Ұйымдас-тыру
Өткен білімді еске түсіру
7 минут
Жаңа тақырыпқа қадам
3 минут
|
Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.
1-тапсырма. «Өзгерістерді анықтаңыз».Алдын ала дайындалған кестені тақтаға іліп, оқушылардың суреттерге назар аударуын сұраймын. Бастапқы ынталандырушы материал ретінде тарихи суреттер топтамасын көрсетемін. Оқушылардан жұптық жұмыста тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерістерін анықтап, жауаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсына ілуі қажет екендігін түсіндіремін. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысады.
Ықтимал жауаптары: еңбек құралдарын жасау, керамикалық ыдыстарды дайындау және малды қолға үйрету
ЕБҚ – оқушыға (есту, көру, есте сақтау қабілеті төмен) қолдау көрсетіледі
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады
|
мадақтау
|
Тақырыптық суреттер
|