«Арал Теңізі» ҚБ мамыр, маусым айларының
өткізілген шаралары туралы
М Ә Л І М Е Т.
Мамыр айы – «Арал теңізі» ҚБ балықшылар орталықтарына, мектеп оқушыларына Даниядан қайырымдылық көмек ретінде келген 50 ден астам компьютер, принтер, ксерокс тегін қайтарымсыз пайдалануға берілді.
Мамыр айы – «Арал теңізі» ҚБ Білім Беру саласы, Арал аудандық Ағылшын тілі Ассоциясыменен бірігіп «Ағылшын Драма және өлең» сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесінде мектеп оқушыларына тегін Даниялық проектор, ағылшын тіліндегі таспа машинка, ақшалай сыйлық берілді.
Мамыр айы – жергілікті Толқын газетіне «Арал Теңізі» ҚБ атқарған жұмыстары туралы бірнеше мақалалар жарияланды.
Мамыр айы – «Арал теңізі» ҚБ «Ең жақсы ұран» және «Балықты қалай заңды жолменен аулау» атты сайысын қортындылауы өткізілді. «Ең жақсы ұран» болып « Айдыныңды аяла, теңізіңді бағала» (Жаңабай Кемал), «Ең үздік суретті» Б Күзембаев салды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа иеленді. Ұран және сурет үлгілері қоғамның жарнамалауына пайдаланылады.
14 мамыр күні – «Арал теңізі» ҚБ Білім беру бөлігінің ұйымдастыруыменен Еріктілер Орталығының екі айлық есебі өткізілді. Жиналыс барысында барлық Еріктілер Орталықтарының жетекшілері өз ой-пікірлеріменен алмасты және де ақпарат тақтасының үлгілерін алды. Жиналыс нәтижесі болып:
-15-20 аралығын Райым Еріктілер Орталығыменен Майда шабақтарды құтқару іс-шарасы өткізіледі деп жоспарланды.
- 27 маусым күні әр Еріктілер Орталықтарында өткізгелі тұрған Балықшылар Күнінің бағдарламасы талқыланды.
«Арал Теңізі» ҚБ өз тарапынан шараға қатысушыларға мақтау грамоталарын, белсенді балықшыларға сый-сияпат ұйымдастырады.
Мамыр айы – «Арал теңізі» ҚБ биологиялық менеджері Б Жүгінісова іс-сапарменен балықшылар елді мекендерін аралады. Жалпы 18 елді мекенде ол 80 астам адам жиналысқа қатыстырып, оларменен жұмыс істеді. Ол өз бағдарламасы бойынша құжаттар базасын дайындау үстінде.
Мамыр айы – «Арал теңізі» ҚБ аудандық балық саласының концепциясын және де балық шаруашылығын дамытуға арналған бірнеше жобалар дайындады. Концепция және де жоба түрлері аудандық және областық ауылшаруашылық бөлімдеріне берілді.
Мамыр айы – Ауданға жалпы мамыр айында 5 әр-түрлі (The New York Times, Chicago tribune, ОРТ, ООН) шет ел тілшілері келді. Олар аудандағы балық шаруашылығына байланысты, Бөгет жұмыстары туралы газет бетіне бірнеше мақалалар жариялады.
Маусым – «Арал теңізі» штат жұмысына байланысты офис ғимаратына электр жүйесін тиімді пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде офис ғимараты үздіксіз электр жүйесіменен қамтылды.
Маусым – Қызылорда елді мекенінде Арал-Сырдария бассейндік басқармасыменен ұйымдастырылған бассейндік кеңес ашылуына байланысты республикалық деңгейде семинар кеңес өткізілді. Жиналысқа «Арал теңізі» ҚБ президенті А Батимова, «Арал Теңізі» ҚБ басқарма мүшесі/ вице-президент Ә. Қаратұпов қатысып, осы мәселе жөнінде өз ой-пікірлеріменен бөлісті.
Маусым – «Арал теңізі» ҚБ Білім Беру менеджері С. Дүйсенбаев, басқарма мүшесі/қоғам кеңесшісі Ж махамбетоваменен балықшылар елді мекендеріне іс-сапарменен барды. Жиналыс барысында олар жылжымалы басқарма мүшелерінің жоспарлаған жиналысының тиімді жұмыс жасауын ұйымдастыру туралы сөз қозғады.
Маусым айында «Арал теңізі» ҚБ Білім Беру бағдарламасы бойынша төмендегіше іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:
-Майда шабақтарды құтқару шарасын өткізді. Іс-шарада барлығы – адам қатысты.
- Балықшылар Күнін Еріктілер Орталықтарында атап өткізді. Іс-шарада барлығы – адам қатысты.
Маусым – «Арал теңізі» ҚБ Басқарма мүшелерінің 5 мәжілісі өткізілді. Күн тәртәбәнде төмендегіше мәселелер талқыланды:
- «Арал Теңізі» ҚБ штаты басқарма мүшелеріне 6 айлық есебін берді,
- «Камбала -Балық» БО 6 айлық есебін Батимова А. берді.
- жылжымалы басқарма жиналысының тиімділігі туралы және басқарма мүшелерінің 3 тоқсанға жоспары,
- күзде өткізгелі тұрған басқарма жиналысына кандидаттар усыну туралы айтылды.
Орындаған:
офис менеджер Өтемісова А.
Достарыңызбен бөлісу: |