Лекция 1: Ақуыздардың биохимиялық қасиеттері
Мақсаты:
Студенттерді ақуыздардың негізгі қасиеттерімен, құрылымдарымен және биологиялық маңыздылығымен таныстыру.
Ақуыздар – амин қышқылдары қалдықтарынан құралған табиғи жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Олар кез-келген тірі организмнің құрылымдық және функционалдық негізін құрайды. Ф.Энгельс: “Өмір дегеніміз ақуыздық денелердің тіршілік ету тәсілі” деп жазған.
“Белок” – орысша жұмыртқаның ақ уызы деген мағынаны білдіреді. “Протеин” деген де термин («protos», гр., ең алғашқы, басты, маңызды) қолданылады.
Жануар организмінде ақуыздар аса маңызды қызметтер атқарады: құрылымдық, катализдік, қорғаныс, тасымалдау, энергиялық, тұқым қуалаушылық қасиеттерін тасымалдау т.с.с.
Ақуыздар организмнің жалпы массасының 18-21 %, ал құрғақ массасының 45-50 % құрайды. Ең көп – көк бауырда - 84, өкпеде - 82, бұлшық етте - 80, бүйректе - 72, мида - 45, теріде - 65, сүйекте - 28.
Ақуыздың элементтік құрамы, % : С – 50-55, О – 21-24, N – 15-18, H – 6.5-7.5, S – 0.3-2.5, P – 1-2 %. Кейбір ақуыздарға аздаған мөлшерде (0,3-0,00001%) Fe, Cu, Mn, Ba, Ca т.б. элементтері кіреді.
Ақуыздардың молекулалық массасы бірнеше мыңнан жүздеген миллионға дейін.
Пішіні негізінен екі түрлі – глобулалық (шар тәрізді), фибриллалық. Фибриллалық ақуыздар, әдетте, құрылымдық және жиырылу қызметін, ал глобулалық ақуыздар – метаболиттік қызмет атқарады.
2. Ақуыздардың физика-химиялық қассиеттері.
Молекулалық массасы. Көбінесе седиментация әдісімен, ультрацетрифуга құралын қолданып анықтайды. Молекулалық массаны тұнбаға түсу жылдамдығы бойынша есептейді. Ол үшін ақуыз таза болуы керек. М.м 12700-10000000.
Суда ерігіштігі – иондық күшке, рН және t тәуелді. μ - өскенде ақуыздың ерігіштігі төмендейді. Температура 600 С-қа дейін өскенде ерігіштік артады.
Коллоидтық күйі. Ақуыздар жоғары молекулалық заттар ретінде гидрофильді коллоидтық жүйелердің касиеттерін
жазықты шашырату (Тиндаль эффектісі)
онкос қысымының артуы;
жартылай өткізгіш мембрана арқылы өте алмау;
электрокинетикалық құбылыстар. Мысалы, тұрақты электр өрісінде зарядты бөлшектер ретінде тасымалдану;
ісіну, яғни суды өзіне сіңіру қасиеттерін көрсетеді.
Тұнбаға түсуі. Ақуыздар қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсерінен тұнбаға түседі. Бұл коагуляция деп аталады. Қайтымды және қайтымсыз коагуляция болады. Қайтымды коагуляция суды тартып алатын заттардың әсерінен – тұздар (NaCl, (NH4)2SO4 т.б.), спирт, ацетон – болады. Бұл әдіс ақуыздарды бөлшектеп бөліп алу үшін қолданылады. Тұнбаға түскен ақуызға қайтадан су қосса, еріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |