М. Н. Сарыбеков 2012 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



Дата23.02.2016
өлшемі69.65 Kb.
#10610
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Н.Сарыбеков

«___»_________________2012 ж.

Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

1

Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан

1

Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірі

1

А

2

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан

1

Қазақстан темір дәуірі кезеңінде

2

В

3

Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан (VI-XIII ғасырлар)

1

Дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

3

С

4

Түрік кезеңіндегі сауда, мәдениет (VI-XIII ғасырлар)

1

VI-XIII ғасырлардағы мәдениет

4

А

5

XIII-XV ғ. I-жартысындағы Қазақстан

1

XIII-XV ғ. I-жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

5

В

6

Қазақ халқының қалыптасуы

1

Қазақ халқының қалыптасуы

6

В

7

Қазақ хандығының құрылуы, нығаюы (XV-XVII ғасыр)

1


Қазақ хандығының саяси жағдайы (XV-XVII ғасыр)

7

С

8

XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

1

XIV-XVIIІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті: материалдық және рухани мәдениет

8

В

9

XVII ғасырдағы Қазақстан

1

XVII ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

9

С

10

XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуы

1

XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуы

10

В

11

Қазақстандағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар

1

Ұлт-азаттық көтерілістер

11

А

12

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы Ресейдің реформалары, 1812 жылғы Отан соғысы, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы

1

Қазақстандағы реформалар

12

С

13

Қазақстанның ХІХ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

1

ХІХ ғасырдағы Қазақстан

13

В

14

XVIII-XX ғасырдын басындағы Қазақстан мәдениеті

1

XVIII-XX ғасырлардағы мәдениет

14

С

15

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

1



ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

15

В

16

Қазақстан 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917-1920 жылдардағы саяси оқиғалар кезінде

1

ХХ ғасырдың басындағы саяси оқиғалар

16

В

17

Қазақстан ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында

1

20-40 жылдардағы Қазақстан

17

С

18

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

1

Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде

18

А

19

Қазақстан 1945 жылдан 80 жылдардың ортасына дейін

1

Қазақстанның ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы дамуы

19

В

20

Тәуелсіз Қазақстан

1

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан

20

В

Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Ежелгі Қазақстан: жыл мен ғасыр арақатынасы, оқиғаның реті мен ұзақтығы, тарихтағы жыл санау; ежелгі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық қоғамның дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

Орта ғасырлардағы Қазақстан: орта ғасырлар тарихының хронологиясы, қоғамындағы адамның жағдайы; қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы; қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы монғол, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күресі.

Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстан тарихы жаңа дәуір кезеңдерінің хронологиялық шегі; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмысы, даму ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы Қазақстан: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, көтерілістің негізгі ошақтары; Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы; тәуелсіз Қазақстан Республикасының жариялануының тарихи маңызы.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Орындалған тапсырманы бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.


10. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Ежелгі Қазақстан тарихы» Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық 2-басылымы. Авторлары: Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ.Х алидуллин, Б.Сәрсекеев. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2011.

  2. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: Т.С.Садықов, С.Жолдасбаев. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2007.

  3. «Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғасыр-1914 жыл)» Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: З.Е.Қабылдинов, А.Т.Қайыпбаева. Алматы: «Атамұра» баспасы,2008.

  4. «Қазақстан тарихы (1914- 2009 ж.ж.)» Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев. Өңд., толықт. 2-бас. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009.

  5. «Қазақстан тарихы» Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. - Өңд., толықт. 2- бас. Авторы: С.Жолдасбаев. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010.

  6. «Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері». Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев,т.б.-Өңд., толықт.2-бас. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2011.



ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет