіл аударған. [1]

Жарқын болашағымыздың дамуы өркениеттік мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Қазақстанның бұл бағытта бастары адамгершілік, ұлтжандылық, ізгілік қасиеттерге негізделген ұлттық тәрбиеден басталады.

Ұлағат көзі болып отырған ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық ойындарды мүмкіндігінше көбірек қолданған жөн.

ХІХ ғасырдың аяғында, 1879 жылы Орынбордан шыққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қазақ халқы азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі еркін;оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» деп жазған. Ы.Алтынсарин бұл тұжырымында қазақ халқының рухани болмысын, тарихи санасын жоғары баға беріп, аса дарынды ел, аса талантты халық екендігін айқын көрсеткен.

Тәуелсіз елдің ұрпағына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру – үздіксіз үрдіс. Тәуелсіздіктің туын желбіреткен жастардың ұлттық білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі жасампаз Қазақстанның жалынды жігерін әлемге паш етеді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің өзекті тұстары - әр азаматтың өзіне қатысты алғанда өзіндік талап етуі, қоршаған ортаға қатысты оның шыншылдығы, елге, Отанға деген адалдығы. Жас ұрпақтың Тәуелсіз Мәңгілік ел Отанымыздың өсіп-өркендуіне өзіндік үлесін қосу үшін ар-ождан, әдептілік, жалпы ұлттық құндылықтар арасындағы ұлы мұраттар рухында тәрбиеленуі керек.

Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі десек. Бұл жүйенің даму бағыттары мвна қағидаларға негізделген:



  • Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге ықпал ететін білім;

  • Ұлттық байлық,тұлғалық және әлеуметтік табыстың кепілі ретіндегі білім;

  • Ұлттық ойлауды қалыптастыратын тағылымды тәрбиеге тәуелді білім;

  • Патриотизмнің қайнар көзі, ұлттар мен ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүрудің кепілі болатын ұлттық тәрбие;

  • Бәсекеге қабілетті адамның, қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, шығармашылық әлеуеттің дамуының берік тұтқасы болып табылатын ұлттық тәрбие;

Сондықтан да тарихи тәуелсіздік тағылымы білім мен ұлттық тәрбие ұстанымы, әлемдік тұтастықтың, парасатты және шығармашылық әлеуеттің, адам ресурстарының негізі ретінде жас ұрпақ санасын жаңа сапалық даму сатысына көтерері белгілі.



Біздің ұлттық тәрбиелік білім берудегі негізгі мақсатымыз адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі белгілі. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары: ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. болса, жалпы эстетикалық мәдениеттегі қарым-қатынас әдебі, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, сөйлеу әдебі, дене қимылы, т.б. ұлттық сипатқа негізделе отырып, әлемдік мәдениетпен ұштасуы тиіс.  Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы -эстетикалық сұлулықтың белгісі. Сонымен, ұлттық тәрбие – ұлттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаның ұлттық санасын, намысын, дүниетанымын қалыптастыру. Олай болса, ұлттық негізде тәрбиелік білім беру барысында біз ұлттық бағыт-бағдары қалыптасқан өмірлік ұстанымы ұлтына деген сүйіспеншілікпен сусындаған, қоғам үшін қажетті тұлға тәрбиелеп шығарымыз анық.
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, болашақ әке мен ана. Ертеңгі күні олар да өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. 
«Ана тілі» деген сөз – бұл ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. Өз ұлтын, тілін  сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал ұлтжандылық, Отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер адам бойына, сайып келгенде, ұлттық тәрбие арқылы сіңетіні ақиқат.

Тәуелсіз Қазақ елі басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007жылғы шілдеде қабылдаған Қ.Р. «Білім туралы» заңының 11 бабында «ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп Білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. [2]
Ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану-қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана-сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылық-ты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар. Ұлттық сана-сезім ұлттық дүние танымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дəстүр арқылы өз болмысын танытады олай болса ұлттық сана-сезімді ояту үшін тəрбие арқылы халықтық дəстүрлерді, əдебиет пен мəдениет мұраларын, дініміз бен ділімізді жас ұрпаққа дұрыс түсіндіру, үйрету, бойларына сіңіру. Ақын, педагог М. Жұмабаев «Ұлт тəрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, əрбір тəрбиеші сөз жоқ, ұлт тəрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тəрбиесімен тəрбие қылуға міндетті» деген. [3] Əрбір азамат үшін ұлттық тəрбиенің бастау бұлағы отбасынан басталатыны даусыз. Ата-ана тəрбиесінен кейінгі маңызды мəселе – ұстаз ұлағаты. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасуындағы оның маңызы ерекше. Ал мектепте ұлттық тəрбие берудегі рөлінің басым, мүмкіншілігі мол екені белгілі. Осы бағытта 5-сыныпта «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту


Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: Ондық бөлшектерді көбейту ережесін әртүрлі есептеулерді шығару кезінде тиімді пайдалана білу және өтілген сабақты оқушы санасына ұғындыру.

ә)дамытушылық: Өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой-өрістерін кеңейтіп пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушы шығармашылығын дамыту.

б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау. Есептер шығару.

Сабақтың әдісі: Жарыс сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Қайталау сұрақтары.

1) Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

2) Ондық бөлшектерді 10,100,1000 сандарына қалай көбейтеміз?

3) Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?

4) Ондық бөлшектерді 0,1 , 0,001 , 0,001 санадарына қалай көбейтеміз?
Сабағымызды жарыс сабақ түрінде өткізетін болғандықтан мақсатымен таныстыру. Оқушыларды үш ауылға бөліп, әр ауылдың билері, палуандары, мергендері сайланады.

Аулымызда Наурыз тойы .(Наурыз тойы туралы түсінік беру) Осы тойға әр ауылдың әкелген шашулары бар шығар.

Үй тапсырмасы тексеріледі

№ 1070


1) 17,4 · 5,2=90,48: 4) 2,6· 0,24=0,624: 7) 32,5· 0,6=19,5:

2) 5,81· 1,5=8,715: 5) 10,2· 2,02=20,604: 46,2· 0,07=3,234:

3) 1,42· 0,3=0,426: 6) 5,08 ·3,03=15,3924:

№ 1071


1) 7,22· 0,08=0,5776: 4) 0,91· 0,2=0,182: 7) 3,52· 0,1=0,352:

2) 0,61· 0,023=0,01403: 5) 0,14 ·0,25=0,035: 16,03· 0,6=9,618:

3) 0,25· 1,32=0,33: 6) 0,6· 0,08=0,048: 6) 36,11· 0,5=18,055:

ІІІ. Тақырып бойынша есептер шығару. Оқулықпен жұмыс.

Той басталды. Той – думанның шарттарымен танысу.

1) Палуандар күресі (Қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беру)

2) Теңге ату

3) Аламан бәйге (Бәйге, ат жарыстары туралы түсінік беру)

4) Билер төрелігі (Үш би туралы, төрелер туралы түсінік беру)

1 – ші шарт бойынша тақтаға екі «палуан» шығады.

№ 1076 есептің а) екеуі де орындайды.

Қабырғалары:

а) а= 3,2 cм; в=1,7 см ә) а= 4,28 cм; в=3,5 см

табу керек: S = ? табу керек: S = ?


б) а= 8,1 дм; в=3,23 дм в) а= 7,25 дм; в=2,3 дм

табу керек: S = ? табу керек: S = ?

Екі «палуан» орындайды.
а) а= 3,2 cм; в=1,7 см S = ав = 3,2·1,7 = 5,44 см2

Екі палуанның жеңгені отырады, жеңілгенімен келесі палуан шығып екіншісін орындайды.

ә) а= 4,28 cм; в=3,5 см

S = ав = 4,28·3,5 = 14,98 см2


Бұл екеуінің жеңгені мен біріншісі жеңген палуан есептің үшіншісін орындайды.

б) а= 8,1 cм; в=3,23 см

S = ав = 8,1·3,23 = 26,163 см2
2 – ші шарт бойынша теңге ату.

Үш ауылдан бір – бірден оқушы шығады. Тақтадағы теңгелерді таңдап алып, жауаптарын стол үстінен тауып, алып іледі.


3 –ші шарт бойынша «Аламан бәйге» Ережені бекіту мақсатында

Ондық бөлшектерді көбейтуге арналған өлеңді оқимыз.


Үтірлерін ескермей,

Көбейте бер сескенбей

Бүтін сан деп есепте,

Бұрын оқып кеткендей.

Үтірден соң қанша сан

Бөлшек орнын санаңыз

Оңнан солға сонша сан,

Аттап үтір қоямыз.


Атыраудан Ақтөбеге дейін алдымен автобуспен – 4,5 сағат, ұшақпен 2,4 сағат, поезбен – 5,6 сағат және жеңіл машинамен 3,4 сағатта жетуге болады. Егер автобус 55,6 км/сағ, ақ 472,4 км/сағ, поезд 74,2 км/сағ және жеңіл машина 60,4 км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, екі қаланың арақашықтығы қанша?

Шығарылуы: S = νt

4,5 ·55,6 = 250,2 (км) автобуспен

2,4· 472,4 = 1133,76 (км) ұшақпен

5,6 ·74,2 = 415,52 (км) поездбен

3,4· 60,4 = 205,36 (км) жеңіл машинамен

250,2+1133,76+415,52+205,36=2004,84

Жауабы: екі қаланың арасы 2004,84 км


4 – ші шарт. Билер төрелігі.

Әр ауылдың билері кезек – кезек шығып, есепті түсіндіріп шығады.

1) (3,5 + 5,63) · 0,1 = 0,913;

2) (2,3 + 8,35) · 0,2 = 2,13;

3) (6,31 + 2,7) · 0,3 = 2,703;

Қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.

№ 1086, 1087 есеп
Қорыта келгенде, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

  2. Р.К.Төлеубекова «Ұлттық тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика және Психология журналы №1, 2009.

  3. Р.К.Төлеубекова, Б.Айтмамбетова, А.Бисембаева «Педагогика тағылымдары» Алматы: Рауан,1993.

4. Қазақстан Республикасы Заңы «Білім туралы».

5. Н.Ə. Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы

«Егемен Қазақстан» 2007.

6. Ғылыми-әдістемелік журнал «Мектеп директорының орынбасары» 2008, №4 .



Аты-жөні

Нұрғалиева Айгүл Қуанышқызы


Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

-


Жұмыс орны

Жылыой ауданы, Құлсары қ. №8 мектеп, мұғалім


Баяндама тақырыбы

Ұлттық тәрбие-ұлағат қөзі


Секциясы

Жаратылыстану-математика


Қажетті техникалық құрал-жабдықтар

Мультимедиа


Байланыс телефондары

8 701 476 94 05


Электрондық почта адресі (Email)

aigul_nur70@mail.ru


Қонақ үй қажеттілігі ия/жоқ

Ия



Өтініш парағы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет