Жұмбақтар
Тікен,тікен тік пістe.Қысы жазы бip түсте(Шырша)
Терезені өрнектеп,Әдемі сурет салыпты.Кім екенін табайық,Көрінбей кетіп қалыпты.(Аяз)
Терезеге қонады,Әсем ою ояды.(Қырау)
Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады.(Қар) Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
Аппақ етіп айналаны,Ақ көбелек айналады.(Жапалақтап жауған қар)
Өлең шумағы
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың жиырма төртінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Жаңа жыл туралы қызықты деректер
Алғашқы жаңажылдық ашық хат Лондонда 1843 жылы басып шығарылды.
Эльдар Рязановтың "Ирония судьбы" картинасы 1975 жылдың 31 желтоқсанынан бастап жылда көрсетіледі.
Ер бала өмірге келу үшін ерлі-зайыпты Жаңа жылда Лапландияға баруы тиіс деген ырым бар.
Тағы бір ырымға сүйенсек, жаңа жыл алдындағы түс келер жылға жорамал жасайды.
Көптеген елде жаңа жыл түні аспан көк болса, астық мол болады деген сенім қалыптасқан.
Еуропада рождество шыршалары ең көп сатылатын ел – Дания.
Ресейдің зейнетақы қоры Аяз Атаға "Ертегі еңбегінің ардагері" деген атақ берген.
Санта-Клаустың бұғыларының аты: Дэшер, Дэнсер, Прэнсер, Виксен, Комет, Кюпид, Доннер, Блитцен. Солтүстік Америкада бұғылардың бастаушысы – қызыл мұрынды Рудольф.
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыларыңызға құт - береке, қызметтеріңізге өрлеу тілейміз.
Баршаңызды жаңа 2024 жылымен құттықтаймыз! Жаңа 2024 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |