Сабақтың тақырыбы: § 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы



Дата25.02.2016
өлшемі29.4 Kb.
#18957
түріСабақ
8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Кіші жүздегі көтіріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беғру. Көтерілістің өз құқықтарын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру;

  • Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге йрету;

  • Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, слайд

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

  4. Шаттық шеңбері

  5. Тақырыпты ашу

«Сандар сөйлейді»

1.1801 ж 11 наурыз

2.1812 ж

3.1827 ж


4.1833 ж

5.1847 ж


6.Бөкей Ордасындағы хан сарайы салынған жер;

7.Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің мүшелері

8.Жәңгір ханның өмір сүрген жылдары

9.1832 ж


10.1835 ж

6. Жалғасын тап!

Мен, мен, мен едім

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.



7.Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын айқындау

8. Топқа бөлу. Әр топқа сұрақ беру. Кластер құру

  1. топ. Көтерілістің себептері және басталуы.

  2. топ. Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.

  3. топ. Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Көтерілістің себептері:

  • жер мәселесі;

  • салықтар, қазақ ақсүйектерінің өздері ұйымдастырған әр түрлі тонаулапр мен айыппұл салу.

  • халықтың Жәңгір хан саясатына қарсы болуы, феодал ақсүйектердің ұстанымдары.

  • Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.



9.Сабақты бекіту: Ойды ой жалғайды

  • Махамбеттің жауларымен қарым-қатынасы?

  • Ол халықтың қайыршылануына кімді кінәлі санады?

  • Оның Исатаймен, басқа да серіктерімен қарым-қатынасы?

  • Ол өз құқын қалай қорғау керек деді. Көтерілісшілердің идеологы ретіндегі оның өлеңдері халықтың хал-жағдайын, қайғысы мен үмітін көрсетті.

10.Бағалау

11.Үйге тапсырма:

  1. Эссе жазу “Қаламмен де қарумен де күрескен ақын”

  2. Венн диаграммасын толтыру: С.Датұлымен 1836 -1838 жж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі

  3. Кестені толтырыңдар «Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшылары»




Исатай Тайманұлы

Махамбет Өтемісұлы

Қай жерде туды?







Қай рудан шыққан







Қандай қызмет атқарды?







Мінез-құлық ерекшеліктері










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет