Луиза Хей Көгілдір кітап


Өзіміздегі өзгерістерге қарсылық



Pdf көрінісі
бет28/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   115
2 5429156790371615512

Өзіміздегі өзгерістерге қарсылық 

Кейбір пікірлердің бізде  терең орын тепкені  соншалық,  оны  бірден  байқай да 

алмайсың.  Біз  арыздана  бастаймыз  немесе  бұны  алдыменен  басқа  орындардан  аңғара 



 

13 


бастаймыз. Біз досымызды, мұғалімімізді немесе   кітапты өзімізге тартамыз, солардың 

арқасында  терең  ұйқыдан  ояна    бастаймыз.  Менің  өз  басымда  бұл    процесс  бір 

құрбымның  ескертпесінен    басталды. Оған бір кездесу туралы айтыпты, ол бармаған 

еді,  ал  менің  ішкі  дүнием  барудың  қажет  екенін  білдіргеннен  кейін  мен  бардым.  Бұл  

кішкентай  кездесу шындық  жолындағы  менің  алғашқы  қадамым  болды,  кейде бізге 

бұндай  жағдайлар  елеусіздеу  болып  көрінеді.  Біз  тіпті  осы      елеусіз  әрекетті  істеуге 

шақырған  ой  үшін  өзімізге  ренжиміз  де.  Егер  бұның  біздің  сауығу  процесіндегі 

алғашқы  қадамымыз  екенін  түсінсек,  бұл  реакция  жақсы.  Бұл  процесс  біз  өзгеруге 

шешім қабылдаған кезде  басталады. 

Шыдамсыздық – қарсыласудың өзге бір формасы. Өзгерістің тура қазір болуын 

талап  еткен  кезде  біздер,  өзімізді  өзіміз  тудырған  проблемаларды  шешу  үшін  қажет 

маңызды сабақтардан айырамыз.  

Мен  пациентке  оның  проблемасынан  орын  алған  адамды  кешіруді  ұсынған 

кезде,  оның  жұдырықтары  түйіліп,  тістенеді.  Қарсыласу  біліне    бастайды,  және  мен 

оған тура осы жерде жұмыс істеу керек екенін білемін. 

Біздің  бәрімізге  де  өмірдің  маңызды  сабақтарынан  өту  керек.  Біздің   

өміріміздегі  кейбір  заттар  біз  үшін  қиын,  себебі  бұл  сабақтарды  біз  өзімізге  өзіміз 

таңдағанбыз.  Егер  біздің  өміріміздегі  кейбір  заттар  біз    үшін  жеңіл  болатын  болса, 

онда бұл – сабақ емес, бұлар өзіміз бұрыннан  білетін заттар. 

Егер біз өзгерудің қиын екенін білсек, онда сіз өміріңіздегі ең қиын сабақпенен 

ұстасып  тұрсыз.  Бұндай  қарсылықтарға  бола  өзгерістерден  бас    тартудың  қажеті  жоқ. 

Сіздің екі деңгейде жұмыс істеуіңізге  болады: 

*1. Өз қарсылығыңызды саналы түрде қабылдау. 

*2.Үнемі өзгерісте болу. 

Өзіңізді  бақылап  қараңыз,  сіз  қалай  қарсыласудасыз  және  бұған    қарамастан 

өзгеріңіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет