М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет49/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451149
түріСеминар
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
История и философия науки. Методические указания

Сэйкес келу принциш – ғылым дамуының негізгі методологиялық принциптерінің бipi. Оның философиялық мәні таным процесінің диалектикасын, салыстырмалы шындықтан абсолюттіке, яғни барынша толық шындыққа ауысуын білдіреді. Оны алғаш рет 1913 жылы Бор енгізген.

Сәйкес келу принципіне орай бip табиғи ғылыми теория екіншісін ауыстырғанда олардың арасында айырмашылық қана емес, сонымен бipre математикалық дәлдікпен өрнектелетін тығыз байланыс, сабақтастық байқалады. Ескінің орнын басқан жаңа теория өзінен бұрынғыны мүлде шығарып тастамайды, қайта белгілі бip формада оны ұстап тұрады. Осыған орай кейінгі теориядан алғашқысына қарай кepi алмасу арасында айтарлықтай маңызды айырмашылық жоқ түста олар бip-бірімен үйлесуі мүмкін. Сәйкес келу принципі релятивизмнің қисынсыз екендігін көрсетеді.



Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзi ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.

Таным теориясы немесе гносеология - танымдық қызмет процесіндегі субъект пен объектінің өзара катынасын, шындыққа білімнің қатынасын, адамның дүниені тану мүмкіндігін, ақиқаттың критерилерін және білімнің дәлелдігін зерттейтін философияның бөлімі. Яғни, таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі турлі таным теориясы: материалистік және идеалистік түpi қалыптасты. Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады. Сезімдік таным үш негізгі формада жүзеге асады: түйсік, қабылдау, елестету. Сезімдік таным танымның бірінші және кажетті сатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі мәнін түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түpi абстрактілі ойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту процесі үш түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пікір, ой түйіндеу. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бірлігі - құбылыс түсінігінен мән түсінігіне өту процесі, яғни, сана мен тәжірбие арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық ceкіруге ұқсатуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет