К‰рделі сµз бен сµз тіркестері, т±раќты тіркестер олардыњ ќ±рылысы мен ќ±рамына ќарай шектеулі тіркес, жалањ тіркес, комбинированное (аралас тіркес) біз тоќталѓалы отырѓан тіркестен басќа /сµз таптарыныњ єр т‰рлілігіне байланысты тіркестерді алып отырмыз/ ќазаќ тілінде кењінен зерттелген мєселе болды. А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Э.В.Севортян, Н.М.Шанский, И.А.Батманов, А.К.Боровков, Н.К.Дмитриев, Е.И.Убрятова ењбектерінде де жан - жаќты ќаралды. Б±л салада ќазаќ тілшілерінен ењ алѓаш 1930 жылдары Ќ.Ж±банов, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Т.Сауранбаев т.б. ењбектерін атауѓа болады. Профессор М.Балалаќаевтыњ «Основные типы словосочетаний в казахском языке» деген ењбегініњ орны ерекше. Жалпы к‰рделі сµз бен сµз тіркесі туралы мєселе Т.Сайрамбаевтыњ ењбектерінде де өте терең зерттелді1,2.
Бізге ќажеттісі ќолдан жасалѓан аралас тіркестер. Яѓни, кірме сµз бен ќазаќ тілініњ тµл сµздерініњ тіркесі. Барлыќ кітаптардыњ ішінен тек ќана Р.Барлыбаевтыњ «Ќазаќ тілінде сµз маѓынасыныњ кењейуі мен тарылуы»3 – деген ењбектен ѓана осы аралас тіркес деген терминді ±шыратамыз. «Аралас тіркестіњ» ерекшелігі, м±нда орыс тілінен енген немесе жалпы интернационалдыќ термин сµз ќазаќтыњ байырѓы сµздерініњ тіркесуіне ќарапайым сµздеріміздіњ маѓыналары жањарып, кењейіп, жања ±ѓымды кµрсетіп отыратындыѓына» - деп жазды4 басќа ењбектерде орыс тілінен, шет тілінен енген сµздер туралы там-т±мдап ќана сµз ќозѓалады. Біраќ зерттеу нысаны болып берілмеген. Р.Барлыбаев та аныќтамадан єрі аспаѓан екен. Жалпы сµз тіркестері туралы ±ѓымдар жөнінде С.Аманжолов /синтаксистік тізбектер/5, М.Балаќаев /сµз тізбектері ретінде/6, Є.Н.Н±рмаханова /т‰ркі тілдеріне ортаќ сµз тіркестерін салыстыра ќарастыруы/7, Ж.Шєкенов /лексикаланѓан тіркес/1, К.Аханов /к‰рделі сµз бен сµз тіркестерін бір - бірінен ажырату/2 кеңінен сөз болады.
Т.Сайрамбаев /к‰рделі сµз тіркестеріне талдау жасады/3,4. Біраќ б±л аталѓан зерттеушілердіњ бірде-бірі «аралас тіркес» туралы /ќазаќ, орыс сµздерініњ тіркесі/ єњгіме ќозѓамады.
Білмегендіктен емес, зерттеу нысанының басқа саладан болғандығынан деп т‰сіну ќажет дейміз. Т.Сайрамбаев ќана: «Сµз тіркесі ‰немі екі сµзден ѓана ќ±ралмайды, берілетін маѓынаѓа ќарай басќа сµздердіњ ќатысы арќылы кењейіп те отырады» - деп5, кірме сµздерді байланыстыра, ќоса отырып мењгерту /комбинированный/ метод – дейді6.
Осы орайда, М.Орашева орыс тілі мен ќазаќ тілініњ тіл зањдылыќтарын байланысты ой - тұжырымдарын да басшылыққа алған жөн. Орыс тілі грамматикасында7 К.Ахановтыњ пайымдауынша комбинированный деген тіркес сµз тіркесініњ ќ±рамындаѓы сµздердіњ саны емес, оныњ ќандай байланыстыњ негізінде жасалѓаны дейді8.
Расында, комбинированный деген сµз екі тіл зањдылыѓын білдірмейді, сµз тіркестерініњ басќа сµз табынан болатындыѓын айтады. Сµз тіркесі туралы профессор: Р.Єміров те /сµз тіркесініњ ќалыптасу ж‰йесін/9 біршама атап µтті. Профессор. С.Исаев µз ењбегінде сµз маѓынасын кењейтуде аралас тіркестіњ (астын сызған - біз) єсері бар екендігін айта келе: «...жања тіркестердіњ жасалуына, бір жаѓынан, орыс тілініњ єсері бар, орыс тіліндегі сєйкес тіркестердіњ жєне сол білдіретін ±ѓымныњ єсерінен туѓандыѓы ешбір к‰мєн тудырмайды» - дейді10, жања тіркестердіњ жасалуыныњ морфологиялыќ т‰зілісіне тоќталады. Сайып келгенде Р.Барлыбаев пен С.Исаев орыс тілі арќылы тіркесім тапќан аралас тіркес немесе терминдік мєнді тіркес туралы азда болса теориялыќ т±жырым жасаѓан ѓалымдардыњ бірі еді. Єрине, аралас тіркестердіњ сµз маѓынасыныњ кењейтудегі рµлін ешкім жоќќа шыѓармайды. Дегенмен, сµздіњ тіркескені осы екен деп келсін-келмесін сµз тіркесін ќ±рай беру жµнсіз деп білеміз.
Б±л орайда: Т.Ќордабаев: «Ауызекі тілде аяќ басќан сайын кездесіп отыратын тіл б±зарлыќтыњ ењ бір µрескел т‰рі – ќазаќша-орысша сµздерді орынсыз араластырып, ќойыртпаќ жасап сµйлеу» - дейді1 (астын сызған - біз). Өте орынды, күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоймаған жаны бар сµз деп ±ѓамыз. Біраќ, шет тілінен енген сµздерді б‰гінгі к‰ні талапќа сай аударып, ‰лгеріп жатырмыз ба? Немесе, жања балама тауып ќолданылып ж‰рміз бе? Т‰бі єрине шет тілінен енген, немесе жасалѓан сµз тіркесімдерді адару ќажет болар. Немесе, ќазаќ лексиконына енген термин мєнді сµз тіркестерін аударып єуреленбей-аќ ќабылдауѓа бола ма? Осы жаѓын да ойланѓан д±рыс болар. Кейбір сµздердіњ ќазаќ зањдылыќтарына бейімделіп сіњгендігі соншалыќты, ќазаќтыќ тµл сµзі есебінде де ж‰реді. Кей сµздер ж‰ре келе, бара келе ќазаќтыњ µз сµзімен алмастырылады. Б±л бір жылѓа емес, бірнеше жылѓа созылатын табиѓи тілдік процесс болмаќшы.
С.Исаев орыс тілініњ тіркесі арќылы: местная связь, поченый руководитель-председатель, внешние вести, внутренняя-внешняя политика, внешняя-внутренняя торговля, внешние связи, внутренние-внешние дела, внутренние враги, внешнее положение-положение, ответственный редактор, очередные работы, местный отдел, достаточная-необходимая свобода, заразные болезни, врачебный-медицинский участок, топливные вещества, всемирная организация, горячая пора, революционная партия, революционный рабочий класс дегеннен жергілікті ќатынас, ќ±рметті басќарушы, сыртќы хабарлар, ішкі/сыртќы/ саясат, сыртќы/ішкі/ сауда, сыртќы байланыстар, ішкі/сыртќы/ істер, ішкі жаулар, сыртќы жаѓдай, жауапты редактор, кезекті ж±мыстар, жергілікті бµлім, жеткілікті еркіндік, ж±ќпалы ауру, дєрігерлік аймаќ, отындыќ заттар, д‰ниелік ±йым, ќызулы уаќыт, тµњкерісшіл партия, тµњкерісшіл ж±мысшылар т.б. ќазаќ тілініњ ќ±рылым жаѓдайында, жадыѓары негізінде ќоѓамдыќ ќажеттідіктен пайда болѓан. Б±лардыњ тіркесімдік ќасиеті ќазаќ тілі ‰шін жат ќ±былыс емес, б±ндай тіркесімдер б±рындарда да бар болатын. Жања тіркестер соныњ нєтижесінде жасалѓан.
Осы ‰лгідегі /ќабыса байланысќан/ жања сµз тіркесініњ бір т‰рі ќатыстыќ сын есім-етістік болып келетін яѓни атрибутивтік /аныќтауыштыќ/ ќатынастан пысыќтауыштыќ ќатынасты білдіруге ауысќан дейді. Б±дан єрі С.Исаев атрибуттыќ ќатынаста ќабыса байланысќан сµз тіркестері орыс тілі єсерімен былай ќалыптасќан: предикаттыќ ќатынаста ќиыса байланысќан синтаксистік единицалардыњ компонеттері маѓыналыќ сєйкестігініњ негізінде µзара орын ауысып, ешбір т±лѓалыќ µзгеріске т‰спей, атрибуттыќ ќатынасты кµрсетіп, ой білдіруден ±ѓым білдіруге ауысады. Немесе, мењгеріле байланысќан сµз тіркестерін ќ±рауда, яѓни б±рын байланыспаѓан сµздерді бірін екіншісіне мењгерте байланыстырып, жања сµз тіркесін жасауда атау мен іліктен басќа септік жалѓауларыныњ жєне септеулік шылаулардыњ ќызметі ерекше екендігі соњѓы кезде жан-жаќты єњгіме болды.
Ќорыта келгенде ќазаќ тілініњ даму барысында пайда болѓан «аралас тіркес» тілдік терминдер ретінде орныѓып, ѓылыми айналымѓа т‰сетін кезі келді. «Аралас тіркес» ќазаќ тілін байтып қана қоймайды, тілімізді жұтаңдатады, шұбарала сөздер, дүбәрә сөз тіркестері пайда болады. «Аралас тіркесті» мойындасақ та, мойындамасақ та тілімізге дендеп еніп үлгерді. Біз «аралас тіркестен» бәлендей бір ғылыми зерттеу еңбек жаза қояқ деп отырғанымыз жоқ, «батпандап кірген ауруды, мысқалдап шығарамыздың» кері келіп жүрмесін. Қазір бұл - тіркестерге көңіл аудармай жүрміз. Ал, болашақта қалай болады? Міне, соның алдын алуды бүгіннен бастаған жөн болар еді. Мысалы, терминологиялыќ сµздер /терминдік сµздік/ немесе техникалыќ сµздер аудармасы к‰ллі «аралас тіркестен» т±ратынын неге жасырамыз. «Аралас тіркес» тілімізде белгілі бір дєрежеде ±заќ уаќыт ќолданылып, келе-келе кейбір сµздер ќазаќ тілі зањдылѓына бейімделіп, µзгеріске т‰сіп, кейбір ќолданыстан шыѓып, кейбір ќазаќ сµздерімен ауыстырылып берілуі де м‰мкін. «Аралас тіркестердіњ» ќалыптасќан ќ±рамын т‰бі т‰ркі тілінде бар сµздермен алмастыру тєжірибесіне сµзжасам ‰рдісіне ден ќойѓан тиімді. ¤йтпесе, «аралас тіркесті» сµздердің тілімізге дендеп ене беруінің ќалыпты тасќынын тоќтатудыњ тек ќана бір жолы, тєсілі бар ол - б‰кіл елді ќазаќ тіліне кµшіру болып табылады. Оѓанға дейін «аралас тіркесті» сµздер тілімізден өз орнын алып, µмірімізге дендеп ене беретін болады.
8 М - Ж. Көпеев шығамаларындағы шағатай тілінің үлгілері
Әлқисса, әңгімені әріден бастайық. Ол - мына бip пікірден басталады. «Ағартушы ақын - жазушылардың шығармалары, бip жағынан, Шығыстың әлгі үлгілі әдебиеті дәстүрінде, екінші жағынан қазақтың бұрынғы үлгілі әдебиеті дәстүрінде қисса, дастан, мысал, назым, өлең, жыр болып келеді. Оларда ескі, діни кітаби сөздер көп кездеседі. Әсіресе, назиралық шығармаларда «шағатай» тілі деп аталған ежелгі әдеби тілдің әсері бар»1. Осы пікірдегі «кітаби», «шағатай» деген сөздерді анықтап алайық. «Кітаби» деген атау ертеде хрестиян діндарлары арасында діни кітап «Инжіл» ережелерін бұлжытпай орындаған, бұлжытпай орындауды жақтаған, уағыздаған, адамдар жөнінде қолданылған. Оны біздің XX ғасыр басындағы ақындарымыз жөнінде қолдану мүлде орынсыз2. Профессор М.Балақаев «көне әдеби тіл» - деп, түркі халықтарына opтақ орта ғасырлық тілді атайды да Ал «кітаби тіл» жаңа тіл, Октябрьден кейінгі «әдеби тіл», «қaзipгi әдеби тіл» - деп аталғаны жөн»- дейді3. Р.Сыздықова: «...қазақ топырағында «кітаби» деп аталған тілде жазылған үлгілер»4, С.Исаев: «…кітаби -тіл дәстүрі және оның қазақ әдеби тілі тарихында алатын орны туралы жан-жақты жаза келе «кітаби тіл дәстүрі» деген тілдік құбылыстьң үш анықтамасын береді де былай қорытындылайды: «...кітаби тіл грамматикалық жағынан көптеген түркі халықтарына ортақ дәстүрі бар тіл» - дейді5. Атақты ғалымдар С.Е.Малов ол кітаптар тілін «кітаби мұсылманша татарша жаргон» десе6, белгілі шығыс танушы В.В.Радлов бұрын «қазақтардың өз жазба әдеби тіл болған жоқ», ал қазақша жазылған кітаптар тілі «шұбарланған қоспа тіл» - деп қарады7 өзі айтқан кітаби өлең, кітаби ақындар деген сөздері әдеби терминге айналып, жұртты бipaз әуреге салды.
Кітаби тіл туралы пікірлер қазақ, тілінде өрбiп жатты Ғ.Мұсабаев: «…бұқараға кең тараған тіл болды…»1, І.Кеңесбаев., Ғ.Мұсабаев «...кітаби тілдің дәстүрі тым ұзақтап кетеді…»2. Бұндай кітаби тіл туралы қилы ойларды тізе берсе бip жұмысқа арқау болары сөзсіз. «Кітаби тіл» деген үғым расында орыс тілінен ауысып бізге жеткен термин. Дәл осы айтылған қалпында мазмұны да, мәні де орыс әдебиетінде айтылып келген баламаға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қараңыз: Книга,-и, ж. 1. Произведение печати /в старину также рукописное/ в виде переплетных листов с каким н. текстом. 2. Сшитые в один переплет чистые; или разграфленные большие листы бумаги для записей. Книжник, - а, м. I. Любитель и знаток книг страстный к. 2 Работник книжной торговли /разг./. II.ж. книжница, ы, ы/к I знаг./ Книжный, -ая, -ое. І.cm. книга. 2. Основанный только на изучении книг, оторванный от практики. Книжные знания. 3. Характерный для письменного изложения, несвойственный живой устной речи. К. стиль. Выражаться по-книжному /нареч././/сущ. книжность, - и, ж3.
Көне дәуірде кітаптың екі түрін білген оның бipi /лента-свиток/ деп аталған. Қытайда, Египетте, Грецияда, Римде көне Шығыс мемелекетінде пайда болған. Бұл елдерде бет пен пластиннің бipлігін де кітап деген. Индия, Цейлон елдерінде кітаптың орнына пальма жапырақтарын қолданған. Б.з.д. 4-3 мың жылдықта Көне Египетте папирус жапырағын кітап деген. Ал, б.з.д. -2 ғ. пергаменді пайдаланған. Россияда 9 ғ 2-ші жартысында жазу пайда болып, ең ескі қолжазба «Остромирова евангелие» /1056-57/ 11 ғ - 7 кітап, 12-8 кітап тіркелген екен4. Ал «Повести временных лет» /1037/ жылғы кітапта Ярослав Мудрыйдың кезінде кітап ісінің дамығаны сөз болып, «ученью книжному» дегенге мадақ айтылады5. Ярослав Мудрый кезінде Бұлғариядан келген көне славян мәтінін көшіріп қана қойған жоқ грек тілінен орыс тіліне де аударды. «Разумеется, в то время значение книг, литературы осознавалось прежде всего и главным образом в религиозно этическом плане...”6, “русский литературный язык имеет две формы устную (разговорную) и письменную (книжную)1 «После принятия христианства (988 год) у восточных славян появляются книги...»2.
Мінекей, кітаби дегеннің сыр-сипаты орыс әдебиетінде осындай болған. Қазақ тілінде «кітап» араб тілінен ауысқан алғашқы мағынасы жазу дегенмен ұғынылған. Кітап /китап/ араб тілінде - ма//-му қосымшасы алдынан жалғанады мысалы: ма+китап /мектеп/, му+ғалым /мұғалім/, му+хабба /мұқаба/ т.б. Сондықтан ғалым Б.Кенжебаев айтқан алғашқы пікір шындыққа жуық келеді. Қалай дегенмен, «кітаби» сөзінің мағынасы орыс тіліндегі хрестиян дінімен байланысты, сәйкес келеді. Олардың «Русская правда»3 көне орыс қолжазбасын қазіргі орыстардың өзі де түсінбейді. Сондықтан орыс тіліндегі баламасы қазақтың XX ғасыр басындағы ақын-жазушыларына сай келе бермейді. ХX ғасыр басындағы шығармалардың дені жер, оқу ағарту, қазақ тілін жақсарту, әйел теңдігі, бодандық мәселесі т.б. «Дала уалаяты» газетін қараңыз.4 Тiптi XX ғасыр басындағы басылған кітаптардың мазмұны да әр қилы. Дінге тым кұлшылық ұра бермегендігі байқалады. Рас, бірді-екілі кітап бар: дінді ғалым ретінде қараған, тілі де жатық, ұғынықты осыған қарап «кітаби» ақын - жазушылар деуіміз келісе қоймас. Айтпақшы, XX ғасыр басында 200 кітап басылып шықты5 - дейді. Ал, Ә.Жиреншиннің зерттеуі бойынша «XX ғасырдың бас кезінде Қазан, Петербург, Уфа, Ташкент, Орынбор, Семей, Омбы, Орал, Верный, Астрахань қалаларында орта есеппен 1000 - нан астам атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан, олардың тиражы шамамен 5 миллион данаға жеткен»6. Бұл кезде шыққан кітаптардың да мәні түрлі саланы қамтыған. Айталық: «Насихат қазақия» (Орынтай Қырымбайұлы), 1990 жыл, 20-бет; «Топ жарған» (М.Сералин) 1990 жыл, 13-бет, «Гүлкәшима» (М.Сералин) 1903, 97-бет; «Манзұмат қазақия» (Н.Наушабаев) 1903, 72-бет; «Ақмолла эфендіңің манзуматы» 1904, 24 – бет, «Әдебиет қазақия» (Әубәкір Керделі)1905, 35- бет; «Жапон соғысы» (Ғарип Сафиулланұлы) 1906, 23- бет; «Жас өмірім яки жастықтағы өкініш» (А.А. Жандыбаев) 1907, 15 - бет; «Мәшһүр шағыр Ақмоланың мәрсиясы және басқа шағырлары» (Ақмола Мухамедияров) 1907, 36-бет; «Tiрлікте көп жасағандықтан көрген бip тамашамыз» (М-Ж. Көпеев) 1907, 23- бет, «Хал-әхуал» (М-Ж. Көпеев), 1907, 20-бет, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (М-Ж. Көпеев) 1907 жыл т.б. Дегенмен, әдеби тілдің белгілі 6ip ұстамы ретінде алынған «кітаби» деген атауды өз мағынасына емес, басқа ғасырлар әдебиет өкілдерінен бөліп қарастыру мақсатында да, айырып алу нәтижесін көздеп XX ғасыр басындағы бұқарашыл ақын-жазушыларды «кітаби әдеби тілдің өкілдері» деп атаған орынды. Ал, олардың тілін «кітаби әдеби тіл» деуіміз керек сияқты.
Негізінде «кітаби әдеби тілдік» аталымды орта ғасырлық әдебиет өкілдеріне қолданған дұрыс болар еді. «Диуани хикмет», (Ахмет Йссауи), «Бақырғани кітабы» (Сүлеймен Бақырғани), «Нух' алайһи с-салам хикаялары» (Рабғузи), «Лұқман хаким хикаялары» (Рабғузи) т.б. Бұл шығармаларда расында таза діни ұғым мен ғақлия насихат қатар келіп отырады. Нақты осы шығармалардың мазмұны XX ғасыр басындағы әдебиеттерде кездеспейді. XX ғасыр басындағы әдебиет әлеуметтік саланы көбірек жырлайды, жазады. Келесі мәселе: «Шағатайлық» әдеби тіл дегеніміз не соған тоқталыс жасалық. «Моңғол» cөзі мұң және ол деген сөздерден шыққан, «Мұңның» мағынасы қайғы екенін барша түрік біледі, ал «ол»- дың мағынасы да қайғыға жақын, түнерген дегенге келеді. Сонда моңғол дегеніміз түнерген, қайғылы деген болады»1. Қазақтың ежелден келе жатқан көршісі Моңғол eлi (Моңғол Улс) кезінде Жетісу жерінде өмір сүрген Моғолстан мемлекеті осы Моңғол елінің бip бөлігі. Моңғол деген түрік сөзі мың+қол деген сөзден өрбіген. Мың сан eciмi моңғолда, түріктерде көптікті бiлдipeтін ұғым. Ал, «ғол» моңғол тіліндегі төл сөз «гол». Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай Мәуреннахырды, Хорезімнің бірсыпырасын, Ұйғыр, Кашафур, Бадахшан, Балх, Ғазнинге Сыр суына шейін билегенін тарихтан білеміз. Шағатай өзі өлгеннен кейін де бұл аймақта Шағатай ұлысы деп атады. Моңғол тілінің үстемдігінен жергілікті жердің тілі «шағатай тілі» - деп, аталды. Бірақ, бұл жердің тілі «түрік» және «түрки» тілі болды. Моңғол өктемдігінде болғанмен «түркі» және «түрки» тілі жоғалып кеткен жоқ. Өйткені әкімшілік тілі «шағатай тілі» болғанмен басқа түркі халқы өз тілдеріне сөйлесіп, хат-хабар алысып жүре берді. Жалпы шағатай тілі «түрки» тіліне ықпалы зор болды. Өйткені «түрки» тілі татар, өзбек, ұйғыр, т.б. тілдер болуы мүмкін. Ceбeбi, Махмұт Қашқари: «Ең таза тіл тек қана бip тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат жұртқа барып келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін және шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық бар. Соғдақ, қанжақ, арғу дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады. Сахара қыр халықтарынан шыққан жомұлдардың тілдері өз алдына жеке тіл. Олар түрікшені жақсы біледі»1. Кішілі-ұсақты рулардың бәрі түркі тілдерін жақсы білгенге ұқсайды. Бірақ, олардың түрік тілімен қоса өзінің ішкі таңбасы сөзі болғандығын да айтады. «Ұйғырлардың тілдері таза түрікше. Олардың өзара сөйлесетін тағы бip тәсілдері бар»2 демек ұсақ рулардың түрік тілі мен жергілікті ерекшеліктеріне байланысты, бөлініп қалғанына байланысты, басқа жақтан ауа келгеніне қатысты, қалдық тіл болған.
Араб және моңғол шапқыншылықтарына дейін де түрік жері бөліністің талай дәмін татқан көрінеді. Ру-руға, тайпа-тайпаға, ел-елге ауысып, әлдісі әлсізді жеңіп, тіл үстемдігі жүріп отырған. Бұл территорияда субстрат /жергілікті жердегі қатпарлас келген tіл өктемдігі/, суперстрат /баска тілді мұралап алған тіл/ мысалы, «шағатай тілін», «түрік тілі» оның ішінде «қазақ тілі» жамап алған, адстрат /көп тілдің бірде бірінің үстемдігі жоқ/ кезеңді басынан өткергені байқалады. Былай айтқанда XX ғасырдың басына дейін койнэ /ортақ жалпыға бip тіл/ «көне әдеби» оның ішіне «түркі», «түрки» қоса жамылып келеген шағатай өзегі болып табылатын қазақ бастауы қыпшақ тілі келіп жеткен. Түркітанушы Баскаковтың түзген классификациясында изоголосса /белгілі бip шеңбердегі ғана диалектілік/ тілдер көрсетілген сияқты. Ал, көнетүркі тілдерінің арғы кезеңі «Орхон-Енисей» ескерткішіндегі елдердің немесе М.Қашқари атаған көптеген ұсақ рулардың белгісі байқалмайды. Бергі қалыптасып болып кесектелген тілдік айғақтық тіл тобын ғана көрсеткен-ді.Түрки тілі мен түркі тілі көп жылдарға дейін жарыса өмip сүрді көне дәуірден бермен қос тілділік құбылыс жазба әдебиетінде болса мұнымен қоса С.Исаев ақын-жыраулардың шығармалар тілі3 қабаттаса келді дейді. Cөйтiп, қазақ тарихында үш тілдік құбылыс пайда болды. Оның бip бұтағы қазақ жұртының бөлектену, шеңберлену тарихында түрік тілінде қалып, жалғасын кітаби әдеби тіл жалғап әкетсе, екіншісі түрки тілі бұлар көне өзбек, ұйғыр, башқұрт тілдеріне қарай бөлінгенге ұқсайды. Қараханит дәуірінде түрік тілі үстемдік етті оны М.Қашқари шығармасынан білеміз4 бірақ сол кездегі түрік тілінде сөйлейтіндердің өзі әр тілде сөйлейді. Ал XVII ғасыр жазбасы Әбілғазының: «Бұл тарихты жақсылы-жаманды баршасы білсін деп түрки тілімен жаздым /түсініктемеде түркі-түрки/ XV-XIX ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстанда қолданылған түрік әдеби тілі / депті... түсінікті болсын деп шағатай түркісінен, парсы, араб тілдерінен 6ip сөз қоспаймын»1. Шағатай түркісінен деген сөзге көңіл аударыңыз. Өзі түрки тілімен жазып отыр. Олай болса «түрки тілі» түркі тіліне өте жақын, түсінікте айтылғандай бip тіл емес. Кітаби тілде осы түркі тілінен (шағатай түркісінен) тарап жетті. Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед: «Әндіжан тұрғындарының бәpi түркілер. Қалада да, базарда да түрікше сөйлеймейтін адам ұшыраспайды. Халықтың ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз. Mip Әлішер Науаи Гератта өзі сонда тәрбиеленгенімен, шығармалары түркі тілінде жазылған»2. Сол сияқты шағатай нәсілді жете моғолдар туралы деректі де осы кітаптан табамыз3. Шағатай туралы М.Томанов: «Шағатай әдеби тілі Орта Азияны, Еділ бойын мекендеген барлық түркі халықтарына ортақ»4 десе, Ә. Ибатов: «Шағатай тілі» деген терминнің осы күнге дейін бip жүйеге келіп, дәл айқындала қоймағанын»5 тіліне тиек қылған. Қ.Өміралиев, М.Мырзахметов: «...XIII-XIV ғасыр арасында үш ipi тілдік топ ұйғыр-қарлық оғыз, қыпшақ тілдік топ бөлектене бастағандығын» айтады6. Осындай тілдік нысандар XX ғасыр басындағы әдебиетке әдеби тілге де алып келеді. Олай болса, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті әлеуметтік - саяси коғамдық өмірмен тығыз байланысты. Әдеби тіл үшін тартыс прогрестік және регрестік күштер арасында үнемі болып тұрды. Бұл идеологиялық күрес ең маңызды саланы оның ішінде әдеби тілдің дамуын қоғамдық құрылыс саласында қарастырды. Қазақтың зиялы өкілдері өздерінің пікірлерін баспасөз бетінде жазып отырды. Бұндай шығып сөйлейтін мінбе «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті болып табылады. Зиялы қауымның баспасөзі XIX ғасырда дүниеге келген 1870 жылдан 1882 жылға дейін Ташкентте шығып тұрған «Түркістан уалаяты» мен 1888 жылдан бастап 1902 жыпға дейін Омск қаласында шығып тұрған «Дала уалаяты» атты газеттер болып табылды. «Бұл газеттердің «тілі мен стилі» негізінен бұрынғы мұсылманша оқыған зиялылар, тілмаштардың тілі мен стилі деуге болады»-деп жазды Т.Р.Қордабаев7. Осыған орай, «Қaзaқ арасындағы сауатты ақындар қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп ендірген. (Қазақ тілінің ерекшеліктерін астын сызған-А.Қ.) Мәселен, Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің, Нұржан Наушабаевтің, Ақмолланың т.б. шығармаларының тілі осындай тіл»1 - деп жазды Н.Т.Сауранбаев. Немесе, «Әлгі аттары аталған кісілердің ішінен «Дала уалаятына» Мәшһүр Жүсіп үзбей, белсеніп қатысқан: түрлі тақырыпта көптеген хабар, мақала жазған бірсыпыра өлең жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастырған. Тегі Мәшһүр Жүсіптің «Мәшһүр» деп аталуы оның тек салдық құрып, ел қыдырып өлең айтуы арқылы ғана емес, сонымен қатар осы «Дала уалаяты» газетіне көп жазып, атағы шығуы арқылы да болуы керек»2 дейді ғалым Б.Кенжебаев. М-Ж.Көпеевтің әдебиетте алатын орны айқындалды. Ал, әдеби тілде алатын орны әлі айқындалған жоқ, М-Ж. Көпеевтің шығармаларының тілі баяғы пікірлерден әлі аса алмай жүр. Шындықтың көзіне тура қарасақ М-Ж.Көпеевтің тілі адам ұқпастай шұбар ала емес. Онда әдебиетшілер қалай оқып, қалай талдап жүр.
Және барлық шығармалары діни сарында жазылған жоқ «Шайтанның саудасына» қарап, бірді-екілі басқа тілден енген сөздерге қарап, тілін қойыртпақ деуге бола қояр ма екен. Рас араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздер кездеседі. Ал, ондай сөздер қабаты кімде кездеспейді. Абайдың да, Ыбырайдың да тілінде ұшыраспаушыма еді. Дін мәселесіне де сондай көзқараста болды, бірде даттады, бірде құдайдан қорқа бастады, өздері құлшылық етті. Бұл мәселеде М-Ж. Көпеев бip бағытта болды. Қазіргі кезең шығармалары да діни адамяттық сарында белгілі бip адам танымының құдайшылық жолында болмаса өзінің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тіпті тілін ұмытатынын Ш.Айтматов «Жан пида», «Боранды бекет» романдарында тамаша көрсетіп те, жазып та берді ғой. Шексіз әлемге ұмтылу, таза экзотеориялық ғылымның нышанына тиеселі болу тек қана тазару жолымен болатынын, өмip өзі дәлелдеді емес пе?. Сондықтан рухани байлығымызды қайыра қарап, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тipілтiп жатқанда М-Ж.Көпеев пен Шәкәрім Құдайбердиевтер туралы расы айтылуы керек-тi. М-Ж.Көпеев пен Шәкәрім шығармалары лингвистикалық тұрғыдан дұрыс талданып әдеби тілдің тазаруына, түзелуіне үлестері бар екендіктері айтылу керек деп ойлаймыз. М-Ж.Көпеев туралы: «Бұрын халықты ұлтшылдық мұсылманшылдық бағытта үгіттеп келген ұлтшылдардың әpекeтi мұндай жағдайда, әрине, бұрынғыдан да күшейе түсті. Мұсылманшылдық бағытта жазылып, басылып шыққан кейбір өлең, жырлар да халықты уламай қойған жоқ. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы шыққан «Хал-ахуал» және «Тірлікте көп жасағаннан не көрдік?» негізінде («Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бip тамашамыз» болуы керекті-А.Қ.) деген кітапшалары да осындай кертартпа, зәрлі кітаптар еді. Мұнда «Дін мұсылман, ояныңдар...», «Бас көтер, дін мұсылман балалары...», «Орысты біздің қазақ күндемейді, үстінен басып өтсе үндемейді деген сияқты әpi панисламизмді, әpi ұлтшылдықты қоздыратын пікірлер барды»1 - деген С.Көбеевтің пікірін ескерсек, Шәкәрімнің шығармалары туралы да солай айтылды, мысалы: «Бipaқ бұл шежіре, біріншіден, XX ғасырдың бас кезіндегі жазбалар қатарына жататын материал болса, екіншіден, мұның тілінде, дыбыстық кейбір ерекшелік қана болмаса, айрықша тоқталып жатуды керек етерліктей мәз ештеме жоқ»2 - деді Т.Р.Қордабаев. Шығармаларын башқұрт, татар тілдерінде жазған басқа ұлт өкілдері болды. Соған қарап барлық ақын - жазушылардың шығармаларының тілі шұбар ала дей қою шындықпен жанаса қояр ма екен. Айталық Муфтахитдин (Ақмолла) Мұхамедияров Башқұрт жерінде туған, шешесі татар, Әкірәм Ғалымов ұлты татар т.б. қoc тілде жазып, сөйлеуі әбден заңды ғой.
Профессор Б.Кенжебаев: «Ал қазақ тілінде XIX ғасырда, XX ғасыр басында шыққан кітаптардың тіліне келсек, олардың көпшілігінің тілі шұбар: араб, фарсы, татар, башқұрт, өзбек сөздері аралас келеді,... »3 - деді. Көрнекті тілші ғалым М.Балақаев: «Өйткені бip жағынан Абай, Ыбырайлар дәстүріне үн қоспай, сүзек ауруындай созылған ескі «шағатай тілі» үлгілері орынсыз көп қолданылып, әдеби тіл бөгде тіл сөздерінен тез арада арылмай қойды, шым-шытырық шұбар ала тілді өлеңдер, мақалалар баспасөзде кездесе береді»4 -дейді. Бұл арада сөз: «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері мен «Айқап» журналы туралы болып отыр. С.Көбеев: «Айқап» журналы қазақ тілін, татар, парсы, араб тілдерінен тазартып, қазақтың сап күмістей таза, өзіндік тілін калыптастыру қазақ тілінде «Жаңа әдіс" мектептерін ашу жөнінде елеулі мәселелер көтерді»1 - деп со кездегі тіл үшін күрес болғандығын да, хабардар етеді. Жалпы біздің ұғымымызда осындай араластырып сөйлеуді кейбір оқығандар ғана әдет қылды. Ол кезде туысқан тілдер төңірегінен қазақ тілін аршып алу жөнінде мәселе болса, бүгінде орыс тілінен аршып алу мәселесі тұр. Ал, кеңбайтақ қазақ даласында, қаладан жырақ жерлерде қазақ тілі өзінің дәрежесін сақтап қалды.Тілді түзеуге үлес қосқандар да сол қалың қазақтар еді. Ауылды жерлерге татаршалаған молдалардың тілі сіңбеді. Қазақтар жазба тіл дәстүріндегі кейбір шағатайлық элементтерді бойына жақындатпады. Сондықтан XIX ғасыр, XX ғасырдағы тіл бұзылып кетеді шұбарланып кетеді, қойыртпақ деу тек қана жазба тілге қатысты болды. Дала ақын - жазушыларының, әншілері мен сал cepiлepiнің тілі өте таза болып келді. Ат төбелі адамдардың шұбар тілі, бүкіл кең байтақ қазақ даласындағы халыққа түкте істей алмаушы еді. Қазақ даласы тек осы ғасырларда ғана көрген құқайы емес еді, сан-салалы шапқыншылық пен теперішті қөpiп «мың өліп, мың тірілген» едi. Россия империясының ұзақ жылғы боданында болып та тіліміз жоғалған жоқ, орыс тілділер болып кеткен жоқ. Сайып келгенде алфавитімізде солардікі еді. Қазақ тілі күндердің - күнінде ешқандай зорлықсыз-aқ өктемдік ететін тіл болатыны сөзсіз. О кезде түрік тілдерінде түрліше жазып келсе, қазірлер орысша да араластырып жазып, сөйлегендер болғанын неге жасырамыз. Оның үстінде қос тіліділікті жақтап жүр емеспіз бе? Кезінде Бауыржан Момышұлы екі тілде сөйледі деп жазғырып едік, енді өзіміз екі тілде жиынды да бастап, өңгені де қостап беретініне несіне қайран қаламыз. Сондықтан XIX, XX ғасыр тілінде де осындай кезеңдер болды. Бірақ бұл өткінші уақытша кезең еді. Бірді-екілі адам сол тілді тазартты, түзеді дейміз бұл терісінен қате пікір еді.
Мысалы: «Писатели XX в. продолжают начатую Абаем и Алтынсариным борьбу за очищение литературного языка от устаревших элементов...»2 - деп жазды Н.Қарашаева. Бүкіл қазақ тілін қазақтардың өзi көмектеспесе, не болмаса ел арасында сақталған қазақ тілі болмаса, қазақ тілін түзеген дегенге кім сене қояр дейсіз. Рас, сонау көнеден жеткен ақын-жыраулардың тілдік дәстүрін сақтай отырып, жаңа заман талабына байланысты жаңа сапаға жазба тілдік дәстүрді көтерді. Ал, жалпы қазақ тілін түзеді дегенге келісу қиын. Ел арасындағы жаңа сападағы сөз заман тынысымен жетті. Ол туралы айтылып та, жазылып та қойды. Қазақ тілі жаңа өнделген дәрежеге тек қана жазбалықтардың нәтижесінде жеткен жоқ, ауыз әдебиетінің тамаша жыраулық салтын сақтаған ақын жыраулар арқылы да жетті. XX ғасыр басындағы газет, журналдар өте демократты болды. Қaзipгi бiз айта алмаған мәселелерді көтepiп отырды. Газет болсын, журнал болсын ел ішімен тығыз байланыста болды. Хат - хабар алысып, сұрақтарына жауап алып тұрды. Алфавиттің өзгерісін жақсылыққа жорымады. Қазіргі алфавит коммунистік интернационализмнің жемісі еді. Славян халқы мен түркі елін туыстастырудың, қолдан жақындастырудан туған әрекет болды. «Түркістан уалаяты» газет тілінің кейбір ерекшеліктері»1, «Айқап» журнал тіліндегі өдеби нормалану пpoцecтepi», «Түркістан уалаяты газетінің лексикасы»2 бip шама жан-жақты талданып жазылды. Бұл газет, журналдың тілі ақын, жазушылардың тілі еді. Олардың көтерген мәселесі М-Ж. Көпеевке де ортақ болып табылды. Бұл жөнінде: «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өз мақалалары мен өлеңдерін жиі бастырып, ел өміріне маңызды деген мәселелерді өзінше көтеріп отырған»3 - деп жазды баспасөз бетінде белгілі ғалымдар. Расында да солай болып тұрды. «Дала уалаятың» газетіне М-Ж.Көпеевтің «Баянауылдан», «Біздің қазақ халқының ата-бабаларынан бepi қарай келе жатқан әрбір нәрсені ырым қылатұғын әдеттері бар еді?» Тұрмыс жайында болған хабарлар /169-бет, 194-бет/ жарияланған екен4. Мақалаларда: ұғылы, мырза, жәрмеңке, теңге, алым, салым, ауқатты, ділдә, болмайтұғын, ғақыл әдіс, айырыс, жұғыс, һәм, бек, жаһұт, рашын, кішік, ғибраттарының, муафиық, харамдық, баһза, сахабатына, құқы, ғадатінә, хазіретіне деген кейбір ғана әдеби нормадан ауытқыған сөздер кездеседі. Оның ішінде: мырза, жәрмеңке, теңге, алым, салым, құқық деген сөздер бүгінгі заманның үрдісінен орын алып отырған сөздер. Кішік сөзі «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың құрамында бар, M-Ж.Көпеев бұл сөзді өзгеше арнада пайдалана білген. Бұлардың ішінен қазақша қосымша қабылдаған сөздер де ұшырасады. Мақал-мәтелдер: «Жігіт жаманы қыз қориды, бip нәрсенің жаманы тұз қориды»; «Балам, базарда не арзан, не қымбат екен? »; «Бар мақтаса табылады, жоқ мақтанса шабылады»; «Жемесе де май жақсы, бермесе де бай жақсы»; «Keлін келсе аяғынан, шопан келсе таяғынан»; «Дүние деген шіркін тойға келген қыздай, кетеріне келгенде қолға ұстаған мұздай»; «Ұяда не көрсең ұшқанда соны көресің»; «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауыл бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауыл бол»; «Опаға барған ағарады, күйеге барған қаряды», «Қатын алма, қайын ал, жақсы көрген тамырдың атын алма, тайын ал», «Анасын көpiп қызын ал, аяғын көріп асын iш», «Cүтпен берген мінез сол бағытымен кетеді», «Қатынды бастан, баланы жастан» деген ұлағатты сөздер ұшырасса. Басқа мақаласында: қылатұғын, ғазиз, бұқара, саламаттылығына, хиса, құрметлі, хазіретлері, тафауал билқайр, ағзам, мәзкүр сөздері орыс сөздерінен; генерал губернатор, император, господин, келесі мақалада: ғайбаттайсыздар, жаһұт, немесе «он екі ай шығып, бip ай тығып», «бұрынғы жуан сорлы үзлуге тақалды» т.б Біздің назар аудартпағымыз осы үш мақалада бip де бip ұғынықсыз сөз жоқ. Бары осы сөздер. Өте сауатты қазіргі әдеби нормадағы сөздерді тiзіп, жатық сөйлемдермен-ақ жазған. Қазақтың байырғы төл сөздері, афоризмдер, мақал-мәтелдер, идиома, фраза, троптың, фигураның түрлері толып жатыр. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Біз ілгеріде шығармалар тіліне кеңінен тоқталыс жасармыз. Сонда, М-Ж. Көпеевтің тіліне толық қанық боламыз. Ү.Субханбердина: «Дала уалаяты» газетінің Баянауылдағы тiлшiлepi Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Сәдуақас Мұсаұлы Шормановтың мақалаларын1 атап өткен. Осы орайда, Б.Кенжебаев айтқандай: «Дала уалаяты» газетінде Абайдың басқа (екі өлеңін айтып отыр-А.Қ.) «Жазда шілде болғанда», «Болыс болдым мінекей» ешнәрсесі шықпаған2 деуі көңілге қонбайды. Ғалымдар Ү. Субханбердина, Қ. Өмірәлев бұл турасында жазды. Газетке Абай мақала жазбады дегенмен, оған Абай беделі түспеді. Мүмкін, Абай өз биігінде қалғысы келген болар. Бұл арада М-Ж. Көпеевті биіктетіп, Абайды аласартудан аулақпыз. Сөз сірағысы ретінде расында; Шәкәрім Құдайбердиев, Абыз Сәбекұғлы, Аббас Айманов би Чонов, Зұлқарнайын Шөкіұғлы Нұрлыханов, Асылқожа Құрманбаев жалпы біздің байқағанымыз бұл газетте Баянауыл өңірінен хат-хабар көп жіберіп тұрған. Ш.Х. деп көрсетілген «Редакцияға келген хат» Шәкәрімнің жазба стиліне ұқсайды. Мәселе осы жазылған мақаланың сынына газет әpбip бабына дейін санамалап, тыңғылықты жауап бepiптi. Mыcaлы: «Opыстapдың Орта Азия ішінде тұрған мұсылмандармен қалай тұрмышлары», «Қазақтың нашар тартқаны турада», «Орда» деген сөздің мағынасы. «Мемлекет тілдері», «Қазақ жері», «Қазақтардың қамсыз еріншектігі турасында айтылған бірнеше сөздер» т.б оқып отырып, тілдері шұбар ала, ешкім ұқпайды деуге ауыз бармайды. Рас, қайсы бip мақалада бірен-саран шағатай тілінің элементі кездеседі соған қарап XX ғасыр басындағы газет, журнал, кітаптар тілі бәрі де сондай болды деген пікірден біз аулақпыз. Бұл орайда: Т.Қордабаев былай деген-ді: «Өткенге қазіргі тіліміз мұнарасынан қараушылар, әдетте, көне жазбалар тілін «қойыртпақ», «қоймалжың», «шұбар тіл» т.б. деп тоқсан сақка жүгіртіп сықақ етеді. Бірақ, сол қойыртпақтың қазақтың жазба тілінің, әдеби тілінің қалыптасу тарихындағы алғашқы кезең, алғашқы бір дәуір болғандығын мойындамау тарихқа қиянат жасау болар еді»1. Олай болса, XX ғасыр басындағы ақын- жазушылардың қай-қайсы да өз хал қадірінше халқына еңбек eттi. Һәм тілін дамытуға зор үлестерін қосты. М-Ж. Көпеевтің мақаласындағы: мәрте /мәртебелі/, мырза /қазір келелі сөз/ мырза чиновниктің баламасында/ алым, салым дегендер /налог/ саласындағылардың, сауда саттықтардың ең бip өнімді сөзіне өcтi, теңге базар т.б. сөздері де күнделікті дәрежелі орнын тауып адам игілігіне айналуда. Асылы, М-Ж. Көпеев қазақ тілі туралы, болашағы жөнінде сөз айтпады десек қателесеміз. Ол «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым білім де осында, әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың бәpi жақсы болып, әулие болып өтті»2 - деп құнды пікір айтты. Бұл кімге болса да өнегелі сөз болар еді. М-Ж. Көпеев XX ғасыр басындағы ақын-жазушылардың қатарында бола отырып, шығармаларын таза жазуға ниет қылған кісі. М-Ж. Көпеев жазбаларын Қаздауысты Қазбек бидің, Кенесарының хатымен тiптi, бергі Аманкелді жазба шежіресінің стилі мен еш салыстыруға болмайды.М-Ж.Көпеев шығармаларының тiлі бip сыпыра өңделіп, бізге екшеліп жеткен тіл. Осы арада «XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ әдебиеті тарихында жаңа жазба әдебиетінің негізі қаланды дей отырып, негізін салған Мәшһүр Жүсіп пен Абай Құнанбаев делінеді» – деген С.Садуақасовтың сөзінің жаны бар. Қазақ әдеби тілінің даму барысын Абай және Ыбырай жетістігімен шектеу әдеби тіл тарихында айтылып та, жазылып та жүрді. М.О.Әуезовтың бұл жөніндегі пiкіpi өзгеше Мысалы: «...қазақтың барлық өкілдеріндегі тіл байлықтары тұтасып, қосылып, біріккен ортақ мол қазына болмай тұрған кезінде ақындық еңбек еткен Абайдың шығармалары әдебиет тілінің түгел негізін құрай қойды деуге сия ма»1 – деген шындыққа сай келеді. М-Ж.Көпеев қазақ тілін шағатай тілінен тазартып, жаңа сападағы жазба әдеби тілдік арнаға тоғысқан тіл болып табылады. Былайша айтқанда М - Ж. Көпеев кітаби әдеби тілмен жаңа жазба әдеби тілді жалғастырып жатқан алтын көпір іспетті. Жалпы XX ғасыр басындағы ақын-жазушылардың қатарына, бipгe өскен төл М-Ж. Көпеев пен Ш. Құдайбердиев шығармаларын салыстыра зерттеген тиімді. Ендігі кезекте М-Ж. Көпеевтің шығармаларының лексикалық тіл байлығы туралы болады. Қарастырылып отырған М-Ж. Көпеевтің тілі таңдамалы 2 томдық шығармалар жинағы бойынша терілді. Бұл кітаптар Алматы қаласында «Ғылым» баспасында 1-том 1990 жылы, 2-том 1992 жылы жарық көрді. Мұсылманша оқығандардың қай-қайсысы да араб тілін кеңінен пайдаланған. Араб тілінің көптеген сөздері қазақ ішіне сіңісіп, қазақтың төл сөзіне айналып кетті. Негізгі сөздік қорымыздан орын теуіп, күні бүгінге дейін кәдеге асып жүр. Арабша жазып, араб сөздерін тіліне арқау еткен М-Ж.Kөпeeвтi ешкім кіналай алмайды. Онда арабша қара сөздерін жазған Абайды, С.Торайғыровты жазғырар едік. Ыбырайды да, Шәкәрімді де бұл қатарға қосар едік. Арабтардан - оқу, ағарту, мәдениет, ғылым, өнер саласына байланысты деректі дерексіз сөздер енгені рас-ты, оны жоққа шығара алмаспыз. Табиғатымыздың жуықтығы араб тілін молынан қабылдауымызға мұрындық болды. Бір сөздер Арабтардан тікелей келсе, екінші сөздер үшінші, төртінші мемлекеттер арқылы ағылып келіп, қазақ еліне етене болып жатты. М-Ж. Көпеев те араб тілін оқып, хат танып жалпы өзі тұрғыластар сияқты пайдалана білді. Шығармаларында орынды қолданып, айтар ойына эмоционалды, экспрессивті рең жамады. Керек жерінде ғана арабша сөздерді пайдаланып, шеберлік танытты. Мысалы: Әшһәрәт апат деп айтқан Хәдис /24/; Ғаламға абрахмет нұрын шашар /25/; Пайдасын милләтінің түгел ойлап /62/; Ғибадат қанша қылған құлшылықтан /84/; Айтады әмір мәғруф насихатын /98/; Әлхари мақтап болмай болсын ақпап /100/; Әл-сафар бip қатпа боп шәйна лашқар /103/; Ғафурым нәхтли әр кез бермедікер /104/; Ширабап Тәсһурадай көрінетін /104/; Ғаріплік бұл жалғанда біздің баста /109/; Хумаюн жаләл жұпты өткен екен /127/; Ғелаз шәдадінің уысында /149/; Азажад әл-қаста ғуми әлджар /171/; Фарағат рақат жазған жоқ ты бізге, Лағынға жол үстіне ұшыратып кез /188/; Бас-басына 6ip мәсуәк омырауында /192/; Тамиғтың тырнауышы болсын деп сол /193/; Парахзат патша болып орнын алды /185/.
М-Ж. Көпеевтің шығармаларында орыс тілінен енген сөздер де молынан ұшырасады. Оның бip себебі, Баянауыл өңірі ертеден орыс шаруасы мен әскері қоныстанған жер. Сондықтан ауыс - күйіс әсері де болса керек. Жалпы араб, орыс тілінен кірген сөздер қазақ тілін байытты. Қазақ тіл заңдылығына лайықталып өңделді. Tiл өз мүмкіншілігін ғана пайдаланып қоймайтыны белгілі. Мұндай тіл көшкінін барлық ел басынан өткерді. Тым ертедегі осындай даму сатысына өткен кейбір шығармаларды тіпті ажырату мүмкін болмай қалады. Мысалы: «Игор жасағы жайындағы жорық» (XII) ғасырдағы орыс eлiнің бетке ұстар сөзі болып отыр. Немесе түркі халқына ортақ «Кодекс Куманикус» (Құмандардың заңы) армян тілінде жазылған Қыпшақ ескерткіші. Қадырғали Қосымұлы «Жамиат-тауарих» т.б Мұнда тілдің мол қабаты сіңгені соншалықты әркім өзінің төл шығармасы ретінде қарастыруға мүмкін болады. Сонымен, М-Ж. Көпеев шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздер қатары мынандай: Шығарған манифесті басын жиып/30/; Боқтайды стражник түйреп бізін, Сөз айтсаң 6ip екі ауыз жолдамаға/30/; Штраф екі айналсаң бәсіге деп, Қолыңа повеска деп қағаз берді/31/; Көп заман газеттерде жазылып жүр/31/; Сырғытып қоныс жайдан поселкелер/32/; Шақырса 6ip партия жаназаға/36/; Начальник әрне қылса мінез болды/43/; Еркіндік бұл халыққа деген публик/44/; Жұмысы депутаттың жұрт пайдасы/45/; Айта алмай переводтап қызыл тілім/53/; Қітапты чиновниктер жинап алып/61/; Меншіктей мекенінде крестян/61/; Бармай болса да екзаменге/61/; Тарту деп медаль наград олжа 6eрдіi/62/; Империяға қараған дін мұсылман/63/; Kөpyшi инспектор болмасын дей/66/; Офицердей/218/ т.б.
М-Ж. Көпеев дінге сенбеген адам деп әсте айта алмаймыз. Өмірін діни тазалыққа, ғылыми адамияттыққа арнаған кiсі болған. Орта ғасырлық әдебиеттер де діни тақырыптар орын алғаны рас еді. Қожа Ахмет Яссауий салған сопылық философияның бip тамыры М-Ж.Көпеев шығармаларынан да табылып қалады. Діни әдебиет ол-да әдебиет. Бipaқ бұл діни әдебиет астарлы, қалтарыс тұсы көп болады. Ислам діні мәдениет (қала) деген сөз өзінің жемісін беріп үлгерді. Құран діни әдебиеттің басы болды. Жазба тілде жеткен бұл кітап күллі мұсылман халқының бұлжытпай орындайтын ережесіне, заңына айналды. Ислам діні қазақтарға біртіндеп енді. Қазақ ұғымы бұл дінді бірден қабылдамады. Ислам дінімен қатар шаман дінінің қалдықтары қатар жүрді. Қазақтар өз шығармаларында «сөздік дінін» кеңінен әңгіме қылды. Ислам діні қазақтарға әлі де жетіп болған жоқ. Көшпенді ауылдарға ислам діні жетіп үлгермей жатты. Солтүстіктегі түркі тілді Саха елі шаман дінінде осылай қалып қойды. Қазақ ақын-жырауларында, жазушылардың шығармаларында екі ұдай пікір әлі де кездеседі. Мысалы: Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларында осы бағыт еркін аңғарылады. Бұл сонау Бұхар, Үмбетей заманынан жеткен құбылыс болса керек. Әйтпесе олар «Дін пұсырман» демес еді. Сонымен, М-Ж. Көпеевтің тіліндегі діни лексикалы сөздер тобы былай болды: Шақырса 6ip партия жаназаға/36/; Ұнайды дін исламға мүфти қазы /41/; Пайғамбар шариғаты тұрса артады /41/; Мұсылман баласына тиді тізгін /56/; Мешітті ас үй қыпды «молда сасып» /61/; Құранды қор, моланы бордай қылып /61/; Есіл «Аят хадисті» саулаған кеңесінде /78/; Имамдар мен қажылар /88/; Қожа, молда өзгеден оңды айтады /98/; Баспасы бес құранның бip бойдақ қой /110/; Бес намаз жанның бәрі иман, азап /174/.
Халқымыздың ұзақ замандар бойы тырнақтап жиып, шаң жуытпай сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалып келе жатқан асыл қазынамыздың бipi – мақал - мәтелдер. М-Ж. Көпеев мақал мен мәтелдерді көп жинаған, қатты мән берген. Оны тақырыптарға бөліп, жік-жігімен топтаған. Мысалы: «Өлім жолы иненің көзіндей» /50/; «Сабыр түбі-сары алтын» /58/; «Қисық арба жол бұзар» /98/; «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» /130/; «Қатын жолда, бала белде» /132/; «Өлі тілін тipi алмас» /134/; «Өнер алды қызыл тіл"/140/; «Қой анасы-бестен» /158/; «Ешкі егіз, ит сегізді» /196/; «Иесін ит құтырса қабар» /206/; «Беймазаның түбi наза» /211/; «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап» /216/.
М-Ж. Көпеевтің шығармасында (ауыз әдебиетінің үлгісінде) туыстық, іліктік қарым-қатынасқа байланысты, қазақтың салт-жораларына, әдет-салтына арналған атаулар мен көне табу мен эфемизімнің көріністері көптеп ұшырасы. М-Ж. Көпеев жинаған ауыз әдебиетінің ішінде: «Жар-жар», «Беташар», «Жаңа түскен келінге ақ тілеу айту», «Келіншекке өсиет» атты өлең жолдарында: Әкем-ай деп жылама, Байғұс қыздар жар-жар/21/; Әкең үшін қайын атаң, Орын басар жар - жар, шешең үшін қайын енең, Орын басар жар – жар /21/; «Елім-ай!» деп жылама, Аған үшін қайын ағаң/21/; «Жеңгем-ай деп жалыма, жеңең үшін абысын/21/; «Інім-ай» деп жылама, Інің үшін қайын іні/21/; «Сіңілім-ай» деп жалыма, Сінілің үшін қайын сіңілің/21/; Ұл боп тусаң, әуелден, Сені мұндай қыла ма/24/; Күйеуің келсе бір жақтан, Өнеге қып іл киімін/26/; Келін шайпау оттасы/27/; Жеті атасы бай өткен /29/; Ағайын татулықтың жібін үзіп /77/.
Ұлт атаулары да кездеседі: Зиянға біздің қазақ аяқ басар, Соқтығып өз пайдасын ойламастан /29/; Сарт, ноғай жан сақтайды саудасы бар /35/; Патшанын қол астында поляк жібермей /44/; Сарт, ноғай орыс, қазақ армян дағы /44/; Қызылбас пен қалмақтай боп өз ауылы /52/.
М-Ж. Көпеевтің мысал өлеңдерінде: «Бұлбұл мен Қаршыға», «Мәшһүрдің Тырнамен айтысы», «Бөдененің жатқан жері», «Оралдан қашқан ор түлкі» құс, аң, мал, жәндік, т.б. молынан кездеседі: Сұнқардай биік шыңды мекен қылмай /24/; Жыланға-у, араға-бал, тасқа-қына /25/; Гүл іздеп Гүлстанда жүрген Бұлбұл /25/; Бір күні Қаршыға кез болыпты /25/; Кекіліктің миы менен жүрегін жеп /26/; Қыран құс-көңіл ашар, жүйрік тазы /28/; Тұйғынға күшігендер ауыз салып /28/; Жем болып қарға ұзаққа қоныр қазы /28/; Жүйрік ат мақтанады бәйге алдым деп /74/; Қоразының, тауықтың қазылы бар /78/; Я сұңқар, яки лашын /79/; Түлкідей таудан қашқан бұлаң етіп /96/; Қой мен жылқы аласың бұл қазақтан /98/; Ешкі лақты шұбырып жол мен айдап /108/; Жылым қой, тауық жылы мен үшің жаста /109/; Аламын, құнан алмай, пұшпақ бөрік /112/; Ат түйе алмай, айтайын, алған мылтық /112/; Жер қаз да, тышқан болып, жина қорық /152/; Айдаһар ақырумен жақын келді /166/; Тырна екен жүз елудей бір ауыл қол /168/; Рас тоты, білемін ақылды ісін /173/; Шәл бақа тәтті екен, деп барма жаннан /177/; Адамға қарлығаштың іші бұр ды /177/; Есектің басындағы ноқтаны алды /179/; Шошқаның не қабаны тоғай да бар /185/; Көбелек мақтанады: шұбармын деп /185/; Шыбын шіркей боп, жолға шығып кетті/186/, Арсалан, әр қоянды қуған тазы /187/; Иттер бар көріп жүрген молдан қорлық /189/; Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып /192/; Лақ, тоқты алам деп жүрген аққу мен қаз /199/; Ала қарға, сауысқан құстың қоры /199/; Арыстан өліп қалды қылыш өтіп /204/; Аю, барыс, бөрі мен түлкі, тышқан /214/; Кер маралдай керіліп /217/, Жетім қозы сияқты /231/;
Табиғат пен ай, жыл мезгілдері де кездесіп отырады: Жаңбырдың аб рахмет тамшысындай /25/; Бораған қардай болып бұрқырадым /25/; Жер суға мал мен басқа бостандықты /33/; Биылғы үмітті едік өткен күзден, Октябрь он жетінші деген сөзден /56/; Бұлақтай тастан аққан қайнасына /65/; Ағарып атқан таңдай түсер көзге, Қу болса маңдайына жұлдыз оңы /72/; Сұмырай құс орнына /79/; Піскен егін сықылды аспан жасыл, Қыс пен шілде, жаз бен күз бар төрт арәсыл /81/; Ұйқы мен ең аяғы астан безсең Түседі аспандағы күнге сәулең /89/; «Шөп шығар біткен жерге» десін десіп /240/; Жаз кетіп, қоныр салқын күз болады /196/; Әпірел, май болмадық, марттай болдық /140/; Жел тұрып, толқын қатты тулап /158/; Теңіздегі ол бір гауһар /270/.
Ауызекі сөйлеу тілінің бұлжымас ережесін алып келген тұрақты тіркестердің де М-Ж. Көпеев шығармасында алатын орны ерекше. Фразеологизмдердің ақын тілінде қолданысы өзгеше рең алып, белгілі бip сипат алады екен. Фразеологизмдік қолданыстың байлаулы мағыналық, та дәстүрі кеңінен пайдаланылып, керекті жерінде өздігінен мән-мағына беріп тұр. Фразеологиялық тіркестер ауыз әдебиетінде ежелден бар. Ал оның М-Ж. Көпеевтің шығармасындағы түрленуі өз алдына жан-жақты талқылауды қажетсінеді. Сондай фразалық тіркестердің бірнеше тобын көрсетіп кеткенді жөн көрдік. Мысалы: Түлкінің қызылдығы өзіне сор /24/ негізінде «түлкінің қызылы» болу керек-тi мұндағы – дығы қосымшасы сындық мағынаны түлкінің тек қана өз басына бағыштап тұр. Сыныққа сылтау /40/; Аш атасын танымас /48/; Қанғандай құлақ құрышы /73/; Көңілді тipiлтep сөз өліп қалған /73/; Taтулықтың жібін үзіп /77/; Ай кірсіз /89/; Құдай мінсіз /89/; Досқа күлкі дұшпанға таба болып /105/; Көз сүздірме жапан түзде /105/; Жалғыз еңбек егіз /109/; Сырты сау алай-түлей іші түтін /127/; Жарасын жүрегімнің білдің танып /127/; Көңіл кіpi айтумен кетсін, барсын /128/; Екі құрсақ көтерді /129/; Тар жер тайғақ кешуде /133/; Махаббат құдай нұры /132/; Ет жүрек /149/; Дүние кезек /158/; Сезім майда /203/; Көңілі толды /210/; Қан арқалап /211/; Дәулет құсы /212/; Көз тойыпты /213/; Көңіл қойып /213/; Шыны айнаның көзіндей /217/; Айдай балқып нұрланып /217/; Тартқан сымдай 6армағы /217/; Иілген аққу қазындай /217/; Болат босағасы /220/; Көңілі тынған /221/; Көңілі жайда /224/; Көңілін алған /230/; Ашуыңды сөндіріп /234/.
Деректі, дерексіз зат атаулары: су, өнер, ұйқы, гүл, дария, көз, үй, ақша, дүние, мал, ай, дию, хан, есек, күміс, шөп, сүт, бала, дүкен, кемпір, дұшпан, айдаһар, арман, коржын.
Туынды қатыстық сын есімдер: мастық, жамандық, жыртық, тәкапарлық, күншілдіқ, тыныштық, шындық, кедейлік, еріншектік.
Есімдіктер жиі кездеседі: Мен алмай оның малын кім алады /189/; Біз жүрдік екеуінің ортасында /119/; Біз білдік қызық дәурен соның бәрін /150/; Мен білсем түсіңіздің жоруы осы /212/; Мен сөйлеген кезімде /226/; Ол жерге қорыққаннан кіре жаздап /222/; Ол бірақ көрсетеді ықыласты /195/; Сіз жұмсасаңыз өлтіреміз талайды деп /208/.
Сілтеу есімдіктері мен есімдіктердің септелу үлгісі: Бұлар да көп тұра алмай кете барды /166/; Miнe осындай мән жайы ғаріплардың /127/; Міне жоқ салпылдаған бізде аяқбау /155/; Мұнан шалқып басқалар еpiлcе деп /65/; Оған да шап шотты салған екен /142/.
Белгісіздік есімдіктер: Әр мінезі зәмғарар қатып қазақ /154/; Бipeyi орамалмен ұстап тілдеп /208/; Бip арыстан сол жерде пайда болып /209/; Бір батыр келер деймін осы жерге /211/; Әр түрлі өнерлерден өрнек алып /215/.
Болымсыздық есімдіктер: Eшбip мақұлық маңайына жолатпайды /185/; Ешкім керек қылмаса куанышын /194/; Ешнәрсе сүттен басқа қорек қалмай, Ешбір жан оған қарсы бара алмады /210/; Бетіне ешбір адам келмейді пар /211/.
Жалпылау есімдіктері: Баршаға мағлұм болған менің халім /159/; Бәрі ауру жүрген жанның басы қатып /160/; Бізді кұдай бар қылып қойды жоқтан /160/; Бәрінен бойыңды аулақ салып қашу /100/; Бәрі де көп тұра алмай кете барды /165/; Бәрін бірден қырған соң /253/.
М-Ж. Көпеевтің шығармаларының тілін ашып тұрған қимыл әрекетті бiлдipiп, олардың тұлғаларын лексика-семантикалық жағынан нығырлап, грамматикалық формалары, жасалу әдістері жағынан сан қилы, түрлі түсті грамматикалық категорияларға түсіп жататын сөздер өте көп. Мысалы: Өт//ті ғой ит қорлық//пен өмір шіркін /156/; Кет//кен нәрсе орны//на бip кел//ме//ді /156/; Кемпір//ді қалыбын//ша жұт//ып қал//ды /195/; Сал//ып /195/; Жақын//да//п//ты /181/; Қуан//ды /208/; Өр/ме/лей/ді /209/; Лақтыр//ып /214/; Құшақ//тап сүй//се қыc//ып ару жүз//ін /218/; Қой//ма//с екі алыпт//ы /222/; Шәр//и//зат//гы шақ қыр//ып//ты /227/; Жүгіре бас//ып жет//кен//де /230/; Еліне бар//ып кет//кен//де /230/; Жүр//ген//ін//де өл//тip//iп /233/.
Туынды мағыналы етістіктер: Сарт айдады /23/; Ұшып-қонып /24/; Науан қашар /25/; Шығып жолға /26/; Бағар едің /26/; Қағаз берді /31/; Басар мөрді /31/; Тасып жатыр /31/; Атып тастап /3/; Жұлып жатқан /32/; Қазған көрде /39/; Сойып қойып /45/; Келе жатыр /45/; Шап берді /46/; Тұра қашып /48/; Кеңеске кір /56/; Зорға жетті /181/; Кетер ағып /184/.
Көсемшенің -a, -e, -й, -ып, -iп, -қалы, -келі, -ғалы, -гeлi, жұрнақтары арқылы жасалған сөздер: Айрылып /24/; Салып /24/; Құрметтеп /25/; Дүрілдеп /28/; Болып /55/; Сайрап /111/; Көшіп /123/; Сабап /172/; Алмай /174/; Қоймай /178/; Ұйықтап /185/; Аттанып /190/; Алдап /203/; Ecтipтiп /206/; Tipiлiп /207/; Тұрып /209/; Keңeciп /209/; Өтініп /209/.
Есімшенің -ған, -ген,- қан, -кен формасы арқылы жасалған сөздер: Қалшылдаған /133/; Қоймаған /170/; Батпаған /175/; Қылған /175/; Түрленген /184/; Алмаған /185/; Қонған /187/; Көрінген /187/; Теңгерген /204/; Тебіскен /205/; Келіскен /205/.
Синонимдер: Өлген құнсыз, айтқан сөз пұлсыз болып /32/; Би, болыс бай мен ұры біріккен соң /44/; Түңіліп тірлікпен күдер үзіп /47/; Көрісіп бip жемтікке жұрт пен елдей /49/; Зорайып денелер өciп әбден, Жуандап күжірейсіп болып тілдей /49/; Жанның кетіп жатыр, не пайда бұл жалғаннан өтiп жатыр /50/; Жылаған алым үшін нашарлар көп, Жас ағып, бейшара боп екі көзден /56/; Данышпан, ақылы дана керек дейді /58/; Жиын той күнде сауық мерекелі /129/.
Антоним: Барады босқа кетіп қысы-жазы /28/; Дұшпан түгіл досың да табаласқан /29/; Шаһбазарлар ақ қарасы көріп тұрған /31/; Жақсылық ойлаңыздар біздің халық, Тастаңыз жамандықты налып жатқан /32/; Айрылып азды-көпті қарасынан /36/; Жақсы-жат, жат-адам таныс болды /36/; Бар- жоқты теңгертіп жоқ таразы /42/; Өлі емес, дене сап-сау өзі тipi /46/; Құдайдың соқтықса да көк пен жері /46/; Қылуға ортақ қимайды қас пен досқа /49/; Бұл дүние бip күн базар, бip күн мазар /49/; Түзу ағаш әрқайда тез болмады/ «Қисық қой» дей қор қылар отқа жағып /69/; Бас қосқан мерекеде жақсы жаман /73/; Өзімді артық өңгені кем көрмейін /73/; Жас-кәрі бәpi мең зең басы қатып /76/; Біреудің кеш, біреудің ерте бақытын /82/; Бұ түн өтіп, ертең күн таң атуға /82/; Үлкенді-үлкен, кішіні-кіші 6iлiп /90/; Өлік біл оны жан деп білме тipiк /90/; Сырты түгіл үйірілсін ішіменен /94/; Жақсы - жаз, жаман- адам зымыстан қыс /108/; Сырты сау, алай түлей iшi түтін /127/; Өшкен өніп, өлгенім тірілгендей /127/; Үлкен аға, кіші iні замандастың /128/; Көк астын, жердің үстін «нұры!» кең-дейді /129/; Келгендігің ақ кірді, қара шашқа /136/; Шын болмай айтқан сөзі болып жалған /147/; Шығып-кіріп жүргенде сен жылтылдап /153/; Өң түгіл, маған жалған жоқ қой түсте /157/; Бipi күндіз, 6ipeyi түнде жортқан /161/.
Қос сөздер: Жараспас бip-бipiне айтқан назы /28/; Шаһбазар ақ-қараны көpiп тұрған /31/; Бас салып мұңлы-зарлы кем кeтiкті /32/; Сырғытып қоныс-жайдан поселкелер /32/; Қалмады-ау өл-өлгенше есімізден /ЗЗ/; Өнерге ғылым-білім болсаң жерік /34/; Сай-сайдан ағып дария көл болады /34/; Жер-суды ап кетті ғой қазық қағып /34/; Айрылып ат-тонынан жұрдай болып /36/; Ертең тұра кетеді бұрқ-сарық етіп /36/; Апрель, майда тәп-тәтті тату болса, Кімде-кім қорыққанға алдамменен /41/; Бұрынғы ата-баба қоймасынан /42/; Бет-аузы кетеді де болып жара /46/; Бардан-жоқтан сөз сөйлеп шертемін күй /48/; Кім тұрар өзін-өзі тыйып деген /50/; Екі қонып жап-жаңа тың болады /62/; Жиын- той әңгімеміз күнде болса, Ғылым-білім өнерге кірісуге /66/; Барды-жоқты сөйлейді жынды шашып /69/; Ешкім жоқ мәз-мейрам боп жүрген жарып /74/; Жақсы-жаман теп-тегіс жанын сатып /75/; Ата-ана құлын жастай сатып қызын /75/; Дыңғыр-дыңғыр құр дауыс, айқай-ұйқай /80/; Көре бер үйтіп-бүйтіп күніңізді /85/; Сүп-сүйкімді баласың шықсаң, кірсең /89/; Күнде-күнде айран боп сауылған сүт /185/; Сыр – сымбат, өнбойында өнеге жоқ /88/; Дастархан, ыдыс-аяқ күйе-күйе /88/; Қалмады ойлай-ойлай басымда ми /84/; Өзін-өзі бағуға көп әл керек /93/; Бас-басына мінгізсе 6ip-6ip атты /101/; Кемпір шал жаман-жәутік қасымдағы /106/; Мыж-мыж боп азғана өмір кетті барды /129/; Ортаға кеу-кеулесіп алған екен, Жұлынып бала-шағаң тұрсын пысық /152/; Алай-түлей ұйтқыған боран coғып /156/; Сап-сары көрді ішінде асыл тасты /164/.
Антропонимика: Сонда бip түзу заман болып тұрған Наурызбай, Кенесары толқынында /53/; Қорыққан Қуандықтың малын айдап /54/; Кенехан үш Кеңгірдің бойын жайлап /54/; Еламанның баласы Тұрсынбайды /54/; Жақыпұлы Жүсіптің жатқан жайы /69/; Қуандық пен Сүйіндік Қаракесек Бес Мейрамның баласы, бәрі өз елім /101/; Сүлеймен Тұтқышұлы екі қойды, Бipiн түнде, бipeyiн күндіз сойды /106/; Ел болмас пейілге бай Сайдалыдай /106/; Баласы Жанбабаның Мәжік малды /107/; Ақшиеде Жақсылықтың ұлы Тоймас /107/; Кітабы бізге алып берген Мұхамеддүние /110/; Әкімбек он алтымда альш кетті, жалғызы Қалибекке ұстаз eттi /111/; Садуақас бен Малатай бұл Заркештен, Үшеуінен бip қайттым бip тай алмай /112/; Шөкел ұғлы Дүржанбай халфе болды /115/; Қолыменен бибі Мариям өзі тақты /120/; Мұстафа - болыс, Мұса дуанбасы /120/; Ұстазым молда Қабар сабақ алған /141/; Мен көрдім Саққұлақтың Ерәлісін /142/; Сөйледім қыз Гүлшатты өлең қылып /202/; Ертеде бір патша өткен аты Көркін /202/; Парихзат деген бір қу уәзір бар- ды /204/.
М-Ж. Көпеевтің шығармаларында фонетикалық өзгерістер де кездеседі. Олар ауызекі тілінде, жазба тілінде жазылу ережесіне қарай жіктеледі іздесе: диереза, эпентеза, протеза, эпитеза, мететеза т.б дыбыстық құбылыстар молынан ұшырасады. Протеза бойынша дыбыс сөздің алдынан қосылады. Мысалы: Ғақылсыз аңқылдама құлап жарға /26/ Хакімдер атып тастар көзін жойып /30/ Қолында хүкіметі тұрған күнде /30/, Түлкіше қылып хайла бұлаңдаған /41/, Хакімде хүкіметшіл ғаділдік жоқ /39/, Ғадет қып алып eдi, крестьян /57/ Қайласы адастыру бірді, бірден /31/.
Сөз құрамындағы дыбыстардың орын ауысуы метатеза деп аталады: Іренжітпей жетім қалған ғаріпларым /205/, Ғазап үйім деуіме лайықты /103/, Бip құдай болысқанға дұшман азай /39/ Тірілей жеп тауысып әркім өзін /7б/ Табылған әpбip құстан мұрадыңыз /26/ Ханы мен хожа молла көбейген соң /42/, Ұлықтан өкім зорлық тура шықты /41/.
Кейбір сөздердің лексика - семантикалық мағынасы айқындалып, ол сөздердін М-Ж. Көпеевке дейін де қолданыс тапқанын көреміз. Мысалы: -дүр тұлғасының сонау «Орхон-Енисей» жазбасынан белгілі екендігі мәлім. Бұл туралы кезінде Ғ. Мұсабаев, С. Исаев, Р. Сыздықова келелі пікірлерін айтқан болатын. Дұр мен дүр тұлғасының бір еместігін С. Исаев та сөз қылады. Жеке тұрғанда дүр сөзі атақты, даңқты, аты шулы1 - деген мағынаны білдіреді. Дүр ақын-жырау шығармаларында түрленіс тапқан. Жайқалмағы желден дүр Төренің кежігуі елден дүр (Шалкиіз) Басы саудың түгел-дүр, Толған тоғай малы дүр (Жиембет) бергі ақын - жазушылар шығармаларынан да орын алған екен. Қармағына түсіпсің мықты дүрдің (С.Мұқанов) Жасыл лағыл дүр екен (Ө. Тұрманжанов). М - Ж. Көпеевтің өзінде: Садәфқа төгілмесе дүр болмайды /25/ деген сияқты көpiнic тапқан. М-Ж. Көпеевтің тіліндегі «Ғұзыр» сөзі де ерекше түрленіп тұр. Мысалы: Ғұзыры патша ағзам рұқсат берді, Халқының бас қосуға данасына /55/, Ғұзыр араб тілінен енген сөз. Мағынасы: кешіру, ақтау, сылтау, бөгелу, өтініш, мұқтаж дегенді білдіреді2.
Қорыта келгенде, М-Ж. Көпеевтің тілі бай екендігіне көзіміз жетті. Әрине, бас - аяғы 10 - 15 беттің көлемінде М-Ж. Көпеевтің тіл ерекшеліктерін зерттеп тастадық дей алмаймыз. Дегенмен, әдеби тілдің дамуына өз үлесін қосқан деп сеніммен айтуға болады. Бұл жұмыста әсіресе, түбір тұлғалы сөздердің этимологиясы ашылмады, тіл жасамдағы рөлі, сөз тудырудағы кейбір қыры қаралмады. Бұл келешектің ici деп білеміз. Мысалы: хүкімет//өкімет/, мырза//мырза/, ғұзыр//құзыр/, құқығына//құқық/ т.б. сөздер бүгінгі күні қолданыс тауып, әдеби тілімізден орын алған сөздер. Кезінде /архайзімнің/ қатарында болаған сөздер, бүгіндер қайта жаңғырды. Сол секілді, сөз түрленісінің грамматикалық өрісін қарауға да көңіл аздау бөлінді.
Бірақ, бұлардың біріне қарамай алдағы қойылған мақсат орындалды. Сонау «шағатай» жазбасынан бастап, тіпті, одан да әрірек «Орхон-Енисей» тамырына баратын жақтары да жоқ емес, бергі «кітаби» - деген ат алып айдар таққан замана тынысына дейін тілдік сипат кеңінен өзінің ізін салып, таңбасын қалтырған. Тілдің мол қабаты М - Ж. Көпеевтен де табылып қалатыны зерттеу барысында дәлелденді. Бұған осы жазба негіз бола алады. Сонымен, М -.Ж. Көпеевтің әдебиетке сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе болса, оньң қазақ әдеби тілін дамытудағы сіңірген ұшан - теңіз еңбегін де жоққа шығармаған абзал. Екі таразының басын тең ұстаған Мәшекең ауыз әдебитінің өте көп қазынасын жинап қана қоймай, сол ауызекі сөздің үлгісін де жазбалыққа мойынсұнған түрін кейінгі ұрпаққа мұра қып қалдырып кетті. Олай болса, белгілі ақын Ғафур Қайырбеков: «Өмірдің жолдарына жар бола гөр, Қазақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп» - деп, тегіннен тегін айтпаған болар.
Достарыңызбен бөлісу: |